Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының ІI сайланған VIII сессияның 29.07.2004 N 76 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Салықтар және бюджетке басқа мiндеттi төлемдер туралы" Жарлығының 113 бабының 3 тармағына сәйкес Алматы қаласының шегiнде орналасқан өнеркәсiп, көлiк, байланыс және басқа ауыл шаруашылығы емес мақсатағы жер үшiн салықты төмендетудiң нақты көлемдерi туралы (шахталарды, карьерлердi және олардың санитарлық қорғау, техникалық және басқа аймақтарын қоса алғанда) сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешiм қабылдады:
Алматы қаласының Әкiмiне қала шегiнде орналасқан өнеркәсiп, көлiк, байланыс және ауылшаруашылығы емес мақсаттағы жер үшiн жер салығы ставкасының процентiн төмендету туралы шешiм қабылдау құқығы берiлiп, ол I сайланған Алматы қалалық Мәслихатының кезектi сессиясында бекiтiлетiн болсын.
I сайланған Алматы
қалалық Мәслихаты
ХХ сессиясының төрағасы А.Бөлекбаев
I сайланған Алматы
Мәслихатының хатшысы Ж.Төрегелдинов