Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банктер консорциумын құру және синдикатталған (консорциумдық) кредиттер беру ерекшелiктерi туралы ереженi бекiту жөнiнде" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 328 қаулысына өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 15 қазан N 404. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1767

      Екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банктер консорциумын құру және синдикатталған (консорциумдық) кредиттер беру ерекшелiктерi туралы ереженi бекiту жөнiнде" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 328 V980892_ қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      3. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан

Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу 
шараларын қабылдасын;
     2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк 
тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi 
деңгейдегi банктерге жiберсiн.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.

     Ұлттық Банк
      Төрағасы
     


                                            "Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкi Басқармасының "Банктер консорциумын құру және синдикатталған (консорциумдық) кредиттер беру ерекшелiктерi туралы ереженi бекiту жөнiнде" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 328 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 15 қазандағы N 404 қаулысына қосымша


             Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
        "Банктер консорциумын құру және синдикатталған (консорциумдық)
          кредиттер беру ерекшелiктерi туралы ереженi бекiту жөнiнде"
                  1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 328 қаулысына
                           өзгерiстер мен толықтырулар

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банктер консорциумын құру және синдикатталған (консорциумдық) кредиттер беру ерекшелiктерi туралы ереженi бекiту жөнiнде" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 328 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      Қаулының атауындағы және бұдан әрi барлық мәтiн бойынша "кредиттер" деген сөз "заемдар" деген сөзбен ауыстырылсын.
      Аталған қаулымен бекiтiлген банктер консорциумын құру және синдикатталған (консорциумдық) кредиттер беру ерекшелiктерi туралы ережеде:
      1. Ереженiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Екiншi деңгейдегi банктер консорциумын құру және синдикатталған (консорциумдық) кредиттер беру ерекшелiктерi туралы ереженi бекiту жөнiнде".
      барлық мәтiн бойынша:
      "кредиттер", "кредиттi", "кредит", "кредитке", "кредитiне", "сыйақы (мүдде)", "сыйақыны (мүдденi)" деген сөздер тиiсiнше "заемдар", "заемды", "заем", "заемға", "заемына", "сыйақы", "сыйақыны" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Кiрiспедегi "(жалпы бөлiм), Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. 2-тармақтағы "кредит" деген сөз алынып тасталсын.
      4. 4-тармақтың 1) тармақшасындағы "кредит (несие) шарты" деген сөздер "заем шарты" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. 5-тармақтың бiрiншi азатжолындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне" деген сөздерден кейiн "(бұдан әрi - Ұлттық Банк)" деген сөздермен толықтырылсын және бұдан әрi мәтiн бойынша "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне", "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "Ұлттық Банкi", "Ұлттық Банкiне", "Ұлттық Банкiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. 9-тармақтың 1) тармақшасындағы "орындауға" деген сөздердiң алдынан "консорциум құру туралы келiсiмге қол қойылған, синдикатталған (консорциумдық) заем беру туралы шарт жасалған күнi, сондай-ақ консорциумдық заем тiкелей берiлген күні" деген сөздермен толықтырылсын;
      7. 14-тармақтың 1) тармақшасындағы "кредиттiк шартты" деген сөздер "заем шартын" деген сөздермен ауыстырылсын.
      8. 3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-тарау. Синдикатталған заемдарды есепке алу және оларды жiктеу ерекшелiктерi
      16. Ортақ кредитор-банктерден синдикатталған заем беру үшiн түсетiн ақшаны есепке алу үшiн агент-банк банктiң басқа кредиторларын есепке алу үшiн пайдаланатын есепшоттарында жеке есепшот ашады.
      17. Агент-банкке синдикатталған заем беру үшiн аударылған ақшаны ортақ кредитор банктер банктiң басқа кредиторларын есепке алу үшiн пайдаланатын есепшоттарында ескередi.
      18. Ортақ кредитор-банктер синдикатталған заемның мөлшерiн және басқа талаптарын мақұлдағаннан кейiн агент-банк заемшыға заем бередi.
      Агент-банк заемшыға синдикатталған заем бергеннен кейiн ортақ кредитор-банктер және синдикатталған заемға қатысу үлесi бар агент-банк өзiнiң теңбе-тең үлестiк қатысы бар заем сомасын банктiң клиенттерге талаптарын (клиенттерге берiлген заемдар) есепке алуға арналған есепшоттарға есептейдi.
      19. Агент-банк және ортақ кредитор-банктер пруденциалдық нормативтердi және басқа да сақтауға мiндеттi нормалар мен лимиттердi есептеу кезiнде берiлген синдикаттық заемдар сомасын өзiнiң оған қатысу үлесiне теңбе-тең есепке қабылдайды.
      20. Агент-банк Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң банк активтерi мен баланстан тыс талаптарды жiктеу және олар бойынша провизияларды есептеу туралы заңдарға сәйкес синдикатталған заемды жiктейдi және синдикатталған заем беру туралы шарттың талаптарын сақтау мониторингiн жүзеге асырады.
      Агент-банк синдикатталған заемды жiктеу кезiнде ай сайын, есептi кезең аяқталғанға дейiн 5 жұмыс күнi бұрын консорциумның басқа қатысушыларына (олармен келiсiлген тәртiпке және нысанға сәйкес) синдикатталған заемды жiктеу туралы жазбаша хабарлайды.
      Қазақстан Республикасының резидент емес агент-банкi болып табылатын ортақ кредитор-банктер синдикатталған заемды Қазақстан Республикасының резидент емес агент-банкi берген синдикатталған заемды жiктеу туралы ақпарат негiзiнде Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң банк активтерi мен баланстан тыс талаптарды жiктеу және олар бойынша провизияларды есептеу туралы заңдарға сәйкес дербес жiктейдi.
      21. Ортақ кредитор-банктер агент-банктен алған ақпаратқа сәйкес синдикатталған заем бойынша провизияны өзiнiң оған үлесу қатысуымен бiрге қалыптастыруға мiндеттi. Мұндай талап синдикатталған заем қатысу үлесi бар агент-банкке де қолданылады.
      22. Агент-банк ай сайын, банк активтерi мен шартты мiндеттемелердi жiктеу және провизиялардың мөлшерi бойынша өзгерiстер туралы мәлiметтердi берумен қатар Ұлттық Банктiң банктердi қадағалау бөлiмшесiне осы Ереженiң N 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша әрбiр ортақ кредитор-банктерге қатысты синдикатталған заем туралы мәлiметтер бередi.
      Егер агент-банк Қазақстан Республикасының резидент емесi болып

табылса, онда ортақ кредитор-банктер синдикатталған заем туралы 
мәлiметтердi осы Ереженiң N 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша дербес 
бередi".
     9. N 1 қосымшаның:
     - "Берілген мәліметтер "199____ жылғы "___"________ жағдай бойынша"
деген жолы "Берілген мәліметтер 200____ жылғы "___"________ жағдай 
бойынша" деген жолмен ауыстырылсын; 
     - 2 кестенің екінші бағанындағы "кредиттік шартқа сәйкес" деген 
сөздер "заем шартына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.
     
     
     Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Жұманазарова А.Б.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады