Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.12.2004 № 247 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы". "Стандарттау және сертификаттау туралы", "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы", "Мал дәрігерлігі туралы" заңдарын басшылыққа ала отырып жергілікті тауар өндірушілерді өркендету, қолдау мен қорғау, салық салу қорын көбейту және бюджетке түсетін қосымша табыс көздерін іздестіру, сондай-ақ облыс сауда мекемелері арқылы сырттан әкелінетін халық тұтынатын сапасыз тауарларды жібермеу жолымен тұтынушылардың құқығын қорғау және олардың облыс тұрғындарына қаупсіздігін дәлелдейтін құжаттарын беруді реттеу мақсатында шешім етемін:
1. "Стандарттау метрологиялау және сертификаттау орталығына" мемлекеттік кәсіпорыны (Ә.Әмірғалиев), облыстық санитарлық эпидемиологиялык стансасы Е.Қуандықов). Кызылорда облысы бойынша кеден басқармасы (М.Есенов) сырттан әкелінетін тауарлардың сапасына және олардың сәйкестік сертификатына тұрақты бақылау жасауды жүзеге асырсын.
Облысқа әкелінетін сусындарға, шырындар және арақ-шарап өнімдеріне кедендік рұқсат уақытша сақтау қоймалары арқылы олардың сапа сертификатына сәйкестігі толық тексерілгеннен кейін ғана берілсін.
2. Облыстық санитарлық эпидемиологиялық стансасы (Е.Қуандықов) халық тұтынатын тауарларды сатушылардың, тез бұзылатын өнімдердің жарайтын мерзімін есепке ала отырып, гигиеналық қортындыларының болуын тұрақты бақылауды жүзеге асырсын.
3. Облыстық мал дәрігерлік комитеті (Қ.Есдәулетов) мал дәрігерлік шекара бақылау пунктері арқылы мал өнімдерінің (ет және ет өнімдерінің, сүт және сүт өнімдерінің, жұмыртқа және жұмыртқа қоспасының, балық және балық өнімдерінің) және өсімдік майларының сапа куәлігі, сәйкестік сертификаты, мал дәрігерлік құжаттары болған жағдайда ғана өткізуді қамтамасыз ету мен бақылау жөнінде қатаң шара қабылдасын.
4. Облыстық өнеркәсіп және сауда басқармасы (С.Мырзашев), облыстық ауыл шаруашылық департаменті (Н.Жолдасбаев), облыстық экономикалық басқармасы (Б.Шәменова), кіші кәсіпкерлікті қолдау департаменті (Т.Сулейменов) облыс өндіріс кәсіпорындарының тауарларды шығаруды көбейту, сырттан әкелінетін тауарлардың орнын басу және салық салу қорын көбейту мақсатында жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және дамыту жөнінде 1999 жылдың 1 ақпанына дейін іс шара әзірленсін.
Қызылорда арнайы экономикалық аймағы және басқа да қаржыландыру көздерінің қорларынан инвестициялау бағдарламасына енгізу үшін жобалар тізімі әзірлесін.
5. Облыстық маркетинг және нарықтық ақпарат департаменті (Е.Бектұрсынов), Қызылорда облысы бойынша кеден басқармасы (М.Есенов) және облыстық статистика басқармасы (Л.Ким) облыс аумағына әкелінетін тауарларға тұрақты мониторинг жүргізіп, коньюктураның өзгеруін ай сайын жергілікті органдарға және тауар өндірушілерге хабарлап отырсын.
6. Облыстық экономика басқармасы (Б.Шәменова) "Өндіріс және азық түлік өнімдері мен өндіріс тауарларының негізгі түрлеріннің тұтыну балансын" облыс әкімі жанындағы коллегияға бекіту үшін ұсынсын.
7. Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті (Н.Пірімов) облыста өндірілетін өнімдердің өзіндік құнының қалыптасуы мен дұрыстығына тұрақты бақылау жүргізсін.
8. Қызылорда облысы бойынша салық комитеті (Д.Ысқақов), салық полициясы комитеті басқармасы (Н.Мұхамеджанов), Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері 1999 жылдын 15 қаңтарына дейнгі мерзімде бекітілген балансқа сәйкес экономнканың барлық саласы бойынша салық түсімін қолда бар резервтер арқылы толықтыру және салық түсімнің көздерін кеңейту туралы іс-шара жасасын.
9. Қызылорда облысы бойынша салық комитеті (Д.Ысқақов), облыстық әділет басқармасы (Т.Нәбиев) 1999 жылдын 1 ақпанына дейін салық және бюджетке басқада чгіндетт: толемдер төлейтін барлық заңды тұлғаларлы есепке алып, шаруашылық субъектілерінің нақты тізімін автоматтандырылған мәліметтер банкіне енгізу жөніндегі іс-шараларын жүргізсін.
10. Облыстық ішкі істер басқармасы (Т.Рахымов), көлік инспекциясы бөлімі (Ү.Маданов), Қызылорда облысы бойынша салық комитеті (Д.Ысқақов) 1999 жылдың 1 ақпанына дейін көлік саласындағы кәсіпкерлерге салық салуды толық қамту мақсатында барлық көлік құралдарына түгендеу жүргізсін.
11. Кеден басқармасы (М.Есенов) облыс аумағына әкелінетін өнімдерге нормативтік құжаттар және қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес тұрақты бақылау жасасын.
"Корпорация Акцепт" жабық акционерлік қоғамы бөлімшесінің барлық кедендік төлемдерін, кедендік және салық ережелерін бұзғаны үшін айып төлемдерін жергілікті бюджетке аудару туралы ұсынысы дайындалсын.
Уақытша сақтау қоймалары адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіретін өнімдер мен материалдарды сақтау үшін ғана пайдалынылсын.
12. Оңтүстік Торғай ойпатындағы мұнай өндіруші операторлар мердігерлік жұмыстарға тапсырыс орналастырғанда кәсіпорындар мен мекемелердің сапа және қызмет көрсету бағасының бәсекеге төтеп беретін басымдылық құқын ескерсін.
13. Облыстық өнеркәсіп және сауда басқармасы. (С.Мырзашев) және "ЮжКазнедра" аймақтық басқармасының Қызылорда аймақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану инспекциясы (О.Садуев) облыс тұрғындарын сумен қамтамасыз ететін облыстың жер қойнауын пайдаланушыларға 1999 жылдың ақпанына дейін жер асты суын өндіруге лицензия алуды міндеттесін.
14. Облыстық маркетинг және нарықтық ақпарат департаменті (Е.Бектұрсынов) жергілікті тауар өндірушілердің шығарған тауарларын сатып алу арқылы қолдау көрсету жөнінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.
Буклеттер, проспектілер, бейнефильмдерді көпшілік ақпарат құралдары арқылы тарату жолымен жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін тұрақты жарнамалап отыру ұйымдастырылсын.
15. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Нұрғисаевқа жүктелсін.
Әкім | Б. Сапарбаев |