Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 23.11.2012 № 418 және ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.11.2012 № 5-3/605 бірлескен бұйрығымен.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті (енді Мемстандарт) консерві өнімін өндіруші кәсіпорындардың өнімінің ет, ет-өсімдік, сүт, жеміс-жидек, жидек және саңырауқұлақ өнімдерінің нақты түрлеріне реттік есеп нөмірін және ассортименттік нөмірін беру мәселесін бірлесіп талқылағаннан кейін мынадай шешімге келді:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ет, ет- өсімдік, жеміс-жидек, жидек және саңырауқұлақ консервілерін өндіретін өндірушілерге олардың дайындаған өніміне реттік есеп нөмірін және ассортименттік нөмірін беруді қамтамасыз етеді.
2. Мемстандарт ет және ет-өсімдік, сүт, жеміс-жидек, жидек және саңырауқұлақ консервілерінің тәртібі мен талабын белгілейтін қолданыстағы мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттарға енгізілген барлық өзгертулерді Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне хабарлау жөніндегі міндеттемені өзіне жүктейді.
оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.