Ескерту: Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 25 ақпандағы N 13 қаулысымен.
-------------Қаулыдан үзінді----------------
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерін»"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы қаулының қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. ...
1) ...
2) ...
4. ...
5. ...
Ұлттық Банк Төрағасы
Дұрыс:
ҚРҰБ Басқармасының және
Директорлар кеңесінің
хатшысы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2008 жылғы 25 ақпандағы
N 13 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
күші жойылды деп танылатын нормативтік
құқықтық актілерінің
тізбесі
1. ...
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сату туралы нұсқаулыққа өзгерісті бекіту жөнінде" 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 63 қаулысы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 6 сәуірде N 728 тіркелген,»"Казахстанская правда" газетінде 1999 жылғы 7 сәуірде N 64 (227801) жарияланған).
3. ...
4. ...
5. ...
___________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы N 54
V990724_
қаулысымен бекітілген Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сату туралы нұсқаулыққа ұсынылып отырған өзгеріс бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін.
2. Заң департаменті (Сизова С.И.) осы қаулыны және Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сату туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеу шараларын қабылдасын.
3. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Қасымжанова Г.З.)
мемлекеттік тіркелгеннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және
Нұсқаулыққа бекітілген өзгерісті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З. Нәлібаевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 5 сәуірдегі
N 63 қаулысымен бекітілген
Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді
міндетті түрде сату туралы нұсқаулыққа мынадай өзгеріс енгізілсін:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті банктер:
валюта биржасында қатарынан бес жұмыс күні бойы сауда-саттық болмаған
жағдайда;
егер валюта түсімі валюта биржасында қатарынан бес жұмыс күні бойы
сатылмаған болса;
егер валюта түсімі валюта биржасында сатуға болатын лот қалыптастыра
алмаған жағдайда;
бір жұмыс күні ішінде Ұлттық Банктің ақша аударылатын күні
белгіленген ресми бағамы бойынша теңге баламасымен валюта түсімін Ұлттық
Банкке сатуға міндетті.
Корреспондент-банктен Ұлттық Банктің валюталық корреспондентік
есепшотына валюта қаражатын есептеу жөнінде тесттелген телекс немесе СВИФТ
бойынша хабар алғаннан кейін Ұлттық Банк келесі жұмыс күнінен қалдырмай
уәкілетті банктің корреспондентік есепшотына баламасын теңгемен есептейді."
Ұлттық Банк
Төрағасы
Оқығандар:
Умбетова А.М.
Икебаева А.Ж.