"Қазақстан Республикасының мемлекеттік хайуанаттар бақтарының жануарлармен импорттық және экспорттық операциялар жасауды және оларды басқа да зоологиялық салалы мекемелермен ауыстыруды іске асырудың тәртібін бекітемін" Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрінің 1998 жылғы 10 наурыздағы бұйрығының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 17-03/505 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хайуанаттар бақтарының жануарлармен импорттық және экспорттық операциялар жасауды және оларды басқа да зоологиялық салалы мекемелермен ауыстыруды іске асырудың тәртібін бекітемін Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрінің 1998 жылғы 10 наурыздағы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 511 тіркелген) бұйрығының күші жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е.Н. Нысанбаев) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады