Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2010.07.23 N 27/10 Шешімімен
1. 1998 жылғы облыстық бюджет кiрiстерi мен шығындары бойынша 7765112 мың теңге сомасында бекiтiлсiн /1 қосымша/.
Облыстық қаржы басқармасы облыстық бюджеттiң шығыстарын ведомстволық құрылымы бойынша классификацияға сәйкес адрестi бөлудi қамтамасыз етсiн.
2. 1998 жылға арналған облыстық бюджетке түсiмдер мына көздер есебiнен қалыптастырылатын болып белгiленсiн:
- төменгi бюджеттерге есептелетiн сомаларды қоспағанда төлем көзiнен ұсталатын заңды тұлғалардың табыс салығы және жеке тұлғалардың табыс салығы;
- төменгi бюджеттерге есептелетiн сомаларды қоспағанда акциздер;
- мемлекеттiк мүлiктi пайдаланғаны үшiн төлемдер;
- әкiмшiлiк айыппұлдар мен басқалай санкциялар;
- өзге салықтық емес түсiмдер;
- республикалық бюджеттен алынатын трансферттер.
3. Облыстық бюджеттiң кiрiстерi құрамына қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшiн төлемдер есебiнен құрылатын табиғат қорғаудың облыстық қорының түсiмдерi, табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшiн айыппұлдар санкциялары, аңшылық пен балықшылықтың тәркiленген құралдарын, заңсыз алынған өнiмдi өткiзуден түскен қаржылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдылығына қайшы келмейтiн өзге де түсiмдер, облыстық және аймақаралық табиғат қорғау шараларын қаржыландыру мақсатында олардың түсiмдерi көлемiнiң 70 процентi мөлшерiнде енгiзiлсiн.
Облыстық қаржы басқармасы табиғат қорғаудың облыстық қоры функцияларын iске асыру жөнiндегi шығындарды қаржыландыруды облыстық бюджетке олардың нақты түсiмдерi көлемiнiң 60 процентi мөлшерiнде жүзеге асырсын.
4. 1998 жылға жалпымемлекеттiк салықтардан түсiмдердiң жалпы сомасын аудандар, Көкшетау және Петропавл қалаларының бюджеттерiне бөлу мына мөлшерде белгiленсiн:
а) заңды тұлғалардан табыс салығы бойынша:
Айыртау, Ақжар, Булаев, Еңбекшiлдер, Есiл, Жамбыл, Зерендi, Қызылжар, Мамлют, Сергеев, Совет, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов, Целинный, Щучье аудандары мен Көкшетау қаласына 100 проценттен, Петропавл қаласына 50 процент;
б) төлем көзiнен ұсталатын жеке тұлғалардан табыс салығы бойынша:
Айыртау, Ақжар, Булаев, Еңбекшiлдер, Есiл, Жамбыл, Зерендi, Қызылжар, Мамлют, Сергеев, Совет, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов, Целинный, Щучье аудандары мен Көкшетау қаласына 100 проценттен, Петропавл қаласына 50 процент;
в) акциздер бойынша:
Айыртау, Ақжар, Булаев, Еңбекшiлдер, Есiл, Жамбыл, Зерендi, Қызылжар, Мамлют, Сергеев, Совет, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов, Целинный, Щучье аудандарына 100 процент.
5. Төменгi бюджеттiң кiрiстерiне мыналар түсетiнi ескерiлсiн:
- жергiлiктi салықтар мен алымдар;
- облыстық бюджетке есептелетiн салымдарды қоспағанда заңды тұлғалардан табыс салығы;
- облыстық бюджетке есептелетiн сомаларды қоспағанда кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан және төлем көздерiнен ұсталатын табыс салығы;
- республикалық және облыстық бюджеттерге есептелетiн сомаларды қоспағанда;
- орман пайдаланғаны үшiн төлем;
- суға төлем;
- коммуналдық меншiктi жалға беруден кiрiстер;
- облыстық бюджетке есептелетiн сомаларды қоспағанда әкiмшiлiк баж салықтары;
- жер учаскелерiн жалға берудi қосқанда жерге меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын сатудан түсiмдер;
- республикалық және облыстық бюджеттерге есептелетiн сомаларды қоспағанда басқа салықтық емес түсiмдер.
6. 1998 жылы аудандар мен қалалар бюджеттерiне 5371363 мың теңге сомасында трансферттер бөлiнсiн, соның iшiнде:
Айыртау ауданы - 238747,
Ақжар - 178753,
Булаев - 218726,
Еңбекшiлдер - 221993,
Есiл - 223559,
Жамбыл - 215072,
Зерендi - 242648,
Қызылжар - 241797,
Мамлют - 184355,
Сергеев - 186788,
Совет - 227486,
Тайынша - 311489,
Тимирязев - 106454,
Уәлиханов - 151309,
Целинный - 188821,
Щучье - 667414,
Көкшетау қаласы - 651606,
Петропавл қаласы - 914406.
7. Аудандардың, Көкшетау және Петропавл қалаларының бюджеттерi құрамында халықтың жұмыс iстемейтiн бөлiгi үшiн қаржыны сақтандыру мен мiндеттi медициналық сақтандыру қоры бөлiмшелерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң " Аз қамтылған азаматтарды қолдау жөнiндегi жалпыұлттық қор туралы" 1997 жылғы 10 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес аз қамтылған азаматтарды қолдаудың аймақтық қорларын қалыптастыруға үлестiк қатысуға беру көзделінгенi ескерiлсiн.
8. Аудандардың, Көкшетау және Петропавл қалаларының бюджеттерiнiң шығыстары құрамында Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi, асыраушысынан айырылуы және жасы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына сәйкес мүгедектiгi, асыраушысынан айырылуы және жасы бойынша жәрдемақылар төлеуге қаржы, сондай-ақ, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алушыларды жерлеуге айлық есептi көрсеткiштiң он бес есе мөлшерiнде жәрдемақы көзделгенi ескерiлсiн.
9. "Аудандардың, Көкшетау және Петропавл қалаларының бюджеттерiнiң шығыстары құрамында Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар", Ұлы Отан соғысының қатысушыларының, мүгедектердiң және оларға теңестiрiлген адамдардың жеңiлдiктерi мен әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылдың 28 сәуiрiндегi N 2247 Жарлығына сәйкес жыл сайынғы бiрмезгiлдiк жәрдемақылар төлеуге, материалдық көмекке және санаторий-курорттық емделу жолдамаларын төлеуге қаржы ескерiлсiн.
10. Облыстық бюджетте әлеуметтiк-мәдени шараларды қаржыландыруға 1678298 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
11. Облыстық бюджеттiң шығын бөлiгiнде облыстық iшкi iстер басқармасын есептегенде басқару органдарын ұстауға 308575 мың теңге сомасында қаржы бекiтiлсiн.
12. Облыстық бюджетте қорғаныс мекемелерiн, құқық қорғау органдарын ұстауға 300130 мың теңге мөлшерiнде қаржы белгiленсiн.
13. Табиғат қорғау қорының шығыстары 31620 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.
Облыстық қаржы басқармасына табиғат қорғау шараларын олар бойынша белгiленген аударылымдар мөлшерiнде, сондай-ақ облыстық бюджетте көзделген шараларды қаржыландыруға жұмсауға рұқсат берiлсiн, кейiн өндiрiстiк шығындарды облыстық мәслихат бекiтсiн.
14. 14700 мың теңге сомасында жыл сайын бекiтiлетiн квотаға сәйкес Қазақстанға қоныс аударуға, орнығуға келуге байланысты шараларға, репатрианттарға (оралмандарға) ақшалай жәрдемақы төлеуге шығындар ескерiлсiн.
15. Облыстық бюджеттiң шығыс бөлiгiнде конкурстық негiзде дәрi-дәрмектердi орталықтандырылған сатып алуға қаржы көзделсiн.
16. Ескерткiш ғимараттарын жөндеу-бүтiндеу жұмыстарына және тарихи-мәдени мұраны қорғау, жөнiндегi мемлекеттiк инспекцияны ұстауға 200 мың теңге мөлшерiнде шығындар белгiленсiн. (ескерткiш ғимараттарын жалға беруден түсiмдер сомасының 20 процентi).
Ескерткiштер ғимараттарын жалға беруден қосымша кiрiстер түскен кезде облыстық қаржы басқармасына оларды көрсетiлген мақсаттарға жұмсауға рұқсат етiлсiн, кейiн өндiрiстiк шығындарды облыстық мәслихат бекiтсiн.
17. "Шағын қонақ үй" мемлекеттiк кәсiпорнын ұстауға 7200 мың мөлшерiнде бөлiнсiн.
18. Облыстық "Зерде" Кiтабын" шығаруға 8682 мың теңге сомасында шығындар белгiленсiн.
19. Облыстық бюджетте 20318 мың теңге мөлшерiнде резервтiк қор, соның iшiнде төтенше жағдайлар мен табиғи және техногендiк сипаттағы шараларды қаржыландыруға 15000 мың теңге сомасында қаржыландырылу шығыны белгiленсiн.
20. Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына облыстық бюджеттен 285883 мың теңге мөлшерiнде, соның iшiнде 1997 жылдың 1 қаңтарына пайда болған мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiнде жұмыс iстейтiндерге емдеу мекемелерi алдында облыс бюджетiнiң кредиторлық берешегiн жабу үшiн 70572 мың теңге сомасында шығындар көзделсiн.
21. 1998 жылғы облыстық бюджеттi орындау процесiнде мыналар қысқартуға жатпайтын болып белгiленсiн:
- жалақы төлеуге шығындар;
- зейнетақы, әлеуметтiк және мiндеттi медициналық сақтандыру қорларына;
- жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорларына мiндеттi жарналар төлеуге байланысты шығындар;
- балалары бар отбасыларына жәрдемақылар, басқа әлеуметтiк төлемдер;
- тамақ өнiмдерi мен дәрi-дәрмек сатып алуға шығындар.
22. Жылдың аяғына қарай облыстық бюджет бойынша қолдағы касса айналымының мөлшерi 66 мың теңге сомасында белгiленсiн, бұл мақсаттарға көрсетiлген сомада 1997 жылдың 1 қаңтарына облыстық бюджеттiң қалдық ақша қаражаты жұмсалсын.
23. Облыс әкiмiне қосымша алынған кiрiстердi, трансферттердi және басқа түсiмдердi кейiн өндiрiстiк шығындарды облыстық мәслихатта бекiту арқылы бюджетте көзделген шараларды қаржыландыруға жұмсауға рұқсат етiлсiн.
Қосымша алынған кiрiстер есебiнен бюджетте көзделмеген шараларды қаржыландыру кейiн белгiленген тәртiппен бекiту арқылы мәслихаттың үйлестiру кеңесiнен келiсiмi бойынша ғана жүргiзiледi.
24. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне 1998 жылға арналған облыстық бюджеттi орындау жөнiнде шаралар әзiрлеу тапсырылсын.
Облыстық мәслихаттың Облыстық мәслихаттың
кезектен тыс ХҮI хатшысы
сессиясының төрағасы