Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" Заңындағы 40-баптың 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Сарқан ауданы әкiмiнiң Ақсу мен Алакөл аудандары жерлерiнiң бөлiгiн Сарқан ауданына беру туралы өтiнiш хатына сай Алматы облысының әкiмi мен Алматы облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жалпы көлемi 1423764,0 га шекараларындағы жер учаскелерi, соның iшiнде Ақсу ауданының жерiнен 97510,0 га Алакөл ауданының жерiнен 1326254 га жер қоса берiлген жоспарлы материалға сай Сарқан ауданына өткiзiлiп берiлсiн.
2. Сарқан, Ақсу және Алакөл аудандарының әкiмдерi тиiстi жер пайдаланушылардың жердi есепке алу мәлiметтерiне өзгертулер енгiзсiн.
Алматы облысы әкiмi
Облыстық мәслихаты
сессиясының төрағасы