1. Жекеше нотариустарды есептік тіркеу тәртібі туралы осы Ереже (әрі қарай - Ереже) "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
32-бабына сәйкес дайындалған және сынақтан өткен және заңмен белгіленген тәртіпте нотариалдық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар жекеше нотариустарды есептік тіркеу тәртібін белгілейді.
2. Жекеше нотариустарды есептік тіркеу (әрі қарай - есептік тіркеу) олардың нотариалдық аймақта қызмет етуінің аумағын анықтау және жекеше нотариустар туралы мағлұматтар банкін құру мақсаттарында жүзеге асырылады.
3. Есептік тіркеу жасырын сипатта болады және жекеше нотариустарды аумақтық әділет органында есепке қоюдан тұрады.
4. Жекеше нотариус есептік тіркеуден өту үшін аумақтық әділет органына белгіленген нысан бойынша өтініш береді (N 1 қосымша).
Өтінішке:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген, нотариалдық қызмет жасау құқығына лицензияның;
2) жекеше нотариусты салық органында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің;
3) азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру туралы шарттың;
4) төлқұжаттың (жеке куәліктің);
5) жоғары заңгерлік білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмелерінің бір-бір даналары қоса беріледі.
Өтінішке белгіленген нысан бойынша толтырылған жеке сауал-сұрақ (N 2 қосымша) және жекеше нотариустың үйінің мекен-жайын растайтын құжатта қоса беріледі (АІІБ-нен тұратын жерінен анықтама немесе ПМИК-нен N 3 нысан бойынша анықтама);
6) еңбек кiтапшасы.<*>
Ескерту. 4-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78
бұйрығымен
.
5. Өтініш берілген күнінен бастап үш күн аралығында әділет органының қарауына жатады.
6. Жекеше нотариус осы Ереженің 4-тармағында аталған барлық құжаттарды берген жағдайда, аумақтық әділет органы осы адамның есептік мағлұматтарын Жекеше нотариустарды есептік тіркеу кітабына енгізеді (N 3 қосымша).
7. Осы Ереженің 4-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, есептік тіркеуге қоюдан бас тартылуы мүмкін.
8. Аумақтық әділет органы тек тиісті нотариалдық аймақта ғана әрекет жасайтын жекеше нотариустарға есеп жүргізеді.
9. Жекеше нотариусты есепке қоюдан кейін аумақтық әділет органы жергілікті нотариалдық палатаға ол жайлы хабарлама қағаз жіберуге тиіс (N 4 қосымша).
10. Есептік тіркеуден өткен жекеше нотариустың қызмет ету аумағы жергілікті нотариалдық палатаның ұсынысын ескере отырып, аумақтық әділет органының шешімімен белгіленеді.
11. Есептік тіркеуден өткен және белгілі аумақта нотариалдық әрекеттер жасауға кіріскен жекеше нотариус кәсіби қызметін бастаған күнінен бастап 30 күн ішінде аумақтық әділет органына өзінің нотариалдық әрекеттер жасау мекенін хабарлауға және өз мөрінің оттискісін ұсынуға тиісті.
11-1. Жекеше нотариусқа оның қызмет аумағын анықтағаннан кейiн аумақтық орган Әдiлет министрлiгiне тiркеуден өткен нотариустың жеке сауал-сұрағын және нотариустың төлқұжаттық деректерi, оның тұрған жерi, тұратын жерi өзгерген жағдайда 40 күн iшiнде қосымша мәліметтерді жiбередi.<*>
Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78
бұйрығымен
.
12. Нотариус төлқұжат мағлұматтары және орналасқан жері өзгерген жағдайда, оның өзгеруі туралы аумақтық әділет органына мәліметтерді хабарламаған жағдайда, "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
10-бабына сәйкес жекеше нотариус лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге уақытша тоқтатылуы мүмкін.
13. Аумақтық нотариалды палата мүшесiнен шығарған жағдайда жекеше нотариус тиiстi әдiлет басқармасының есебiнен шығарылуы тиiс, бұл туралы есептiк тiркеу кiтабында белгi қойылады.<*>
Ескерту. 13-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78
бұйрығымен
.
N 1 қосымша
Ескерту. Қосымша толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 бұйрығымен .
__________________________________
есептік тіркеуді жүзеге
__________________________________
асыратын органның атауы
__________________________________
(кімнен) Т.А.Ә.А. (толық)
Өтініш
Жекеше нотариус ретінде есептік тіркеу жүргізулеріңізді сұраймын
Осы өтінішке:
1. Жеке сауал-сұрақты;
2. Тұратын жерден анықтаманы;
3. Төлқұжаттың (жеке куәліктің) көшірмесін;
4. Жоғары білім туралы дипломның көшірмесін;
5. Нотариалдық әрекеттер жасау құқығына лицензияның көшірмесін;
6. Салық органында тіркелу туралы куәліктің көшірмесін;
7. Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру туралы шарттың
көшірмесін
8. Еңбек кiтапшасының көшiрмесiн қоса беріп отырмын.
Қолы ______________________
N 2 қосымша
Ескерту. Қосымша өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 бұйрығымен .
Жекеше нотариустың
Жеке сауал-сұрағы
Жалпы мәліметтер
1. Тегі _____________________________ аты____________________
Әкесінің аты_____________ ________________________________
2. Туған күні_______________________________________________
айы, күні, жылы
3. Туған жері________________________________________________
4. Білімі___________________________________________________
a)___________________________________________________________
жоғары оқу орнының аты және оны бітіру күні
5. Диплом бойынша мамандығы__________________________________
Дипломның N _____________19___ ж. "_____"__________ берілген
6. Жалпы жұмыс стажы_________________________________________
7. оның ішінде нотариус болып________________________________
8. Нотариустың азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыруы
________________________________________
9. Төлқұжат (куәлік):
Сериясы ________ N _______________қандай орган берген________
______________________________________________________________
Берілген күні__________________________________________________
10. Үйінің мекен-жайы:_________________________________________
______________________________________________________________
үйінің телефоны________________________________________________
11. Нотариалдық әрекеттер жасау мекені_________________________
____________________________________________________________________
жұмыс телефоны
________________________________________________________
Лицензияның нөмірі |Жекеше нотариус | Қолының үлгісі
және берілу күні |мөрінің үлгісі |
N 3 қосымша
Жекеше нотариустарды есептік тіркеу кітабы
________________________________________________________
облыстың атауы
|N|Жекеше |Есептік|Төлқұжаттың|Лицензияның|Жекеше|Жекеше|Жекеше|Жазуды|Ес
|
N 4 қосымша
Аумақтық нотариалдық палатаға
_____________________________
_____________________________
Жекеше нотариусты есептік тіркеу туралы
Хабарлама қағаз
1. Тегі, аты, әкесінің аты ___________________________________________
______________________________________________________________________
2. Төлқұжат (жеке куәлік) ____________________________________________
______________________________________________________________________
N, қандай орган және қашан берген
3. Үйінің мекен-жайы және пошталық индексі ___________________________
4. Лицензияның нөмірі және берілу күні _______________________________
5. Салық органында тіркелу туралы куәлік _____________________________
______________________________________________________________________
нөмірі, берілу күні және куәлік берген органның атауы
_____________________________ облысы
әділет басқармасының бастығы _____________________________
Күні _____________________________