Акционерлерге артықшылықты сатып алу құқығын пайдалану жөніндегі ұсыныс жасаудың тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 1999 жылғы 23 ақпан N 23 қаулы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1.04. 1999 ж. тіркелді. Тіркеу N 722. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі N 252 қаулысымен.

      "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі заңының  4-бабын орындау және акционерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
      1. Осы Қаулыда пайдаланылатын мынадай ұғымдар айқындалсын:
      1) "Акциялар" - акциялар және акцияларға айырбасталатын басқа да бағалы қағаздар;
      2) "Қоғам" - акционерлік қоғам;
      3) "Баспасөз басылымы" - "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі заңы 48-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес Қоғам айқындаған баспасөз басылымы;
      4) "Ұсыныс" - Қоғамның өз акционерлеріне олардың осы Қоғамның жаңадан шығарылған Акцияларын артықшылықты сатып алу құқығын пайдалану жөніндегі "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі заңы 3-бабының 4-тармағына сәйкес жасаған ұсынысы.
      2. Ұсыныстың Акционерлерге Қоғамның жіберетіндігі және/немесе Баспасөз басылымында жарияланатындығы белгіленсін. Бұл реттеу Қоғам өзінің акционерлеріне Ұсынысты мынадай жағдайларда жіберуге міндетті:
      1) егер Қоғам акционерлерінің саны жүз немесе одан аз болса;
      2) егер акционер Ұсынысты жеке өзінің алуын талап етсе және оны жіберуге байланысты Қоғамның шығындарын төлеуге келіссе.
      3. Ұсыныста мынадай ақпараттың болу керектігі белгіленсін:
      1) Қоғам Акцияларының жаңа эмиссиясының құрылымы туралы мәлімет;
      2) Қоғамның бұрын шығарылған акцияларының жалпы санының және оның жаңа шығарылған Акцияларының санының, сондай-ақ Қоғамның жаңа эмиссиясының бір Акциясын артықшылықты сатып алу құқығына ие болу үшін иелену қажетті болатын Қоғамның алдыңғы эмиссиялары акцияларының санының не Қоғамның алдыңғы эмиссиясының бір акциясын иелене отырып Қоғамның жаңа эмиссиясының артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға болатын Акцияларының санының арасындағы ара-қатынас;
      3) Қоғамның жаңадан шығарылған Акцияларының орналастырылу бағасы;
      4) артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес Қоғамның жаңадан шығарылған Акцияларын акционерлер сатып ала алатын (Қоғамның жаңадан шығарылған Акцияларын сатып алуға өтінім беретін) орын (орындар);
      5) артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес Қоғамның жаңадан шығарылған акцияларын акционерлер сатып ала алатын (Қоғамның жаңадан шығарылған акцияларын сатып алуға өтінім беретін) мерзім. Бұл ретте аталған мерзім Ұсынысты акционерлерге жіберген (Ұсынысты Баспасөз басылымында жариялаған) күннен бастап кемінде екі аптаны құру керек.
      4. Қоғамның ұсыныс жасалатын акционерлері деп Акцияларды шығару туралы шешім қабылданған күн жағдайына Қоғамның акционерлері болып табылатын тұлғалар түсінілетіндігі белгіленсін. Егер қандай да болмасын тұлға осы Акцияларды шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап осы Қаулының 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін Қоғамның акционері болса, Қоғамның жаңадан шығарылған акцияларын артықшылықты сатып алу құқығы осы тұлғаға тиісті мәміле шарттарына сәйкес беріледі. Егер осындай мәміленің шарттарымен Қоғамның жаңадан шығарылған Акцияларын артықшылықты сатып алу құқығын беру реттелмесе, онда құқық осы акцияларды шығару туралы шешім қабылданған күн жағдайына Қоғамның ационерлері болып табылатын тұлғада сақталады.
      5. Қоғам жаңадан шығарылған Акцияларды нарықтық құны бойынша орналастырған жағдайда (бұл "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі заңының  27-бабы 1-тармағында көзделген):
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында орналастырылатын бағалы қағаздардың нарықтық құнын айқындаудың тәртібін белгілейтін нормалардың жоқ болуына байланысты және Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің  (Жалпы бөлім) 5-бабына сәйкес жаңадан шығарылған Акциялардың нарықтық құнын айқындау кезінде "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі заңының  78-бабының 2 және 3-тармақтарының нормалары қолданылу керектігі;
      2) жаңадан шығарылған Акциялардың нарықтық құнын не олардың нарықтық құнын айқындау әдістемесін осы Акцияларды шығару туралы шешім қабылдаған Қоғамның органы бекіту керектігі белгіленсін.
      6. Осы Қаулының оны қабылдаған күннен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
      7. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Заң басқармасы:
      1) осы Қаулыны оны тіркеу мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін;
      2) осы Қаулыны "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны және жоғарыда аталған Қағидаларды олардың мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) назарына
жеткізсін;
      3) осы Қаулының мәтіні "Заң газеті", "Юридическая газета" газеттеріне және "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына жариялауды қамтамасыз етсін.    

      Ұлттық комиссияның Төрағасы
      Комиссияның мүшелері

О порядке представления акционерам предложения по использованию права преимущественной покупки

Постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 23 февраля 1999 года N 23. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 01.04.1999 г. за N 722. Утратило силу - Постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2003 г. N 252

      Во исполнение пункта 4 статьи 3 Закона Республики Казахстан "Об акционерных обществах" Z980281_  от 10 июля 1998 года и в целях обеспечения защиты прав акционеров, Национальная комиссия Республики Казахстан по ценным бумагам (далее именуемая "Национальная комиссия") постановляет:

      1. Определить следующие понятия, используемые в настоящем Постановлении:
      1) "Акции" - акции или другие ценные бумаги, конвертируемые в акции;
      2) "Общество" - акционерное общество;
      3) "Печатное издание" - печатное издание, определенное Обществом в соответствии с подпунктом 20) пункта 1 статьи 48 Закона Республики Казахстан "Об акционерных обществах" от 10 июля 1998 года;
      4) "Предложение" - предложение Общества к своим акционерам по использованию ими права преимущественной покупки вновь выпускаемых данным Обществом Акций в соответствии с пунктом 4 статьи 3 Закона Республики Казахстан "Об акционерных обществах" от 10 июля 1998 года.

      2. Установить, что Предложение должно быть направлено акционерам Общества и/или опубликовано в Печатном издании. При этом Общество обязано направить Предложение своим акционерам в следующих случаях:
      1) если число акционеров Общества составляет сто и менее;
      2) если акционер требует персонального получения Предложения и согласен оплатить расходы Общества, связанные с его отправкой.
      3. Установить, что Предложение должно содержать следующую информацию:
      1) сведения о структуре новой эмиссии Акций Общества;
      2) соотношение между общим количеством ранее выпущенных акций Общества и количеством вновь выпускаемых им Акций, а также количество акций предыдущих эмиссий Общества, которым необходимо обладать для того, чтобы иметь право преимущественной покупки одной Акции Общества новой эмиссии, либо количество Акций Общества новой эмиссии, которые можно приобрести согласно праву преимущественной покупки, обладая одной акцией Общества предыдущей эмиссии;
      3) цену размещения вновь выпускаемых Акций Общества;
      4) место (места), где акционеры Общества могут приобрести вновь выпускаемые им Акции (подать заявки на приобретение вновь выпускаемых Обществом Акций) согласно праву преимущественной покупки;
      5) срок, в течение которого акционеры Общества могут приобрести вновь выпускаемые Акции (подать заявки на приобретение вновь выпускаемых Обществом Акций) согласно праву преимущественной покупки. При этом указанный срок должен составлять не менее двух недель со дня направления Предложения акционерам (публикации Предложения в Печатном издании).

      4. Установить, что под акционерами Общества, которым должно быть сделано Предложение, понимаются лица, являвшиеся акционерами Общества по состоянию на день принятия решения о выпуске Акций. В случае, если какое-либо лицо станет акционером Общества в период со дня принятия решения о выпуске данных Акций до истечения срока, указанного в подпункте 5) пункта 3 настоящего Постановления, право преимущественной покупки вновь выпускаемых Обществом акций переходит к такому лицу согласно условиям соответствующей сделки. Если условиями такой сделки вопрос передачи права преимущественной покупки вновь выпускаемых Обществом Акций не урегулирован, то указанное право сохраняется за лицом, являвшимся акционером Общества по состоянию на день принятия решения о выпуске данных Акций.

      5. Установить, что в случае размещения Обществом вновь выпускаемых Акций по рыночной стоимости (как это предусмотрено пунктом 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан "Об акционерных обществах" от 10 июля 1998 года):
      1) в связи с отсутствием в законодательстве Республики Казахстан норм, устанавливающих порядок определения рыночной стоимости размещаемых ценных бумаг, и в соответствии со статьей 5 Гражданского кодекса Республики Казахстан (Общая часть) K941000_  от 27 декабря 1994 года при определении рыночной стоимости вновь выпускаемых Акций должны использоваться нормы пунктов 2 и 3 статьи 78 Закона Республики Казахстан "Об акционерных обществах" от 10 июля 1998 года;
      2) рыночная стоимость вновь выпускаемых Акций либо методика определения их рыночной стоимости должна быть утверждена органом Общества, принявшим решение о выпуске данных Акций.

      6. Установить, что настоящее Постановление вводится в действие со дня его принятия.
      7. Юридическому управлению центрального аппарата Национальной комиссии:
      1) направить настоящее Постановление в целях его регистрации в Министерство юстиции Республики Казахстан; 
      2) довести настоящее Постановление до сведения ЗАО "Казахстанская фондовая биржа" и ассоциаций профессиональных участников рынка ценных бумаг (с возложением на них обязанности по доведению настоящего Постановления до сведения их членов);
      3) обеспечить публикацию текста настоящего Постановления в газетах "Зан газетi", "Юридическая газета" и в журнале "Рынок ценных бумаг Казахстана".

      Председатель комиссии      

      Члены комиссии