Мемлекеттiк сатып алу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 16 шiлде N 163 Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2002.05.16. N 321 Заңымен. ~Z020321

 


     Осы Заң Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi

бюджеттерiнiң, қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарды, жұмысты

және көрсетiлетiн қызметтi мемлекеттiк сатып алу процесiнде туындайтын

құқықтық қатынастарды осы қаражатты тиiмдi пайдалану мақсатында

реттейдi.



     ЕСКЕРТУ. Кiрiспеден сөздер алынып тасталды - Қазақстан Республикасының

              1998.12.06. N 306 Заңымен.


Z980306_



                      I-тарау. Жалпы ережелер

     1-бап. Осы Заңда пайдаланатын ұғымдар

     Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:



 
       мемлекеттiк сатып алу - мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың негiзiнде мемлекеттiң тапсырысшылар арқылы Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнiң қаражаты есебiнен мемлекет меншiгiне тауарлар сатып алу және мемлекетке қажеттi жұмыс пен қызмет көрсетiлуi;
      мемлекеттiк сатып алу туралы шарт - осы Заңға және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес тапсырысшы мен өнiм берушi арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
      тапсырысшы - өз мұқтаждары үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен сатып алуды жүзеге асыратын орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар, олардың қарамағындағы мемлекеттiк мекемелер;
      конкурс - ықтимал өнiм берушiлер арасындағы бәсекенi көздейтiн және мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың ең тиiмдi жағдайларын анықтауға бағытталған мемлекеттiк сатып алуды өткiзу әдiсi;
      конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету - мемлекеттiк сатып алуды өткiзу конкурсына жiберiлген ықтимал өнiм берушiнiң кепiлдi жарнасы;
      мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету - өнiм берушiнiң мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауының кепiлдi жарнасы;
      конкурсты ұйымдастырушы - тапсырысшы немесе конкурсты өткiзу мен ұйымдастыру кезiнде тапсырысшының атынан немесе уәкiлеттi органның тапсырмасы бойынша әрекет жасайтын басқа да мемлекеттiк орган;
      өнiм берушi - тапсырысшымен мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартқа контрагент ретiнде қатысатын заңды тұлға немесе жеке адам;
      ықтимал өнiм берушi - мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатымен мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысатын заңды тұлға немесе жеке адам;
      мемлекеттiк сатып алу процесi - Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнiң қаражаты есебiнен тауарлар сатып алуға, қажеттi жұмыс пен көрсетiлетiн қызметтердi алуға бағытталып жүргiзiлетiн барлық шаралар кешенi, соның iшiнде тапсырысшының мемлекеттiк сатып алу номенклатурасы мен көлемiн қалыптастыруы, өнiм берушiнi таңдауы, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы мен оны орындауы;
      уәкiлеттi орган - мемлекеттiк сатып алу процесiн өз құзыретi шегiнде реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган;
      мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысушылар - тапсырысшылар,

 

конкурсты ұйымдастырушылар, ықтимал өнiм берушiлер, өнiмдi жеткiзiп

берушiлер;



     конкурстық құжаттама - конкурстық өтiнiмдердi әзiрлеу үшiн және

конкурсты өткiзу тәртiбi туралы ықтимал өнiм берушiге берiлетiн

құжаттама;



     конкурстық өтiнiм - ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық құжаттамаға

сәйкес жасаған конкурстық ұсынысы.



     ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгердi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының

              1998.12.09 N 306 Заңымен.


Z980306_



     2-бап. Мемлекеттiк сатып алу процесi



     Мемлекеттiк сатып алу процесi:


 
       республикалық және жергiлiктi бюджеттер бекiткен көрсеткiштер негiзiнде сатып алынатын тауарлардың, атқарылатын жұмыс пен көрсетiлетiн қызметтiң номенклатурасы мен көлемiн қалыптастыруды;
      өнiм берушiнi таңдауды, онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт

 

жасасуды және одан тиiстi қаржы жылына тауарларды, жұмыс пен қызмет

көрсетулердi сатып алуды;

     мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды орындауды қамтиды.

     ЕСКЕРТУ. 2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.09

              N 306 Заңымен.


Z980306_



     3-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы заңдардың

                        принциптерi

     Мемлекеттiк сатып алуға байланысты қатынастарды құқықтық реттеу

мынадай принциптерге негiзделедi:

     мемлекеттiк бюджет қаражатының оңтайлы жұмсалуы;


 
       мемлекеттiк сатып алу туралы заңдарда көзделгеннен басқа жағдайларда мемлекетке тауар, жұмыс және қызмет көрсетудi ұсынуға қатысу үшiн барлық ықтимал өнiм берушiлерге тең мүмкiндiктердi қамтамасыз ету;

 

     тауарды, жұмысты және қызмет көрсетудi ықтимал берушiлер

арасындағы адал бәсекелестiк;

     мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша

мемлекеттiк сатып алу процесiнiң жариялылығы.



     ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09

              N 306 Заңымен.


Z980306_



     4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк

            сатып алу саласындағы заңдары

     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңдары

Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан,

Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен

тұрады.

     5-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу

            туралы заңдары және халықаралық құқық нормалары

     Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта

Қазақстан Республикасының сатып алу туралы заңдарында көзделгеннен

өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi

қолданылады.

     6-бап. Мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеу

            жөнiндегi уәкiлеттi орган



     1. Мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеудi уәкiлеттi орган жүзеге

асырады.



     2. Мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi

мемлекеттiк орган:

     1) тапсырысшылар жүргiзетiн мемлекеттiк сатып алу процестерiн

үйлестiру мен мониторингтi жүзеге асырады;


 
       2) мемлекеттiк сатып алу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейдi, өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу жөнiндегi әдiстемелiк материалдарды әзiрлеп, бекiтедi;
      3) тауарларды, жұмыс пен қызметтi мемлекеттiк сатып алуды

 

жүргiзудiң Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiбiн

бақылауды жүзеге асырады;



     4) жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы есеп беру тәртiбiн

анықтайды;



     5) тапсырысшыларға мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу мәселелерi

бойынша әдiстемелiк және ұйымдастырушылық көмек көрсетедi.

     ЕСКЕРТУ. 6-баптың 3,4-тармақшалары жаңа редакцияда - Қазақстан       


              Республикасының  1998.12.09 N 306 Заңымен.


Z980306_



     7-бап. Мемлекеттiк сатып алуға байланысты

                қызметтегi жариялылық


 
       1. Мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеуге қатысты барлық

 

нормативтiк құқықтық актiлер ресми баспасөзде жарияланады.

     2. Жүргiзiлген мемлекеттiк сатып алулар туралы мәлiметтердi

тапсырысшылар немесе конкурсты ұйымдастырушылар, мемлекеттiк құпияға

жататын мәлiметтердi қоспағанда, ресми баспасөзде үнемi жариялап

отырады.



     3. Тапсырысшы немесе конкурсты ұйымдастырушы конкурс

аяқталғанға дейiн оған ықтимал өнiм берушiлер берген барлық

ақпаратқа қатысты құпиялықты сақтауға мiндеттi.

     ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09

              N 306 Заңымен.


Z980306_



              2-тарау. Мемлекеттiк сатып алу процесiн

                                 ұйымдастыру

     8-бап. Мемлекеттiк сатып алу процесiн жүзеге асыру

     1. Мемлекеттiк сатып алу мына әдiстердiң бiрiмен жүзеге

асырылады:



     1) конкурс;

     2) бiр көзден сатып алу;

     3) баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып өнiм берушiнi

таңдау.



     2. Конкурстың түрлерi мыналар болып табылады:

        ашық конкурс;

        жабық конкурс.

     3. Ашық конкурс және жабық конкурс екi кезеңдi рәсiмдi

пайдалана отырып өткiзiлуi мүмкiн.


 
       4. Конкурс арқылы мемлекеттiк сатып алуды өткiзу кезiнде ықтимал өнiм берушiлердiң кемiнде үшеуi қатысуы қажет.
      Егер конкурсқа үштен кем ықтимал өнiм берушi қатысса, конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткiзiлмедi деп жариялайды.
      Егер жарияланған конкурс өткiзiлмеген деп танылса, конкурсты ұйымдастырушы:
      кемiнде үш айдан кейiн қайталап ашық конкурс өткiзуге;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Тауарларды, жұмысты және қызмет көрсетудi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу тәртiбiн сақтай отырып, қайталап конкурс өткiзуге;
      бiр көзден сатып алу әдiсiн қолдануға;
      өзiнiң конкурстық құжаттамасының мазмұнын өзгертуге құқылы.
      5. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың негiзгi әдiсi ашық конкурс болып табылады.
      Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың мынадай жолдарын өз бетiнше таңдап алады:
      1) ашық конкурс;
      2) баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып өнiм берушiнi таңдау;
      3) табиғи монополиялар субъектiлерiнен бiр көзден сатып алу;
      4) конкурстың жабық түрiн және табиғи монополиялардың субъектiлерiне жатпайтын өнiм берушiлерден бiр көзден сатып алуды таңдаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен аспайтын соммаға тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетудiң бiртектес түрлерiн сатып алу.
      Конкурсты ұйымдастырушы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруды мынадай жолдарын таңдап алады:
      1) жабық конкурс;
      2) табиғи монополиялардың субъектiлерiнен сатып алуды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен астам сомаға тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетудiң бiртектес түрлерi бойынша бiр көзден сатып алу;
      3) екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, ашық және жабық конкурстар өткiзу.
      6. Осы бапқа сәйкес мемлекеттiк сатып алудың тәртiбiн, конкурстық комиссия туралы ереженi және конкурстық құжаттаманың нысанын, сондай-ақ тауарларды, жұмыс пен қызмет көрсетудi сатып алудың салалық ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      7. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың қарамағындағы мемлекеттiк мекемелер тауардың, жұмыстың немесе қызмет көрсетудiң қандай болсын бiртектес түрлерiн мемлекеттiк сатып алу көлемi құны жағынан Қазақстан Республикасының заңдарында тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына белгiленген есептiк көрсеткiштiң бес мың еселенген айлық мөлшерiнен аспайтын жағдайда ғана конкурсты ұйымдастырушы ретiнде iс-әрекет iстеуге құқылы.
      8. Егер бiрнеше тапсырысшы тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетудiң бiртектес түрлерi бойынша мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырғысы келген жағдайда уәкiлеттi орган оларға ортақ конкурс ұйымдастырушыны белгiлей алады.
      ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгердi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының
               1998.12.09 N 306 Заңымен. Z980306_
 
      9-бап. Конкурсты ұйымдастырушының жасалатын мемлекеттiк сатып
             алулар туралы ақпаратына қойылатын жалпы талаптар
 
      1. Конкурсты ұйымдастырушының жасалатын мемлекеттiк сатып алулар туралы ақпараты мынадай мәлiметтердi қамтуға тиiс:
      1) конкурсты ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жерi;
      2) болжалып отырған сатып алудың көлемi, сапасы, номенклатурасы және тауар әкелiнетiн, жұмыс орындалатын және қызмет көрсетiлетiн орын;
      3) тауар берудiң, жұмыс орындаудың талап етiлетiн мерзiмдерi немесе қызмет көрсету кестесi;
      4) конкурстық құжаттаманы алудың орны мен әдiстерi;
      5) конкурстың өткiзiлетiн орны мен уақыты, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтiнiм беретiн орын мен мерзiм;
      6) ықтимал өнiм берушiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары;
      6-1) Конкурстық құжаттаманың, конкурс өткiзудiң және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өнiм беру шартын жасасудың тiлiне қойылатын талаптар;
      7) басқа да қажеттi ақпарат.
      2. Тапсырысшының ақпаратындағы кез келген өзгерiстердi конкурсты ұйымдастырушы дереу ықтимал өнiм берушiлерге жеткiзедi, бұл ретте конкурстық өтiнiм беру мерзiмi осындай соңғы өзгерiстер туралы ықтимал өнiм берушiлерге хабарланған күннен бастап есептеледi.
      ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгердi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының
               1998.12.09 N 306 Заңымен. Z980306_
 
      10-бап. Ықтимал өнiм берушiге қойылатын бiлiктiлiк
                             талаптары
 
      1. Мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысу үшiн ықтимал өнiм берушi мынадай бiлiктiлiк талаптарын қанағаттандыруға:
      1) мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа сәйкес мiндеттемелерiн орындауы үшiн кәсiптiк құзыретi, тәжiрибесi, беделi, сондай-ақ қажеттi қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары болуға;
      2) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу үшiн азаматтық құқық қабiлетi болуға;
      3) төлем қабiлетi болуға, таратуға жатпауға тиiс, мүлкi алып қойылмауға тиiс, оның қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тоқтатылмауға тиiс;
      4) конкурсқа қатысуға өтiнiм берген кезде және мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан кезде бюджетке салық және басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi өз мiндеттемелерiн орындауға тиiс.
      2. Ықтимал өнiм берушi конкурсты ұйымдастырушыға куәлiктердiң, лицензиялардың, анықтамалардың және ықтимал өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын өзге де құжаттардың көшiрмелерiн табыс етедi.
      3. Конкурсты ұйымдастырушының ықтимал өнiм берушiге осы баптың 1-тармағында көзделгеннен өзге бiлiктiлiк талаптарын қоюға құқығы жоқ және ықтимал өнiм берушi өзiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына қатысы жоқ ақпаратты конкурсты ұйымдастырушыға бермеуге құқылы.
      4. Елде осы тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетудiң бәсекелес рыногы болған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы бiлiктiлiк талаптарын қалыптастыру кезiнде отандық ықтимал өнiм берушiлермен шектелуге құқылы.
      5. Ықтимал өнiм берушi бiлiктiлiк талаптары туралы толық емес, дәл емес немесе жалған ақпарат берген жағдайда конкурсты ұйымдастырушы оны сатып алу процесiне қатысудан шеттеуге құқылы. Берiлген ақпараттың толықтығы ықтимал өнiм берушiнiң бiлiктiлiк мүмкiндiктерiн растайтын құжаттарды конкурсты ұйымдастырушы қараған кезде анықталады.
      ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09
               N 306 Заңымен. Z980306_
 
      11-бап. Конкурстық құжаттаманың мазмұны
 
      1. Конкурсты ұйымдастырушы ықтимал барлық өнiм берушiге мынадай ақпараттан тұратын конкурстық құжаттаманы ұсынуға мiндеттi:
      1) ықтимал өнiм берушiнiң бiлiктiлiк мүмкiндiктерiн растайтын құжаттардың тiзбесi;
      2) техникалық ерекшелiктерiн, жоспарларды, сызбалар мен нобайларды қоса алғанда, сатып алынатын тауардың, жұмыстың және көрсетiлетiн қызметтiң техникалық және сапалық сипаттамалары: тауар саны; орындалуға тиiстi кез келген жолай қызмет көрсету; жұмыс орындалатын немесе тауар берiлетiн, немесе қызмет көрсетiлетiн орын; тауар берудiң, жұмысты орындаудың немесе қызмет көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерi;
      3) жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi айқындауда конкурсты ұйымдастырушы ескеретiн өлшемдер тiзбесi;
      4) егер тауарлардың жұмыс пен қызметтiң балама сипаттамаларына жол берiлсе, балама конкурстық өтiнiмдерге баға беру мен салыстыру әдiсiнiң тиiстi нұсқауы мен сипаттамасы шарт жағдайлары немесе конкурстық құжаттамада жазылған басқа талаптар;
      5) тауарлардың, жұмыстың және көрсетiлетiн қызметтiң құнына қоса бағаға басқа элементтер кiруге тиiстiлiгiне не тиiстi еместiгiне қатысты нұсқамаларды қоса алғанда, конкурстық өтiнiм есептелгенде негiз алынуға тиiстi әдiстеме, мысалы, тасымалдауда және сақтандыруда, кеден бажын және салық төлеуде қолданылатын кез келген шығындар;
      6) ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмiн қамтамасыз етудiң мазмұны мен нысаны;
      7) ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiм берудiң түпкiлiктi мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмiн өзгерту немесе қайтарып алу құқығына тиiстi нұсқама;
      8) конкурстық өтiнiмдер берудiң әдiсi, орны және түпкiлiктi мерзiмi мен олардың қолданылу мерзiмi;
      9) конкурстық құжаттамаға байланысты ықтимал өнiм берушiлер түсiндiрме сұрата алатын әдiстер және тапсырысшының сол кезеңде ықтимал өнiм берушiлермен кездесу өткiзу ниетi туралы мәлiмдемесi;
      10) конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердiң ашылатын орны, күнi және уақыты;
      11) конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу және конкурстық өтiнiмдердi қарау үшiн пайдаланылатын рәсiмдер;
      12) конкурсты ұйымдастырушының лауазымды адамдары, конкурсты дайындауда және өткiзуде конкурсты ұйымдастырушыдан өкiл болатын уәкiлдер туралы деректер;
      13) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың мазмұны мен орындалуын қамтамасыз ету нысаны;
      14) күрделiлiгi жоғары сипаттағы iрi объектiлердi салу жөнiндегi мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу жүргiзiлген жағдайларда бастапқы ең жоғары баға белгiленуi мүмкiн.
      2. Мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысуға тiлек бiлдiрген ықтимал өнiм берушi конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурстық өтiнiмдi белгiленген мерзiмде және желiмденген конвертке салып конкурсты ұйымдастырушыға табыс етуге мiндеттi.
      3. Конкурсты ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушiнiң мерзiмдердi немесе конкурсты ұйымдастырушы ұсынған конкурстық өтiнiмнiң мазмұнына қатысты белгiлеген талаптарды бұза отырып берген конкурстық өтiнiмдi қарамауға құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09
               N 306 Заңымен. Z980306_
 
      12-бап. Конкурстық құжаттама ережелерiн түсiндiру
 
      1. Ықтимал өнiм берушi конкурстық құжаттама ережелерiне түсiндiрме беру туралы сауал салуға құқылы, бiрақ ол конкурстық өтiнiш берудiң ақтық мерзiмi бiткенге дейiнгi 10 күннен кешiктiрiлмеуi керек. Конкурсты ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушiнiң мұндай сауалына үш күн мерзiмде жауап қайтаруға және сауалдың кiмнен түскенiн көрсетпестен, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық ықтимал өнiм берушiлерге осы түсiндiрмелердi хабарлауға тиiс.
      2. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiм ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi өткенге дейiн кез келген уақытта өзiнiң жеке бастамасымен, не қандай да бiр ықтимал өнiм берушiнiң тарапынан түскен түсiндiрме беру туралы сауалға жауап ретiнде толықтыру шығару арқылы конкурстық құжаттаманы өзгертуге құқылы. Конкурсты ұйымдастырушы бұл толықтыруды конкурстық өтiнiмдер берiлген барлық ықтимал өнiм берушiлерге дереу хабарлайды және олардың мұндай ықтимал өнiм берушiлер үшiн мiндеттi күшi болады, бұл орайда конкурстық құжаттама берудiң мерзiмi осындай соңғы толықтырулар туралы ықтимал өнiм берушiлерге хабарланған күннен бастап есептеледi.
      ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09
               N 306 Заңымен. Z980306_
 
      13-бап. Конкурстық өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi,
                 өзгертiлуi және қайтарып алынуы
 
      1. Конкурстық өтiнiмдер конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiм iшiнде күшiнде қалады.
      2. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн ықтимал өнiм берушiлерден осы мерзiмдi қосымша нақты уақыт кезеңiне ұзартуды өтiне алады. Ықтимал өнiм берушi өзi берген конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтып алу құқығын жоғалтпай, мұндай сауалдан бас тарта алады және оның конкурстық өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi ұзартылмаған мерзiм өткенде аяқталады.
      3. Ықтимал өнiм берушi өзi берген конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтып алу құқығын жоғалтпай, конкурстық өтiнiмдердi тапсырудың түпкiлiктi мерзiмдерi өткенге дейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмiн өзгертуi немесе оны қайтарып алуы мүмкiн. Егер оны конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi тапсырудың түпкiлiктi мерзiмi өткенге дейiн алса, қайтарып алу туралы мұндай өзгерiс немесе хабар күшiнде болады.
      ЕСКЕРТУ. 13-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09
               N 306 Заңымен. Z980306_
 
      14-бап. Конкурстық өтiнiмдердi қамтамасыз ету
 
      1. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi табыс еткен ықтимал өнiм берушiлерден конкурстық өтiнiмдердi қамтамасыз етудi енгiзудi талап етуi мiндеттi.
      Бұл ретте:
      1) мұндай талап барлық ықтимал өнiм берушiлерге қатысты болуға тиiс;
      2) конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурстық өтiнiмнiң қажеттi қамсыздандырылу нысанын, көлемiн және басқа да негiзгi жағдайларын көрсетуге тиiс.
      2. Конкурстық өтiнiмнiң қамтамасыз етiлуi конкурстық өтiнiмдi және тиiстi қамтамасыз етудi ұсынған ықтимал өнiм берушiге, егер ықтимал өнiм берушi:
      1) конкурстық өтiнiм берудiң түпкiлiктi мерзiмi өткен соң конкурстық өтiнiмдi қайтарып алса немесе өзгертсе;
      2) конкурс жеңiмпазы болып белгiленгеннен соң, мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қоймаса;
      3) конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлем мен жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан кейiн мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзбесе, қайтарылмайды.
      3. Конкурсты ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушiге ұсынылған

 

конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi мына жағдайларда:

     1) конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi

өткенде;

     2) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енгенде;

     3) конкурс жеңiмпазы белгiленбей, мемлекеттiк сатып алу

рәсiмдерi тоқтатылғанда;

     4)



     5) конкурстың жеңiмпазы болып басқа ықтимал өнiм берушi

белгiленгенде қайтарып бередi.

     ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09

              N 306 Заңымен.


Z980306_



     15-бап. Конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу


 
       1. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi конкурстық өтiнiмдер ұсынған барлық келушi ықтимал өнiм берушiлердiң немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен конкурстық құжаттарда көрсетiлген мерзiмде ашады.
      2. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу кезiнде қатысып отырған ықтимал өнiм берушiлердiң атауы мен орналасқан жерiн және олар ұсынған бағаларды жариялайды.
      ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09
               N 306 Заңымен. Z980306_
 
      16-бап. Конкурстық өтiнiмдердi қарау, бағалау мен
                              салыстыру
 
      1. Конкурстық өтiнiмдердi қарау, бағалау мен салғастыру кезiнде:
      1) конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдердi қарау, бағалау мен салғастыруды жеңiлдету үшiн ықтимал өнiм берушiлерден конкурстық өтiнiм берулерiне байланысты түсiндiрмелер табыс етудi сұрай алады;
      2) формальды талаптарға сай келмейтiн конкурстық өтiнiмдi осы талаптарға сәйкес келтiру үшiн ешқандай сұрау салуды, ұсыныстарға немесе рұқсат алуға жол берiлмейдi;
      3)
      2. Егер конкурстық өтiнiмдi конкурстық құжаттамада жазылған сипаттамалардан, шарттар мен басқа талаптардың айтарлықтай өзгертпейтiн немесе елеулi ауытқушылық болып табылмайтын болмашы ауытқулар болғанда немесе конкурстық өтiнiмнiң мәнiсiн өзгертпей түзетуге келетiн грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдi формальды талаптарға сай бередi деп қарастыра алады. Мұндай кез келген ауытқулар мүмкiндiгiнше санмен көрсетiледi және конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салғастыру кезiнде ескерiледi.
      3. Конкурстық комиссия, егер:
      1) белгiлi бiр конкурстық өтiнiмдi берген ықтимал өнiм берушi бiлiктiлiк талаптарына сай келмесе;
      2) осы баптың 2-тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда конкурстық өтiнiм формальды талаптарға сай келмесе конкурстық өтiнiмдi қабылдамайды.
      4. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға қабылданған конкурстық өтiнiмдердi бағалап, салғастырады және ең төмен баға негiзiнде немесе баға факторына қоса конкурстық құжаттамада аталған өзге де өлшемдердi ескере отырып, жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi айқындайды.
      5. Конкурстық комиссия жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi айқындауда мына өлшемдердi ескередi:
      1) конкурстық өтiнiмнiң бағасы;
      2) тауарлармен байланысты, пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалатын шығындар, тауар беру, жұмысты аяқтау немесе қызмет көрсету мерзiмдерi, тауарлардың қызметтiк сипаттамалары, тауарға, жұмысқа және қызмет көрсетуге төлем жасау жағдайлары мен кепiлдiк жағдайлары, соның iшiнде сапа сертификаттарының болуы;
      3) Осы Заңның 25-1 бабына сәйкес отандық ықтимал өнiм берушiлердi қолдау.
      4) мемлекеттiң қорғаныс қабiлетi мен қауiпсiздiгiне келтiрiлуi мүмкiн ықпал.
      5-1.Консультациялық қызмет көрсетуге тарту мемлекеттiк сатып алу мәнi болған жағдайда:
      1) консультациялық қызметтердiң сапалық сипаттамалары;
      2) ықтимал өнiм берушiнiң осындай қызметтер рыногындағы жұмыс тәжiрибесi;
      3) ықтимал өнiм берушiнiң және қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердiң бiлiктiлiк деректерi, беделi, сенiмдiлiгi, кәсiптiк және басқару құзыры таңдау өлшемдерi болып табылады.
      6. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзiмде конкурстың қорытындыларын шығарады.
      7. Конкурстың қорытындылары осы Заңның 19-бабына сәйкес хаттама түрiнде ресiмделедi, оған конкурстық комиссия және конкурс жеңiмпазы қол қояды. Бұл хаттамада мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойылуға тиiстi мерзiм де көрсетiледi.
      8. Егер конкурстық құжаттамада өзгеше көзделмесе, конкурстық өтiнiмдердi қарауға, бағалау мен салғастыруға қатысты ақпарат конкурстық өтiнiмдердi қарауға, бағалау мен салғастыруға ресми қатыспайтын ықтимал өнiм берушiлерге немесе кез келген басқа тұлғаға берiлмейдi.
      ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгердi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының
               1998.12.09 N 306 Заңымен. Z980306_
 
      17-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу
 
      1. Тапсырысшы конкурс жеңiмпазы болып танылған ықтимал өнiм берушiге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасын жiбередi.
      2. Егер конкурс жеңімпазы деп танылған ықтимал өнiм берушi осы Заңның 16-бабының 7-тармағына сәйкес белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қоймаса, тапсырысшы ұсынысы тапсырысшы үшiн конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес жеңiмпаздың ұсынысынан кейiнгi ең қолайлы конкурсқа басқа қатысушымен шарт жасасуға құқылы.
      3. Тараптар мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзi конкурстық

 

жеңiмпазы болып айқындалған жағдайда қандай да болсын өзгерiстер

енгiзуге құқығы жоқ.

     4. Тапсырысшы өнiм берушiден мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың

орындалуын қамтамасыз етудi енгiзудi талап етуге құқылы. Өнiм берушi

мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi, егер

ол конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда ғана Қазақстан

Республикасының заңдарына сәйкес енгiзедi. Қамтамасыз етудiң көлемi

мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының 5%-нен аспауға

тиiс.



     ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгердi және толықтырылды  - Қазақстан Республикасының

              1998.12.09 N 306 Заңымен.


Z980306_



     18-бап. Мемлекеттiк сатып алуды қаржыландыру


 
       Мемлекеттiк сатып алуды қаржыландыруды тапсырысшы республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, тиiстi қаржы жылына арналған қаражатын нысаналы пайдалану жөнiндегi қаржы жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 18-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09
               N 306 Заңымен. Z980306_
 
      19-бап. Конкурс қорытындылары туралы хаттама
 
      1. Мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы конкурстың қорытындылары туралы хаттама ресiмдеуге мiндеттi, онда мынадай ақпарат болуға тиiс:
      1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетудiң қысқаша сипаттамасы;
      2) конкурстық өтiнiмдер ұсынған ықтимал өнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi, сондай-ақ конкурс жеңiмпазының атауы, орналасқан жерi және оның жеңiмпаз деп танылған шарттары;
      3) конкурстық өтiнiмдер ұсынған ықтимал өнiм берушiлердiң бiлiктiлiк деректерi туралы ақпарат немесе мұндай деректердiң болмауы туралы ақпарат;
      4) әрбiр конкурстық өтiнiмнiң бағасы және басқа негiзгi жағдайларының қысқаша мазмұны;
      5) конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салғастыру өлшемдерiнiң қысқаша мазмұны;
      6) барлық конкурстық өтiнiмдер қайтарылған жағдайда тиiстi себептердi көрсету;
      7) егер конкурс нәтижесiнде жеңiмпаз анықталмаса, тиiстi себептердi көрсету;
      8) конкурстық құжаттаманы түсiндiру туралы сұрау салулардың, оларға берiлген жауаптардың қорытылған мазмұны, сондай-ақ конкурстық құжаттамадағы өзгерiстер мен толықтырулардың қорытылған мазмұны.
      2. Осы баптың 1-тармағының 1-4) және 6-8) тармақшаларында көзделген ақпарат нәтижесiнде конкурс жеңiмпазы анықталмаған конкурсқа қатысқан кез келген ықтимал өнiм берушiнiң талап етуi бойынша табыс етiледi. Бұл ақпарат, егер оның ашылуы Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетi, құқықтық тәртiбi мен ұлттық қауiпсiздiгi мүдделерiне, сондай-ақ тараптардың заңды коммерциялық мүдделерiне зиян келтiруi мүмкiн болса немесе адал бәсекелестiкке кедергi келтiретiн болса, берiлмейдi.
      3.
      ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09
                                N 306 Заңымен. Z980306_
 
      20-бап. Ашық конкурс
 
      1. Осы Заңда сатып алудың өзге әдiсi көзделгеннен басқа жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың негiзгi әдiсi ашық конкурс болып табылады.
      2. Ашық конкурстың өткiзiлетiнi туралы хабарландырулар және ашық конкурс өткiзудiң қорытындылары туралы хабар ресми баспасөзде жарияланады.
      3. Ашық конкурс өткiзу туралы хабарландыру осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылдау аяқталатын күнге дейiн бiр айдан кешiктiрiлмей жариялануға тиiс.
 
      21-бап. Жабық конкурс
 
      1. Жабық конкурс:
      1) тауар, жұмыс және қызмет көрсету олардың аса күрделiгiне немесе арнаулы сипатына байланысты тек саны шектеулi ықтимал өнiм берушiлердiң қолында болғанда және мұндай ықтимал өнiм берушiлер алдын ала белгiлi болғанда;
      2) конкурстық өтiнiмдердiң көп санын қарау мен бағалау үшiн қажет болатын уақыт пен шығындар сатып алынатын тауардың, жұмыстың және қызмет көрсетудiң құнымен сыйыспайтын болғанда өткiзiледi.
      2. Ықтимал өнiм берушiлердi жабық конкурсқа қатысуға шақыру туралы хабар оларға осы конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылдау аяқталатын күнге дейiн бiр айдан кешiктiрiлмей жiберiлуге тиiс.
 
      22-бап. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс
 
      1. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс мынадай кезеңдердiң жиынтығынан тұрады:
      ықтимал өнiм берушiлерден конкурстық өтiнiмнiң бағасын көрсетпей, тауардың, жұмыстың, қызмет көрсетудiң техникалық, сапалық немесе өзге сипаттамаларына қатысты ұсыныстарды сұрату, берiлген ұсыныстарға талдау жасау және қажет болған жағдайда ықтимал өнiм берушiмен келiссөздер жүргiзу;
      ұсыныстары тауардың, жұмыстың, қызмет көрсетудiң белгiленген техникалық, сапалық немесе өзге сипаттарына сай келедi деп танылған ықтимал өнiм берушiлердiң бағасын көрсете отырып конкурстық өтiнiм беруi.
      2. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс мынадай:
      1) тауардың, жұмыстың және қызмет көрсетудiң егжей-тегжейлi ерекшелiгiн тұжырымдап беру, олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын анықтау қиын болған жағдайда тапсырысшының ықтимал өнiм берушiден конкурстық ұсыныстар сұратуы немесе олармен келiссөздер жүргiзуi қажет болғанда;
      2) ғылыми зерттеулер, эксперименттер, iзденiстер немесе талдамалар жүргiзу қажет болғанда;
      3) бiр кезеңдi ашық конкурс немесе жабық конкурс конкурс жеңiмпазын анықтауға жеткiзбеген жағдайларда өткiзiледi.
 
      23-бап. Баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып, өнiм
              берушiнi таңдау
 
      1. Баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып, өнiм берушiнi таңдау егжей-тегжейлi ерекшелiктерiнiң тапсырысшы үшiн елеулi маңызы жоқ, елеулi шарты оның бағасы болатын нақты тауар, жұмыс және қызмет көрсетуге жүргiзiледi.
      2. Баға ұсыныстарын сұрауды пайдалана отырып, өнiм берушiнi таңдау егер тауардың, жұмыстың және қызмет көрсетудiң қандай болса да бiртектес түрiн сатып алу көлемi құны жағынан Қазақстан Республикасының заңдарында тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда ғана қолданылады.
      3. Қаржы жылы iшiнде тауар, жұмыс және қызмет көрсетудiң бiртектес түрлерiн сатып алу көлемiн ең болмағанда бiреуiнiң мөлшерi осы баптың 2-тармағында белгiленгеннен кем болатын бөлiктерге ұсақтауға жол берiлмейдi.
      ЕСКЕРТУ. 23-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09 N 306
               Заңымен. Z980306_
 
      24-бап. Бiр көзден мемлекеттiк сатып алу
 
      1. Бiр көзден мемлекеттiк сатып алу конкурс өткiзбей сатып алу деген сөз және мынадай жағдайларда:
      1) белгiлi бiр тауар, жұмыс және қызмет көрсету қандай болса да бiр нақты ықтимал өнiм берушiнiң қолында болғанда немесе қандай болса да бiр нақты ықтимал өнiм берушiнiң осы тауарға, жұмысқа және қызмет көрсетуге қатысты ерекше құқығы болғанда;
      2) төтенше оқиғаның салдарынан осы тауарға, жұмысқа және қызмет көрсетуге деген қажеттер пайда болғанда, бұл конкурстар өткiзудi жөн болмағанда;
      3) тапсырысшы қандай бiр өнiм берушiден тауар, жабдық, технология немесе қызмет көрсетудi сатып алып, сол өнiм берушiден нақты тауарды, жабдықты, технологияны немесе қызметтi бiр iзге түсiру, стандарттау пiкiрiмен немесе сыйымдылығын қамтамасыз ету қажет болуына байланысты басқаларын да сатып алу керек деп белгiлегенде жүргiзiледi.
      4) мемлекеттiк өндiрiстiк кәсiпорындар мен мекемелер өндiретiн тауарлар, атқарылатын жұмыс пен көрсетiлетiн қызмет Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн жағдайлар мен тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiнiң, құқық тәртiбi мен қорғаныс қабiлетiнiң кепiлдiгiн қамтамасыз етедi.
      2. Осы баптың 1-тармағын қолданған кезде сол ықтимал өнiм берушiден тапсырысшы сол ықтимал өнiм берушi ұсынған тауар, жұмыс және қызмет көрсету бағасының барлық қажеттi негiздемелерiн сұрап алуға құқылы.
      3. Бiр көзден мемлекеттiк сатып алу кезiнде тапсырысшы сатып алу туралы хаттама жүргiзуге тиiс, ол мынадай ақпарат:
      1) бiр көзден мемлекеттiк сатып алу әдiсiн қолданудың негiздемесi;
      2) бiр көзден сатып алынған тауар, жұмыс және қызмет көрсетудiң қысқаша сипаттамасы;
      3) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалған өнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi және мұндай шарттың бағасы болуға тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 24-бап өзгердi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының
               1998.12.09 N 306 Заңымен. Z980306_
 
      25-бап. Қорғаныс, құқықтық тәртiп және ұлттық қауiпсiздiк
              қажеттерiн қамтамасыз етуге арналған мемлекеттiк
                     сатып алудың ерекше шарттары
 
      Қорғаныс, құқықтық тәртiп және ұлттық қауiпсiздiк қажеттерiн қамтамасыз етуге арнап мемлекеттiк сатып алу осы Заңға сәйкес жүргiзiледi, бұған мемлекеттiк сатып алу процесi үшiн құпиялылық режимiн сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiнiң кепiлдiгiн қамтамасыз етудiң айрықша тәртiбiн белгiлеу талап етiлетiн жағдайлар қосылмайды. Мұндай сатып алудың ерекше тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
 
      25-1-бап. Отандық ықтимал өнiм берушiлердi қолдау
 
      1. Отандық ықтимал өнiм берушiлер, соның iшiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi анықтаған жағдайда тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн басымдыққа мына шарттар сақталған кезде ие болады.
      Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарлар бойынша жергiлiктi еңбек, шикiзат және өндiрiс ресурстарын пайдаланудың құндық көрiнiсi тауарлар құнының 50%-нен кем, ал мердiгерлiк жұмыстар атқарылған кезде - 80%-нен кем болмауға тиiс.
      2. Отандық ықтимал өнiм берушiлерге басымдық беру шарты конкурстық құжаттамада айтылуға тиiс.
      3. Егер бәсекелес орта болған жағдайда мердiгерлiк жұмыстар жөнiндегi конкурсқа шетелдiк ықтимал өнiм берушi тiкелей қатысса, оған осы баптың 1-тармағында аталған жергiлiктi еңбек, шикiзат және өндiрiс ресурстарын пайдалану шарты қолданылады.
      ЕСКЕРТУ. 25-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
                1998.12.09 N 306 Заңымен. Z980306_
 
      25-2-бап. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
                 кезінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін
                 қолдау
 
      1. Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды ұйымдастыру кезінде конкурсты ұйымдастырушы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алуды ұйымдастыру үшін мұндай сатып алудың жалпы көлемінің 10 процентіне дейін резерв жасауды көздеуге міндетті.
      2. Шағын кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алу жүзеге асырылуға тиіс тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) түрлерінің номенклатурасы мен көлемі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын ұсыныстар енгізіп отырады.
      3. Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алу бойынша ашық (жабық) конкурс ұйымдастыру кезінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінен конкурстық өтінімдер түспеген жағдайда ұйымдастырушы сатып алуды заңдарда көзделген тәртіппен жалпы негізде жүзеге асыруға құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 25-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
                1999.11.29 N 489 Заңымен. Z990489_
 
      26-бап. Конкурсты ұйымдастырушының немесе тапсырысшының
              iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағым жасау
 
      1. Мемлекеттiк сатып алу туралы заңдар бұзылған жағдайда кез келген ықтимал өнiм берушiнiң мемлекеттiк сатып алу процесiнiң өткiзiлу барысында конкурсты ұйымдастырушының немесе тапсырысшының iс-әрекетi мен шешiмдерiне шағым беруге құқығы бар.
      2. Мыналар:
      1) мемлекеттiк сатып алу әдiсiн және конкурс түрiн таңдап алу;
      2) конкурсты ұйымдастырушының конкурс жеңiмпазын анықтау

 

жөнiндегi өлшемдердi таңдап алуы;

     3) осы Заңның 10-бабы 4-тармағының негiзiнде ықтимал өнiм

берушiлердiң санын шектеу;

     4) конкурсты ұйымдастырушының осы Заңға сәйкес барлық

конкурстық өтiнiмдерден бас тартуға шешiм қабылдауы шағым беру

объектiсi бола алмайды.

     3. Конкурсты ұйымдастырушының немесе тапсырушының iс-әрекеттерi

мен шешiмдерiне шағымдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес

жүзеге асырылады.



     ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09 N 306

              Заңымен.


Z980306_



                    3-тарау. Қорытынды ережелер

     27-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың

                     орындалуын бақылау

     Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың орындалуын бақылауды

қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тапсырысшы жүзеге асырады.



     ЕСКЕРТУ. 27-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09 N 306

              Заңымен.


Z980306_



     28-бап. Дауларды шешу

     Сатып алу туралы шартты жасасу немесе орындау процесiнде

тапсырысшы мен өнiм берушi арасындағы пайда болатын барлық даулар

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.

     29-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы заңдарды

                  бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

     Мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысушылар мемлекеттiк сатып

алу туралы заңдарды бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына

сәйкес жауап бередi.

     30-бап. Осы Заңның күшiне енгiзiлу тәртiбi

     Осы Заң 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiледi.

     Қазақстан Республикасының

            Президентi





     оқығандар:


     Багарова Ж.

     Икебаева А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады