Орталық аттестациялау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 1999 жылғы 23 наурыздағы N 148 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 31.03. 1999 ж. тіркелді. Тіркеу N 720. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 (V043191) бұйрығымен.

      "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы  Заңының  34-бабына сәйкес бұйырамын: 
      1. Қоса беріліп отырған Орталық аттестациялау комиссия туралы ереже бекітілсін. 
      2. Осы Ереже мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді. 

       Министр
                                          Қазақстан Республикасы 
                                            Әділет министрінің 
                                         1999 жылғы 23 наурыздағы 
                                          N 148 бұйрығына 1-қосымша

                 Орталық аттестациялау комиссия туралы
                            Ереже

      1. Орталық аттестациялау комиссия (әрі қарай - Комиссия) "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы  Заңының  34-бабына сәйкес аумақтық аттестациялық комиссиялардың аттестацияламау туралы шешімдеріне шағымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 28 қарашадағы N 825 бұйрығымен белгіленген мерзімдерде дәлелді себептермен аттестациялаудан өтпеген адвокаттардың арыздарын қарау үшін құрылады. 
      2. Комиссия Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің үш өкілі, Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағының бір өкілі және бір заңгер-ғалымнан тұратын бес мүше құрамында құрылады. 
      3. Комиссияның қызметіне басшылықты Қазақстан Республикасының Әділет министрі жүзеге асырады. 
      4. Комиссия хатшысы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен Комиссия мүшелерінің санынан тағайындалады. 
      5. Комиссияның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жүктеледі. 
      6. Комиссия мәжілістері қажетті шамада өткізіледі. 
      7. Аумақтық аттестациялық комиссияның шешіміне аттестациялаудан өтпей қалған адвокат шешімнің көшірмесін алған күннен бастап бір ай мерзімде шағым береді. 
      Аттестациялаудан өту туралы арызды дәлелді себептер бойынша аттестациялаудан өтпеген адвокат оны аттестацияға келе алмауын туындатқан себептер аяқталған күннен бастап бір ай мерзім ішінде, бірақ осы Ереженің 15 тармағымен көзделген мерзім ішінде, Комиссияға береді. 
      Шағым немесе арызды беру мерзімін дәлелді себептер бойынша өткізіп алған жағдайда оның ұзартылуы мүмкін. 
      Шағымды немесе арызды беру мерзімін дәлелсіз себептер бойынша өткізіп алған жағдайда Комиссия адвокаттың сотқа жүгіну құқығын қалдыра отырып оларды қарамай қалдыру туралы шешім қабылдайды. 
      8. Комиссияға берілген шағым немесе арыз Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің кеңсесінде тіркеуге жатады. 
      9. Комиссия шағым немесе арызды олардың түскен күнінен бастап отыз күннің ішінде аумақтық аттестациялық комиссиядан бастапқы материалдар көшірмелерін талап ете отырып қарайды. 
      Қосымша материалдарды талап ету қажет болған жағдайда, сондай-ақ өзге де себептер бойынша, шағымды қарау бір айдын аспайтындай мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы арыз берушіге хабарланады. 
      Шағымның немесе арыздың қаралатын орыны мен уақыты туралы оны берген адамға Комиссия отырысына дейін жеті күннен кешіктірмей хабарланады. 
      10. Комиссияның отырысы шағымды немесе арызды берген адамның қатысуымен өткізіледі. 
      Шағымды немесе арызды берген адам дәлелді себептер бойынша Комиссияның отырысына келмей қалған жағдайда шағымды немесе арызды қарай осы себептер жойылғанға дейін кейінге қалдырылады. 
      Шағымды немесе арызды берген адам белгісіз себептер бойынша отырысқа келмей қалған жағдайда Комиссия келмей қалудың себептерін анықтағанға дейін оларды қарауды кейін қалдыруға құқылы. 
      Шағымды немесе арызды берген адам дәлелсіз себептер бойынша келмей қалған жағдайда Комиссия оларды қарамай қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылдауға құқылы. 
      11. Комиссия шағымды немесе арызды қарау кезінде мына шешімдердің біреуін қабылдайды: 
      1) аумақтық аттестациялық комиссияның аттестацияламау туралы шешімімен келісу туралы; 
      2) аумақтық аттестациялық комиссияның аттестацияламау жөніндегі шешімін жою туралы, адвокатты қайтадан аттестациялауға жіберу және оны Комиссиямен өткізу туралы; 
      3) Комиссияның дәлелді себептер бойынша 1998 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде аттестациядан өтпеген адвокаттарды аттестациялаудан өткізуі туралы; 
      4) белгіленген мерзімде аттестациядан өтпеген адвокаттың арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы. 
      Осы Ереженің аталған тармағының 2) және 3) тармақшаларымен көзделген жағдайларда Комиссия аттестациялауды Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағының төралқасы дайындаған Қазақстан Республикасының аумақтық адвокаттар алқаларының төралқалары бекіткен аттестациялау сауалдары тізбесі бойынша компьютерлік тестілеу жолымен өткізуді көздейтін адвокаттарды аттестациялау туралы ережелердің 6, 12-22 тармақтарының Ережелері бойынша өткізіледі. 
      12. Комиссияның отырысы егер оған оның мүшелерінің кемінде төртеуі қатысқан жағдайда құқылы. 
      Отырыста хаттама жүргізіледі, онда Комиссия отырысының өткізілген уақыты мен орыны, шағым не арыз берген адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты, оны аттестациялау жүргізілген жағдайда - емтиханның нәтижелері, аттестациялау емтиханы бойынша қойылған қосымша сауалдар және оларға қайтарылған жауаптар, Комиссияның шағымды не арызды қарау жөніндегі шешімі, сондай-ақ Комиссияның аттестациялау жөніндегі шешімі көрсетіледі.
      13. Комиссияның шешімі егер оған оның мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе қабылданды деп саналады.
      Дауыс беру ашық түрде өткізіледі.
      Шешімге Комиссияның отырысына қатысқан барлық мүшелері қол қояды.
      Қабылданған шешім туралы шағым не арыз берген адамға сол күні жазбаша түрде хабарланады.
      Комиссия шешімі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде сақтауға қалдырылады.
      14. Комиссия шешіміне сотқа арыз келтірілуі мүмкін.
      15. Осы Ереже "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы қабылданған күннен бастап үш жыл ішінде қолданылады.

Об утверждении Положения о Центральной аттестационной комиссии

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 23 марта 1999 г. N 148. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31.03.1999 г. N 720. Утратил силу - приказом Министра юстиции РК от 4 ноября 2004 года N 325 (V043191)

     В соответствии со статьей 34 Закона Республики Казахстан от 5 декабря 1997 года "Об адвокатской деятельности"  Z970195_   приказываю:

     1. Утвердить прилагаемое Положение о Центральной аттестационной комиссии.
     2. Настоящее Положение вступает в силу со дня прохождения государственной регистрации.

     Министр

                                      Приложение 1
                                      к приказу Министра юстиции
                                      Республики Казахстан
                                      от 23 марта 1999 года N 148

                     Положение о Центральной
                     аттестационной комиссии

      1. Центральная аттестационная комиссия (далее - Комиссия) создается в соответствии со статьей 34 Закона Республики Казахстан от 5 декабря 1997 года "Об адвокатской деятельности" для рассмотрения жалоб адвокатов на решения региональных комиссий о неаттестации, а также заявлений адвокатов, не проходивших аттестацию по уважительным причинам в сроки, установленные приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 28 ноября 1998 года N 825.
      2. Комиссия образуется приказом Министра юстиции Республики Казахстан в составе пяти членов - трех представителей Министерства юстиции Республики Казахстан, одного представителя Союза адвокатов и одного ученого-правоведа.
      3. Руководство деятельностью Комиссии осуществляет Министр юстиции Республики Казахстан.
      4. Секретарь Комиссии назначается из числа членов комиссии приказом Министра юстиции Республики Казахстан.
      5. Материально-техническое обеспечение деятельности Комиссии возлагается на Министерство юстиции Республики Казахстан.
      6. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости.
      7. Жалоба на решение региональной аттестационной комиссии подается неаттестованным адвокатом в Комиссию в месячный срок со дня получения копии решения.
      Заявление об аттестации подается в Комиссию непроходившим аттестацию по уважительным причинам адвокатом в месячный срок со дня окончания причин, вызвавших его неявку на аттестацию, в пределах срока, установленного пунктом 15 настоящего Положения.
      В случае пропуска срока подачи жалобы или заявления по уважительным причинам он может быть продлен.
      В случае пропуска срока подачи жалобы или заявления без уважительных причин Комиссией принимается решение об оставлении их без рассмотрения с правом обращения адвоката в суд.
      8. Жалоба или заявление, поданные в Комиссию, подлежат регистрации в канцелярии Министерства юстиции Республики Казахстан.
      9. Комиссия рассматривает жалобу или заявление в течение тридцати дней со дня их поступления с истребованием копий первичных материалов из региональной аттестационной комиссии.
      В случае необходимости истребования дополнительных материалов, а также по иным причинам, срок рассмотрения жалобы может быть продлен на срок не более одного месяца, о чем сообщается заявителю.
      О месте и времени рассмотрения жалобы или заявления сообщается лицу, подавшему их, не позднее чем за семь дней до заседания Комиссии.
      10. Заседание Комиссии проводится в присутствии лица, подавшего жалобу или заявление.
      В случае неявки на заседание Комиссии лица, подавшего жалобу или заявление, по уважительным причинам рассмотрение жалобы или заявления откладывается до устранения этих причин.
      В случае неявки на заседание лица, подавшего жалобу или заявление, по неизвестным причинам, Комиссия вправе отложить их рассмотрение до установления причин неявки.
      В случае неявки по неуважительным причинам лица, подавшего жалобу или заявление, Комиссия вправе принять решение об оставлении их без удовлетворения.
      11. Комиссия при рассмотрении жалобы или заявления принимает одно из следующих решений:
      1) о согласии с решением региональной аттестационной комиссии о неаттестации;
      2) об отмене решения региональной аттестационной комиссии о неаттестации, допуске адвоката к повторной аттестации и проведении ее Комиссией;
      3) о проведении Комиссией аттестации адвокатов, не прошедших аттестацию по уважительным причинам в срок до 20 декабря 1998 года;
      4) об оставлении заявления адвоката, не проходившего аттестацию в установленный срок, без удовлетворения.
      В случаях, предусмотренных подпунктами 2) и 3) данного пункта настоящего Положения, аттестация проводится Комиссией по правилам пунктов 6, 12-22 Положений об аттестации адвокатов, утвержденных президиумами территориальных коллегий адвокатов Республики Казахстан, предусматривающим порядок проведения аттестации путем компьютерного тестирования по перечню вопросов, разработанному президиумом Союза адвокатов Республики Казахстан.
      12. Заседания Комиссии правомочны, если в них действуют не менее четырех ее членов.
      На заседании ведется протокол, в котором должны быть отражены время и место проведения заседания Комиссии, фамилия, имя, отчество лица, подавшего жалобу или заявление, в случае его аттестации - результаты экзамена, заданные дополнительные вопросы по аттестационному экзамену и ответы на них, решение Комиссии по рассмотрению жалобы или заявления, а также решение Комиссии по аттестации.
      13. Решение Комиссии считается принятым, если за него проголосовало большинство от общего числа ее членов.
      Голосование проводится открыто.
      Решение подписывается всеми присутствующими на заседании членами Комиссии.
      О принятом решении лицу, подавшему жалобу или заявление, сообщается в письменной форме в тот же день.
      Решение Комиссии остается на хранении в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      14. Решение Комиссии может быть обжаловано в суд.
      15. Настоящее Положение действует в течение трех лет со дня принятия Закона Республики Казахстан от 5 декабря 1997 года "Об адвокатской деятельности".