Ескерту: 1998 жылғы 20 қарашадағы N 197 V980682_ қаулысын қараңыз. Қазақстан Республикасының резиденттері-ұйымдардың (бұдан әрі "Эмитенттер" деп аталатын) халықаралық облигациялар шығарулары жөніндегі процесті реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының Директораты қаулы етеді: 1. Осы Қаулыда қолданылған мынадай ұғымдар айқындалсын: базалық пункт - облигациялар бойынша табыстың өзгерісін сипаттау үшін қолданылатын ең төменгі көрсеткіш. Табыс процентінің жүзден біріне тең; валюталық құндылықтар - бұл "Валюталық реттеу туралы" Z960054_ Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 1-бабында айқындалғандай; халықаралық облигациялар - (еурооблигация, "янкибонд", "самурай бонда" және өзге) шығарылып және орналастыру шарттары Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттелмейтін облигация; Ұлттық комиссия - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы; Қазақстан Республикасының- бұл "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан резиденті емес Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 1-бабында айқындалғандай; Қазақстан Республикасының- бұл "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан резиденті Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 1-бабында айқындалғандай; спрэд - елдің халықаралық облигациялары және мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша табыстылықтың ұқсас айналым мерзімі бар валюта арасындағы базалық пункттердегі айырма. 2. Эмитенттердің ақпарат берулерінің мынадай тәртібі белгіленсін:
1) халықаралық облигациялары шығарылымы тек бұл жөнінде Ұлттық комиссияны жазбаша ескерткеннен кейін ғана жүзеге асырыла алады;
2) жоғарыда аталған жазбаша ескертпеге:
- эмитент акционерлерінің жалпы жиналысының халықаралық облигациялар шығару туралы шешімінің көшірмесі (хаттамадан үзінді көшірме) не осындай шешім шығаруға өкілетті өзге орган шешімінің көшірмесі (хаттамадан үзінді көшірме);
- халықаралық облигациялар шығарылымының жорамал сомасын көрсете отырып ақпараттық хат, оларды өтеудің жорамал мерзімі, шығарылымның жетекші менеджерінің(лерінің) атауы(лары) және шығарылымның эмитент хабарлауға қажетті деп санайтын өзге де маңызды шарттары;
- екінші деңгейдегі банктер үшін: осы бағалы қағаздардың эмиссиясына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы;
- эмитент қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес-ұйымның ("Арнаулы кәсіпорын" - Special Purpore Vehicle (SPV)) халықаралық облигациялар шығаруы мақсатында қолдануы үшін: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің капитал қозғалысына байланысты және валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына өтуін (орын ауыстыруын), атап айтқанда эмитенттің Арнаулы кәсіпорынның жарғылық капиталына қатысуын көздейтін лицензияның көшірмесі қоса берілуі керек;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және жұмыс iстеп тұрған қор биржасы берген, эмитенттің бұрынғы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарының осы қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзілгендiгi туралы жазбаша растама (осы бөлiк Ұлттық комиссия Директоратының 1998 жылғы 20 қарашадағы N 197-1 қаулысымен енгiзiлген); <*>
3) халықаралық облигацияларды орналастыру аяқталғаннан кейін 15 күн ішінде Ұлттық комиссияға:
- халықаралық облигациялар эмиссияларының проспектісін ("циркуляр");
- шығарылымның елі, шығарылым валютасы, шығарылым сомасы, купонның мөлшері (купондық облигацияның нысанында) немесе дисконттың мөлшері (дисконттық облигация нысанында), облигацияларды өтеу мерзімі, орналастыру сәтіне және осы есепті беру сәтіне спрэд туралы ақпарат енгізілген халықаралық облигациялар шығарылымының және орналастырудың қорытындылары
туралы есепті; - шығарылым андеррайтерлерінің немесе халықаралық облигацияларды сатып алушылардың тізімін беру керек. Ескерту. 2-тармақ толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы директоратының 1998.11.20. N 197-1 V980685_ қаулысымен. 3. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтік қаржылар басқармасына жүктелсін. Ұлттық комиссияның Төрағасы оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.