-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi: 34. "Мүлiк салығын есептеудiң және төлеудiң тәртiбi туралы" N 38 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 62 V980552_ бұйрығы. ----------------------------------------------------- I бөлімде: 2-тармақтың 1) тармақшасындағы бірінші азатжол "және жер салығы салынатын жер учаскелерін" деген сөздермен толықтырылсын; IV бөлімде: 18-тармақта: 5) тармақша алынып тасталсын: 6) тармақша 5) тармақша болып есептелсін. V бөлімде: 21-тармақта: бірінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
"Белгіленген мерзімде төленуге тиісті мүлікке салынатын салықтың ағымдағы төлемдерінің сомасы салық төлеуші өз бетімен, бухгалтерлік есеп бойынша айқындалған, жыл басындағы негізгі құрал-жабдықтардың қалдық құнына 1 процент мөлшеріндегі салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.";
екінші, төртінші азатжолдар алынып тасталсын;
бесінші, алтыншы, үшінші азатжолдар тиісінше екінші, үшінші, төртінші азатжолдар болып саналсын; мынадай мазмұндағы бесінші азатжолмен толықтырылсын: "Заңды тұлғалар 20 ақпанға дейін салық органдарына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген мерзім бойынша төленуге тиесілі ағымдағы төлемдер бойынша есептер тапсырады."; 22-тармақта: мынадай мазмұндағы екінші-бесінші азатжолдармен толықтырылсын: Салық төлеуге жататын мүліктің орташа жылдық құны есепті салық жылының әр айының бірінші күні және одан кейінгі жылдың бірінші күні мұндай мүліктің құнын біріктірген кезде алынған он үштен бірі ретінде есептеледі. Мысал: 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жүргізілген қайта бағалауды есептегенде негізгі құрал-жабдықтардың қалдық құны 20,0 млн. теңгені құрады. Негізгі құрал-жабдықтардың түсуі: қаңтарда - 1 млн. теңге наурызда - 2 млн. теңге мамырда - 3 млн. теңге тамызда - 3 млн. теңге қарашада - 5 млн. теңге Барлығы - 14 млн. теңге. негізгі құрал-жабдықтардың істен шыққаны: ақпанда - 1 млн. теңге маусымда - 2 млн. теңге қыркүйекте - 2 млн. теңге желтоқсанда - 3 млн. теңге Барлығы - 8 млн. теңге 1998 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі жағдай бойынша негізгі құрал- жабдықтар 26 млн. теңгені құрады (20+14-8), ішінде салық жылы бойындағы әрбір айдың басындағы негізгі құрал-жабдықтар құны мынадай болды: 1 қаңтарда - 20 млн. теңге 1 ақпанда - 21 млн. теңге 1 наурызда - 20 млн. теңге 1 сәуірде - 22 млн. теңге 1 мамырда - 22 млн. теңге 1 маусымда - 25 млн. теңге 1 шілдеде - 23 млн. теңге 1 тамызда - 23 млн. теңге 1 қыркүйекте - 26 млн. теңге 1 қазанда - 24 млн. теңге 1 қарашада - 24 млн. теңге 1 желтоқсанда - 29 млн. теңге 1 қаңтарда - 26 млн. теңге Салықты есептен шығаруға қолданылатын негізгі құрал-жабдықтардың орташа жылдық құны мынадай тәртіппен анықталады: (20+21+20+22+22+25+23+23+26+24+24+29+26) : 13 = 23,5 Егер салық кезеңінің ұзақтығы бір жылдан кем болса мұндай мүліктің осы салық кезеңі бойынша орташаландырылған құнына салық кезеңіндегі басталатын әрбір айдың бірі күнгі және келесі есепті кезеңнің бірінші күніндегі осы мүліктің құндарын қосудан алынған қосындыны қосылғыштарға бөлгеннен шыққан сома қабылданады. Мысал: Заңды тұлға 1998 жылдың мамырында құрылды. 1998 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша негізгі құрал-жабдықтардың қалдық құны 10,0 млн. теңгені құрады. Негізгі құрал-жабдықтардың түсуі: тамызда - 3 млн. теңге қарашада - 5 млн. теңге Барлығы - 8 млн. теңге Негізгі құрал-жабдықтардың істен шыққаны: қыркүйекте - 2 млн. теңге желтоқсанда - 3 млн. теңге Барлығы - 5 млн. теңге 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша негізгі құрал-жабдықтар 13 млн. теңгені (10+8-5) құрады, оның ішінде салық жылы бойындағы әрбір айдың басында негізгі құрал-жабдықтардың құны мынандай болды: 1 маусымда - 10 млн. теңге 1 шілдеде - 10 млн. теңге 1 тамызда - 10 млн. теңге 1 қыркүйекте - 13 млн. теңге 1 қазанда - 11 млн. теңге 1 қарашада - 13 млн. теңге 1 желтоқсанда - 18 млн. теңге 1 қаңтарда - 13 млн. теңге Салықты есептен шығаруға қолданылатын негізгі құрал-жабдықтардың орташа жылдық құны мынадай тәртіппен анықталады: (10+10+13+11+13+18+13) : 7 = 12,57 Заңды тұлға 1998 жылдың қазанында таратылды. 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жүргізілген қайта бағалауды есептегенде негізгі құрал-жабдықтардың қалдық құны 20,0 млн. теңгені құрады. Негізгі құрал-жабдықтардың түсуі: қаңтарда - 1 млн. теңге наурызда - 2 млн. теңге мамырда - 3 млн. теңге тамызда - 3 млн. теңге Барлығы - 9 млн. теңге негізгі құрал-жабдықтардың істен шыққаны: ақпанда - 1 млн. теңге маусымда - 2 млн. теңге қыркүйекте - 2 млн. теңге Барлығы - 5 млн. теңге 1998 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша негізгі құрал-жабдықтардың 24 млн. теңгені құрады (20+9-5), оның ішінде салық жылы бойындағы әрбір айдың басындағы негізгі құрал-жабдықтардың құны мынадай болды: 1 қаңтарда - 20 млн. теңге 1 ақпанда - 21 млн. теңге 1 наурызда - 20 млн. теңге 1 сәуірде - 22 млн. теңге 1 мамырда - 22 млн. теңге 1 маусымда - 25 млн. теңге 1 шілдеде - 23 млн. теңге 1 тамызда - 23 млн. теңге 1 қыркүйекте - 26 млн. теңге 1 қазанда - 24 млн. теңге Салықты есептен шығаруға қолданылатын негізгі құрал-жабдықтардың орташа жылдық құны мынадай тәртіппен анықталады: (20+21+20+22+22+25+23+23+26+24) : 10 = 20,4; бесінші азат жолда "кезекті" деген сөз "алдағы" деген сөздермен ауыстырылсын; екінші, төртінші азат жолдар алынып тасталсын; үшінші, бесінші - тоғызыншы азат жолдар тиісінше алтыншы - он бірінші азат жолдар болып саналсын; 2-қосымшада: 4-жол мынадай редакцияда жазылсын: "4. Жыл аяғындағы негізгі құрал-жабдықтардың қалдық құны"; мынадай мазмұндағы бесінші жолмен толықтырылсын: "5. Салықты есептеген кезде қолданылатын негізгі құрал-жабдықтардың орташа жылдық құны"; 5-9 жолдар тиісінше 6-10 жолдар болып саналсын; 7-жолдағы "4" саны "5" санымен ауыстырылсын. Нұсқаулық мынадай мазмұндағы 3-қосымшамен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің 1997 жылғы 29 желтоқсандағы N 38 нұсқаулығына 3 - қосымша Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі ______ жылғы ______________________________________________________ бойынша (кәсіпорынның, ұйымның атауы) СТТН ----------------------- | | | | | | | | | | | | | ----------------------- Мекен-жайы ___________________________ Телефоны _______________ _________________________________________________________________________ | N | | Салық | | р/р | Көрсеткіштер | төлеушінің | | | | мәліметі | | | | бойынша | |_____|____________________________________________________|______________| | 1 | 2 | 3 | |_____|____________________________________________________|______________| | 1. |Жыл басындағы негізгі құрал-жабдықтардың қалдық | | | |құны | | |_____|____________________________________________________|______________| | 2. |Салық ставкасы | | |_____|____________________________________________________|______________| | 3. |Салық сомасы (1-жол х 2-жол) | | |_____|____________________________________________________|______________| | 4. |Мерзім бойынша төлеуге: 20 ақпан | | |_____|____________________________________________________|______________| | | 20 мамыр | | |_____|____________________________________________________|______________| | | 20 тамыз | | |_____|____________________________________________________|______________| | | 20 қараша | | |_____|____________________________________________________|______________| МО Кәсіпорынның, ұйымның Салық комитетінің басшысы басшысы _____________________ ________________________ Бас бухгалтер Бөлім бастығы _____________________ ________________________" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдістемелік Кеңесінде келісілген 1998 жылғы "___"__________________ N _________ хаттама