Халықаралық облигациялар және АДР шығарудың шарттары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы директоратының 1998 жылғы 20 қараша N 197 Қаулы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 11 ақпан N 682 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы директоратының 2000 жылғы 15 мамырдағы N 609 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногын дамыту және Қазақстан Республикасы ұйымдарының халықаралық, бағалы қағаздар шығару жөнiндегі процесiн реттеу мақсатында, сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы ұйымдарының олардың бұрынғы шығарылған бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және жұмыс iстеп тұрған қор биржасының ресми тiзiмiне енгізу шартымен халықаралық облигациялар (бұлар "Халықаралық облигациялар шығару кезiнде ақпараттар беру туралы" Ұлттық комиссия Директоратының 1998 жылғы 15 көкектегi N 60  V980535_  қаулысы 1-тармағының төртiншi бөлiгінде айқындалған) және АДР (бұлар "Америкалық және әлемдiк депозитарлық акцияларды (қолхаттарды) шығару кезiнде ақпарат беру туралы" Ұлттық комиссия Директоратының 1998 жылғы 30 шiлдедегі N 124  V980587_  қаулысы 1-тармағының екiншi бөлiгінде айқындалған) шығарылымдарын жүзеге асыруға құқылы екендiктерi белгіленсiн. 
      2. Ұлттық комиссия Директоратының мынадай қаулыларына тиiстi толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1998 жылғы 25 мамырда N 535 тiркелген "Халықаралық облигациялар шығару кезiнде ақпараттар беру туралы" 1998 жылғы 15 көкектегі N 60; 
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 27 тамызда N 587 тiркелген "Америкалық және әлемдiк депозитарлық акцияларды (қолхаттарды) шығару кезiнде ақпарат беру туралы" 1998 жылғы 30 шілдедегі N 124. 
      3. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген сәттен бастап күшiне енгiзілетiндiгi белгіленсiн.
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржылар басқармасы: 
      1) осы Қаулыны (оны күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар рыногы субъектiлерінің назарына жеткiзсiн; 
      2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.      

       Ұлттық комиссияның
          Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады