P971864_ Қаулысын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН: Республикалық және жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардан қаржыланатын ұйымдар үшін өткізілген, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп беруді жасау мен табыс етудің қоса беріліп отырған Ережесі мен есеп нысандары бекітілсін. Министр Бекiтемiн Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрі 1998 жыл 19 қазан N 199 бұйрық Республикалық және жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардан қаржыланатын ұйымдар үшін өткізілген, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп беруді жасау мен табыс етудің Ережесі мен есеп нысандары
1. Республикалық және жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардан қаржыланатын ұйымдар үшін өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы есеп беру тәртібі "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі N 163-1 Z970163_ Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды одан әрі жетілдіру туралы" 1998 жылғы 21 мамырдағы Жарлығы негізінде тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді республикалық және жергілікті бюджеттер қаржылары, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар қаржылары есебінен мемлекеттік сатып алу процесіне бақылау жасау және оны үйлестіру мақсатында әзірленген және ол өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы есеп беруді табыс етудің тәртібін белгілейді.
2. Өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы есепті Қазақстан Республикасының республикалық және жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардан қаржыланатын ұйымдары табыс етеді, қоса беріліп отырған нысан бойынша:
1) Лимиті бас басқарушыларға бағынысты ұйымдар өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы есепті жоғары тұрған ұйымға береді;
2) Республикалық бюджеттен тікелей қаржыланатын министрліктер, ведомстволар мен ұйымдар мемлекеттік сатып алу туралы есепті, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі департаментіне, тоқсан сайын өсімді нәтижемен, есеп берілетін кезеңнен кейінгі айдың 25-не дейін береді;
3) Жергілікті бюджеттерден қаржыланатын ұйымдар мемлекеттік сатып алу туралы есептерді жоғары тұрған жергілікті атқарушы органдарға береді, ал олар жиынтық есепті облыстық атқарушы органға табыс етеді. Облыстық атқарушы органдар және Астана мен Алматы қалаларының атқарушы органдары облыс және Астана мен Алматы қалалары бойынша жиынтық есепті қалыптастырып, оны Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі департаментіне белгіленген нысанда өсімді нәтижемен есеп берілетін кезеңнен кейінгі айдың 25-не дейін береді;
4) Бюджеттен тыс қорлардан қаржыланатын ұйымдар тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есептерді бюджеттен тыс қорлардың облыстық басқармаларына береді, ал олар жиынтық есепті осы қорлардың республикалық басқармасына табыс етеді. Қорлардың республикалық басқармалары облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша жиынтық есепті Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі департаментіне есеп берілетін кезеңнен кейінгі айдың 25-не дейін береді;
5) Есепке есеп беруші ұйымның басшысы қол қояды.
3. Тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы есеп нысаны екі бөліктен тұрады:
1) конкурстық негізде өткізілген мемлекеттік сатып алу;
2) конкурстық емес негізде өткізілген мемлекеттік сатып алу.
Есеп беруді толтырған кезде "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және осы заңды орындау үшін қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын басшылыққа алу қажет.
4. "Конкурстық негізде өткізілген мемлекеттік сатып алу"-деген 1-бөлімге конкурстың түрі көрсетіліп, конкурста жеңіп шыққан тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді беретін өнім берушілердің тапсырысшылар өткізген барлық мемлекеттік сатып алу жөніндегі деректер енгізіледі.
5. 2-бағанда мемлекеттік сатып алу тәсілдері мен конкурстық негіздегі сатып алу түрлері көрсетіледі.
3, 4, 5-бағандарда өткізілген конкурстардың жалпы саны, өткізілген барлық конкурстар бойынша жеңіп шыққан өнім берушілердің, оның ішінде - шетелдік өнім берушілердің жалпы саны көрсетіледі.
6, 7- бағандарда сатып алудың жалпы құны, оның ішінде шетелдік өнім берушілердің сатып алу құны көрсетіледі.
8-бағанда конкурстық негізде өткізілген сатып алудан түскен шартты үнемді көрсету керек. Шартты үнем тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алудың жоспарланатын көлемі бойынша сметалық мақсаты мен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алудың осы көлемнің өткізілген конкурс нәтижелері бойынша іс жүзінде қалыптасқан жинақ құны арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.
6. "Конкурстық емес негізде өткізілген мемлекеттік сатып алу" деген 2бөлімге конкурстық емес негізде өткізілген барлық мемлекеттік сатып алу, яғни Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, бір көзден сатып алу жөніндегі деректер енгізіледі, бұл жағдайда
8баған толтырылмайды. 6, 7-бағандарда өткізілген мемлекеттік сатып алудың, шетелдік өнім берушілерді қосқанда, іс жүзіндегі құны көрсетіледі. Тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге өткізілген мемлекеттік сатып алу нәтижелерін шығарған кезде 3, 4, 5, 6, 7, 8-бағандар толтырылады. Республикалық және жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардың қаржыланатын ұйымдар үшін өткізілген тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп беруді жасау мен табыс етудің Ережесіне Қосымша 1998 жылғы " "__________толтырылды Тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге 1998 жылғы " "________жағдай бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы ЕСЕП __________________________________________________________________________ (министрліктердің, мемлекеттік басқару органдарының, жергілікті атқарушы органдардың, бюджеттен тыс қорлар басқармасының атауы) __________________________________________________________________________ | | | Саны | | Рет | | | |саны | Сатып алу түрі | | | | |______________________________| | | | | | | | |өткізілген | жеңіп шыққан| | | |конкурстар* |өнімберушілер| | | | | | |_____|___________________________________|________________|_____________| | 1 | 2 | 3 | 4 | |_____|___________________________________|________________|_____________| | 1. |Конкурстық негiзде өткiзiлген | | | | |мемлекеттiк сатып алу | | | | |Барлығы, | | | |_____|___________________________________|________________|_____________| | |оның ішінде: | | | | |ашық тәсілмен | | | | |жабық тәсілмен | | | | |баға ұсынысының конкурсымен | | | |_____|___________________________________|________________|_____________| | 2. |Конкурстық негізде емес, бір | | | | |көзден өткізілген мемлекеттік | | | | |сатып алу | | | |_____|___________________________________|________________|_____________| | |Өткізілген сатып алудың барлығы: | | | |_____|___________________________________|________________|_____________| * Мемлекеттік сатып алу бір көзден өткізілген жағдайда, ондай сатып алудың саны көрсетіледі. __________________________________________________________________________ | | | | | | Сатып алудың | | | | жалпы көлемі | Конкурстық | | | (мың теңге) | негiзде | | | | өткiзiлген | |___________________|____________________________| сатып алудан | | соның ішінде | Бар. | Оның | түскен шартты | | шетелдік өнім | лығы | ішінде | үнем | | берушілер | | шетелдік | (мың теңге) | | | | өнім | | | | | берушілер | | |___________________|__________|_________________|_______________________| | 5 | 6 | 7 | 8 | |___________________|__________|_________________|_______________________| | | | | | |___________________|__________|_________________|_______________________| Басшы_________ орындаушы_________________ тел:_____________ Басқан: оператор Багарова Ж.А. Оқығандар: Умбетова А.М. Қасымбеков Б.А.