Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарындағы мемлекеттік қызметтің бос лауазымын алуға байқау өткізудің

Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі 1999 жылғы 15 сәуір N А-33 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 16 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 732. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасы 1999 жылғы 24 қараша N А-202 Бұйрығымен. ~V990986

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" U952730_ Заң күші бар Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру мәселелері туралы" 1999 жылғы 24 ақпандағы N 13 өкімін орындау, азаматтардың мемлекеттік қызметке тең дәрежеде қол жеткізуін, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеруді қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарындағы мемлекеттік қызметтің бос лауазымын алуға байқау өткізу туралы қоса беріліп отырған Қағида бекітілсін.
      2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолдануға енгізілсін.
      3. Бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі кадрлармен жұмыс жөніндегі департаментіне жүктелсін.

                  Қазақстан Республикасының орталық атқарушы
                   органдарындағы мемлекеттік қызметтің бос
                      лауазымын алуға байқау өткізудің
                                Қағидасы

                            1. Жалпы ережелер

      Осы Қағида Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2730 U952730_ заң күші бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы" 1998 жылғы 12 қарашадағы N 4141 N984141_ және "Мемлекеттік қызмет кадрларымен жұмысты жетілдіру мәселелері" туралы 1999 жылғы 24 ақпандағы N 13 Өкімдеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
      Осы Қағида байқау комиссияларын қалыптастыру мен олардың жұмысының, сондай-ақ орталық атқарушы органдар аппараттарындағы бос лауазымдарды алуға байқаулар өткізудің тәртібін белгілейді.
      Байқау:
      - азаматтардың өздерінің қабілеттері мен кәсіби даярлығына қарай мемлекеттік қызметке тең дәрежеде қол жеткізуі құқығын қамтамасыз етеді;
      - мемлекеттік қызметшілердің үшінші және одан төменгі санаттағы бос лауазымын алуға өткізіледі.

      2. Байқауға қатысудың тәртібі мен шарттары

      1. Мемлекеттік қызметтің бос лауазымын алуға байқау құжаттар байқауы нысанында өткізіледі. Байқау комиссиясының шешімі бойынша байқауға қатысушылар қажет болған жағдайда әңгімелесуге шақырылуы мүмкін.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) байқауды өткізудің шарттары мен мерзімдерін бекітеді.
      3. Байқаудың өткізілетіні туралы хабарландыруды Агенттік республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында ("Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Заң", "Юридическая газета") мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды. Жариялау Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі анықтаған тәртіпте осы Министрлік арқылы жүзеге асырылады.
      4. Байқау өткізілетіні туралы хабарландыруда мыналар қамтылуға тиіс:
      1) Агенттіктің орналасқан жері, почталық мекен-жайы, телефон және

факс нөмірлері;
     2) орналасқан жері, почталық мекен-жайы, телефон және факс нөмірлері 
көрсетіле отырып, бос лауазымдық орындары бар орталық атқарушы органның 
атауы;
     3) негізгі лауазымдық функциональді ерекшеліктері көрсетілген байқау 
бойынша алынатын лауазымдардың атауы;
     4) үміткерлерге қойылатын талаптар;
     5) байқауға қатысу туралы өтініштер берілетін мерзім;
     6) байқауға қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі;
     7) тест өткізілетін мерзімдер.
     Хабарландыруда қосымша ақпарат болуы мүмкін.
     5. Байқау ол жарияланған күннен бастап бір айдан аспайтын уақыт 
ішінде өткізіледі.
     6. Байқауға қатысуға мынадай азаматтар жіберіледі:
     1) Қазақстан Республикасының азаматтығы бар;
     2) Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметшілер 
лауазымдарының тиісті санаттарына қатысты өзгеше белгіленбесе, он сегіз 
жастан кіші емес;
     3) тиісті білімі мен кәсіби даярлық деңгейі бар, біліктілік 
талаптарына сай, сондай-ақ заңдарда көзделген жағдайларда мамандығы 
бойынша тиісті стажы бар.
     7. Мемлекеттік қызметтің тиісті лауазымын алуға үміткерлер (бұдан әрі 
- үміткер) байқау жарияланғаннан кейін Агенттікке мынадай құжаттарды 
тапсырады:
     1) белгіленген нысандағы өтініш;
     2) кадр есебі бойынша жеке парағы;
     3) Агенттік бекіткен нысан бойынша толтырылған анкета;
     4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
     5) еңбек кітапшасының белгіленген тәртіппен расталған көшірмесі;
     6) денсаулық жағдайы туралы белгіленген нысандағы анықтама;
     7) 3х4 көлемдегі 2 фотосурет.


      Үміткерлер бұған қосымша өз біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты басқа да ақпарат (біліктілігін арттырғаны, ғылыми дәрежелер және атақтар берілгені туралы құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдарының көшірмелерін және т.с.с.) бере алады.
      8. Агенттік байқауға қатысуға тілек білдірген азаматтар ұсынған құжаттарды қабылдайды және саралайды.
      Ұсынылған құжаттарды талдаудың негізінде Агенттік үміткерлерді тест тапсыруға жіберу не жібермеу туралы шешім қабылдайды.
      9. Үміткерлерді тестен өткізудің шарттарын Агенттік белгілейді.
      10. Тесттен өтуге жіберілген үміткерлер тесттен Агенттікте өтеді. Тесттің нәтижелерін Агенттік осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген құжаттарға қоса тіркеп, байқау комиссиясына береді.
      11. Тестке және байқауға қатысуға байланысты шығыстарды (тест, байқау өткізілетін жерге бару және қайту, тұрғын үй жалдау, тұру, байланыстың барлық түрін пайдалану) азаматтар өз қаражатының есебінен төлейді.
      12. Байқауға осы Қағиданың 7-тармағында көзделген құжаттар мен тест туралы анықтама ұсынған үміткерлердің құжаттары ғана қатыстырылады.
      13. Құжаттары байқауға жіберілген үміткер бос лауазымды алуға арналған байқаудың қатысушысы болады.
      14. Байқауға қатысуға:
      1) осы Қағиданың 6-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін;
      2) соттың заңды күшіне енген шешімімен әрекет қабілеті жоқ немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
      3) соттың заңды күшіне енген шешімімен белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазым алу құқығынан айырылған азаматтар;
      4) заңдарда белгіленген басқа да жағдайларда қатыстырылмайды.

      3. Байқау комиссиясы

      15. Байқауды өткізу туралы шешімді Агенттік орталық атқарушы органдар ұсынған бос лауазымдар тізімінің негізінде қабылдайды.
      16. Орталық атқарушы органдар бос лауазымдардың тізімін Агенттік белгілеген нысандар мен мерзімдер бойынша береді.
      17. Байқау комиссиясы Агенттік төрағасы мен Агенттіктің байқау өткізу жөніндегі шешімінің негізінде бос лауазымдарға алуға өтініштерді көрсеткен орталық атқару органы басшысының бірлескен бұйрығымен құрылады.
      18. Комиссияның құрамына Агенттіктің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссияның, мүдделі орталық атқарушы органның және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
      19. Байқау комиссиясы мүшелерінің өкілеттіктері тиісті түрде ресімделген сенімхаттармен куәландырылады. Агенттіктің өкілдері комиссияларға сенімхатсыз қатысады.
      20. Комиссия төрағалары Агенттік өкілдері болады.
      21. Байқау комиссиясы ұсынылған құжаттардың негізінде байқауға қатысушыларға баға береді және осы Қағидада белгіленген тәртіп бойынша бос лауазымды алу үшін қатысушылардың арасынан адамдарды іріктейді.
      22. Комиссияның мәжілісіне комиссияның жалпы құрамының үштен екісі қатысса, ол заңды болып табылады. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
      23. Қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілігі жақтап дауыс берген жағдайда байқауға қатысушы оң қорытынды алады. Байқау комиссиясы мүшелерінің дауыс саны тең түскен жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
      24. Байқау комиссиясының шешімі орталық атқарушы орган жариялаған бос лауазымдық қызметке тұруға немесе мұндай қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болады.
      25. Байқау комиссиясының оң қорытындысын алған байқауға қатысушылар бос лауазымды алуға, яғни, мемлекеттік қызметке тұруға құқылы.
      26. Байқау комиссиясының шешімі шыққаннан кейін екі апта мерзім ішінде бос лауазым жөнінде жариялаған орталық атқарушы органның басшысы оң қорытынды алған байқауға қатысушыны жарияланған қызметке қабылдауға міндетті. Бұл ретте мемлекеттік қызметке тұрудың заңдарда көзделген талаптары орындалуға тиіс.
      27. Байқау комиссиясының оң қорытындысын алған азаматтың мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде шындыққа сай келмейтін мәліметтерді ұсынғаны, құжаттарды қолдан жасағаны, фактілерді қасақана бұрмалағаны және т.с.с. анықталса, бұл жарияланған бос лауазымға қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болады.
      28. Байқау комиссиясының оң қорытындысын алмаған, бірақ байқау комиссиясы мемлекеттік қызметке алуға болады деп ұсыным жасаған байқауға қатысушылар Агенттік құрған кадрлар резервіне алынуы мүмкін.
      29. Кадрлар резервіне алынған қатысушылар байқаудан өткеннен бастап бір жылдың ішінде орталық атқарушы органда байқаудан өтпей-ақ тиісті бос лауазымды ала алады.
      30. Егер байқау нәтижелері бойынша бос лауазым талаптарына сай келетін қатысушылар анықталмаса, онда Агенттік төрағасының қайталап байқау өткізу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      31. Осы Қағидамен реттелмеген мәселелер туындаған жағдайда Агенттік өз бетінше тиісті шешім қабылдай алады.
      32. Комиссияның осы Қағидадағы тәртіп бойынша және оның талаптарын сақтай отырып қабылдаған шешімі түпкілікті шешім болып табылады.
      33. Байқау комиссиясының шешімі хаттама түрінде ресімделеді, оған комиссия мүшелері, сондай-ақ хаттама жүргізіп отырған адам қол қояды. Хаттаманы Агенттіктің байқау комиссиясының құрамына кірмейтін өкілі жүргізеді.
      34. Байқауға қатысушылар байқау комиссиясының шешімімен келіспейтіні туралы Агенттікке арыз беруге немесе бұл шешімдерге заңдарда көзделген тәртіппен шағым беруге құқылы.
      Агенттік байқау комиссиясының шешімімен келіспейтіні туралы келіп

түскен арыздарды қарайды және қараудың нәтижелері жөнінде арыз берушіге 
хабарлайды. Осы Қағиданың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің 
бұзылғаны анықталған жағдайда Агенттік байқау комиссияларының шешімдерін 
толығымен немесе ішінара жоя алады немесе байқауды қайта өткізу туралы 
шешім қабылдай алады.
     35. Байқауға қатысушылар өздеріне қатысты бөлігінде, комиссия 
мүшелері, басқа да уәкілетті органдардың өкілдері осы Қағиданың 7, 10 және 
33-тармақтарында көрсетілген байқау құжаттарымен танысуға құқылы.
     36. Байқаудың әрбір қатысушысына байқаудың нәтижелері туралы ол 
аяқталған күннен бастап бір айдың ішінде жазбаша нысанда хабарланады.
     
Оқығандар:     
          Умбетова А.М.
          Қасымбеков Б.А.     
     
 
     
     
                     
      
      


Об утверждении Правил проведения конкурса на замещение вакантной должности государственной службы в центральных исполнительных органах Республики Казахстан

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам Государственной службы от 15 апреля 1999 года N А-33. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16.04.1999 г. за N 732. Утратил силу - приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 24 ноября 1999 г. N А-202 ~V990986

      В целях обеспечения равного доступа граждан к государственной службе, повышения профессионального уровня государственных служащих в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу закона "О государственной службе" U952730_ и во исполнение Распоряжения Президента Республики Казахстан "Вопросы совершенствования работы с кадрами государственной службы" от 24 февраля 1999 года N 13 приказываю:
      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения конкурса на замещение

вакантной должности государственной службы в центральных 
исполнительных органах Республики Казахстан.
     2. Ввести в действие настоящие Правила с момента их 
государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики 
Казахстан. 
     3. Контроль за исполнением приказа возложить на Департамент по 
работе с кадрами в системе государственной службы Агентства Республики 
Казахстан по делам государственной службы. 

                               Правила            
            проведения конкурса на замещение вакантной должности 
        государственной службы в центральных исполнительных органах
                       Республики Казахстан

                          1. Общие положения
     


      Настоящие Правила разработаны в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, "О государственной службе" от 26 декабря 1995 года N 2730, Распоряжениями Президента Республики Казахстан от 12 ноября 1998 года N 4141 N984141_ "Вопросы Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы" и от 24 февраля 1999 года N 13 "Вопросы совершенствования работы с кадрами государственной службы", иными нормативно-правовыми актами.
      Настоящие Правила определяют порядок проведения конкурсов на замещение вакантных должностей в аппаратах центральных исполнительных органов.
      Конкурс:
      - обеспечивает право граждан на равный доступ к государственной службе в соответствии с их способностями и профессиональной подготовкой;
      - проводится на замещение вакантной должности с третьей и ниже категории должностей государственных служащих.

                 2. Порядок и условия участия в конкурсе

      1. Конкурс на замещение вакантной должности государственной службы проводится в форме конкурса документов. По решению конкурсной комиссии участники конкурса при необходимости могут быть приглашены на собеседование.
      2. Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы (далее - Агентство) утверждает условия и сроки проведения конкурса.
      3. Агентство публикует объявление о проведении конкурса в официальных изданиях республиканских средств массовой информации ("Егемен Казакстан", "Казахстанская правда", "Зан", "Юридическая газета") на государственном и русском языках. Публикация осуществляется через Министерство культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан, в порядке, определяемом данным Министерством.
      4. Объявление о проведении конкурса должно содержать следующие

сведения: 
     1) местонахождение Агентства, почтовый адрес, номера телефонов и 
факса; 
     2) наименование центрального исполнительного органа, имеющего 
вакантные должности, с указанием его местонахождения, почтового 
адреса, номеров телефонов и факса; 
     3) наименование должностей, замещаемых по конкурсу с указанием 
основных должностных функциональных характеристик;
     4) требования, предъявляемые к кандидатам; 
     5) срок представления заявлений об участии в конкурсе; 
     6) перечень документов, прилагаемых к заявлению об участии в 
конкурсе; 
     7) сроки проведения тестирования.
     Объявление может содержать дополнительную информацию.
     5. Конкурс проводится в течение не более одного месяца с момента 
его объявления.
     6. К участию в конкурсе допускаются граждане: 
     1) обладающие гражданством Республики Казахстан;


      2) не моложе восемнадцати лет, если иное в отношении соответствующих категорий должностей государственных служащих не установлено законодательством Республики Казахстан;
      3) обладающие необходимым образованием и уровнем профессиональной подготовки, соответствующими квалификационным требованиям, а также, в предусмотренных законодательством случаях, стажем работы по специальности.
      7. Кандидаты на замещение вакантной должности государственной службы (далее - кандидат) после объявления конкурса подают в Агентство следующие документы:
      1) заявление по установленной форме;
      2) личный листок по учету кадров;
      3) заполненную анкету, по форме, утвержденной Агентством;
      4) копии документов об образовании;
      5) копию трудовой книжки, заверенную в установленном порядке;
      6) справку о состоянии здоровья по установленной форме;
      7) 2 фотографии размером 3х4.
      Дополнительно кандидаты могут предоставлять другую информацию, касающуюся их образования, опыта работы, профессионального уровня и репутации (копии документов о повышении квалификации, присвоении ученых степеней и званий, характеристики, рекомендации, научные публикации и т.п).
      8. Агентство принимает и обрабатывает документы, полученные от граждан, изъявивших желание участвовать в конкурсе.
      На основании анализа представленных документов Агентство принимает решение о допуске кандидатов к тестированию.
      9. Сроки тестирования кандидатов устанавливаются Агентством.
      10. Кандидаты, допущенные к участию в тестировании, проходят его в Агентстве. Результаты тестирования приобщаются к документам, указанным в п.7 настоящих Правил, и передаются Агентством в конкурсную комиссию.
      11. Расходы по участию в тестировании и конкурсе (проезд к месту проведения тестирования, конкурса и обратно, наем жилого помещения, проживание, пользование услугами связи всех видов) граждане производят за счет собственных средств.
      12. К конкурсу допускаются документы только тех кандидатов, которые предоставили документы, предусмотренные в п.7 настоящих Правил и справки о тестировании.
      13. Кандидат, документы которого допущены к конкурсу, становится участником конкурса на замещение вакантной должности.
      14. К участию в конкурсе не допускаются граждане:
      1) не соответствующие требованиям, установленным в п.6 настоящих Правил;
      2) признанные недееспособными или ограниченно дееспособными решением суда, вступившим в законную силу;
      3) лишенные права занимать государственные должности в течение определенного срока решением суда, вступившим в законную силу;
      4) в других случаях, предусмотренных законодательством.

                       3. Конкурсная комиссия

      15. Решение о проведении конкурса принимает Агентство на основании заявок по заполнению вакантных должностей, представленных центральными исполнительными органами.
      16. Центральные исполнительные органы представляют списки вакантных должностей и заявки по заполнению вакантных должностей по форме и срокам, установленным Агентством.
      17. Конкурсная комиссия образуется совместным приказом Председателя Агентства и руководителя центрального исполнительного органа, представившего заявки на заполнение вакантных должностей на основании решения Агентства о проведении конкурса.
      18. В состав конкурсной комиссии входят представители Агентства, Государственной комиссии по борьбе с коррупцией, заинтересованного центрального исполнительного органа и других государственных органов.
      19. Полномочия членов конкурсной комиссии удостоверяются надлежаще оформленными доверенностями. Представители Агентства участвуют в комиссиях без доверенностей.
      20. Председателями комиссий являются представители Агентства.
      21. Конкурсная комиссия оценивает участников конкурса на основании представленных документов и осуществляет отбор из числа участников для замещения вакантной должности в порядке, определяемом настоящими Правилами.
      22. Заседание комиссии правомочно, если в нем приняло участие не менее 2/3 членов от общего состава комиссии. Решение комиссии принимается путем открытого голосования.
      23. Участник конкурса получает положительное заключение в случае, если за него проголосовало большинство присутствующих членов комиссии. При равенстве голосов членов конкурсной комиссии решающим является голос председателя.
      24. Решение конкурсной комиссии является основанием для поступления на заявленную центральным исполнительным органом вакантную должность, либо отказа в приеме на такую должность.
      25. Участники конкурса, получившие положительное заключение конкурсной комиссии, имеют право занятия заявленной вакантной должности, то есть поступления на государственную службу.
      26. Руководитель центрального исполнительного органа, заявившего о вакантной должности, обязан в течение двухнедельного срока после вынесения решения конкурсной комиссии принять на объявленную должность участника получившего положительное заключение. При этом должны быть соблюдены требования, предусмотренные законодательством для поступления на государственную службу.
      27. Представление гражданином, получившим положительное заключение конкурсной комиссии, сведений, не соответствующих действительности, фальсификация документов, умышленное искажение фактов и т.п., выявленных при приеме на государственную службу, являются основанием в отказе приема на заявленную вакантную должность.
      28. Участники конкурса, не получившие положительного заключения конкурсной комиссии, но рекомендованные ею для государственной службы, могут быть зачислены в кадровый резерв, формируемый Агентством.
      29. Участники, зачисленные в кадровый резерв, имеют право в течение года с момента прохождения конкурса, занять соответствующую вакантную должность без прохождения конкурса в центральном исполнительном органе.
      30. Если в результате конкурса не были выявлены участники, соответствующие предъявленным требованиям вакантной должности, Председателем Агентства может быть принято решение о проведении повторного конкурса.
      31. В случаях, возникновения вопросов, не урегулированных настоящими Правилами, Агентство имеет право самостоятельно принимать соответствующие решения.
      32. Решение комиссии является окончательным, если оно принято в порядке и с соблюдением требований настоящих Правил.
      33. Решение конкурсной комиссии оформляется в виде протокола, который подписывается членами комиссии, а также лицом, осуществляющим протоколирование. Ведение протоколов осуществляется представителем Агентства, не входящим в состав конкурсной комиссии.
      34. Участники конкурса имеют право подать заявление о несогласии с решением конкурсных комиссий в Агентство или обжаловать эти решения в предусмотренном законодательством порядке.
      Агентство рассматривает поступившие заявления о несогласии с решением конкурсных комиссий и по итогам рассмотрения информирует заявителя. В случаях обнаружения нарушения настоящих Правил, иных нормативно-правовых актов, Агентство может полностью или частично

отменить решения конкурсных комиссий и принять решение о проведении 
повторного конкурса. 
     35. Участники конкурса в части их касающейся, члены конкурсной 
комиссии, представители других уполномоченных органов имеют право 
знакомиться с конкурсными документами, указанными в пунктах 7; 10; 33 
настоящих Правил. 
     36. Каждому участнику конкурса сообщается о результатах конкурса 
в письменной форме в течение месяца со дня его завершения. 

(Специалисты:
 Цай Л.Г.
 Мартина Н.)