Өнеркәсiп, кұлiк, байланыс және басқа ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жер үшiн салық ставкалары туралы (шахталарды, карьерлердi және олардың санитарлық-қорғау техникалық және басқа аймақтарын қоса алғанда)

Күшін жойған

Алматы қалалық мәслихатының I сайланған XX сессиясының 1998 жылғы 23 маусымдағы шешiмi. Алматы қалалық Әділет басқармасында 1998 жылғы 03 тамызда N 22 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының ІI сайланған VIII сессияның 2004 жылғы 29 шілдедегі N 76 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының ІI сайланған VIII сессияның 29.07.2004 N 76 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Салықтар және бюджетке басқа мiндеттi төлемдер туралы" Жарлығының 113 бабының 3 тармағына сәйкес Алматы қаласының шегiнде орналасқан өнеркәсiп, көлiк, байланыс және басқа ауыл шаруашылығы емес мақсатағы жер үшiн салықты төмендетудiң нақты көлемдерi туралы (шахталарды, карьерлердi және олардың санитарлық қорғау, техникалық және басқа аймақтарын қоса алғанда) сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешiм қабылдады:
      Алматы қаласының Әкiмiне қала шегiнде орналасқан өнеркәсiп, көлiк, байланыс және ауылшаруашылығы емес мақсаттағы жер үшiн жер салығы ставкасының процентiн төмендету туралы шешiм қабылдау құқығы берiлiп, ол I сайланған Алматы қалалық Мәслихатының кезектi сессиясында бекiтiлетiн болсын.

      I сайланған Алматы
      қалалық Мәслихаты
      ХХ сессиясының төрағасы                А.Бөлекбаев

      I сайланған Алматы
      Мәслихатының хатшысы                   Ж.Төрегелдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады