"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі
заңының
4-бабын орындау және акционерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
1. Осы Қаулыда пайдаланылатын мынадай ұғымдар айқындалсын:
1) "Акциялар" - акциялар және акцияларға айырбасталатын басқа да бағалы қағаздар;
2) "Қоғам" - акционерлік қоғам;
3) "Баспасөз басылымы" - "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі заңы 48-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес Қоғам айқындаған баспасөз басылымы;
4) "Ұсыныс" - Қоғамның өз акционерлеріне олардың осы Қоғамның жаңадан шығарылған Акцияларын артықшылықты сатып алу құқығын пайдалану жөніндегі "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі заңы 3-бабының 4-тармағына сәйкес жасаған ұсынысы.
2. Ұсыныстың Акционерлерге Қоғамның жіберетіндігі және/немесе Баспасөз басылымында жарияланатындығы белгіленсін. Бұл реттеу Қоғам өзінің акционерлеріне Ұсынысты мынадай жағдайларда жіберуге міндетті:
1) егер Қоғам акционерлерінің саны жүз немесе одан аз болса;
2) егер акционер Ұсынысты жеке өзінің алуын талап етсе және оны жіберуге байланысты Қоғамның шығындарын төлеуге келіссе.
3. Ұсыныста мынадай ақпараттың болу керектігі белгіленсін:
1) Қоғам Акцияларының жаңа эмиссиясының құрылымы туралы мәлімет;
2) Қоғамның бұрын шығарылған акцияларының жалпы санының және оның жаңа шығарылған Акцияларының санының, сондай-ақ Қоғамның жаңа эмиссиясының бір Акциясын артықшылықты сатып алу құқығына ие болу үшін иелену қажетті болатын Қоғамның алдыңғы эмиссиялары акцияларының санының не Қоғамның алдыңғы эмиссиясының бір акциясын иелене отырып Қоғамның жаңа эмиссиясының артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға болатын Акцияларының санының арасындағы ара-қатынас;
3) Қоғамның жаңадан шығарылған Акцияларының орналастырылу бағасы;
4) артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес Қоғамның жаңадан шығарылған Акцияларын акционерлер сатып ала алатын (Қоғамның жаңадан шығарылған Акцияларын сатып алуға өтінім беретін) орын (орындар);
5) артықшылықты сатып алу құқығына сәйкес Қоғамның жаңадан шығарылған акцияларын акционерлер сатып ала алатын (Қоғамның жаңадан шығарылған акцияларын сатып алуға өтінім беретін) мерзім. Бұл ретте аталған мерзім Ұсынысты акционерлерге жіберген (Ұсынысты Баспасөз басылымында жариялаған) күннен бастап кемінде екі аптаны құру керек.
4. Қоғамның ұсыныс жасалатын акционерлері деп Акцияларды шығару туралы шешім қабылданған күн жағдайына Қоғамның акционерлері болып табылатын тұлғалар түсінілетіндігі белгіленсін. Егер қандай да болмасын тұлға осы Акцияларды шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап осы Қаулының 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін Қоғамның акционері болса, Қоғамның жаңадан шығарылған акцияларын артықшылықты сатып алу құқығы осы тұлғаға тиісті мәміле шарттарына сәйкес беріледі. Егер осындай мәміленің шарттарымен Қоғамның жаңадан шығарылған Акцияларын артықшылықты сатып алу құқығын беру реттелмесе, онда құқық осы акцияларды шығару туралы шешім қабылданған күн жағдайына Қоғамның ационерлері болып табылатын тұлғада сақталады.
5. Қоғам жаңадан шығарылған Акцияларды нарықтық құны бойынша орналастырған жағдайда (бұл "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі
заңының
27-бабы 1-тармағында көзделген):
1) Қазақстан Республикасының заңдарында орналастырылатын бағалы қағаздардың нарықтық құнын айқындаудың тәртібін белгілейтін нормалардың жоқ болуына байланысты және Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық
кодексінің
(Жалпы бөлім) 5-бабына сәйкес жаңадан шығарылған Акциялардың нарықтық құнын айқындау кезінде "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі
заңының
78-бабының 2 және 3-тармақтарының нормалары қолданылу керектігі;
2) жаңадан шығарылған Акциялардың нарықтық құнын не олардың нарықтық құнын айқындау әдістемесін осы Акцияларды шығару туралы шешім қабылдаған Қоғамның органы бекіту керектігі белгіленсін.
6. Осы Қаулының оны қабылдаған күннен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
7. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Заң басқармасы:
1) осы Қаулыны оны тіркеу мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін;
2) осы Қаулыны "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны және жоғарыда аталған Қағидаларды олардың мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) назарына
жеткізсін;
3) осы Қаулының мәтіні "Заң газеті", "Юридическая газета" газеттеріне және "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына жариялауды қамтамасыз етсін.
Ұлттық комиссияның Төрағасы
Комиссияның мүшелері