Жол салығын есептеудің және төлеудің тәртібі туралы N 48 Нұсқаулық

Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі 1999 жылғы 10 ақпан N 49. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 26.03.1999 ж. тіркелді. Тіркеу N 719. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
 
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      36. "Жол салығын есептеудiң және төлеудiң тәртiбi туралы" N 48 Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 10 ақпандағы N 49 V990719_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
 
      Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Z952235_ заң күші бар Жарлығына (бұдан әрі - Жарлық) сәйкес әзірленді.
 
      І. Жол салығын төлеушілер
 
      1. Заңды тұлғалар (шетел заңды тұлғаларының филиалдары мен өкілдіктерін қоса), олардың жеке балансы және банктік шоты бар филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөліктері жол салығын төлеушілер болып табылады.
      Жол салығын төлеушілер салық төлеуді өздерінің орналасқан жерлері бойынша жүзеге асырады.
      2. Заңды тұлғалар осы Нұсқаулық 1-тармағына сәйкес салық төлеушілер болып танылмайтын өздерінің филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөліктері үшін жол салығын төлеуді олардың орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
 
      ІІ. Салық салу объектісі
 
      3. Жылдық жиынтық табыс жол салығына салық салу объектісі болып табылады. Төлеушінің жиынтық жылдық табысы Қазақстан Республикасында және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде алған табыстарынан тұрады. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші алуға тиіс, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға немесе тікелей не болмаса жанама шығыстарды өтеуге бағытталған, жөнелтілген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызметтер мен басқа да операциялар үшін ақшалай немесе басқа қаражат кіреді. Заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысына кәсіпкерлік қызметтен түсетін (мемлекеттік бағалы қағаздардан түсетін кірістерден басқа) кірістер жатады. Бұлар: - өнімді (жұмыс, көрсетілген қызмет) өткізуден түскен табыс (жанама салықтарсыз); - үйлерді, ғимараттарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді, олардың құнын инфляцияға орай түзетуді ескере отырып сату кезіндегі құнының өсімінен түскен табыс; - сыйақы (мүдде) нысанындағы табыс; - дивидендтер; - ұтыстар; - тегін алынған мүлік пен ақша қаражаты; - экспорттау кезінде төмендетілген құны бойынша активтерді сатудан түскен табыстар; - мүлікті жалға беруден түскен табыстар; - роялти; - мемлекеттік бюджеттен алынған жәрдемақыларды қоспағанда заңды тұлғалар алған жәрдемақылар; - кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе кәсіпорынды жабуға келісім бергені үшін алынған табыстар; - банк және сақтандыру ұйымдарының резервтік қорларының мөлшерін азайтудан түскен табыстар; - талаптарды жабудан түскен табыстар; - осы жарлықтың 20-бабының 7-тармағына және 42-бабының 3-тармағына сәйкес табысқа кіретін сомалар; - Жарлықтың 44-бабының сәйкес өтелетін шегерістер кіреді. ІІІ. Жол салығын есептеудің және төлеудің тәртібі
      4. Жол салығын салық төлеуші өздерінің қызмет түрлеріне қарамастан, салық есебі мен есептемесінің деректері бойынша жылдық жиынтық табысынан (мемлекеттік бағалы қағаздардан алынатын табысты қоспағанда) 0,2% ставка дербес есептейді.
      5. Салық төлеуші салық органына осы Нұсқаулықтың N 1 қосымшасында келтірілген нысан бойынша, егер жол салығы бойынша тоқсан ішіндегі орташа айлық төлемдер 500 айлық есептік көрсеткіштен артық болса есепті айдан кейінгі 15-нен кешіктірілмей ай сайын, егер жол салығы бойынша тоқсан ішіндегі орташа айлық төлемдер 500 айлық есептік көрсеткіштен аз болса есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-не қарай тоқсан сайын жол салығы бойынша декларация тапсырады.
      Орташа айлық төлемнің мөлшерін төлеуші соңғы тоқсанның деректеріне сүйене отырып өзі анықтайды.
      6. Жол салығы декларация тапсыру бойынша белгіленген мерзімге дейін немесе сол күні әрбір есепті кезең үшін бюджетке төленуге тиіс.
      7. Салық салынатын табысты анықталған кезде төленген жол салығының сомасы есептелген соманың шегінде шегеріске жатқызылады.
 
      IV. Жол салығы бойынша жеңілдіктер
 
      8. Жол салығын төлеуден:
      1) Мемлекеттік мекемелер;
      2) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, ақыл-есі мен дене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту орталығы, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншігі болып табылатын және толықтай олардың қаражаты есебінен құрылған өндірістік ұйымдар, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Қазақ Республикалық ұйымы (өндірістік ұйымдарсыз), асырауында балалары бар мүгедек аналардың "Бибі-Ана" республикалық қоғамы; сауда-делдалдық қызметтерінен, акцизделетін тауарларды өндіруден және сатудан түскен табыстарынан басқалары;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі;
      4) Қызметкерлерінің жалпы санының кемінде 50 процентін мүгедектер құрайтын, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өндірумен айналысатын өндірістік ұйымдар; 5) Коммерциялық емес ұйымдар - кәсіпкерліктен басқа жарғылық қызметінен; 6) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін халықаралық ұйымдар босатылады. V. Жол салығын төлеушілердің жауапкершілігі және төлеуге бақылау жасау 9. Жол салығын дұрыс есептеуге және бюджетке уақтылы төлеуге жауапкершілік төлеушіге жүктеледі.
      Жол салығын есептеу мен дер кезінде төлеу тәртібін бұзғаны үшін салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген санкциялар, және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әкімшілік айыппұлдар қолданылады.
      10. Уақтылы төленбеген жол салығының сомасы бюджетке осы сома төленген күні, мерзімі өткен әр күн үшін (төлем жасау күнін қосқанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 есе ресми мөлшерінде өсімі есептеліп, өндіріп алынады.
      11. Белгіленген мерзімде салық декларациясын табыс етпеген төлеушіге декларация ұсынылмаған әр ай үшін төленуге тиісті, бірақ декларация бойынша төленбеген соманың 5 % мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл ретте айыппұл мерзімі өткен күннің санына қарамастан 5 % мөлшерінде салынады.
      Салық төлеуші салық органының тексеруіне дейін салық жылы ішінде бұрын ұсынылған декларациясына түзетулер енгізуге және бұл жөнінде салық органына хабарлауға құқығы бар.
      Салық төлеуші бюджетке қосымша төлеуге тиісті салық сомасы бойынша нақтылау жүргізілген сол есепті кезеңге тіркелген жеріндегі салық органына қосымша декларация тапсырады. Бұл ретте декларациялардағы тиісті жолдар бойынша бұрын тапсырылған декларациялармен салыстырғанда тек анықталған айырманың сомасын ғана көрсетеді. Бұл жағдайда белгіленген мөлшерде айыппұл санкцияларын қолданбай-ақ бюджет кірісіне тиесілі салық сомасын бұзушылық жол берілген сәттен бастап енгізгенге дейінгі сәтте одан өсім өндіріліп алынады. 12. Декларацияда көрсетілген салық мөлшерін оның толық төленбеуіне әкеліп соққан кеміту үшін салық төлеушіге кемітілген салық сомасының 100 % мөлшерінде айыппұл салынады. 13. Есептік құжаттама тауарларды (жұмысты, қызметті) есепке алу мен сату жөніндегі операцияларды көрсетпегені үшін аталған тауарлар (жұмыс, қызмет) құнының 100 % мөлшерінде айыппұл салынады. 14. Жол салығын дұрыс есептеуге және уақтылы төлеуге бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады. ҚР МКМ Салық комитетінің N 48 Нұсқаулығына 1 Қосымша Жол салығы жөніндегі Декларация Салық төлеушінің атауы ________ СТТН ________ Бас ұйымның атауы _____________ Банк ________ Мекен-жайы, телефон ___________ Банк шоттары ________ Аудан _________________________ _____________________ Қала/облыс ____________________ _____________________ Есепті кезең: күнтізбелік ай __ тоқсан ____________________ мың теңге --------------------------------------------------------------------------- N ! Көрсеткіш ! Код ! Төлеушінің ! ! ! деректері ! ! ! бойынша --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 -------------------------------------------------------------------------- Жылдық жиынтық табыс: 1 Өнімді (жұмыс, көрсетілген қызмет) өткізуден түскен табыс 1 --------------------------------------------------------------------------- 2 Үйлерді, ғимараттарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді, олардың құнын инфляцияға орай түзетуді ескере отырып сату кезіндегі құнының өсімінен түскен табыс 2 --------------------------------------------------------------------------- 3 Сыйақы (мүдде) нысанындағы табыс 3 --------------------------------------------------------------------------- 4 Дивидендтер 4 --------------------------------------------------------------------------- 5 Ұтыстар 5 --------------------------------------------------------------------------- 6 Тегін алынған мүлік пен ақша қаражаты 6 --------------------------------------------------------------------------- 7 Мүлікті жалға беруден түскен табыстар 7 --------------------------------------------------------------------------- 8 Роялти 8 --------------------------------------------------------------------------- 9 Мемлекеттік бюджеттен алынған жәрдемақыларды қоспағанда заңды тұлғалар алған жәрдемақылар 9 --------------------------------------------------------------------------- 10 Кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе кәсіпорынды жабуға келісім бергені үшін алынған табыстар 10 --------------------------------------------------------------------------- 11 Банк және сақтандыру ұйымдарының резервтік қорларының мөлшерін азайтудан түскен табыстар 11 --------------------------------------------------------------------------- 12 Талаптарды жабудан түскен табыстар 12 --------------------------------------------------------------------------- 13 Жарлықтың 20-б. 7-т. және 42-б. 3-т. сәйкес табыстар 13 --------------------------------------------------------------------------- 14 Жарлықтың 44-б. сәйкес өтелетін шегерістер 14 --------------------------------------------------------------------------- 15 Басқа табыстар 15 --------------------------------------------------------------------------- 16 Жылдық жиынтық табыс (1-ден 15-ші жолдардағы сома) 16 --------------------------------------------------------------------------- 17 Есепті кезеңдегі төленуге тиісті жол салығының сомасы (16х 0,2% жолд.) 17 --------------------------------------------------------------------------- 18 Есепті кезеңде салық төленді 18 --------------------------------------------------------------------------- 19 Төленуге тиісті барлық салық (17 жол - 18 жол) 19 -------------------------------------------------------------------------- 20 Артық төленген сома (18 жол - 17 жол) 20 --------------------------------------------------------------------------- Салық төлеушінің заң алдындағы жауапкершілігі ------------------------------------------------------ Біз аталған Декларацияда көрсетілген деректердің шындығы және толықтығына заң алдында жауап береміз. Басшысы __________________ ______________________ (Аты-жөні, тегі) (қолы) Бас бухгалтер __________________ ______________________ (Аты-жөні, тегі) (қолы) Күні ____________________ МО Салық қызметі органы ------------------------------------------------------ Салық комитетінің бөлім бастығы _________________________ (күні, қолы) Оқығандар: Умбетова А.М. Икебаева А.Ж.
 

Инструкция N 48 О порядке исчисления и уплаты дорожного налога

Утверждена приказом Министерства государственных доходов Республики Казахстан от 10 февраля 1999г. N 49. Зарегистрирована в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26.03.1999 г. N 719. Утратила силу - приказом Министра государственных доходов РК от 9.04.2002 № 416 (извлечение из приказа см. ниже).

              Извлечение из приказа Министра государственных доходов
                 Республики Казахстан от 9 апреля 2002 года № 416
 
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 12 июня 2001 года Z010210_ "О введении в действие Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс)" приказываю:
      1. Признать утратившими силу некоторые приказы согласно приложению:
      ...Приказ Министерства государственных доходов Республики Казахстан от 10 февраля 1999 года N 49 "Об утверждении Инструкций..., N 48 "О порядке исчисления и уплаты дорожного налога"...
Министр ---------------------------------------------------------------------------
 
      Настоящая Инструкция разработана в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" Z952235_ (далее - Указ).
 
                1. ПЛАТЕЛЬЩИКИ ДОРОЖНОГО НАЛОГА
 
      1. Плательщиками дорожного налога являются юридические лица (включая филиалы и представительства иностранных юридических лиц), их филиалы, представительства и иные обособленные структурные подразделения, имеющие отдельный баланс и банковский счет.
      Плательщики дорожного налога осуществляют уплату налога по месту своего нахождения.
      2. Юридические лица осуществляют уплату дорожного налога за свои филиалы, представительства и иные обособленные структурные подразделения, которые не признаются плательщиками налога в соответствии с пунктом 1 настоящей Инструкции, по месту их нахождения.
 
                   2. ОБЪЕКТ НАЛОГООБЛОЖЕНИЯ
 
      3. Объектом налогообложения дорожным налогом является совокупный годовой доход. Совокупный годовой доход плательщика состоит из его доходов, полученных в Республике Казахстан и за пределами Республики Казахстан. В совокупный годовой доход включаются денежные или другие средства за отгруженную продукцию, выполненные работы, оказанные услуги и другие операции, подлежащие получению (полученные) налогоплательщиком, направленные в порядке взаиморасчетов третьим лицам или на погашение прямых или косвенных расходов.
      К совокупному годовому доходу юридического лица относятся доходы от предпринимательской деятельности (кроме дохода от государственных ценных бумаг), которые включают: - доход (без косвенных налогов) от реализации продукции (работ, услуг); - доход от прироста стоимости при реализации зданий, сооружений, а также активов, не подлежащих амортизации, с учетом корректировки их стоимости на инфляцию; - доход в форме вознаграждения (интереса); - дивиденды; - выигрыши; - безвозмездно полученные имущество и деньги; - доходы от реализации активов по заниженной стоимости при экспорте; - доходы от сдачи в аренду имущества; - роялти; - субсидии, полученные юридическими лицами, кроме субсидий, полученных из государственного бюджета; - доходы, полученные за согласие ограничить предпринимательскую деятельность или закрыть предприятие; доходы от снижения размеров резервных фондов банковских и страховых организаций; - доходы от списания требований; - суммы, включаемые в доход согласно пункту 7 статьи 20 и пункту 3 статьи 42 Указа; - компенсируемые вычеты согласно статьи 44 Указа. 3. ПОРЯДОК ИСЧИСЛЕНИЯ И УПЛАТЫ ДОРОЖНОГО НАЛОГА
      4. Исчисление дорожного налога производится налогоплательщиком самостоятельно по данным налогового учета и отчетности по ставке 0,2 процента от совокупного годового дохода (за исключением дохода от государственных ценных бумаг), независимо от вида его деятельности.
      5. Налогоплательщик представляет налоговому органу декларацию по дорожному налогу ежемесячно, не позднее 15 числа, следующего за отчетным месяцем, если среднемесячный платеж за квартал составляет более 500 месячных расчетных показателей, и ежеквартально к 15 числу месяца, следующего за отчетным кварталом, если среднемесячные платежи за квартал составляют менее 500 месячных расчетных показателей, по форме, приведенной в приложении N 1 к настоящей Инструкции.
      Размер среднемесячного платежа определяется плательщиком самостоятельно, исходя из данных за последний квартал.
      6. Дорожный налог подлежит уплате в бюджет за каждый отчетный период до или в день установленного срока по представлению декларации.
      7. При определении налогооблагаемого дохода сумма уплаченного дорожного налога относится на вычеты в пределах начисленной суммы.
 
                  4. ЛЬГОТЫ ПО ДОРОЖНОМУ НАЛОГУ
 
      8. От уплаты дорожного налога освобождаются:
      1) государственные учреждения;
      2) Добровольное общество инвалидов Республики Казахстан, Казахское общество слепых, Казахское общество глухих, Центр социальной адаптации и трудовой реабилитации детей и подростков с нарушением умственного и физического развития, Общество Красного Полумесяца и Красного Креста Республики Казахстан, а также производственные организации, являющиеся собственностью этих обществ и полностью созданные за счет их средств, Казахская республиканская организация ветеранов войны в Афганистане (без производственных организаций), Республиканское общество женщин-инвалидов, имеющих на иждивении детей, "Бибi-Ана", кроме доходов от торгово-посреднической деятельности, производства и реализации подакцизных товаров;
      3) Национальный Банк Республики Казахстан;
      4) производственные организации, занимающиеся производством товаров (работ, услуг), в которых инвалиды составляют не менее 50 процентов от общего числа их работников;
      5) некоммерческие организации - от уставной деятельности, кроме предпринимательской;
      6) международные организации, перечень которых определяется Правительством Республики Казахстан.
 
           5. ОТВЕТСТВЕННОСТЬ ПЛАТЕЛЬЩИКОВ И КОНТРОЛЬ
                   ЗА УПЛАТОЙ ДОРОЖНОГО НАЛОГА
 
      9. Ответственность за правильность исчисления и своевременность уплаты дорожного налога в бюджет возлагается на плательщиков.
      За нарушение порядка исчисления и своевременности уплаты дорожного налога к плательщикам применяются санкции, установленные налоговым законодательством Республики Казахстан, и административные штрафы, установленные законодательством Республики Казахстан.
      10. Своевременно не уплаченные суммы дорожного налога взыскиваются в бюджет с начислением пени в размере 1,5-кратной ставки рефинансирования, установленной Национальным Банком Республики Казахстан в день уплаты этих сумм, за каждый день просрочки (включая день оплаты).
      11. На плательщика, не представившего налоговую декларацию в установленные сроки, налагается штраф за каждый месяц непредставления декларации в размере 5 процентов суммы, подлежащей к уплате, но не уплаченной по декларации. При этом штраф в размере 5 процентов налагается независимо от количества просроченных дней.
      Налогоплательщик имеет право самостоятельно до проверки налогового органа вносить исправления в ранее представленную декларацию в течение налогового года и известить об этом налоговый орган.
      По суммам налога, дополнительно подлежащим уплате в бюджет, налогоплательщик представляет в налоговый орган по месту регистрации дополнительную декларацию за тот отчетный период, в котором производятся уточнения. При этом в декларациях по соответствующим строкам указывается только сумма выявленной разницы по сравнению с ранее представленной декларацией. В этом случае с него взыскивается пеня в установленном размере без применения штрафных санкций с момента допущения нарушения до момента внесения в доход бюджета причитающейся суммы налога. 12. За занижение размера налога в декларации, повлекшее недоплату, на налогоплательщика налагается штраф в размере 100 процентов от заниженной суммы налога. 13. За неотражение в учетной документации операций по учету и реализации товаров (работ, услуг) налагается штраф в размере 100 процентов стоимости указанных товаров (работ, услуг). 14. Контроль за правильностью исчисления и своевременностью уплаты дорожного налога осуществляется налоговыми органами в соответствии с законодательством Республики Казахстан. Приложение N 1 к Инструкции N 48 Налогового комитета МГД РК Декларация по дорожному налогу Наименование налогоплательщика______________ РНН______________________ Наименование головной организации___________ Банк_____________________ Адрес, телефон _____________________________ Банковские счета ________ Район_______________________________________ _________________________ Город/область_______________________________ Отчетный период: календарный месяц__________ квартал____________________ тыс.тенге ---------------------------------------------------------------------- N! Показатель !Код!По данным плательщика ---------------------------------------------------------------------- 1! 2 ! 3 ! 4 ---------------------------------------------------------------------- Совокупный годовой доход: 1 Доход от реализации продукции (работ, услуг) 1 2 Доход от прироста стоимости при реализации зданий, сооружений, а также активов, не подлежащих амортизации, с учетом корректировки их стоимости на инфляцию 2 3 Доход в форме вознаграждения (интереса) 3 4 Дивиденды 4 5 Выигрыши 5 6 Безвозмездно полученные имущество и деньги 6 7 Доходы от сдачи в аренду имущества 7 8 Роялти 8 9 Субсидии, полученные юридическими лицами, кроме субсидий, полученных из государственного бюджета 9 10 Доходы, полученные за согласие ограничить предпринимательскую деятельность или закрыть предприятие 10 11 Доходы от снижения размеров резервных фондов банковских и страховых организаций 11 12 Доходы от списания требований 12 13 Доходы согласно п.7 статьи 20 и п.3 статьи 42 Указа 13 14 Компенсируемые вычеты согласно статьи 44 Указа 14 15 Другие доходы 15 16 Совокупный годовой доход (сумма строк с 1 по 15) 16 17 Сумма дорожного налога, подлежащего уплате за отчетный период (стр.16 х 0,2%) 17 18 Уплачено налога за отчетный период 18 19 Всего налога к уплате (стр.17 - стр.18) 19 20 Сумма переплаты (стр.18 - стр.17) 20 ОТВЕТСТВЕННОСТЬ НАЛОГОПЛАТЕЛЬЩИКА ПЕРЕД ЗАКОНОМ Мы несем ответственность перед Законом за истинность и полноту сведений, приведенных в данной Декларации Руководитель _________________________ ___________________________ (Ф.И.О) (подпись) Главный бухгалтер _____________________ __________________________ (Ф.И.О) (подпись) Дата ____________________ МП ОРГАН НАЛОГОВОЙ СЛУЖБЫ Начальник отдела налогового комитета__________________________________ (дата, подпись)