Алматы облысының Сарқан, Ақсу және Алакөл аудандары аумақтарын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысының мәслихатының 1998 жылғы 14 мамырдағы N 5-169 және Алматы облысы әкімінің 1998 жылғы 17 сәуiрдегі N 20-156 бірлескен шешімі. Алматы облысының Әділет басқармасында 1998 жылы 13 шілдеде N 15 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" Заңындағы 40-баптың 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Сарқан ауданы әкiмiнiң Ақсу мен Алакөл аудандары жерлерiнiң бөлiгiн Сарқан ауданына беру туралы өтiнiш хатына сай Алматы облысының әкiмi мен Алматы облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жалпы көлемi 1423764,0 га шекараларындағы жер учаскелерi, соның iшiнде Ақсу ауданының жерiнен 97510,0 га Алакөл ауданының жерiнен 1326254 га жер қоса берiлген жоспарлы материалға сай Сарқан ауданына өткiзiлiп берiлсiн.
      2. Сарқан, Ақсу және Алакөл аудандарының әкiмдерi тиiстi жер пайдаланушылардың жердi есепке алу мәлiметтерiне өзгертулер енгiзсiн.

      Алматы облысы әкiмi

      Облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады