"кредиттер", "кредиттi", "кредит", "кредитке", "кредитiне",
"сыйақы (мүдде)", "сыйақыны (мүдденi)" деген сөздер тиiсiнше
"заемдар", "заемды", "заем", "заемға", "заемына", "сыйақы",
"сыйақыны" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2001 жылғы 15 қазан N 404 V011767_ қаулысымен.
Екінші деңгейдегі банктер қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді:
1. Банктер консорциумын құрудың және синдикатталған (консорциумдық) заемдар беру ерекшеліктері туралы ереже бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.
2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Банктік қадағалау департаментімен (Жұмағұлов Б.Қ.) бірлесіп осы қаулыны және Банктер консорциумын құрудың және синдикатталған (консорциумдық) заемдар беру ерекшеліктері туралы ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін.
3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Банктер консорциумын құру және синдикатталған (консорциумдық) заемдар беру ерекшеліктері туралы ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап екі апта мерзімде Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 31 желтоқсанындағы N 328 қаулысымен бекітілді
Екiншi деңгейдегi банктер консорциумын құру және
синдикатталған (консорциумдық) кредиттер беру ерекшелiктерi
туралы ереженi бекiту жөнiнде <*>
Ескерту: Ереженің атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 2001 жылғы 15 қазан N 404 V011767_ қаулысымен.
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне K941000_ , Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Z952444_ , банктер және банк қызметі туралы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді, екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банктер) синдикатталған (консорциумдық) кредиттерді қалыптастыру және беру, сондай-ақ оларды есепке алу тәртібін белгілейді. <*>
Ескерту: Кіріспе өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 15 қазан N 404 V011767_ қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ереже
1. Банктер жекелеген қарыз алушыларды немесе заңды тұлғалар тобын бірлесіп кредиттеу, сондай-ақ қаржы рыногында басқа да қызмет атқару үшін, егер оны жүзеге асыру банк заңдарының талаптарына қайшы келмейтін болса, өздерінің қаржы ресурстарын біріктіру жолымен консорциум құруға құқылы.
2. Банктердің консорциумын құруға қажетті шарт кредитор-банктердің құрамында болуы мүмкін өзгеріске қарамастан оның қатысушыларының синдикатталған (консорциумдық) заемды беру туралы шартының ережелерін орындау жөнінде міндеттеме қабылдауы болып табылады. Бірлескен қызметтің осы түріне қатысушылардың құқықтық мұрагерлігі туралы нормасы банктер консорциумын құру туралы келісімге енгізілуі тиіс. <*>
Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 15 қазан N 404 V011767_ қаулысымен.
3. Синдикатталған (консорциумдық) кредиттерді құрастыру және беру осы Ережеде белгіленген талаптарды ескере отырып жүргізіледі.
4. Осы Ереженің мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) синдикатталған (консорциумдық) заем - консорциумның қатысушылары болып табылатын екі және одан да көп банктер бірлесіп құралған және қарыз алушыға (байланысқан қарыз алушылар тобына) бір заем шарты (қажет болғанда оған басқа да құжаттар қосылады) негізінде берілген заем; <*>
2) ұйымдастырушы-банк - банктердің консорциумын құрудың немесе синдикатталған (консорциумдалған) заем берудің бастамашысы болған банк;
3) агент-банк - синдикатталған (консорциумдық) заем және басқа да міндеттер бойынша консорциумға қатысушылардың және осы Ереженің белгілеген өкілеттігі шегінде қызмет ететін банк;
4) ортақ кредитор-банктер - синдикатталған (консорциумдық) заемды беруге консорциум құрамына тікелей қатысатын банктер;
5) Ақпараттық меморандум - консорциумға ықтимал қатысушыларға не ортақ кредитор-банктерге ұйымдастырушы-банк беретін консорциум құру туралы ұсыныс жазылған және/немесе синдикатталған (консорциумдық) заемды берудің орындылығын негіздейтін құжат.
Ескерту: 4-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 15 қазан N 404 V011767_ қаулысымен.
5. Ұйымдастырушы-банк консорциум құру туралы келісімді белгіленген тәртіппен жасағаннан кейін бес күн ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрi - Ұлттық Банк) консорциумның құрылғаны туралы мынадай мәліметтері бар хабарландыру береді:
1) консорциумның атауы және оны құрудың мақсаты;
2) консорциумға қатысушылардың құрамы;
3) берілетін синдикатталған (консорциумдық) кредиттің (бұдан әрі - синдикатталған заем) әрбір қатысушы банктің үлесі көрсетілген жалпы сомасы;
4) бір немесе бірнеше ортақ кредитор-банктер шығып кеткен жағдайда консорциумға қатысушылар құқықтық мұрагер болып қабылдайтын міндеттемелердің ауқымы.
Ескерту: 5-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 15 қазан N 404 V011767_ қаулысымен.
6. Бірлескен қызметке жетекшілікті және ортақ іс жүргізуді консорциумның қатысушылары өзара келісім бойынша бір қатысушы-банкке не агент-банкке тапсыра алады.
7. Егер банк басқа банк акциясының 1/3 астамына ие болса, ондай банктер бір синдикатталған кредиттің ортақ кредиторлары бола алмайды.
Синдикатталған заемды ортақ кредитор-банктердің акциясын сатып алу үшін тікелей немесе жанамалап пайдалануға болмайды.
8. Консорциум құру туралы келісімде басқа жағдайлармен бірге мыналар болуы тиіс:
1) консорциумның атауы және оны құрудың мақсаты;
2) консорциум қатысушыларының құрамы және мекен-жайы;
3) Ұйымдастырушы-банк және агент-банк туралы толық мәліметтер;
4) кредиттеу синдикатталған заемды жіктеу және ол бойынша провизиялар жасау талаптарының өзгеруін, ортақ кредиттердің консорциумға қатысудан бас тартуына байланысты консорциум қатысушыларының шешім қабылдауының іс-жосығы;
5) жалпы шығындар және шығындарды жабу тәртібі;
6) консорциум қатысушыларының жалпы істерді жүргізудің және
консорциумды басқарудың талаптары; 7) берілетін синдикатталған кредиттің ортақ кредитор-банктердің үлесін қоса есептегендегі жалпы сомасы; 8) синдикатталған заем бойынша қарыз алушылардан (байланысқан қарыз алушылар тобынан) алынатын сыйақыдағы (мүддедегі) банктердің үлесін қоса есептегенде сыйақы ставкаларының мөлшері; 9) қарыз алушының синдикатталған заемды өтеуі туралы ақпарат беру талаптары; 10) синдикатталған кредиттің әр үлесін қамтамасыз ету жөнінде ақпарат және басқа талаптар. 2-тарау. Синдикатталған заемды құрау және беру тәртібі 9. Агент-банк және ортақ кредитор банктер мына өлшемдерді қанағаттандыруға:
1) Ұлттық Банкі белгілеген пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуы міндетті нысандар мен лимиттерді консорциум құру туралы келiсiмге қол қойылған, синдикатталған (консорциумдық) заем беру туралы шарт жасалған күнi, сондай-ақ консорциумдық заем тiкелей берiлген күні орындауға;
2) кредиттік портфелінің жалпы сомасында тәуекелі көп күмәнді және үмітсіз кредиттерді 25%-тен көп ұстамауға міндетті.
Ескерту: 9-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
2001 жылғы 15 қазан N 404 V011767_ қаулысымен.
10. Ұйымдастырушы-банк консорциумның қатысушыларына үшін жіберетін ақпараттық меморандумда:
1) жорамал синдикатталған кредиттің сомасы және ол бойынша сыйақы (мүдде) мөлшері;
2) қарыз алушы (байланысқан қарыз алушылар тобы) туралы қысқаша мәлімет;
3) кредиттеудің мақсаты;
4) синдикатталған заемды беру мерзімі және басқа талаптар болуы тиіс.
11. Ұйымдастырушы-банк:
1) синдикатталған заем бойынша кредиттік құжаттар топтамасын белгіленген талаптарға сәйкес құрауды және ресімдеуді;
2) синдикаттық заем бойынша құжаттарды кредиттік құжаттар топтамасын мәліметтер енгізуді қоса, құрастыру, есепке алу және сақтауды;
3) синдикатталған заем бойынша ортақ кредитор-банктерге құжаттама жіберуді;
4) қажет құжаттарды агент-банкке өткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
12. Синдикатталған заем беруге қатысу туралы шешім қабылдаған банк (консорциум құрылғанға дейін де, одан кейін де) өзінің келіскендігі туралы ұйымдастырушы-банкке еркін нысанда жасалған жазбаша өтінім жібереді.
13. Синдикатталған заем бойынша кредиттік құжаттар топтамасын құрау, сондай-ақ оны жіктеу осы Ережеде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып тиісті нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес жасалады.
14. Ортақ кредитор-банктер синдикатталған заемға қызмет көрсету
жөнінде агент-банкпен келісімге отырады, осыған сәйкес агент-банк: 1) қарыз алушымен заем шартын және басқа да қажетті құжаттар дайындауды және қол қоюды; 2) синдикатталған заем беруге байланысты төлемдерді; 3) синдикатталған заемды жіктеуді; 4) қарыз алушының заем бойынша негізгі борышты өтеуін және ол бойынша сыйақы төлеуін қамтамасыз ету шараларын; 5) Ұлттық Банкіне және басқа органдарға синдикатталған заем бойынша белгіленген мерзімде қажетті есептерді заңдарда белгіленген тәртіппен беруді; 6) синдикатталған заемды өтеуге байланысты төлемдер жүзеге асыруға тиіс. Ескерту: 14-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 15 қазан N 404 V011767_ қаулысымен. 15. Ортақ кредитор-банктерден түскен және синдикатталған заемды беруге арналған ақшаны агент-банктің басқа мақсатқа пайдалануға құқығы жоқ. 3-тарау. Синдикатталған заемдарды есепке алу және оларды жiктеу ерекшелiктерi <*> Ескерту: 3-тарау жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 15 қазан N 404 V011767_ қаулысымен.
16. Ортақ кредитор-банктерден синдикатталған заем беру үшiн түсетiн ақшаны есепке алу үшiн агент-банк банктiң басқа кредиторларын есепке алу үшiн пайдаланатын есепшоттарында жеке есепшот ашады.
17. Агент-банкке синдикатталған заем беру үшiн аударылған ақшаны ортақ кредитор банктер банктiң басқа кредиторларын есепке алу үшiн пайдаланатын есепшоттарында ескередi.
18. Ортақ кредитор-банктер синдикатталған заемның мөлшерiн және басқа талаптарын мақұлдағаннан кейiн агент-банк заемшыға заем бередi.
Агент-банк заемшыға синдикатталған заем бергеннен кейiн ортақ кредитор-банктер және синдикатталған заемға қатысу үлесi бар агент-банк өзiнiң теңбе-тең үлестiк қатысы бар заем сомасын банктiң клиенттерге талаптарын (клиенттерге берiлген заемдар) есепке алуға арналған есепшоттарға есептейдi.
19. Агент-банк және ортақ кредитор-банктер пруденциалдық нормативтердi және басқа да сақтауға мiндеттi нормалар мен лимиттердi есептеу кезiнде берiлген синдикаттық заемдар сомасын өзiнiң оған қатысу үлесiне теңбе-тең есепке қабылдайды.
20. Агент-банк Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң банк активтерi мен баланстан тыс талаптарды жiктеу және олар бойынша провизияларды есептеу туралы заңдарға сәйкес синдикатталған заемды жiктейдi және синдикатталған заем беру туралы шарттың талаптарын сақтау мониторингiн жүзеге асырады.
Агент-банк синдикатталған заемды жiктеу кезiнде ай сайын, есептi кезең аяқталғанға дейiн 5 жұмыс күнi бұрын консорциумның басқа қатысушыларына (олармен келiсiлген тәртiпке және нысанға сәйкес) синдикатталған заемды жiктеу туралы жазбаша хабарлайды.
Қазақстан Республикасының резидент емес агент-банкi болып табылатын ортақ кредитор-банктер синдикатталған заемды Қазақстан Республикасының резидент емес агент-банкi берген синдикатталған заемды жiктеу туралы ақпарат негiзiнде Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң банк активтерi мен баланстан тыс талаптарды жiктеу және олар бойынша провизияларды есептеу туралы заңдарға сәйкес дербес жiктейдi.
21. Ортақ кредитор-банктер агент-банктен алған ақпаратқа сәйкес синдикатталған заем бойынша провизияны өзiнiң оған үлесу қатысуымен бiрге қалыптастыруға мiндеттi. Мұндай талап синдикатталған заем қатысу үлесi бар агент-банкке де қолданылады.
22. Агент-банк ай сайын, банк активтерi мен шартты мiндеттемелердi
жiктеу және провизиялардың мөлшерi бойынша өзгерiстер туралы мәлiметтердi берумен қатар Ұлттық Банктiң банктердi қадағалау бөлiмшесiне осы Ереженiң N 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша әрбiр ортақ кредитор-банктерге қатысты синдикатталған заем туралы мәлiметтер бередi. Егер агент-банк Қазақстан Республикасының резидент емесi болып табылса, онда ортақ кредитор-банктер синдикатталған заем туралы мәлiметтердi осы Ереженiң N 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша дербес бередi. 4-тарау. Қорытынды ережелер 23. Консорциумның қатысушы-банкі осы Ережеде белгіленген талаптарды бұзған жағдайда Ұлттық Банкінің оған ықпал етудің шектелген шараларының немесе банк заңдарында көзделген санкцияларды қолдануға құқылы. 24. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес шешілуі тиіс. Төраға
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 31 желтоқсанында N 328 қаулысымен бекітілген Банктер консорциумын құрудың және синдикатталған (консорциумдық) кредиттердің ерекшеліктері туралы ережеге N 1 қосымша <*>
Ескерту: N 1 қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 15 қазан N 404 V011767_ қаулысымен. Банктердің консорциумы берген синдикатталған (консорциумдық) заемдар туралы агент-банктің мәліметі Синдикатталған (консорциумдық) заем _______________________________________________________берілді (консорциумның атауы) қарыз алушыға (қарыз алушыларға)______________________________ Агент-банктің атауы___________________________________________ Берілген мәліметтер 200____ жылғы "___"________ жағдай бойынша _____________________________________________________________________ | |Банктің|Банктің синдикаттал.|Банктің синдикатталған | | |атауы |ған (консорциумдық) |(консорциумдық) заем | | | |заем сомасы беріл. |сомасындағы есеп берілетін| | | |ген уақыттағы үлесі | күнгі үлесі | ________________________________________|__________________________ | | | |синдикаттал. | |синдикаттал. | | | |мың |ған (консор. |мың |ған (консор. циумдық) кред.теңге. |циумдық) кредиттің| | | |теңге |тің жалпы |мен | жалпы сомасынан | | | |мен |сомасынан % | | % | |___________|_______|______|_____________|_______|__________________| |Агент-банк | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |___________|_______|______|_____________|_______|__________________| |Ортақ | | | | | | |кредитор | | | | | | |банк | | | | | | | |1. | | | | | | | | | | | | |___________|_______|______|_____________|_______|__________________| | |2. | | | | | |___________|_______|______|_____________|_______|__________________| | | | | | | | |___________|_______|______|_____________|_______|__________________| | | | | | | | |___________|_______|______|_____________|_______|____________ _____| |Синдикатталған | | | | | |(консорциумдық) | | | | | |кредиттің жалпы | | | | | |сомасы: | |100% | | 100% | |___________________|______|_____________|_______|__________________| |Синдикат. |Синдикатталған|Синдикаттал. |Қарыз алушы. |Синдикаттал.| |талған (кон|ған (консорци.|ған (консор. |ның синдикат.|ған (консор.| |сорциумдық)|умдық) кредит.| циумдық) |талған (конс.|циумдық) | |кредиттің |ті өтеу күні |заем |орциумдық) |кредиттің | |берілген |(заем шарты. |бойынша |кредиті бой. |жалпы жікте.| |күні |на сәйкес) |қамтамасыз |ынша мерзімі |луі | | | |ету сомасы |өтіп кеткен | | | | |(мың теңге) |қарыз (күнмен) | |___________|____________________________|_____________|____________| | | | |сыйақы |негізгі| | | | | |(мүдде) |борыш | | | | | |бойынша |сомасы | | | | | | |бойынша| | |___________|_______|______|_____________|_______|__________________| | | | | | | | | | | | | | | |___________|_______|______|_____________|_______|__________________| Банк Басқармасының төрағасы ________________________ Банктің бас бухгалтері ________________________ Мамандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.