"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200 Заң күші бар
Жарлығына
сәйкес Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 19
бұйрығына
мынадай толықтыру енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген адвокаттық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензияны беру тәртібі туралы Ережеге:
5-тармақтың бірінші азбацы "мөлшерінде" деген сөзден кейін "бір жолғы" деген сөзбен толықтырылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр