-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
36. "Жол салығын есептеудiң және төлеудiң тәртiбi туралы" N 48 Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 10 ақпандағы N 49 V990719_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Z952235_ заң күші бар Жарлығына (бұдан әрі - Жарлық) сәйкес әзірленді.
І. Жол салығын төлеушілер
1. Заңды тұлғалар (шетел заңды тұлғаларының филиалдары мен өкілдіктерін қоса), олардың жеке балансы және банктік шоты бар филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөліктері жол салығын төлеушілер болып табылады.
Жол салығын төлеушілер салық төлеуді өздерінің орналасқан жерлері бойынша жүзеге асырады.
2. Заңды тұлғалар осы Нұсқаулық 1-тармағына сәйкес салық төлеушілер болып танылмайтын өздерінің филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөліктері үшін жол салығын төлеуді олардың орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
ІІ. Салық салу объектісі
3. Жылдық жиынтық табыс жол салығына салық салу объектісі болып табылады. Төлеушінің жиынтық жылдық табысы Қазақстан Республикасында және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде алған табыстарынан тұрады. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші алуға тиіс, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға немесе тікелей не болмаса жанама шығыстарды өтеуге бағытталған, жөнелтілген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызметтер мен басқа да операциялар үшін ақшалай немесе басқа қаражат кіреді.
Заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысына кәсіпкерлік қызметтен түсетін (мемлекеттік бағалы қағаздардан түсетін кірістерден басқа) кірістер жатады. Бұлар: - өнімді (жұмыс, көрсетілген қызмет) өткізуден түскен табыс (жанама салықтарсыз); - үйлерді, ғимараттарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді, олардың құнын инфляцияға орай түзетуді ескере отырып сату кезіндегі құнының өсімінен түскен табыс; - сыйақы (мүдде) нысанындағы табыс; - дивидендтер; - ұтыстар; - тегін алынған мүлік пен ақша қаражаты; - экспорттау кезінде төмендетілген құны бойынша активтерді сатудан түскен табыстар; - мүлікті жалға беруден түскен табыстар; - роялти; - мемлекеттік бюджеттен алынған жәрдемақыларды қоспағанда заңды тұлғалар алған жәрдемақылар; - кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе кәсіпорынды жабуға келісім бергені үшін алынған табыстар; - банк және сақтандыру ұйымдарының резервтік қорларының мөлшерін азайтудан түскен табыстар; - талаптарды жабудан түскен табыстар; - осы жарлықтың 20-бабының 7-тармағына және 42-бабының 3-тармағына сәйкес табысқа кіретін сомалар; - Жарлықтың 44-бабының сәйкес өтелетін шегерістер кіреді. ІІІ. Жол салығын есептеудің және төлеудің тәртібі
4. Жол салығын салық төлеуші өздерінің қызмет түрлеріне қарамастан, салық есебі мен есептемесінің деректері бойынша жылдық жиынтық табысынан (мемлекеттік бағалы қағаздардан алынатын табысты қоспағанда) 0,2% ставка дербес есептейді.
5. Салық төлеуші салық органына осы Нұсқаулықтың N 1 қосымшасында келтірілген нысан бойынша, егер жол салығы бойынша тоқсан ішіндегі орташа айлық төлемдер 500 айлық есептік көрсеткіштен артық болса есепті айдан кейінгі 15-нен кешіктірілмей ай сайын, егер жол салығы бойынша тоқсан ішіндегі орташа айлық төлемдер 500 айлық есептік көрсеткіштен аз болса есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-не қарай тоқсан сайын жол салығы бойынша декларация тапсырады.
Орташа айлық төлемнің мөлшерін төлеуші соңғы тоқсанның деректеріне сүйене отырып өзі анықтайды.
6. Жол салығы декларация тапсыру бойынша белгіленген мерзімге дейін немесе сол күні әрбір есепті кезең үшін бюджетке төленуге тиіс.
7. Салық салынатын табысты анықталған кезде төленген жол салығының сомасы есептелген соманың шегінде шегеріске жатқызылады.
IV. Жол салығы бойынша жеңілдіктер
8. Жол салығын төлеуден:
1) Мемлекеттік мекемелер;
2) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, ақыл-есі мен дене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту орталығы, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншігі болып табылатын және толықтай олардың қаражаты есебінен құрылған өндірістік ұйымдар, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Қазақ Республикалық ұйымы (өндірістік ұйымдарсыз), асырауында балалары бар мүгедек аналардың "Бибі-Ана" республикалық қоғамы; сауда-делдалдық қызметтерінен, акцизделетін тауарларды өндіруден және сатудан түскен табыстарынан басқалары;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі;
4) Қызметкерлерінің жалпы санының кемінде 50 процентін мүгедектер
құрайтын, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өндірумен айналысатын өндірістік ұйымдар; 5) Коммерциялық емес ұйымдар - кәсіпкерліктен басқа жарғылық қызметінен; 6) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін халықаралық ұйымдар босатылады. V. Жол салығын төлеушілердің жауапкершілігі және төлеуге бақылау жасау 9. Жол салығын дұрыс есептеуге және бюджетке уақтылы төлеуге жауапкершілік төлеушіге жүктеледі.
Жол салығын есептеу мен дер кезінде төлеу тәртібін бұзғаны үшін салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгіленген санкциялар, және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әкімшілік айыппұлдар қолданылады.
10. Уақтылы төленбеген жол салығының сомасы бюджетке осы сома төленген күні, мерзімі өткен әр күн үшін (төлем жасау күнін қосқанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 есе ресми мөлшерінде өсімі есептеліп, өндіріп алынады.
11. Белгіленген мерзімде салық декларациясын табыс етпеген төлеушіге декларация ұсынылмаған әр ай үшін төленуге тиісті, бірақ декларация бойынша төленбеген соманың 5 % мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл ретте айыппұл мерзімі өткен күннің санына қарамастан 5 % мөлшерінде салынады.
Салық төлеуші салық органының тексеруіне дейін салық жылы ішінде бұрын ұсынылған декларациясына түзетулер енгізуге және бұл жөнінде салық органына хабарлауға құқығы бар.
Салық төлеуші бюджетке қосымша төлеуге тиісті салық сомасы бойынша нақтылау жүргізілген сол есепті кезеңге тіркелген жеріндегі салық органына қосымша декларация тапсырады. Бұл ретте декларациялардағы тиісті жолдар бойынша бұрын тапсырылған декларациялармен салыстырғанда тек анықталған айырманың сомасын ғана көрсетеді. Бұл жағдайда белгіленген мөлшерде айыппұл санкцияларын қолданбай-ақ бюджет кірісіне тиесілі салық сомасын бұзушылық жол берілген сәттен бастап енгізгенге дейінгі сәтте одан өсім
өндіріліп алынады. 12. Декларацияда көрсетілген салық мөлшерін оның толық төленбеуіне әкеліп соққан кеміту үшін салық төлеушіге кемітілген салық сомасының 100 % мөлшерінде айыппұл салынады. 13. Есептік құжаттама тауарларды (жұмысты, қызметті) есепке алу мен сату жөніндегі операцияларды көрсетпегені үшін аталған тауарлар (жұмыс, қызмет) құнының 100 % мөлшерінде айыппұл салынады. 14. Жол салығын дұрыс есептеуге және уақтылы төлеуге бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады. ҚР МКМ Салық комитетінің N 48 Нұсқаулығына 1 Қосымша Жол салығы жөніндегі Декларация Салық төлеушінің атауы ________ СТТН ________ Бас ұйымның атауы _____________ Банк ________ Мекен-жайы, телефон ___________ Банк шоттары ________ Аудан _________________________ _____________________ Қала/облыс ____________________ _____________________ Есепті кезең: күнтізбелік ай __ тоқсан ____________________ мың теңге --------------------------------------------------------------------------- N ! Көрсеткіш ! Код ! Төлеушінің ! ! ! деректері ! ! ! бойынша --------------------------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 -------------------------------------------------------------------------- Жылдық жиынтық табыс: 1 Өнімді (жұмыс, көрсетілген қызмет) өткізуден түскен табыс 1 --------------------------------------------------------------------------- 2 Үйлерді, ғимараттарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді, олардың құнын инфляцияға орай түзетуді ескере отырып сату кезіндегі құнының өсімінен түскен табыс 2 --------------------------------------------------------------------------- 3 Сыйақы (мүдде) нысанындағы табыс 3 --------------------------------------------------------------------------- 4 Дивидендтер 4 --------------------------------------------------------------------------- 5 Ұтыстар 5 --------------------------------------------------------------------------- 6 Тегін алынған мүлік пен ақша қаражаты 6 --------------------------------------------------------------------------- 7 Мүлікті жалға беруден түскен табыстар 7 --------------------------------------------------------------------------- 8 Роялти 8 --------------------------------------------------------------------------- 9 Мемлекеттік бюджеттен алынған жәрдемақыларды қоспағанда заңды тұлғалар алған жәрдемақылар 9 --------------------------------------------------------------------------- 10 Кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе кәсіпорынды жабуға келісім бергені үшін алынған табыстар 10 --------------------------------------------------------------------------- 11 Банк және сақтандыру ұйымдарының резервтік қорларының мөлшерін азайтудан түскен табыстар 11 --------------------------------------------------------------------------- 12 Талаптарды жабудан түскен табыстар 12 --------------------------------------------------------------------------- 13 Жарлықтың 20-б. 7-т. және 42-б. 3-т. сәйкес табыстар 13 --------------------------------------------------------------------------- 14 Жарлықтың 44-б. сәйкес өтелетін шегерістер 14 --------------------------------------------------------------------------- 15 Басқа табыстар 15 --------------------------------------------------------------------------- 16 Жылдық жиынтық табыс (1-ден 15-ші жолдардағы сома) 16 --------------------------------------------------------------------------- 17 Есепті кезеңдегі төленуге тиісті жол салығының сомасы (16х 0,2% жолд.) 17 --------------------------------------------------------------------------- 18 Есепті кезеңде салық төленді 18 --------------------------------------------------------------------------- 19 Төленуге тиісті барлық салық (17 жол - 18 жол) 19 -------------------------------------------------------------------------- 20 Артық төленген сома (18 жол - 17 жол) 20 --------------------------------------------------------------------------- Салық төлеушінің заң алдындағы жауапкершілігі ------------------------------------------------------ Біз аталған Декларацияда көрсетілген деректердің шындығы және толықтығына заң алдында жауап береміз. Басшысы __________________ ______________________ (Аты-жөні, тегі) (қолы) Бас бухгалтер __________________ ______________________ (Аты-жөні, тегі) (қолы) Күні ____________________ МО Салық қызметі органы ------------------------------------------------------ Салық комитетінің бөлім бастығы _________________________ (күні, қолы) Оқығандар: Умбетова А.М. Икебаева А.Ж.
Жол салығын есептеудің және төлеудің тәртібі туралы N 48 Нұсқаулық
Күшін жойғанБұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі 1999 жылғы 10 ақпан N 49. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 26.03.1999 ж. тіркелді. Тіркеу N 719. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз