Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 02.11.2004 N 207 бұйрығымен.
1. Қолданылатын атаулар мен анықтамалар
1.1. Ұшу трассасы бойынша астрономиялық күн (жарық уақыт) және астрономиялық түн, сондай-ақ іңір уақыты (қараңғы уақыт) КСРО ААМ 1984 жылы шығарылған "Күннің шығысы және батысы, таң ату және күн бату уақытының күнтізбелік анықтамалығымен" анықталады.
1.2. Авиациялық уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация жөніндегі комитеті.
1.3. Экипаждың (экипаж мүшесінің) биологиялық күні - тұрақты немесе егер тұру мерзімі 3 тәуліктен асса (соның ішінде үш түн қатарынан) уақытша тұрғылықты жер белдеу сағатының 6.00 минөтінен 22.00 минөтіне дейін.
1.4. Экипаждың (экипаж мүшесінің) биологиялық түні - тұрақты немесе егер тұру мерзімі 3 тәуліктен асса (соның ішінде үш түн қатарынан) уақытша тұрғылықты жер белдеу сағатының 22.00 минөтінен 6.00 минөтіне дейін.
1.5. База - экипаж мүшесі тұрақты негізде немесе жұмыстарды орындау мезгіліне пайдаланушы болып тіркелген пайдалану орталығының орналасқан жері.
1.6. Бортсеріктер - ұшақ салонында нақты міндеттерді орындауға пайдаланушымен жалданылатын мамандар.
1.7. ӘК - әуе кемесі.
1.8. Әскери уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.
1.9. Демалыс уақыты - пайдаланушымен авиациялық қызмет көрсету үшін жалданылған кез келген тұлғаның пайдаланушының тапсырмасы бойынша оның функцияларын орындаумен байланысты барлық міндеттер мен жауапкершіліктен босатылған уақыттың үзіліссіз кезеңін білдіреді.
1.10. Ұшу алдындағы демалыс уақыты - ұйықтайтын орындармен қамтамасыз етілген орында жерде өткізілген, экипажға (экипаж мүшесіне) кейінгі жұмыс кезеңіне дайындалу мақсатымен демалыс үшін берілген уақыт.
1.11. Ұшудан кейінгі демалыс уақыты - күн сайынғы және күн сайынғы емес ұшуларды орындау кезінде күшін қалпына келтіру үшін қажетті экипажға (экипаж мүшесіне) берілетін, ұйықтау үшін жағдайлармен қамтамасыз етілген орында жерде жұмыс уақытын аяқталған сәттен бастап есептелетін үзіліссіз тізбекті сағаттар.
1.12. Ұшу арасындағы демалыс уақыты - базада және одан тысқары күн сайынғы және күн сайынғы емес ұшуларды орындау кезінде ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі демалыстың орнына организмнің, қажетті психофизиологиялық деңгейін қалпына келтіру үшін, ұйықтау үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген орында, экипажға (экипаж мүшесіне) берілетін үзіліссіз тізбекті сағаттар.
1.13. Демалыс күні - ұшу алдындағы демалыстың аяқталған сәтінен бастап және ұшудан кейінгі демалыстың басталар алдындағы жердегі демалыс уақыты.
1.14. Эстафеталық тасымалдау уақыты - экипаж (экипаж мүшесі) эстафеталық тасымалдауды орындау үшін өндірістің жағдайларымен талап етілетін орынға келген сәттен бастап эстафеталық тасымалдау аяқталған сәтке дейінгі уақыт кезеңі.
1.15. Эстафетаның (іссапарлардың) уақыты - экипаждың (экипаж мүшесінің) жұмыс кестесіне немесе әуе кемесін пайдаланушының өкіміне сәйкес базадан алыстағы уақытының кезеңі.
1.16. Резервтегі кезекшілік уақыты - экипажбен (экипаж мүшесімен) үйде, қонақ үйде немесе профилакторийде болғанда нақты міндеттерді орындауға әзірлік күйінде өткізілетін уақыт кезеңі.
1.17. Қос ұшу экипажы - ұшу уақытында ӘК кезекпен басқаруды жүзеге асыру үшін бір уақытта тағайындалған толық құрамды 2 ұшу экипажынан құрылатын экипаж.
1.18. Күндіз ұшу - астрономиялық жарық уақытта және/немесе биологиялық күн мезгіліндегі ұшу.
1.19. Ұшу экипажы - пайдаланушымен жұмыс уақытында ӘК басқару бойынша міндеттерді орындау үшін жалданылатын авиация мамандарының тобы.
1.20. Кіші қашықтық маршрут - ұшу уақытының 7 сағатынан кем уақыт шығындалуы қажет ұшуды орындауға маршрут.
1.21. Орта қашықтық маршрут - ұшу уақытының 12 сағатынан кем уақыт шығындалуы қажет ұшуды орындауға маршрут.
1.22. Үлкен қашықтық маршрут - ұшу уақытының 12 сағатынан көп уақыт шығындалуы қажет ұшуды орындауға маршрут.
1.23. Экипаж (экипаж мүшесі) жұмыс уақытының нормасы - тәулік немесе кез келген үзіліссіз 24 сағат үшін есептелетін уақыт кезеңдері; бір аптаға - тізбекті 7 тәулік; бір айға - кез келген тізбекті 28 (29-31) тәулік; бір жылға - экипажда (экипаж мүшесінде) сенімді кәсіби қызмет үшін қажетті психофизиологиялық функциялары сақталатын көрсетілген мезгіл ішінде жұмыс уақытының қосындысын құрайтын кез келген 365 (366) тізбекті тәулік.
1.24. Экипаж (экипаж мүшесі) ұшу уақытының нормасы - тәулікке - кез келген үзіліссіз 24 сағат есептелетін уақыт кезеңдері; бір апта - тізбекті 7 тәулік; бір айға - кез келген тізбекті 28 (29-31) тәулік; бір жылға - экипажда (экипаж мүшесінде) сенімді кәсіби қызмет үшін қажетті психофизиологиялық функциялары сақталатын көрсетілген мезгіл ішінде ұшу уақытының қосындысын құрайтын кез келген 365 (366) тізбекті тәулік.
1.25. Түнгі ұшу - астрономиялық қараңғы уақытта және/немесе биологиялық түн мезгіліндегі ұшу.
1.26. Нақты міндеттер - авиациялық уәкілетті органмен берілген куәлікте (біліктілік карточкасында) көрсетілген авиация мамандығының кәсіби дайындалуымен байланысты және ӘК бортында бөлінетін орында орындалатын міндеттер.
1.27. Демалыс - экипаж мүшесі қолданылатын еңбек заңдарына сәйкес оның мамандығына қатысты кез келген міндеттерді атқарудан босатылатын уақыт кезеңі.
1.28. Ұшу уақыты - экипаждың (экипаж мүшесінің) қозғалтқышты(тарды) ұшу мақсатымен қосқан сәттен қонғаннан кейін соңғы қозғалтқышты өшірген сәтке дейін есептелетін жұмыс уақыты, сондай-ақ экипаждың (экипаж мүшесінің) ұшақ тренажерінің кешенін (ҰТАК КАК) тікелей тренажер кабинасында пайдаланумен жұмысқа жұмсайтын уақыты.
1.29. Уақыт кезеңі - шегінде пайдаланушы өз экипаждарының мүшелері үшін қызмет бағдарламасын құрастыратын және (немесе) олар шын мәнінде жүзеге асыратын қызметті есепке алатын кез келген үзіліссіз 24 сағаттың, кез келген тізбекті жеті тәуліктің, кез келген тізбекті 28 (29-31), сондай- ақ кез келген тізбекті 365 (366) тәуліктің уақыт қосындысы.
1.30. Жұмыс уақыты - экипаждың (экипаж мүшесінің) пайдаланушымен тапсырылған міндеттерді жерде де, әуе кемесінде де (ӘК) атқару кезіндегі, тапсырылған міндеттер орындалатын пунктке олардың жұмысқа келуі үшін белгіленген сәттен бастап осы міндеттерді аяқталған сәтке дейінгі уақыттың үзіліссіз кезеңі.
Осы ескертулердің шеңберінен тыс жұмыс уақытының жеке кезеңін көрсететін екі немесе одан көп кезең бар кезде және осы кезеңдер 8 сағаттан кем аралықпен бөлінген жағдайда осы кезеңдердің біріншісінің басталу және солардың соңғысының аяқталу уақыты жұмыс уақытының үзіліссіз бір кезеңін құратындай қарастырылады.
1.31. Тәуліктер - 24 (жиырма төрт) үзіліссіз сағаттан құралатын және тұрақты тұрғылықты орны немесе уақытша өмір сүру орны бойынша түн ортасында басталатын кезеңді білдіреді.
1.32. Ұшулар сериясы - демалыс уақытымен бөлінбеген ұшулар.
1.33. Нормативтен тыс ұшу (рейс) - ұшу уақытының белгіленген кезеңінде жүзеге асырылуы мүмкін емес ұшу (ұшулардың сериясы).
1.34. Ұйықтау орны - ӘК бортында экипаждың (экипаж мүшесінің) арқада жатып қолайлы және үзіліссіз демалысы үшін барынша қамтамасыз етумен жабдықталған сертификатталған орын.
1.35. Күшейтілген ұшу экипажы - пайдаланушы ӘК басқару бойынша міндеттерді орындауға ұшу экипажының толық құрамына ӘК басқару бойынша жұмысқа ұшудың қайсыбір учаскесінде қосылуы үшін қосымша ұшу маманын тағайындағанда.
1.36. Әуе кемесінің бортында демалу жағдайлары - ӘК бортында жолаушылардан және экипаждың басқа мүшелерінен жеткілікті изоляцияланған, жеделткіш қамтамасыз етілетін және өлшемі экипаждың (экипаж мүшесінің) демалысы үшін орынды жабдықтауды жіберетін орынның және/немесе бөлменің бар болуы.
1.37. Жерде демалу жағдайлары - (қонақ үйлердің, профилакторийлердің) жұмыс істейтін және басқа тұлғаларының кіруінен жеткілікті изоляцияланған және келесі талаптарға сәйкес болатын орынның және/немесе бөлменің бар болуы:
экипажға 1-2 орындық нөмірлерді беру;
нөмірлерді терезелерде тығыз жарықтан қорғайтын перделермен, сапалы төсектермен (көрпе тысымен, қол және аяқ үшін монша орамалдары және оларды тұрақты алмастыру) қамтамасыз ету;
өндірістік және тұрмыстық шуды жою;
әжетханаларды және жалпы пайдаланымдағы басқа орындары күн сайын дезинфекциялауды жүргізу;
тамақтың жеткілікті ассортиментін және сапасын қамтамасыз ету;
тамақтану объектілерінің экипаждың жұмыс тәртібі және уақыты бойынша жұмыс істеуі;
+ 20-дан +26-ға дейінгі температуралық режимді құру.
1.38. ӘК экипажының мүшесі - авиациялық персоналдың ұшуға тапсырмаға қосылған, белгілі қызметтік міндеттерді орындауға тағайындалған және күші бар ұшу куәлігі бар тұлғасы.
1.39. Пайдаланушы - ӘК пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өзінің қызмет көрсетулерін ұсынатын заңды немесе жеке тұлға.
2. Ережемен реттелетін қатынастар және жауапкершілік
2.1. Әуе кемелері экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты және демалыс уақыты туралы ереже (бұдан әрі - ҚР АА ЖУЕ-98) Қазақстан Республикасының қолданылатын еңбек заңдарына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының ұсыныстарына сәйкес әзірленген.
2.2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары әуе тасымалдауын және авиациялық арнайы жұмыстардың басқа түрлерін орындайтын Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының әуе кемелері экипаж мүшелерінің еңбегі мен демалысының бірыңғай тәртібін орнатады.
2.3. ҚР АА ЖУЕ-98 талаптарын қолдану және орындау әуе тасымалдауын және авиациялық арнайы жұмыстарды орындайтын Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің барлық пайдаланушыларына, сондай-ақ ұшу экипажының құрамына кіретін немесе кірмейтін, бірақ ұшуды жүзеге асыру бойынша міндеттермен байланысты емес әуе кемесінің бортында басқа міндеттерді орындайтын экипаждар мүшелері мен авиаперсонал үшін міндетті.
2.4. Әуе кемелерінің пайдаланушыларымен, ұшу экипажының құрамына кіретін немесе кірмейтін, бірақ ұшуды іс жүзінде жүзеге асыру бойынша міндеттермен байланысты емес әуе кемесінің бортында басқа міндеттерді орындайтын экипаждар мүшелері және авиаперсоналмен ҚР АА ЖУЕ-98 талаптарын бұзу уәкілетті авиациялық орган мен мына түрдегі санкцияларды салуға әкеп соқтырады:
- лицензия күшін үш айдан бір жылға дейін мерзімде тоқтату;
- ҚР АА ЖУЕ-98 талаптарын қайталап бұзғанда, бұзудың ауырлығына қарай, пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы қызметке лицензиясынан айыру мәселесі қарастырылады.
3. Жалпы ережелер
3.1. Экипаж мүшелерінің шаршауы ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты негізгі фактор болғандықтан осы Ережеде, осы шаршаудың алдын алу үшін экипаждың (экипаж мүшелерінің) жұмыс және демалыс ұзақтығын нормалау нұсқалады.
3.2. Жоспарланатын жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңдарымен орнатылады кез келген жеті тәуліктік кезең ішінде 36 сағатты құрайды.
3.3. Тәулік, апта, ай және жыл ішінде орнатылған нормалардан тысқары жұмыс уақыты және ұшу уақыты нормативтен тыс есептеледі, себебі экипаж мүшесіне орнатылған нормалардан артық әр сағатта психофизиологиялық күш көбейеді.
Нормативтен тыс (мерзімінен тыс) жұмыс және ұшу уақыты қолданылатын заңдарға сәйкес төленеді.
Экипаж (экипаж мүшесі) жұмыс уақытының ұзақтығы жердегі және әуедегі жұмыс уақытынан қосылады.
3.4. Нормативтен тыс (мерзімінен тыс) тізбекті сағаттардың шекті саны тізбекті 48 сағат ішінде 4 сағаттан және тізбекті 365 (366) тәуліктің ішінде 120 сағаттан аспауы тиіс.
3.5. Экипаждың (экипаж мүшесінің) жердегі жұмыс уақытына мыналар кіреді:
- ұшу алдындағы дайындықтың уақыты, кемінде 1 сағат;
- ұшу уақытының аяқталу сәтінен есептелетін ұшудан кейінгі жұмыстың уақыты, кемінде 30 минөт;
- әуежайларда (аралық және базалық) тұру уақыты, демалыс және тамақ ішу үшін үзіліс уақытынан басқа ұзақтығы 2 сағаттан асырылмай;
- қандай да бір себептермен кідіріс жағдайында ұшуды күту уақыты;
- ұшуды күтуде арнайы жабдықталған орындарда резервте кезекшілікте болу уақыты;
- эстафеталық тасымалдау уақыты;
- эстафетаның уақыты (базаның күн тәртібіне сәйкес);
- бөлімшеде жұмыс істеу уақыты (ұшуларға алдын ала дайындалу, ұшуларды талқылау, кәсіби оқу), медициналық қарауларды, ВЛЭК өту, сондай-ақ құжаттарды ресімдеу;
- ӘК ұшуға арнайы әзірлеумен, жүктерді және жабдықтарды тиеуге және түсіруге дайындаумен байланысты жұмыстарды орындауға уақыт және шекаралық пен кедендік бақылауды өту.
3.6. Экипаждың (экипаж мүшесінің) ұшу уақытына мыналар кіреді:
- экипаждың (экипаж мүшесінің) ұшу мақсатымен қозғалтқыштарды қосу сәтінен тұрақта қонғаннан кейін соңғы қозғалтқышты (тарды) өшіру сәтіне дейін есептелетін жұмыс уақыты;
- бұрылғанда маневр жасау уақыты;
- экипаждың (экипаж мүшесінің) ұшақ тренажерінің кешенін (ҰТАК КАК) тікелей тренажер кабинасында пайдаланумен жұмысқа жұмсайтын уақыты.
3.7. Экипаждың (экипаж мүшесінің) демалыс уақыты мыналардан құралады:
- ұшар алдындағы, ұшу арасындағы және ұшудан кейінгі демалыс уақытынан;
- демалыс күніне бөлінген уақыттан;
- жылдық еңбек демалысын құрайтын уақыттан;
- жерде арнайы бөлінген орында тамақ ішу уақытынан, әуе кемесін басқару бойынша нақты міндеттерді орындау уақытында ӘК кабинасында жұмыс орнында тамақ ішу уақытынан басқа.
3.8. Резервте кезекшілік уақыты ұзақтығы 12 сағат бір үзіліссіз кезеңнен аспауы тиіс және үзіліссіз 28 (29) - (30-31) тәулік ішінде 3 реттен аз тағайындалады.
Экипажды (экипаж мүшесін) ұшу тапсырмасын орындау үшін резервтегі кезекшіліктен шақыртқан жағдайда резервте өткізілген уақыт жұмыс уақыты ретінде есептеледі, бірақ алдағы ұшудың жұмыс уақытымен қосылмайды, айға жеке есептеледі және мерзімінен тысқа жатқызылмайды.
3.9. 4 сағаттан аз созылатын эстафеталық тасымалдаудан кейін белгіленген ұшар алдындағы демалыс уақыты берілмеген және ол жұмыс уақытының алдында болған жағдайларда эстафеталық тасымалдау басталу сәтінен аяқталғанға дейінгі кезең жұмыс уақыты ретінде есептеледі. Бұл жағдайда кейінгі жұмыс уақытының ұзақтығы 8 (сегіз) сағаттан аспауы тиіс.
3.10. Егер ұшушы маман немесе пайдаланушы ұшушы маман шаршап тұр немесе алдағы ұшудың жағдайларын есепке алумен осы ұшу барысында шаршайды деп есептеуге қайсібір негіздері бар болса осы Ереженің нормативтеріне қатыссыз ұшушы маман ұшпайды, ал пайдаланушы оны талап етпейді.
3.11. Әуе кемесін пайдаланушы экипаж мүшелерінің, авиамедициналық және мүдделі кәсіподақтық органдардың келісуімен, сондай-ақ азаматтық авиация саласында қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісуі бойынша ұшу уақытының айлық нормаларын 25% дейін жоғарылатуы мүмкін, бірақ жылына 3 айдан көп емес.
3.12. Ұрыс жүргізу жағдайларында, табиғи апат кезінде және апаттық жағдайларда экипаждың (экипаж мүшесінің) жұмыс және ұшу уақытының нормалары авиациялық уәкілетті органмен анықталады.
3.13. Жұмыс уақытын нормативтен тыс (мерзімінен тыс) көбейту мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етумен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде, сондай-ақ апаттың немесе табиғи апаттың салдарын жою кезінде рұқсат етіледі, осы туралы ұшуға тапсырмада уәкілетті тұлғаның қолы қойылған тиісті жазу орындалуы (немесе радиограмма қоса берілуі) тиіс.
3.14. Кешіктірілген рейске аяқтату үшін ӘК командирі экипаж мүшелерінің келісуімен жұмыс және ұшу уақытының барынша жіберілетін нормаларын, тәуліктің уақытына қарамастан, екі сағатқа көбейтуі мүмкін, осы туралы ӘК командирі ұшуға тапсырмада тиісті жазу орындалуы тиіс.
4. Ең көп жұмыс және ұшу уақытын және экипажбен (экипаж
мүшесімен) авиациялық арнайы жұмыстарды, тұрақты және
оқтын-оқтын әуе тасымалдарын орындау кезінде демалыстың ең
аз уақытын нормалау
4.1. Ең көп жұмыс және ұшу уақытын және экипажбен (экипаж мүшесімен) авиациялық арнайы жұмыстарды, тұрақты және оқтын-оқтын әуе тасымалдарын орындау кезінде демалыстың ең аз уақытын нормалау уақыттың мына кезеңдерінде жүргізіледі:
тәулік - үзіліссіз 24 (жиырма төрт) сағат ішінде;
апта - үзіліссіз 7 тәулік ішінде;
ай - тізбекті 28 (28-31) күннің ішінде;
жыл - тізбекті 365 (366) күннің ішінде.
4.2. Экипаждың (экипаж мүшесінің) шаршау деңгейін бағалау үшін келесі факторлар есепке алынады:
әуе кемесінің үлгісі, оның жабдығы;
экипаж мүшелерінің саны;
ұшу уақытының бір кезеңінің ішінде ұшулардың және қонулардың саны;
әуе қозғалысының жоғары тығыздығы уақытында жұмыс күші;
экипажға (экипаж мүшесіне) демалыс берілетін орында демалу жағдайлары;
тәуліктің міндеттерді орындау уақыты;
ұшуларды орындау үдерісінде кідірістер;
авиациялық арнайы жұмыстардың түрлері;
сағат белдеуінің ауысуы;
сағат тілін жазғы (қысқы) уақытқа ауыстыру сәтінде жұмыс уақытының өзгертілуі.
4.3. Экипажға (экипаж мүшесіне) жұмыс істеген аптаға берілетін ұзақтығы кемінде 42 үзіліссіз сағат құратын демалыс күндері ай ішінде осындай демалыс күндері 4 рет беріледі деген шартпен жетінші күні берілуі тиіс.
4.4. Ұшатын экипаждарды (экипаж мүшелерін) олардың кәсіби қызметімен тікелей байланысты емес жұмыстарға тартуға тыйым салынады.
4.5. Егер 24 үзіліссіз 24 сағат ішінде жұмыс уақыты астрономиялық түн кезеңінде (жергілікті уақытпен) басталса, созылса және аяқталса, онда ол көрсетілген кезеңге кіретін әр сағат немесе оның бөлігі үшін 15 (он бес) минөтке азайтылады.
4.6. Ұшулар сериясына 24 сағаттық кезең ішінде 5 қонудан көп кірген жағдайда ұшу уақыты да, жұмыс уақыты да көрсетілген саннан асатын әрбір қонуға 15 минөттен қысқартылады.
4.7. Экипаж мүшесінің қызметі ол ұшулардың кезекпен әртүрлі экипаждардың құрамында және (немесе) әртүрлі әуе кемелерінде жасаса, онда барлық жағдайлардағы ұшу және жұмыс уақыты қосу жолымен есепке алынады.
4.8. Әуе кемелерін пайдаланушылар қызмет көрсету түрлеріне сәйкес бортсеріктердің саны мен функцияларын белгілейді.
4.9. Бортсеріктер және бортоператорлар үшін ұшу және жұмыс уақыты ұшу құрамына ұқсас белгіленеді, осы Ережеде берілген еңбекке және демалысқа барлық талаптар оларға да қатысты.
Әйел (бортсеріктер) үшін ұшу уақытының нормасы айына 60 сағат және жылына 600 сағат белгіленеді.
4.10. Әйелдер - экипаж мүшелері және бортсеріктер жүктілігін анықтаған сәттен бұрынғы жұмысы бойынша орта жалақысын сақтаумен басқа жеңіл жұмысқа ауыстырылуы тиіс.
4.11. Тұрақты жиі трансмеридиандық ұшуларды орындағанда және экипаждың (экипаж мүшесінің) сағат белдеуінің қозғалу жағдайларында болу кезінде экипаж (экипаж мүшесі) келген орнындағы сағат белдеуі бойынша тәртіпті сақтауы тиіс.
4.12. N 1 кесте
Экипаждың (экипаж мүшесінің) тәуліктегі жоспарланатын
жұмыс уақытының экипаж құрамына байланысты ең ұзақ
ұзақтығы
_____________________________________________________________________
Жоспарланатын жұмыс ! Жоспарланатын жұмыс уақытының
күнінің қалыпты ұзақтығы ! ең ұзақ ұзақтығы
! (соның ішінде ұшу уақыты)
____________________________________!________________________________
бір экипаж ! Бір ! Күшейтілген ! Қос
! экипаж ! экипаж !эки-
! ! !паж
____________________________________!___________!_______________!____
6 сағат ! 10 сағат ! 12 сағат !14
! ! !са.
! ! !ғат
____________________________________!___________!_______________!____
Ескерту: Түнгі кезеңде тәуліктегі жоспарланатын жұмыс уақытының ең ұзақ ұзақтығы осы Ереженің 4.5 т. сәйкес анықталады.
4.13. N 2 кесте
Экипаждың (экипаж мүшесінің) айына және жылына әуе
кемелерінің әртүрлі үлгілерінде ұшу уақытының ең үлкен
нормасы
_____________________________________________________________________
Әуе кемелерінің үлгілері ! Ұшу уақыты
! Ай ! Жыл
_____________________________________!_________________!_____________
А-310, ИЛ-86, ИЛ-96, Б-747, ТУ-204, 65 сағат 650 сағат
АН-124, ДС-10 75 сағат 650 сағат
ИЛ-62 75 сағат 650 сағат
ИЛ-76, ТУ-154 75 сағат 650 сағат
ТУ-134 75 сағат 650 сағат
ИЛ-18, АН-12 75 сағат 650 сағат
ЯК-42 75 сағат 650 сағат
ЯК-40, АН-24, АН-30 көлік түрінде 75 сағат 650 сағат
Л-41 ОУВП, УВПЭ 70 сағат 650 сағат
АН-23 65 сағат 650 сағат
АН-32 50 сағат 500 сағат
АН-26 65 сағат 650 сағат
ЯК-18, ЯК-18Т 75 сағат 650 сағат
АН-2, ИЛ-114 80 сағат 650 сағат
_____________________________________________________________________
4.14. Күшейтілген ұшу экипаждарымен басқарылатын әуе кемелері экипаж мүшелерінің әуе кемесінің бортында демалуы үшін жағдайлармен қамтамасыз етілуі тиіс.
4.15. Қос экипажбен басқарылатын әуе кемелері ұйықтау орындарымен жабдықталуы тиіс.
4.16. Үлкен қашықтықты маршруттар бойынша ұшуларды орындауды тек қана қос ұшу экипаждарымен жүзеге асыру рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кез келген уақыттың 24 сағаттық кезеңінде екінші экипаж жұмысқа ұшудың маршруты бойынша қайсібір пунктте кіретін шартпен қоса экипажда 14 сағаттан кем жұмыс уақыты болуы мүмкін. Екінші экипаждың ұшу және жұмыс уақыты бірінші экипажға есептелгендей есептеледі.
Экипаждардың ұшуға жіберілуі ұшу маршруты бойынша ұшу экипаждарын алмастыру жүргізілетін пункттер (кезеңдер) көрсетілетін, сондай-ақ ұшуларды және (немесе) оның кезеңдерін орындау үшін экипаждар арасындағы жауапкершілік бөлінетін бұйрықпен ресімделеді.
4.17. Орта қашықтықты маршруттарда ұшуларды орындау, әдетте, күшейтілген ұшу экипажымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар кез келген уақыттың 24 сағаттық кезеңінде экипаж тұрақты ұшуларды жасауы мүмкін және ұшу экипажы қосымша мүшелерінің бірі жұмысқа ұшудың маршруты бойынша қайсібір пунктте кіретін шартпен экипажда 12 сағаттан кем жұмыс уақыты болуы мүмкін. Экипаж қосымша мүшелерінің ұшу және жұмыс уақыты негізгі экипажға есептелгендей есептеледі.
4.18. 24 сағаттық кезеңде экипаж бір ұшқыштың құрамында ұшулар арасында кемінде 4 сағат ішінде үзіліссіз демалысты пайдаланса, онда оның жұмысының ең ұзақ ұзақтығы 10 сағатқа дейін болуы мүмкін.
5. Демалыс уақытының ең аз кезеңдері
5.1. Жеті тізбекті тәуліктен кез келген кезеңде экипаж мүшесінде ұшар алдындағы және ұшудан кейін берілетін демалыстан басқа базада немесе одан тысқары демалыс күндері болуы тиіс.
5.2. Әрбір күнтізбелік ай ішінде экипаж мүшесінде 7 тәулік демалысы болуы тиіс, соның 5-н ол базада алады.
5.3. Әрбір күнтізбелік жыл ішінде экипаж мүшесінде 36 жұмыс күн мөлшерінде (еңбек демалысы) төленетін демалысқа құқығы бар, ал пайдаланушы оны беруі тиіс.
5.4. Базадағы ұшар алдындағы демалыстың ең кем ұзақтығы кемінде 12 сағат болуы тиіс.
5.5. Базадағы ұшудан кейінгі демалыстың ең кем ұзақтығы алдындағы жұмыс уақытының екі есе ұзақтығына тең болуы тиіс, бірақ кемінде 12 сағат.
5.6. Экипаждар мүшелерінің базадан тыс әуежайда болу кезіндегі ұшу арасындағы демалыс ұзақтығы кемінде 10 сағат болуы тиіс.
5.7. Маршруттың әуежай базасы белдеу уақытынан белдеу уақытының батысқа 5 (бес) және шығысқа 3 (үш) сағат айырмашылығымен соңғы әуежайларында экипаж мүшелеріне ұшу арасында кемінде 14 сағат демалыс берілуі тиіс.
5.8. Үлкен қашықтықты маршруттар бойынша ұшуларды орындау кезінде базалық әуежайда ұшар алдындағы және ұшудан кейінгі демалыс уақытының ең аз кезеңдерінің ұзақтығы сәйкес демалыстың кемінде 24 (жиырма төрт) және кемінде 48 (қырық сегіз) үзіліссіз сағатын құруы тиіс.
5.9. Күн сайынғы ұшуларды жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде орындағанда ұшудан кейінгі демалыс ұшар алдындағы болып табылады, бірақ ол кемінде 12 (он екі) сағат болуы тиіс.
5.10. Экипаж мүшесінің демалыс уақыты экипаждың демалыс алдындағы тікелей қызметіне жұмсалған жұмыс уақытының аяқталған сәтінен бастап есептелінеді және қонақ үйде, профилакторийде нөмір алған сәттен немесе үйіне келген уақыттан бастап есептеледі.
5.11. Пайдаланушы экипажға (экипаж мүшесіне) әдеттегі кестеде сәйкес ұзақ күту кезеңдері қарастырылатын бару пунктілерінің аэродромдары мен әуежайларында және аралық аялдама пункттерде қолайлы жекеленген демалыс орнын қамтамасыз етеді.
6. Әуе кемелері экипаждарының (экипаж мүшелерінің)
авиациялық арнайы жұмыстарды ауыл, орман шаруашылығында,
геологияда және т.т. орындау кезінде еңбек және демалыс
нормативтері
6.1. ӘК тұрақты базада тұру орындарынан тыс авиациялық арнайы жұмыстарды орындаумен айналысатын ұшу және техникалық құрамына жұмыс уақытының тәулігіне ұзақтығы 10 (он) сағатқа дейін белгіленеді.
6.2. Әуе кемесін пайдаланушымен, кәсіподақ және авиамедициналық органмен келіскеннен кейін өкілетті авиациялық органның шешімі бойынша жұмыс уақытының тәулігіне ұзақтығы 12 (он екі) сағатқа дейін белгіленуі мүмкін, сонымен қатар түскі үзіліс уақытымен бірге демалыс алдындағы жұмыс күніндегі жұмыс уақытының екі есе ұзақтығынан кем емес демалыс ұзақтығы сақталуы тиіс.
6.3. Ұшар алдындағы және ұшудан кейінгі демалыстың ең кем ұзақтығы демалыстың әр кезеңі бойынша кемінде 12 (он екі) сағат болуы тиіс. Күн сайынғы ұшуларды орындағанда ұшудан кейінгі демалыс ұшар алдындағы демалыс болып табылады және ол, осы Ереженің 6.2. т. жазылған жағдайдан басқада, кемінде 12 (он екі) сағат болуы тиіс.
6.4. Өте және жоғары қауіпті препараттармен жұмыс істегенде N 3 кестеде көрсетілген ұшу уақыты 20 % азайтылады.
6.5. Жай қауіпті препараттармен жұмыс істегенде N 3 кестеде көрсетілген ұшу уақыты 10 % азайтылады.
6.6. N 3 кесте
Авиациялық арнайы жұмыстарды орындау кезінде жұмыс
және ұшу уақытының ең көп жіберілетін нормалары
_____________________________________________________________________
Әуе кемесінің үлгісі ! Жұмыс уақыты ! Ұшу уақыты
! тәулік! ай ! жыл ! тәулік! ай !жыл
__________________________!_______!_______!_______!________!_________
ұшақтығы пайдаланумен
1 ұшқыш 10 150 860 6 55 550
ұшақты пайдаланумен
2 ұшқыш 10 150 860 6 65 650
тікұшақты
пайдаланумен 1 ұшқыш 10 150 860 6 55 550
тікұшақты
пайдаланумен 2 ұшқыш 10 150 860 7 65 650
бортоператорлар үшін*
_____________________________________________________________________
*Бортоператорлар ШЗО үлгілі шудан қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс, қажетті жағдайларда ұшу кезінде демалыспен қамтамасыз етілуі тиіс.
6.7. Авиациялық арнайы жұмыстардың барлық түрлерін орындау кезінде ұшу уақытының нормаларынан асыруға, мыналардан басқа да тыйым салынады:
астықты жоғалту қатері кезінде, жұмыстарды аяқтау үшін ӘК командиріне экипаж мүшелерінің келісуімен жұмыс күнінің ішінде ұшу уақытының ұзақтығын өте және жоғары қауіпті пестицидтармен жұмыс істегенде 30 (отыз) минөтке, ал басқа препараттармен жұмыс істегенде 60 (алпыс) минөтке ұзартуға құқық беріледі. Сонымен қатар күш түсіру 6.2. тармақтың талаптарына сәйкес демалыспен өтеледі;
жоғары кеңдіктік экспедицияларға, теңіз кемелерін, мұзды барлауды және аэрофототүсіруді жүргізуге қызмет көрсету бойынша ұшуларды орындағанда тәулігіне ұшу уақыты N 3 кестеде белгіленгеннен тыс көбейтілуі мүмкін және 6.2. тармақтың талаптарына сәйкес демалыспен өтелуі тиіс;
4 класты ұшақтардың және барлық үлгідегі тікұшақтардың экипаждарына - жұмыс уақытын 12 (он екі) сағатқа дейін көбейтумен 10 (он) сағатқа дейін;
1-ші және қоса алғанда 3-ші ұшақтар экипаждарына - жұмыс уақыты 13,5 (он үш жарым) ұзақтығымен 11 (он бір) сағатқа дейін.
Тәулігіне ұшу уақытын белгіленген нормалардан тыс көбейту жылына үш айдың ішінде ғана жіберіледі. Көрсетілген жұмыс түрлері кезінде айына және жылына ұшу уақытын көбейтуге тыйым салынады.
6.8. Еңбекті вахталық әдіспен ұйымдастыру кезінде ӘК экипаждары жұмысының ұзақтығы экипаждың барлық мүшелерінің пікірі мен денсаулығын есепке алумен және жұмыс уақыты мен демалыс уақытының нормаларын сақтаумен тізбекті 28-31 күн ішінде 15 (он бес) күннен аспауы тиіс.
6.9. Сыртқы ілмеде ағаш тасу және ток жүретін сымдарды ширатқан кездерде ұшу уақытының нормасы 5 (бес) сағаттан аспауы тиіс. Бір ұшудың ұзақтығы рейс санына қатыссыз 60 (алпыс) минөтке аспауы тиіс. Ұшулар арасында демалыс үшін үзілістерге кемінде 10 (он) минөт белгіленуі тиіс.
6.10. Теңіз акваторияларын аэрогравиметрикалық түсірген кезде, түсіру учаскесінде гравиметрикалық нүктенің үстінде тұрып тікелей түсірген кезде тікұшақтарда ұшу ұзақтығы 90 (тоқсан) минөттен аспауы тиіс. Гравиметрикалық нүктенің үстінде тұрудың саны 11 (он бірден) аспауы тиіс, сонымен қатар 6 (алты) үстінде тұруды орындағаннан кейін экипаж түсіруді тоқтатуы және 10 (он) минөттей 100 (жүз) метр биіктікте көлденең ұшуды орындауы тиіс, осыдан кейін түсіруді жалғастырады.
6.11. Ұшақтарда және тікұшақтарда авиациялық химиялық жұмыстарда ұшулар сериясын орындау кезінде экипаждың демалысы үшін жұмыс уақыты есептелетін 10-12 қонудан (немесе жұмыстың әрбір бір жарым сағатынан) кейін 15 (он бес) минөтке дейін үзіліс белгіленеді, ал ұшу уақытының 3 (үш) сағатынан немесе 25-30 қонудан кейін демалысқа үзіліс кемінде 1 (бір) сағат болуы тиіс, және тамақ ішуге үзіліспен біріктірілуі мүмкін және жұмыс уақыты есептелмейді.
6.12. Өте шағын көлемді бүркуді және гектарына препараттарды 10 (он) кг (л) дейін шығындау нормасымен басқа жұмыстарды орындағанда ұшудың ұзақтығы 90 (тоқсан) минөттен аспауы тиіс.
6.13. Бір класты қатерлі препараттармен жұмыс істегенде тәулік ішінде жартылай бос болғанда ұшу құрамына әртүрлі класты қатерлі препараттармен, жалпы ұшу уақыты әртүрлі класты қатерлі препараттармен жұмыс кезіндегі ұшу уақытының белгіленген нормаларынан аспайтын шартпен, жұмыс істеу рұқсат етіледі.
6.14. Қоспалы препараттармен жұмыс істегенде тәулігіне ұшу уақытының нормасы жоғары класты қатерлі препараттар бойынша анықталады.
6.15. Ұшақтарда және тікұшақтарда бір ұшуда бұрылыстардың саны 20 (жиырмадан) аспауы тиіс, сонымен қатар ұшулар арасындағы демалыс уақыты кемінде 15 (он бес) минөт болуы тиіс.
6.16. Авиациялық жұмыстарда ұшу және техникалық құрамға бөлшектелген жұмыс күні - таңертең жұмыс және кешке жұмыс, олардың арасында үзіліс кемінде 2 (екі) сағат белгіленуі мүмкін. Таңғы және кешкі жұмыс арасындағы үзіліс жұмыс уақытына кірмейді.
Бұл жағдайда жұмыс уақытының қосынды ұзақтығы 10 (он) сағаттан аспауы тиіс.
6.17. Техникалық құрамның жұмыс уақытына мыналар кіреді:
техникалық қызмет көрсету уақыты;
ӘК аэродромда күту уақыты;
жылдың суық мезгілінде жылыту үшін белгіленген үзіліс уақыты;
басқа базаға тұру орнына ұшып бару уақыты;
техникалық оқу, талқылау, медқарауларды өту және т.т. уақыты.
6.18. Оперативтік нүктеде ұшу және техникалық құрамды ауыстыру бір жарым айдан асырылмай жүргізіледі, осы кезде экипажға 1 (бір) тәулік әрбір 2 (екі) жұмыс істеген апта үшін деген есеппен қосымша төленетін демалыс беріледі.
6.19. Әуені алмастыру және тазалау жүйесімен жабдықталмаған әуе кемелерінде өте қауіпті және жоғары қауіпті (1-2 класты қатерлі) пестицидтармен ұшуларды орындауға тыйым салынады.