Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 16.04.2013 № 124 бұйрығымен.
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласы электр станцияларының гидротехникалық құрылыстары мен гидромеханикалық жабдықтарын пайдалану кезінде еңбекті қорғау жөніндегі негізгі ережелерді белгілейді.
Ережелер ведомстволық тиесілігі мен меншік нысанына қарамастан жұмыс істеп тұрған және қайта жаңартылып жатқан электр станцияларының гидромеханикалық жабдықтары мен гидромеханикалық құрылыстарын пайдаланумен, жөндеумен және сынаумен айналысатын қызметкерлерге, сондай-ақ жоғарыда аталған энергетика объектілерінің пайдалану жағдайына бақылауды жүзеге асыратын ведомстволық және Мемлекеттік қадағалаудың қызметкерлеріне таратылады.
1-Тарау. Қызметкерлерге қойылатын талаптар
1. Қызметкерлердi оқыту және бiлiмдерiн тексеру тәртiбi ГОСТ 12.0.004-90, 34.12.102.89.* және Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң алқасы бекiткен "Басшылар мен мамандардың еңбек қорғау жөнiндегi бiлiмдерiн тексеру жөнiндегi Үлгiлiк ереженің" талаптарына сәйкес болуға тиiс.
Қауiпсiздiк ережелерi бойынша дайындықты және бiлiм тексеруден өткен қызметкерлерге белгiленген бiлiктiлiк куәлiгi берiледi, ол жұмыс уақытында оның өзiнде болуы тиiс.
* Нормативтiк құжаттардың тiзбесi 10-қосымшада берiлген.
2. Әрбiр қызметкер өрт қауiпсiздiгi Ережелерiн бiлуi және жұмыс орнында оны орындауға тиiс.
3. Гидротехникалық құрылыстар мен жабдықтарға қызмет көрсеткен кезде қызметкерлер қауiптi және зиян факторлар, соның iшiнде электр кернеуi, жұмыс орнының биiкте орналасуы, төмен температура, жоғары дымқылдық, биологиялық факторлар (микроорганизмдер) және т.б. әсерiне тап болуы мүмкiн. Зиянды заттар және қолайсыз өндiрiстiк факторлы жұмыстардағы жұмысшылар мен мамандар жұмысқа қабылданарда алдын-ала және кезең-кезеңмен медициналық тексерiстен өтуге тиiс.
Тексерулерден өтудің тәртiбi мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi белгiлейдi.
Орындаушылардан медициналық тексеруден өтуiн талап ететiн жұмыстардың тiзбесi 1-қосымшада берiлген.
Қызметкердің бiлiктiлiк куәлiгiнде медициналық комиссиясының жағымды қорытындысы болмаса, ол аталған жұмыстарға жiберiлмейдi.
4. 18 жасқа толмаған адамдарды ауыр және зиянды жұмыстарға тартуға рұқсат етiлмейдi. Осындай жұмыстардың тiзбесi осы Ережелердiң 2-қосымшасында келтiрiлген.
5. Қауiпсiздiк бойынша қосымша арнайы жұмыстар (көтерiңкi) талаптар қойылатын жұмыстарды орындайтын адамдардың бiлiктiлiк куәлiктерiнде осы туралы жазу болуға тиiс.
Гидроқұрылыстар мен гидромеханикалық жабдықтарды пайдалану және жөндеу кезiнде қолданылатын арнайы жұмыстардың тiзбесi осы Ережелердiң 3-қосымшасында берiлген.
Аталған тiзбенi кәсiпорын басшылары жергiлiктi жағдайларды есепке алынып толықтыруы мүмкiн.
6. Барлық өндiрiстiк қызметкерлер РД 34.03.702 сәйкес электр тогынан немесе басқада қайғылы оқиғалардан зардап шеккендерге дәрiгерлiк көмекке дейiнгi көмектi көрсету тәсiлдерiне iс жүзiнде үйретiлуге тиiс.
7. Барлық жұмыс iстеушілер қолданылып жүрген нормалар бойынша (РД 34.03.605,34-70-821-26) жұмыс сипатына сәйкес арнайы киiммен, арнайы аяқ киiммен және жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталуға тиiс.
8. Әрбiр қызметкер осы Ережелердi орындауға мiндеттi және өзi байқаған барлық Ереже бұзылулары, сондай-ақ құрылыстардың, жабдықтар мен қорғаныс құрылғыларының қызметкерлер мен жабдықтарға қауiп туғызатын ақаулары туралы тiкелей басшысына, ол болмаған жағдайда жоғары басшыға дереу хабарлауға тиiс.
9. Қайғылы оқиға туындау қаупi пайда болған кезде, жақын жердегi қызметкерлер оның алдын-алу жөнiндегi шараларды (жабдықтарды тоқтату, кернеудi алу, суды бөгеу және т.б.) қолдануға тиiс, ал қайғылы оқиға болған жағдайда, оқиға орнында мүмкiндiкке қарай жағдайды сақтап зардап шеккенге дәрiгердiң көмегiне дейiнгi көмектi көрсетуге тиiс.
Болған жағдай туралы жедел аға қызметкерлерге және жұмыстардың басшысына хабарлануы тиiс.
10. Өндiрiстегi қайғылы оқиғалар мен кәсiби уланулар үшiн еңбектi қорғау нормалары мен ережелердің сақталуын қамтамасыз етпеген және жарақаттанудың алдын-алу үшiн тиiстi шаралар қолданбаған әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлер мен қауiпсiздiк техникасы мен еңбек қорғау жөнiндегi нұсқауларды тiкелей бұзушы адамдар жауапқа тартылады.
11. Осы Ереженi бұзған қызметкерлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершiлiкке (тәртіптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық) тартылады.
2-тарау. Қауіпсіздіктің жалпы ережелері
1. Аумақ-үй-жайлар
12. Өндiрiстiк үйлер мен құрылыстардың өтетiн жерлерi мен орындары, iштегi, сонымен бiрге сыртта тиіп тұрған аумақтағы шығатын және кiретiн орындар жарық және жаяу жүргiншiлер мен көлiктің жүрiсi үшiн еркiн және қауiпсiз болуға тиiс. Адамдардың болуы және өтуi үшiн қауiптi орындар арқанмен немесе ГОСТ 12.4.026.76 бойынша қауiпсiздiк белгiлерi орнатылған жылжымалы қалқандармен қоршалуы керек.
13. Үйлердiң темiржол және автомобиль көлiгi жүретiн аймаққа шығу жолдарында қоршау бағаналары мен сүйенiштер, сондай-ақ 10807-78 ГОСТ-қа сәйкес тиiстi жол белгiлерi немесе сәуленелiнетiн таблолар орнатылуға тиiс.
Автомобильдер мен басқа көлiк үшiн кәсiпорын аумағында жүрiстiң шектi жылдамдығы белгiленедi: кiретiн жолдарда 10 км/с және өндiрiстiк үйлерде - 5 км/с.
Жүру жолдарындағы жылдамдық шектелген аймақтар, көлiк құралдары тұратын және айналатын орындар күндiз және түнгi уақытта жақсы көрiнетiн тиiстi жол белгiлерiмен белгiленуге тиiс. Коммуникациялар мен құрылыстар астындағы колiк өтетiн жерлерде габариттiк ұзындық пен ендi шектейтiн белгiлер орнатылуға тиiс.
14. Ашық каналдың бойымен өтетiн жалпы пайдаланыстағы жүру жолы парапетпен қысқа бағаналармен немесе жасыл желектермен қоршалады.
15. Үйлер мен құрылыстар маңындағы қоршаулар, жолдар, өту жолдары, тротуарлар, суағарлар мен науалар түзiк жағдайда ұсталуға тиiс.
Кюветтерден, орлар мен траншеялардың көлiк өтетiн жерлерiнде қажет болған жағдайда жаяу жүргiншiлер үшiн қауiпсiз ету жолдары жасалады.
Осындай жерлерде орнатылған жекелеген жаяу жүргiншiлер жүретiн көпiршелердiң енi 0,6 м-ден кем емес, биiктiгi 1,0 м. сүйенiштерi және биiктiгi 0,1 м. жақтау тақтайы болуға тиiс. Қызметкерлер өтетiн 20 м-ден астам еңiстiкте орналасқан жүру жолдары сүйенiштерi бар басқыштармен жабдықталуға тиiс.
16. Ашық ауада орналасқан жүретiн жерлер мен жұмыс орындары қыс қезеңiнде мұздан тазартылып, құммен себiлуге тиiс.
17. Үйлердің сыртында жөндеу жұмыстарының орнында орналасқан материалдар, бұйымдар, жабдықтар мен оның қосалқы бөлшектерi, қар мен мұздан тазартылған, тегiстелген алаңдарда жиналуға тиiс. Қоймаланған заттарды өз бетiмен орнынан жылжытудың алдын-алу үшiн шаралар қолдану қажет.
Материалдар беткейлерде орналасқан жағдайда алаңдарды жер үстi суларынан Қорғау үшiн шаралар Қолдану Қажет. Қоймаланған жабдықтар мен материалдар және шұңқырлар мен олардың жиегiнiң арасындағы аралық еңiстiктiң тұрақтылығына қарап есептелiнедi, бiрақ ол 1,0 м-ден кем болмауы тиiс.
18. Барлық тiректi гидроқұрылыстарда, су қоймасының тiк жағалаулары бойында, электр станциясының аумағы шегiнде, тұндырғыштардың, қысымды бассейндердiң жанында, ашық су ағарлардың басты учаскелерiнде, туннелдердiң шықпа порталдарында және гидротехникалық құрылыстардың басқа адамдардың болуы ықтимал қауiптi учаскелерiнде парапеттер немесе биiктiгi 1,0 м. кем емес металл сүйенiштер орнатылуға тиiс.
19. Адамдар немесе көлiк жүретiн жерлерде орылған шұңқырлар мен орлар, соның iшiнде жұмыстар өндiрiсi үшiн ашылған құбырлар мен кабельдердің жер асты төсемдерiнің учаскелерi ГОСТ 10807-78 сәйкес орнатылған жол белгiлерi мен белгi беретiн шамдары бар инвентарлы қалқандармен қоршалады.
20. Өндiрiс үй-жайларында, подъездердегi және қоймаланған жүктер учаскелерiндегi едендердiң қабатаралық шатырлардың, каналдардың төсемдерi қатты және мығым болуға тиiс.
Едендегi барлық ойықтар қоршалады.
Құдық есiгiнiң қақпақтары, сондай-ақ каналдар мен науалардың тiректерi кедiр-бұдырланған темiрден еденмен немесе жермен бiрдей етiп орындалуға және сенiмдi бекiтiлуге тиiс.
21. Адамдар болуы мүмкiн шатырлардағы тесiктер мен басқыш алаңдардағы ойықтар төзiмдi, тұтас жабумен немесе жұмыс төсемiнен биiктiгi 1 м-ден кем емес қоршаумен жабылады, және барлық периметрi бойынша биiктiгi жақтау тақтайы болуы тиiс.
22. Өндiрiстiк үй-жайларда жүк орналастырылатын учаскелердiң шекаралары осы орында жол берiлетiн жүктеме көрсетiлiп анық белгiленуi тиiс.
23. Өндiрiстiк үй-жайларда тиiстi санитарлық жағдайын қамтамасыз ету үшiн су құбырлары мен канализациялардың қондырғылары мен жүйелерi түзiк жағдайда ұсталуға тиiс.
24. Еден үстiмен суды ағызатын ағарлар, дренаж каналдары мен насостар түзiк жағдайда ұсталуы және суды толық жинауды қамтамасыз етiлуге тиiс.
25. Оларға баратын басқыштар, алаңдар, өту жолдары мен сүйенiштер түзiк жағдайда ұсталуға тиiс.
Жөндеу кезеңiнде алынып тасталған сүйенiштердiң орнына уақытша қоршау орнату қажет.
26. Iлiнбелi қақпалар олардың өз бетiмен ашылып жабылуын болдырмауы үшiн фиксаторлармен жабдықталуы қажет.
27. Ұзындығы 5 м-ден астам стационарлық тiк басқыштар (эстакадаларға, жер асты механизмдерiне, резервуарларға, құдықтарға, шахтыларға және т.б.) тiк байланысты 1,35-0,40 радиусты металл доғаларымен қоршалады.
28. Өндiрiстiк үйлердегi жылыту және желдету қондырғалары ГОСТ 12.1.005-88, СН-02.011-94 және СНиП 2.04.05.91 сәйкес ауа параметрлерiнiң қолайлы дәрежелерiн қамтамасыз етуге тиiс.
29. Қызметкерлер СНиП 2.09.04-87 сәйкес қажеттi санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен қамтамасыз етiлуге тиіс.
30. Кәсiпорынның әрбiр құрылымдық бөлiмшесiнде еңбектiң қазiргi жағдайлары айтылған, сондай-ақ еңбек қауіпсiздiгiнің нормаларын, ережелерiн, стандарттарын қанағаттандырмайтын өндiрiстiк учаскелер мен жұмыс орындары көрсетiлген цехтағы еңбек жағдайларының санитарлық-техникалық күйiнiң паспорты жүргiзiлуге тиiс.
31. Қызметкерлер тұрақты болатын өндiрiстiк үй-жайларда, бөлмелерде бiрiншi көмек көрсету үшiн қажет дәрi-дәрмектер мен медициналық аспаптар бар аптечкалар, сондай-ақ зардап шеккендерге бiрiншi көмек көрсетудiң және қолдан дем алдырудың, жүрекке сырттан массаж жасаудың тәсілдерiн көрсететiн плакаттар болуға тиiс.
Қажеттi дәрi-дәрмектермен медициналық аспаптардың тiзбесi 5-қосымшада берiлген.
32. Жүмыс iстеп тұрған энергетикалық жабдықтар бас ұй-жайларда, құдықтарда, камераларда, туннелдерде және жөндеу аймақтарында барлық қызметкерлер қорғаныш каскаларын киюлерi керек.
33. Объектiлерде өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар тиiстi нормативтiк құжаттардың талаптарына сай келуi тиiс (11-қосымша).
Аумақ пен үйлер өрт сөндiру құралдарымен және РД 34.03.301-87 және РД 34.49.503-94 сәйкес өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерiмен жабдықталуға тиiс.
34. Жабдықтарды жөндеу, техникалық қызмет көрсету кезiнде, үйлердi жинаған кезде тез тұтанатын және жанатын сұйықтарды (бензин, керосин, ацетон, дихлорэтан және т.б.) қолдануға тыйым салынады.
35. Өндiрiстiк үй-жайларда таза және кiр сүртетiн материалдар үшiн бөлiктерi бар жабылатын металл жәшiктер орнатылуы тиiс. Сүртетiн кiр материалдар жәшiктен күнделiктi алынып отырылуға тиiс.
36. Аумақтар мен өндiрiстiк үй-жайларда тек арнайы бөлiнген орындарда ғана шылым шегуге рұқсат етiледi.
2. Жабдық
37. Еденнiң немесе жұмыс алаңдарының деңгейiнен 2 метрден кем биiктiкте орналасқан машиналар мен механизмдердiң жылжитын және жылжымайтын бөлiктердiң ГОСТ 12.2.062-81 сәйкес қызмет көрсететiн қызметкерлердiң жарақаттануына жол бермейтiн сенiмдi тұтас немесе торлы қоршауы болуы тиiс.
Қорғауыш қоршаулар қайырмалы (iлгектi, шарнирлi) немесе жеке секциялардан құралған, алынбалы болуы тиiс. Механизмдер қорғалған бөлiктерiне қоршауда қызмет көрсетiлуiне ыңғайлы болуы үшiн есiктер мен қақпақтар көзделуге тиiс.
Қоршаулар, есiктер мен қақпақтар оларды жабық (жұмыс) жағдайда сенiмдi ұстау үшiн тетiкпен жабдықталуы тиiс және қажет жағдайда қоршау алынғанда (ашылғанда) оларды ажырату үшiн машиналар мен механизмдердiң жетегiмен бiрiктiрiлуi тиiс.
Торлы қоршаулардың ұяларының мөлшерi 25х25 мм аспауға тиiс Жартылай муфталардың сырт қаптары айналмалы валдың ашық бөлiгi жағынан 10 мм-ден аспайтын болып жасалады.
Қоршайтын қондырғылар болмаса не олар түзiк емес болған жағдайда механизмдердi iске қосу немесе олардың жұмыс iстеуiне тыйым салынады.
38. Еден (жұмыс алаңының) биiктiкте орналасқан жабдықтардың элементтерiне қоршаулары және басқыштары бар стационарлық алаңдардан қызмет көрсетiледi. ГОСТ 23120-78 сәйкес басқыштар мен алаңдар биiктiгi 1,0 м-ден кем емес, биiктiгi 0,14 м. төменгi жақтау элементтерi бар сүйенiштермен қоршалуға тиiс.
Алаң деңгейi мен жоғарғы шатырдың арасындағы аралық 2 м-ден кем болмауы қажет.
39. ГОСТ 12.2.064-81 және РД 34.20.501 сәйкес барлық iске қосу қондырғылары мен арматура нөмiрленедi және технологиялық схемаға сәйкес оларда жазулар болуы тиiс. Ысырмалар мен вентильдердiң штурвалдарында олар ашылып жабылған кездегi айналу бағыты көрсетiледi.
40. Кернеуi 1000 В-тан астам электр двигательдерi мен кернеуi 1000 В дейiнгi электр двигательдерiнiң, егер олар өте қауiптi және аса қауiптi үй-жайларда орнатылса, әрбiр iске қосу қондырғысының (дистанциялық басқару қондырғыларынан басқа) алдында диэлектрлiк кiлемшелер, ал дымқыл бөлмелерде оқшаулағыш тұғырықтар қойылады.
41. Жылжымалы қолға ұстайтын электр шырақтар кернеуi 42 В-тан аспайтын жүйеден қорек алуы тиiс. Электр тогынан зақым алу қаупi болған тар жерлерде, жоғары дымқылдықта, тозаңдықта, адам жерлестiрiлген металлмен жанасқанда аса жағымсыз жағдайларда жүйенiң кернеуi 12 В-тан аспауға тиiс.
42. Механизмдердiң айналмалы және қозғалмалы бөлiктерiн тазалауға, сүртуге және майлауға тыйым салынады.
43. Жұмыс iстеп тұрған механизмдердiң сыртын сүрткен кезде, қолға сүрткiш материалдарды орауға тыйым салынады. Сүрткiш материалдар ретiнде мақта-мата және зығыр маталарды пайдалану ұсынылады.
44. Механизмдердiң қозғалып тұрған (айналып) тетiктерi алып кетпес үшiн қызметкерлердiң арнайы киiмдерiнiң желпiлдеген бөлiктерi болмауға тиiс.
45. Алаңдардың барьерлерiне муфталардың қорғаныш сырт қаптарына, жұмыс iстеп тұрған жабдықтардың подшипниктерi мен басқа бөлiктерiне сүйенуге, тұруға, сондай-ақ үстiнен өтуге болмайтын құбырлармен, конструкциялармен, тiреулермен жүруге рұқсат етiлмейдi.
3. Ауырлықты көтеру және тасымалдау
46. Тиеу-түсiру жұмыстарын, әдеттегiдей, механикаландырылған тәсiлмен көтеру, тасымалдау жабдықтары мен кiшi механизация құралдарының көмегiмен орындау қажет. Ауырлығы 50 кг-нан астам жүктi көтеру, сондай-ақ жүктi 3 м-ден астам биiктiкке көтеру тек механикаландырылған әдiспен орындалады.
47. Тиеу-түсiру жұмыстары механикаландырылған әдiспен орындалған жағдайда еңбек қауiпсiздiгiнiң ГОСТ 12.3.009-76, ГОСТ 12.3.020-80 сондай-ақ "Жүк көтергiш крандарды орнату және оларды қауiпсiз пайдалану ережелерiнiң ("Кранэнерго", Алматы, 1994) талаптарын сақтау қажет.
48. Темiржол көлiгiн пайдалануға байланысты тиеу-түсiру жұмыстарын орындаған кезде РД 34.03.225 талаптары сақталуы тиiс.
49. Автокөлiк құралдарының көмегiмен жүк тасымалдаудың тәртiбi жол жүрiсiнiң қолданылып жүрген ережелерi мен автомобиль көлiгiнде еңбектi қоргау ережелерiмен белгiленедi.
50. Жүктердi қолмен көтерген және жылжытқан кезде қолданылып жүрген заңдар белгiленген нормаларды сақтау қажет. Белгiленген нормалар осы Ережелердiң 4-қосымшасында берiлген.
51. Жүктi жылжыту жолдары таза және кедергiсiз болуы тиiс.
52. Түзiк емес механизмдердi, құралдар мен тетiктердi пайдаланып тиеу-түсiру жұмыстарын орындауға жол берілмейдi, қолданылатын такелаждық құралдардың жағдайы жұмыс басталғанға дейiн тексерілуге тиiс.
53. Автомашиналар мен платформалардан бөшкелер, құбырлар және домаланатын жүктердi тиеген, түсiрген кезде көлбелмелi алаңдар мен сырғауылдарды, сондай-ақ жүктi ұстайтын арқандарды қолдану қажет.
54. Толтырылған шыны бөтелкелердi себетпен (торланған) бiрге ұстайтын тұтқалары бар арнайы ағаш жәшiкке немесе арнайы зембiлдердегi 2/3 биiктегi тесiктерге салынып тасымалданады. Бөтелкелердi арнайы арбашаларға салып тасымалдауға жол берiледi.
55. Ұзын жүктердi қысқаш түрiнде қысып ұстайтын арнайы құрылғылардың көмегiмен тасымалдау қажет. Осындай жүктi күректердiң саптарында, сүйменмен тасымалдауға тыйым салынады.
4. Биiктiкте, саты ағаштардан, төсеме тақтайларда
және басқа да құрылғыларда жұмыс iстеу
56. Саты ағаштарда және төсеме ағаштарда жұмыс iстеу СНиП III-4-80, ГОСТ 27321-87, ГОСТ 24258-88 ГОСТ 28012-89 талаптарына сай болуға тиiс.
57. Саты ағаштарды ұстау және пайдалану тәртiбi РД 34.03.204 айтылған.
58. Жоғарыдан жабдықтардың бөлшектенген бөлiктерiн, материалдар мен қоқыстарды тастауға тыйым салынады. Оларды механикаландырылған әдiспен жабық тарамен немесе жабық науамен түсiру қажет.
59. Саты ағаштардың қабаттарына бөлшектер мен материалдарды беру үшiн жүк көтеретiн құрылғылар қолданылуы тиiс.
60. Жылжымалы саты ағаштарды қолданған кезде қауiпсiздiктің мынадай түрлерiн сақтау қажет:
көлденең және тiк жылжыған кезде жолдың еңiстiгi паспортта және саты ағаштарды пайдалану жөнiндегi нұсқауда көрсетiлгеннен аспауы тиiс;
саты ағаштарды бiр қалыпты, жұлқымай, механикалық тетiктердің көмегiмен қозғалту қажет;
жылжытылған саты ағаштарда адамдардың, материалдардың, тараның, қоқыстардың болмауы тиiс;
саты ағаштарды желдiң жылдамдығы 10 м/сек-тан асқан кезде жылжытуға тыйым салынады;
саты ағаштарды жылжыту аяқталған кезде тегiстегiш тiректер нық орнатылуы, ал саты ағаштар құрылысқа бекiтiлуге немесе тартылып керiлуге тиiс.
61. Найзағай немесе желдiң жылдамдығы 10 м/сек болған кезде саты ағаштарда, төсеме тақтайларда жұмыс iстеуге немесе оларды жинап, бөлшектеуге тыйым салынады.
62. Биiктiкте қысқа мерзiмдi жұмыстарды саты ағаштар мен төсеме тақтайларды қолданбай орындауға жол берiледi. Бұл жағдайда сақтандырғыш белдiктi пайдалану және нұсқау өткiзу мiндеттi болып табылады. Осындай жұмыстар 4 м-ге дейiн биiктiкте басқыштар мен жеңiл баспалдақтарды қолданып сақтандырғыш белдiксiз орындалуы мүмкiн.
63. Жоғары өрмелеп орындалатын жұмыстарды* жасы 18-ге жеткен, денсаулығы түзiк, қауiпсiздiк техникасы бiлiмiн тексеруден өткен, үшiншіден төмен емес тарифтiк разряды бар адамдар орындай алады.
Жоғары өрмелеп орындалатын жұмыстарға бiрiншi рет жiберілiп отырған адамдар бiр жыл бойы кәсiпорын бойынша тағайындалған тәжiрибелi қызметкерлердiң тiкелей басшылығымен жұмыс iстеуге тиiс.
* Жоғары өрмелеп орындалатындарға топырақтан, төсемнен және т. б. 5 м-ден артық биiктiкте орындалатын жұмыстар жатады.
64. Саты ағаштар мен жеңiл баспалдақтардың конструкциялары ГОСТ 26887-86 талаптарына сай болуы тиiс.
Басқыштардың құрылымы мен пайдалану ережелерi РД 34.03.204 айтылған.
65. Аспалы саты ағаштар мен бесiктердің құрылымы мен пайдалану талаптары ГОСТ 27372-87 және РД 34.03.204 айтылған.
66. Аспа бесiктер мен саты ағаштарды көтеру және түсiруге арналған лебедкаларды пайдаланып "Жүк көтергiш крандарды құру және оларды қауiпсiз пайдалану ережелерi" мен РД 34.03.204 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Дәнекерлеу және отпен орындалатын басқа да жұмыстар
Электрмен дәнекерлеу, газ отты және отпен орындалатын басқа да жұмыстарды орындау кезiнде ГОСТ 12.3.003-86, ГОСТ 12.3.036-84, СНиП III-4-80, ППВС-01-94, РД 34.03.204 және СН-1.03.031-94 талаптары сақталуға тиiс.
6. Резервуарлардағы және жер асты құрылыстарындағы жұмыстар
67. Резервуарларды, жер асты құрылыстарын, шурфтарды, құдықтарды (бұдан былай - жер асты құрылыстары) қарау және олардағы жұмыстар нарядтар (осы Ережелердң 314-бабын қара) бойынша жүзеге асырылады.
68. Қызметкерлер осындай объектiлерге жiберiлер алдында жұмыс аймағының ауасында зиянды заттар (метан, пропан, сутегi, көмiр тетiгi, күкiрттi сутегi, аммиак) мен оттегiнің болуы мiндеттi түрде тексерiледi.
Тексерудi оқытылған адамдар жүргiзуi тиiс, осы адамдардың тiзiмiн кәсiпорынның бас техникалық басшысы бекiтедi.
69. Жер асты құрылысының ауасында болуы ықтимал зиянды заттардың болуын газ анализаторымен тексеру қажет. Осы мақсатта жарылыстан сақтандырылған аппаратты қолдану керек.
Осындай газ анализаторы болмаған жағдайда, ауа шлангiмен жиналады, оның анализi құрылыстан тысқары жерде жасалады, бұл жағдайда газ анализаторын жер асты құрылысына түсiруге тыйым салынады.
70. Ауаның үлгiлерi құрылыстың жоғарғы және төменгi аймақтарының нашар желдетiлетiн жерлерiнен алынуы тиiс. Жоғары аймақтан ауа үлгiсi алынған кезде шлангiнiң шетiн iшке қарай 20-30 см түсiру, ауаның үлгiсi төменгi зонадан алынғанда шлангiнiң шетi еденнен (түбiнен) 1 м-ден аспайтын қашықтыққа түсiру қажет.
71. Жұмыстың басына дейiн және жұмыс уақытында жер асты құрылысы желдетiлiп тұруы керек.
Құрылыстың табиғи желдетiлуiне онда екi және одан астам есiктер болғанда және ауаның үлгiсiнде зиянды заттар болмағанда жол берiледi. Бұл жағдайда ауа дұрыс алмасу үшiн ашық есiктердiң жанына бағыттаушы тетiк орнату қажет.
Құрылыстың ауасында зиянды заттар болса немесе ондағы температура 33 С - тан асқан кезде мәжбүрлi желдету жасау қажет.
Мәжбүрлi желдету желдеткiштiң немесе компрессордың көмегiмен ұйымдастырылады және 10-15 минут бойында жер асты құрылысында ауаның толық алмасуын қамтамасыз етуге тиiс. Тесiкке түсiрiлген мәжбүрлi желдетудiң шлангiсi еден (жер) деңгейiне 20-25 см жетпеуге тиiс.
72. Құрылысты оттегiмен желдетуге тыйым салынады.
73. Егер мәжбүрлі желдету зиянды заттарды толық жоюды қамтамасыз етпесе, жұмыстар жүргізуге тыйым салынады, құрылысқа зиянды заттарды кіруін тоқтату жөнiндегi шаралар қолданылады. Бұл шараларды орындауға мүмкiндiк болмаса, жер асты құрылысына түсу және онда жұмыстарды шлангтi противогазбен ғана орындауға рұқсат етiледi.
74. Жер асты құрылысында болу уақытын, сондай-ақ демалыс ұзақтығын (құрылыстан тысқары) жұмыстың жағдайлары мен сипатына қарап, осыны нарядтың "Ерекше жағдайлар" жолына жазып нарядты берушы адам анықтайды.
75. Отын және майларды сақтайтын резервуарлардағы ауаның температурасы 33 С-тан асса онда жұмыс iстеуге тыйым салынады.
76. Жер асты құрылыстарындағы судың деңгейi 20 см - ден асса, онда жұмыс iстеуге тыйым салынады. Құрылысқа қызметкерлер жiберiлер алдында, осы құрылысқа су кiрудің алдын-алу немесе судың келуiн шектеу жөнiндегi шаралар қолданылуға тиiс.
77. Жер асты құрылыстарында жұмыс iстеу және оларды қарау үшiн құрамында үш адамнан кем емес адамы бар бригада тағайындалуға тиiс, олардың екеуi есiктi жанында жұмысты орындаушы бақылап, шлангiлi противогаздың ауа жинағыш тетiгiнің жұмысын қамтамасыз етедi. Бақылаушылар есiктен кетуге және басқа жұмыстарды орындауға құқығы жоқ.
78. Жұмыс басталғанға дейiн противогаздың шлангiлерiнің және ауа жiберетiн қондырғының түзiктiгiн тексеру қажет.
79. Ауа жiберетiн қондырғы болмаған жағдайда шлангiнiң ұзындығы 15 м-ден аспаса ғана шлангiлi противогазбен пайдалануға жол берiледi.
80. Егер жер асты құрылысы терең немесе ұзын болса, жұмысты көзбен көрiп отыру мүмкiн болмаса, онымен телефонның немесе сигналды жiптiң көмегiмен байланыс ұйымдастыру қажет.
81. Қажет жағдайда жұмысты орындаушыға көмек көрсету үшiн құрылысқа кiру қажет болған жағдайда, бақылаушы қызметкерлердiң бiреуi шлангтi противогазбен сақтандырғыш жiптiң шетiн жоғарыда қалған екiншi бақылаушыға беруi тиiс.
82. Газдан қауiптi жер асты құрылысына сақтандырғыш белдiктер мен жiптердi мiндеттi түрде қолданып кiруге жол берiледi.
Белдiктi иыққа асатын қайыс белдiксiз пайдалануға болмайды.
83. Жер асты құрылыстарын жарықтандыру үшiн РД 34.03.204 және осы Ережелердiң 41-бабына сәйкес орындалған шамдар мен жылжымалы шырақтар қолданылуға тиiс.
84. Жер асты құрылыстары есiктерiнiң қақпақтарымен операциялар ұзындығы 500 мм-ден кем емес арнайы iлгектермен орындалуы тиiс, гайкалы кiлттер мен басқа кездейсоқ заттарды қолдануға тыйым салынады.
85. Жұмыс аяқталғаннан кейiн есiктердi жабарда, жұмыстардың басшысы құрылыстың iшiнде адамдардың, аспаптардың, материалдардың және т.б. жоқтығына көз жеткiзуге тиiс.
Есiктердi ашық тастауға тыйым салынады.
86. Газдан қауiптi жер асты құрылыстарына қызмет көрсету тәртiбiн жергiлiктi нұсқаулармен белгiленедi.
7. Торкреттiк, цементациялық және бетон жұмыстары
87. Туннелдер мен басқа да гидротехникалық құрылыстардың бетiне инъецирлеу және торкреттеуде кезiнде цемент қосындысын нығыздау қосынды нығыздағышпен, осы механизмдердi пайдаланудың барлық ережелерiн сақтап (РД 34.21.602-4, 5 қосымшаны қара) орындалуға тиiс.
88. Қосынды нығыздағыштарға қызмет көрсететiн қызметкерлер жұмыстың қауiпсiз әдiстерi жөнiнде оқытылып, нұсқау алуы тиiс, сондай-ақ олар қорғаныш көзiлдiрiктермен және резина қолғаптармен жабдықталады. Торкреттеумен айналысатын адамдар, сонымен қатар респираторлармен жұмыс iстеуге тиiс. Нығыздағыш аппараттардың жанындағы жұмыс орны жарық болуы тиiс.
89. Қосынды нығыздағыштармен, сақтандырғыш клапандармен және жұмыс қысымын өлшеу үшiн манометрлермен жабдықталады. Қосынды нығыздағыштағы қысым паспортта белгіленген дәрежелерден аспауы тиiс 6 айда бiр рет қосынды нығыздалғыш зауыт нұсқауына сәйкес бақылау үшiн престеу сынағынан өтедi.
90. Цементациялық жұмыстар барысында ұңғыларды бұрғылауды, құбырларды бiтеудi және туннелдің қаптамасына қосынды сымдарының соплосын бекiтудi тек төсеме тақтайлардан орындауға рұқсат етiледi. Тiреу сатыларын қолдануға тыйым салынады.
91. Гидроқұрылыстардың жөнделетiн учаскелерiне бетон насосымен бетон ертiндiсiн берген кезде мына ережелердi сақтау қажет.
Жаңа учаскеде жұмыс басталғанға дейiн бетон жүретiн барлық жүйе жұмыс қысымынан 1,5 есе асатын гидравликалық қысыммен сыналуға тиiс;
бетон жүретiн құбырдың жанында енi 1 м-ден кем емес жүретiн жер қалдырылуға тиiс;
бетон ертiндiсi салынып жатқан орын бетон насосы моторисiнiң жұмыс орнымен телефонмен немесе сигнал беру құралдарымен байланысуға тиiс;
бетон жүретiн құбырдың шығатын тесiгiнде шағылдырғыш тетiк орнатылуға тиiс;
бетон ерiтiндiсi берiлер алдында бетон жүретiн құбырдың жалғастырғыштары тазаланып нық жабылады;
бетон насосы қабылдағыш бункерiнiң аузындағы бетон ерiтiндiсiн итеру және бетон өткiзгiш бөлiктерiнiң тез алынатын қосындыларын алу жүйедегi қысым алынғаннан кейiн ғана рұқсат етiледi;
бетон жүретiн құбырдан сығылған ауамен үрленiп тазаланған кезде қызметкерлер бетон жүретiн құбырдың шығатын 10 м-ден кем емес қашықтыққа кетiрiлуге тиiс.
92. Бетон ерiтiндiсiн таситын самосвалдардан түсiретiн барлық орындар автомашиналар үшiн берiк тiректермен жабдықталады.
93. Бетон жұмыстары үшiн вибраторларды пайдаланғанда вибратордың түйiндерi сақтандырғыш арқанға, ал вибратор-хоботқа сенiмдi бекiтiлуге тиiс.
94. Бетон ерiтiндiсiн нығыздау үшiн электр вибраторлармен орындалатын жұмыстар РД 34.03.204 және СН-1 027014-94 айтылған электр құралдарымен жұмыс iстеген кезде қауiпсiздiк техникасын сақтаудың талаптары сақталуы тиiс. Вибратордың корпусы жерлестiрiлуге тиiс.
Виброқұралмен жұмыс iстеушiлер вибрациядан қорғайтын қолғаптармен және аяқ киiммен жабдықталуы мiндеттi.
8. Коррозияға қарсы жұмыстар
95. Коррозияға қарсы жұмыстар СНиП III - 4-80, ГОСТ 123.016-87, ГОСТ 12.3.035-84, РД 34.03.216 және СН-1. 10.081-94 талаптарына сәйкес орындалуға мiндеттi.
96. Сыртқы беттер абразивтiк сорғылатып тазалауды орындағанда жұмыс орны қоршалған ГОСТ 12.4.026-76 бойынша қауiпсiздiк белгiлерiмен белгiленуге тиiс.
97. Оператор мен аппарат жанындағы жұмысшы арасында байланыс немесе сигнализация орнатылуы мiндеттi.
98. Абразивтiк - сорғыланатын тазалаудың операторы тоқ өтпейтiн материалдан тiгiлген арнайы киiм және ауа берiп тұратын скафандр (маска), ал аппараттың жанындағы жұмысшы-қорғаныш көзiлдiрiк кию қажет.
99. Электромеханикалық щеткалардың көмегiмен сыртқы беттердi тазалайтын жұмысшылар қорғаныш көзiлдiрiктер мен және респираторлармен жабдықталуы тиiс.
100. Түбектердiң, құбырлардың, гидротурбиналардың спиральдi камераларының iшкi металл беттерiн құрғақ кварц құммен тазартуға тыйым салынады.
101. Электрлендiрiлген және пневматикалық құралдармен коррозияға қарсы жұмыстарды орындаған кезде РД 34.03.204 айтылған қауiпсiздiк ережелерiн сақтау қажет.
102. 0,07 МП астам қысым астында жұмыс iстейтiн, тазалайтын және бояйтын қондырғылар№"Қысым мен жұмыс iстейтiн сыйымдылықтарды орнату және оларды қауiпсiз пайдалану Ережелерiнiң (Алматы, 1994) талаптарына сай болуы және олар редукторлармен, манометрлермен, сақтандырғыш клапандармен жабдықталуы мiндеттi.
103. Барлық қолданылатын бояулар, эмалдар, лактер, ерiткiштер және басқа да лак-бояу материалдардың сертификаттары немесе оларды құрайтын компоненттердiң мiндеттi тiзбесi бар паспорттары болуы тиiс.
Уытты заттары бар лак-бояу материалдары паспорттар мен нұсқамалардың талаптарына қатаң сәйкестiкте пайдалануға тиiс.
Белгiсiз құрамдағы бояу мен ерiткiштердi пайдалануға тиым салынады.
104. Қолданылатын бояулардың құрамына және үй-жайдың көлемiне қарай, бояйтын қызметкерлердiң қорғаныш құралдарымен (респираторлармен, противогаздармен, скафандрлармен, көзiлдiрiктермен, арнайы қолғаптармен, сондай-ақ қорғаныш майлармен және ұнтақтармен) жабдықталуға тиiс.
105. Бөлмелерде пневматикалық тозаңдатқыштармен бояу жұмыстарын орындаған кезде, сондай-ақ құрамындағы ұшпа зиянды заттар бар тез кебетiн лактар мен бояулар қолданылған кезде жұмыс тиiстi түрде респираторлар мен қорғаныш көзiлдiрiктерiн қолданып орындалуы қажет.
106. Резервуарлардың, құбырлардың, бактардың және басқа да сыйымдылықтардың iшкi беттерiн бояған кезде жеткiлiктi табиғи немесе мәжбүрлi желдетудi қамтамасыз ету керек.
Ол болмаған кезде немесе жеткiлiксiз болса, жұмыс шлангiлi противогаздарды немесе ауаны мәжбүрлi берiп тұратын маскаларды қолданып орындалады.
107. Құрылыс конструкциялары, аппаратуралар мен жабдықтарды перхлорвинил лактарымен (бояулармен) бояған кезде ауаны мәжбүрлi берiп тұратын противогаз кию қажет.
Егер жұмыс орнындағы температура 4 С-тан аспаса, бұл жұмыстарды противогазсыз орындауға жол берiледi.
108. Бояу жұмыстары өндiрiсiнiң орнында лак-бояу материалдарының көлемi ауысымдық қажеттен аспауға тиiс. Бояулар мен ерiткiштерi бар сыйымдылықтар нық жабылуы тиiс.
109. Перхлорвинил материалдарды тек осы мақсаттарға арналған отқа төзiмдi және желдеткiш тұратын үйлерде сақтауға және дайындауға жол берiледi.
110. Лак-бояу материалдары дайындалатын үй-жайларда электрмен жылытатын құралдармен пайдалануға және от жағуға тыйым салынады.
Мұндай үй-жайда тек су және бу жылытқыштармен жылытылады.
111. Зиянды және оттан қауiптi заттары бар лак-бояу құралдарын даярлауға арнайы оқытылған адамдар жiберiледi.
112. Ерiткiш ретiнде этилденген бензин мен бензолды қолдануға тыйым салынады.
113. Биiктiкте орналасқан аралық құрылыстарды, көпiрлердi, қақпақтарды, жөндеу қоршауларын және басқа да конструкцияларды тазарту және бояу үшiн ГОСТ 28012-89, РД 34.03.204, осы Ережелердiң 2-тарауының 4-параграфының талаптарына сәйкес орындалған төсеме тақтайлар қолданылуға тиiс.
114. Қақпақтар қимадан алынып, тұрақты жағдайда арнайы бөлiнген жерге орнатылғаннан кейiн боялады.
9. Компрессөрларға қызмет көрсету
115. Компрессорлық қондырғылар мен өткiзгiштердi пайдалану және жөндеу "Стационарлық компрессорлық қондырғыларды орнату және оларды қауiпсiз пайдалану Ережелерiне ("Кранэнерго", Алматы, 1996) және "Қысыммен жұмыс iстейтiн сыйымдылықтарды орнату және оларды қауiпсiз пайдалану Ережелерiне (Алматы, 1994 ) сәйкес жүзеге асырылады.
116. Компрессорлық қондырғылар орналасқан үй-жайларда барлық қақпақты және реттеушi органдар оларға тиiсiнше нөмiрленiп құбырлар мен жабдықтардың схемасы болуға тиiс.
117. Кәсiпорынның бұйрығы бойынша компрессорлық қондырғы мен ауа өткiзгiштiң дұрыс және қауiпсiз пайдалануы үшiн жауапты адам тағайындалуы мүмкiн.
118. Ауа компрессорлық қондырғыларына дербес қызмет көрсетуге жасы 18-ге жеткен, алдын-ала медициналық тексеруден өткен, бiлiктiлiгi тексерiлген адамдар жiберiледi.
119. Жұмыс iстеп тұрған компрессорларды толығымен (автоматтандырылғандардан басқа) қадағалаусыз тастауға тыйым салынады.
120. Компрессорлық қондырғы тұрғын үй-жайға кiретiн есiк жабық тұрады және қызмет көрсетушi адамдарды шақыру үшiн сигнализациясы болуы мiндеттi. Есiкте "Кiруге болмайды" деген тыйым салатын белгi орнатылады.
10. Жер жұмыстары
121. Жер жұмыстары СНиП III-4-80 және электр жүйелерiн күзету ережелерiне сәйкес орындалуы тиiс.
122. Энергетикалық кәсiпорындардың аумағындағы, сондай-ақ жер асты коммуникациялардың күзетiлетiн аймақтарындағы (электр кабельдерi, байланыс кабельдерi, газ құбырлары) жер жұмыстары осы коммуникацияларды пайдаланатын кәсiпорынның жазбаша рұқсатымен ғана орындалады.
Рұқсатқа коммуникациялардың трассалары мен салыну тереңдiгi көрсетiлген жоспар қоса тiркеледi.
Жұмыстар басталғанға дейiн жердегi жер асты коммуникациялардың орналасуы қауiпсiздiк белгiлерiмен немесе плакаттармен белгiленуге тиiс.
123. Қолданылып жүрген жер асты коммуникациялар аймағындағы жер жұмыстары наряд (314-б.) бойынша, жұмыстар басшысының тiкелей басшылығымен, ал кернеу қолданыстағы газ құбыры, жылу трассасы астындағы кабельдiң күзетiлетiн зонасындағы жер жұмыстары - иегер ұйым өкiлiнiң бақылауымен орындалуға тиiс.
124. Жұмыс iстеп тұрған жер асты коммуникациялардан тiкелей жақындықтағы (0,3 м-ден кем) жердi тек күректермен, қатты ұрмай өңдеу қажет.
125. Жер асты коммуникациялары жоспарларында көрсетiлмеген жарылу қаупi бар материалдар немесе оқ-дәрi табылса, жұмыстар дереу тоқтатылады, жұмыс iстеушілер қауіпсіз аймаққа шығарылады және жұмыстар ауданына бөгде адамдардың енуiне қарсы шаралар қолданылады.
Тиiстi ұйымдардан рұқсат алғанға дейiн жер жұмыстарын қайта бастауға тыйым салынады.
126. Орларда (шұңқырларда) зиянды газдар болуы анықталса, ондағы жұмыстар тоқтатылады, ал жұмысты орындаушылар қауiптi аймақтан шығарылады. Жұмыстар жұмыс аймағына газдың келуi тоқтатылғаннан кейiн ғана қайта басталады.
Газдалған аймақта шұғыл жұмыстарды орындау қажет болған жағдайда осы Ережелердiң 2 тарауының 6-параграфының талаптары орындалуы мiндеттi.
127. Құлау қаупi бар дымқыл топырақтағы орлардың (шұңқырлардың) қабырғалары сенiмдi бекiтiлуге тиiс.
Сусымалы топырақтарда жұмыстар бекiтусiз, бiрақ топырақтың табиғи еңiсiнiң бұрышына сәйкес құламалармен жүргiзiледi.
128. Бекiтусiз жасалған орлардың қабырғаларының (құламаларының) жағдайына бақылау жасалуы тиiс. Жарық пайда болғанда жұмысты орындаушыларды қауiптi аймақтан дереу шығарып, содан кейiн топырақтың құлауына қарсы шаралар қолдану қажет.
129. Орлар мен шұңқырларға инвентарлы жиналмалы басқыштар және жеңiл баспалдақтармен түсуге рұқсат етiледi.
130. Шұңқырлардың қабырғаларын бекiтпей қопарылу призмалары шектерiнде құрылыс машиналары мен автокөлiктердiң тұруы мен жүруiне, лебедкаларды, жабдықтарды, материалдарды және т.б. орналастыруға тыйым салынады.
Аталған механизмдер мен жүктердiң бекiтiлген шұңқырлардың қопарылу призмалары шектерiнде орналастыру мүмкiндiгi жүктеменің көлемi мен динамикасына қарай есептелiнедi.
131. Орлар мен траншеялардың тақтай бекiтпелерi топырақтың толтырылғанына қарай керi бағытта төменнен жоғарыға дейiн бөлшектенiп алынады.
Сусымалы және босаң топырақта бекiтпелердi тақтайлап алуға жол берiледi.
Бекiтпелердi бөлшектеу жұмыстары басшысының тiкелей басшылығымен ғана жүзеге асырылады.
132. Жұмыстарды жер қазатын машиналармен бiрлесiп атқаратын қызметкерлер, жүргiзушi (машинист) беретiн дыбыс сигналдарының мағыналарын бiлуi тиiс.
133. Экскаватор жұмыс iстегенде мыналарға тыйым салынады:
оны бекiту үшiн инвентарлы тiреулердiң орнына осы мақсатқа арналмаған кездейсоқ заттармен пайдалануға;
экскаватор жұмыс iстеп жатқан аймақтан 5 м-ге дейiн қашықтықта болуға;
ожауды көтерiлiп тұрған кезiнде тазалауға.
3. Су шаруашылығына қызмет көрсету
1. Адамдар мен жүктi су қоймалары арқылы
тасымалдау кезiндегi қауiпсiздiк шаралары
134. Су көлiгiн пайдалану кезiнде өзен көлiгiн пайдалану тәртiбiн анықтайтын нормативтiк құжаттардың, су жолдары бойынша жүзу ережелерiнiң, кемелердегi тиеу-түсiру жұмыстары кезiндегi қауiпсiздiк сақтау ережелерiнiң талаптарын, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Теңiз және өзен Регистрiнiң" талаптарын орындау қажет.
135. Су қоймалары арқылы адамдарды тасу тек Теңiз және өзен Регистрiнiң Кеме инспекциясының санитарлық және өрт қадағалау органдарының рұқсаты бар жүзу құралдарымен ғана рұқсат етiледi. Жүзу құралымен тасылатын адамдардың саны арнайы куәлiкте (паспортта) көрсетiлгеннен аспауға тиiс.
Жүзу құралдарының бүйiрiнде жүк көтерiлiмдiгi көрсетiледi. Жүзу құралдарына көрсетiлген жүк көтерiлiмдiгiнен артық жүк тиеуге тыйым салынады.
136. Жүзу құралдарында жұмыс iстеуге жiберiлген адамдар алдын-ала медициналық тексерiстен өтуге тиiс.
Жүзу құралдарына капитанның және оның көмекшiсiнiң қызметiне Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің Су көлiгi департаментi берген кемелер мен олардың механизмдерiн басқаруға құқық беретiн тиiстi дипломы бар адамдар алынады.
137. Электр станциясының иелiгiндегi барлық кемелер, қайықтар, салдар, паромдар және басқа да жүзу құралдары өртке қарсы, құтқару сигналдары және су ағызғыш құралдармен жабдықталады. Электр станциясының әкiмшiлiгi жүзу құралдарының ұсталуы мен пайдалануы үшiн жауап беретiн адамдарды тағайындауы тиiс.
138. Жүзу құралдарының көрнектi жерлерiнде қызметкерлердің апаттық жағдайдағы әрекеттерi туралы қысқаша ұсыныстар бар ескертулер iлiнуi қажет.
Құтқару құралдары сақталатын орындар белгiленуi тиiс.
139. Жүзу құралының жол қағазында рейстің ұзақтылығы, тасымалданатын адамдар мен жүктің мөлшерi, сондай-ақ жүзу жағдайлары көрсетiлмей рейске шығуына рұқсат етiлмейдi. Рейс алдында ауа-райы болжамы хабарлануы тиiс.
140. Жүзу құралдарындағы барлық қызметкерлер iшкi тәртiп ережелерi мен қауiпсiздiк техникасын сақтау мәселелерiнде:
- өзi жүретiн және буксирленетiн кемелерде-кеменi жүргiзушiге (капитанға, моториске);
- жұмыс өндiруге арналған жүзу құралдарында - жұмыс өндiрушiге;
- өткiзу үшiн арналған паромдар мен қайықтарда қайықшыға, паромшыға бағынады.
141. Жүзу құралында апат болған жағдайда, қауiпсiздiк үшiн жауапты адамдар мен мүлiктi құтқару үшiн шаралар қолданады және қолда бар құралдармен көмек туралы сигнал бередi.
142. Желдiң күшi 4 балдан асса қайықтар мен понтондардан су қоймаларында, желдiң жылдамдығы 5,3-7,4 м/с, ал күшi 5 балдан асқанда өзен катерлерiнен (желдiң жылдамдығы 7,5-9,8 м/с) жүзу және жұмыстар өндiруге тыйым салынады. Жұмыс кезiнде күшi 4 балдан асатын жел пайда болса, понтонды немесе қайықты жағаға бағыттау қажет. Аударылмау немесе үлкен толқынмен басылмау үшiн қайықты толқынға кесе-көлденең жүргiзу қажет.
143. Барлық кемелер инвентарлы басқыштармен жабдықталуы тиiс.
Айлақтарда адамдардың отыруы және түсуi үшiн траптар болуы мiндеттi. Қысқы уақытта басқыштар мен траптар мұз бен қардан тазартылып, құммен себiледi.
144. ГОСТ 12.2.012-75 сәйкес басқыштар мен траптардың екi жағында биiктiгi 1 м-ден кем емес сенiмдi сүйенiштер болуы және олар түнгi уақытта бiр қалыпты шашыраңқы жарықпен жарықтандырылуға тиiс. Тиеу-түсiру жұмыстары үшiн траптардың енi бiр жақты қозғалыста 1 м-ден кем емес, ал екi жақты қозғалыста - 2 м-ден кем емес болуы тиiс. Көпiршелер мен траптар қатты (босаң болмауы) болуы қажет. Басқыштардың әрбiр 0,3-0,4 м-ден кейiн жасалған аяқтар тiрейтiн тақтайшалары болады.
Көпiршелердiң басқыштары мен траптарының еңiсi 1:3 аспауға тиiс.
145. Жүзу құралынан түсiру жұмыстары басталғанға дейiн түсiргiш қондырғыларды, тетiктердi дайындап, тексерiп, есiктердің, көпiршелердің, жақтаулардың қоршауларын орнату қажет.
146. Пароммен өткiзудi немесе су қоймаларында кемелермен тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде, су деңгейi тербелгенде қозғалатын жүзбелi айлақ орнатылуы тиiс. Айлақтарда басқыштар мен көпiршелер орнатылуы тиiс.
147. Ақаулы және куәландiруден өтпеген жүзу құралдарымен 3 балдан астам тербелу кезiнде (толқынның биiктiгi 075-125 м):
- тұманда;
- шiрiген ағаш, мұз қозғалғанда, қоқсық жылжығанда;
- түнгi уақытта қараңғы жерлерде адамдарды суаттар арқылы тасымалдауға тыйым салынады.
2. Су үстiндегi құрылыстарға қызмет көрсету
148. Жаңадан пайдалануға берiлген немесе жаңартылған бондар мен салдарды, оларды комиссия қабылдап алғаннан кейiн ғана пайдалануға рұқсат етiледi.
149. Болат арқандармен шынжырлар қолданылып жүрген ГОСТ талаптарына сай болуы тиiс және оларды жасап шығарған зауыттың сертификаты болуы тиiс: өсiмдiктерден (мақта-матадан басқа) немесе синтетикалық маталардан жасалған арқандардың инвентарлық нөмерi, жүк көтерiмдiлiгi мен келесi сынақтың мерзiмi көрсетiлген тақтайшасы болуы тиiс. Пайдалануға берiлерде сертификатсыз (тақтайшаларсыз) арқандар мен шынжырлар сынақтан өтуi тиiс.
Мақта-мата арқандармен пайдалануға тыйым салынады.
150. Бонның жоғарғы бетiнде және бүйiрiнде шығып тұрған шегелер, сымдар, тростар, бөренелердің шетi және шлондар болмауы тиiс, болттардың шетi бөренелердiң бетiмен бiрдей етiп төмендетiледi.
151. Бондарға немесе басқа да су үстiндегi құрылыстарға адамдар өтетiн көпiршелер мен тростардың енi 0,6 м-ден кем болмауы тиiс. Тростар мен көпiршелер екi жағынан биiктiгi 1,0 м. қоршаулар мен және биiктiгi 0,15 м-ден кем емес жиек тақтайшаларымен жабдықталады. Тiк жағалауларда сүйенiштерi бас басқыштар орнату көзделедi.
152. Қызмет көрсететiн қызметкерлер үшiн қауiптi орындарда қоршаулар болуы тиiс, оларда ГОСТ 12.4.026-76 қауiпсiздiк белгілерi және сигнал беретiн шырақтар орнатылады.
153. Аумақтары бөлiнген құрылыстары арқылы ағаш, мұз және қоқсық өткiзу жөнiндегi жұмыстар бойынша келiсудi қажет ететiн жұмыстарды жүргiзген кезде сигналдық байланыс ұйымдастырылуы, ал қызметкерлер сигнализацияны бiлуге мiндеттi.
154. Су үстiнде запандарды және бонды құрылыстарды орнату және осыған қатысты жұмыстар басшының бақылауымен жүргiзiледi.
155. Бонды қайықпен жағалап ағыс бойынша жылжытуға тыйым салынады. Запандар орнатқан кезде су үстiндегi бөлiктерде тек арнайы оқытылған сақтандыру құралдарымен жабдықталған қызметкерлер болуы тиiс.
156. Запандар тростарының шеттерiн бiр жағадан екiншi жағаға қайықпен тасуға тыйым салынады.
157. Орнатылатын тростарды бекiту үшiн тiреу ретiнде жағада өсетiн ағаштарды пайдалануға тыйым салынады.
158. Су үстiндегi құрылыстардың тростары зәкiрлермен бекiтiлсе, олардың орналасқан жерлерi қалтқылармен белгiленуге тиiс.
Өзендердiң кеме жүретiн учаскелерiнде қалқыма қоршаулар, ал фарватерлер жағынан-толқын азайтқыштар болуы тиiс.
159. Жобаға сәйкес су қоймасында жүзуге тыйым салынатын аймақ белгiленедi. Тыйым салынатын аймақтың шекарасында тыйым салынатын плакаттар мен қауiпсiздiк белгiлерi орнатылады, тұтас жарық беретiн автоматтандырылған дыбыс сигнализациясы қарастырылуы тиiс.
160. Таулы жерлердегi деривациялық гидроэлектростанциялардың жоғарғы бьефтерi үшiн барлық учаскесi тыйым салынған аймақ болып табылады.
161. Жұмыс ағынды су үстiнде (сарқырама) орындалса, адамдардың суға құлауына жол бермейтiн қауiпсiздiк шаралары қолданылуы тиiс. Жұмыс орнында немесе ағынның төмен жағында қайықпен кезекшiлiк жасау ұйымдастырылады.
Түнгi уақытта, әдетте мұндай жұмыстарды орындауға жол берiлмейдi. Түнгi уақытта жұмыстар орындау қажет болған жағдайда, қауiпсiздiктің қосымша шаралары қолданылады. Судың бетiне жұмыс орнынан 30 м-ден жоғары және 150 м-ден төмен кем емес жерге дейiн жарық болуы тиiс.
3. Аяз кезiндегi жұмыстар
162. Өзенде қабыршақ мұз және мұз пайда болған кезде аймақта паромдар жұмысы тоқтатылуға тиiс.
163. Мұздың үстiмен жүктi тасымалдау және қызметкерлердiң жүруi кестеде келтiрiлген шарттар орындалса ғана рұқсат етiледi.
_________________________________________________________________________
|Жүктеме |Массасы | Ауаның минус 1-20С |Жүргіншілер немесе көлік |
| |т. |С-тан кем емес кезінде|бірліктері арасындағы ең аз |
| | |мұз қабатының қалыңды.|ара қашықтығы (м) |
| | |ғы (см) | |
|__________|_________|______________________|_____________________________|
|Жабдық | 0,1 | 10 | 5 |
|заттары | | | |
|бар адам | | | |
|__________|_________|______________________|_____________________________|
|Жүгі бар | 1,2 | 20 | 11 |
|көлік | | | |
| | | | |
|__________|_________|______________________|_____________________________|
|Жалпы | | | |
|нақты | | | |
|ортақ | | | |
|ауырлығы | | | |
|немесе | | | |
|мыналарға | | | |
|дейін | | | |
|жететін | | | |
|көлік | | | |
|құралы не.| | | |
|месе тетік| 3,5 | 25 | 19 |
| | 6,5 | 35 | 25 |
| | 8,5 | 39 | 25 |
| | 10 | 40 | 26 |
| | 20 | 55 | 30 |
| | 40 | 95 | 38 |
|__________|_________|______________________|_____________________________|
Көктемде мұздың төзiмдiлiгi кемитiнiне байланысты, мұздың төзiмдi қабаттарының қалыңдығы ғана есепке алынады: қарлы және уақ тесiктi, сулы мұздың қабаттары есепке алынбайды.
164. Электр станциясы ауданында мұз арқылы өту ұйымдастырылған кезде оның жұмысының режимiн, жүктемелер кестесiн және осыған байланысты гидрогеология және мұздың пайда болу жағдайларының өзгеруiн есепке алу қажет.
165. Мұз үстiндегi жұмыстар басталмастан бұрын мұздың қалыңдығы өлшенуi тиiс. Көршiлес қуыстар арасындағы ара қашықтықтар гидрометеорология қызметiнің жергiлiктi органдарымен келiсiлiп 10-20 м. шектерiнде жасалады.
Өлшенетiн қуыстар қадалармен белгiленуi тиiс.
166. Мұз үстiмен жұмыстар өндiрiсi немесе бақылау орындарына тек жолдармен және соқпақтармен баруға рұқсат етiледi. Егер мұздың жарылу (бөлiну) қаупi болса, онымен жүруге тыйым салынады.
167. Мұз үстiмен жылымнан 100 м. қашықтықта тек бiр бағытта жүруге рұқсат етiледi. Қарама-қарсы жол бiрiншi жолдан 100 м-ден кем емес алыста салынады.
168. Мұз арқылы жүру алқабы қардан 20 м. ендiкте ұдайы тазартылып отырылады және екi жақтан қадалармен белгіленедi. Қадалар арасындағы ара қашықтық трассаның пiшiнiне қарай 25-50 м болуы тиiс.
Мұз жолдарының жағадан мұзға түсетiн ыңғайлы түсетiн жерi болуы мiндеттi. Трасса бойында қатқақтар болмауы тиiс.
169. Гидроэлектростанциялардың төменгi бьеф учаскелерiнiң деңгейi өзгерiп, мұз бөлiнген жерлерiнде, жұмыстарды орындау және жүру үшiн қауiптi жерлер жүруге және жұмыстарды өндiруге тыйым салатын қауiпсiздiк плакаттары мен белгiлерiне тәулiктiң қараңғы уақытында жарық түсiп тұруы тиiс. Тәулiктiң қараңғы уақытында плакаттар жарықтандырылуы тиiс.
170. Мұз жүру және қозғалу кезеңiнде суатта жүзу құралдарының жүруi шектеледi.
Мөлшерi үлкен емес жекелеген мұз болғанда еспелi қайықтар мен гидрометрикалық понтондармен жүзуге жол берiледi. 3 балға дейiнгi сең жүрiсi кезiнде, төзiмдi металл корпусты моторлы кемелерiмен, ал 3 балдан астам сең жүрiсi кезiнде мұз жарғыш түрiнде кемелермен ғана жүзуге рұқсат етiледi.
Ескерту: Қозғалыс шкаласы бойынша жаға маңайын санағанда жүзiп бара жатқан мұздар мен қабыршақ мұздардың көлемi су бетiнiң барлық көлемiнiң 0,3 бөлiмiн алса, мұз қабыршағы мен сеңнiң жүруi 3 балл болып есептеледi.
171. Сең жүруi кезiнде ағыс жылдамдығы 1,5 м/с асса түнгi уақытта жұмыс жасауға және жүзуге тыйым салынады.
172. Қызметкерлердің кептелген мұздың немесе қабыршақтың үстiне шығуына тек ерекше жағдайларда-құрылысқа зақым келу немесе адамдардың өмiрiне қауiп төнгенде ғана рұқсат етіледі.
Кептелген мұз бетiнде қызметкерлердiң арнайы қауiпсiздiк шараларынсыз жүруiне (сақтандыру арқандарынсыз, төсемелерсiз және т.б.) тыйым салынады.
173. Мұз қабыршақтары плотинаның су өтетiн тесiктерi арқылы өткенде, жұмыстар плотинаның қызметтiк көпiршелерiнен, аспалы тақтайшалардан немесе бесiктерден сақтандырғыш белдiктердi қолданып жүргiзiлуге тиiс.
Мұз қабыршақтарының жиындыларын төменгi жақтан "өзiне қарай" тазалауға тыйым салынады.
174. Плотина қақпақтарында мұзды бөлгенде немесе су тастау кезiнде, су жинау каналдарының қабырғаларындағы мұзды тазартқанда, қызметкерлер сақтандыру белдiктерiмен жұмыс iстеуi тиiс. Саты ағаштары, төсеме тақтайлар, бесiктердiң төсенiштерi қар мен қатқақтардан тазартылуға және қажет жағдайда құммен себiлуге тиiс.
175. Қатқақтар ыстық судың көмегiмен, қызметкерлердiң жарақат алуын болдырмайтын қауiпсiздiктiң қажеттi шараларын қолданылып алынады.
176. Жағалаудың мұзы ұзын сапты iлгектi бағандармен, балталардың көмегiмен және сақтандырғыш белдiк қолданылып тазартылады.
Каналдың iшiндегi мұзды жалғыз адамның тазартуына жол берiлмейдi.
177. Қыс кезiнде канал бойымен жүргенде жиектен 1 м-ден алыста жүруге рұқсат етiледi. Боранды күнi канал бойымен жүргенде өзара жiппен оранған үш адамнан кем емес топ болып жүруге рұқсат етiледi.
178. Түнгi уақытта жедел қызметкерлер баратын аймақтар жарықтандырылуы тиiс. Жүретiн жолдарды қар мен мұздан тазартып, құммен себу қажет.
179. Мұзды мұз кесетiн машинамен кескен кезде, қызметкерлер тілiктен 1 м-ден кем емес қашықтықта тұтас мұздың үстiмен жылжып тұрулары тиiс. Мұзда тiлiктер арасында тұруға тыйым салынады. Тiлiктерден мұзды алу немесе мұздың астына мұздарды кетiру үшiн, жұмысшылар тiлiкке мұз шетiнен 0,5 м-ден жақын емес жерге жақындауына рұқсат етiледi.
180. Мұз кесетiн машинаға қызмет көрсететiн қызметкерлер, машина мұз алғанда машинаның жанында болуға тиiс.
Кесетiн органдарды тек машина тоқтаған кезде ғана iске қосуға рұқсат етiледi. Кесетiн тетiктердiң тiзбелерiн қолмен түзеуге тыйым салынады.
181. Жоғарғы бьфте ерiген суды жою кезiндегi қопару жұмыстары мен басқа жұмыстар "Жарылыс жұмыстары кезiндегi қауiпсiздiктiң бiрыңғай ережелерi" (Москва, НПО ОБТ, 1992) және арнайы нұсқаулардың талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
4. Қоқыс тазалау жұмыстары
182. Су қабылдайтын құрылғылардың қоқыс ұстайтын торларын тазалау жұмыстары жұмыс басшысының бақылауымен жүргiзiледi.
183. Бөренелер қызметтiк көпiршелерден iлгектi таяқтар мен ашалардың көмегiмен бұрылып жүргiзiледi.
184. Торлар мен су қабылдайтын тесiктер қоқыспен және бөренелермен бiтелген жағдайда, қоқысты адамның "өзiне қарай" тазалауына тыйым салынады. Кептелген жерлердегi қоқыс бьефке тасталынып тазаланады.
185. Торлар грейфердің көмегiмен тазаланған кезде бөренелер мен құрылыстың үстiне немесе тордың шетiне тұруға тыйым салынады.
186. Грейфермен алынған қоқыс 1 м-ден аспайтын биiктiкке, арнайы бөлiнген жерге тасталады. Қызметкерлердiң қоқыс тасталатын аймақта болуға тыйым салынады.
187. Плотинаның су өткiзетiн құбырларындағы бөренелер мен торларда тұрып қалған жеке бөренелер, кранмен көтеретiн арнайы бесiктiң үстiнен сақтандырғыш белдiк пайдаланылып тазаланады. Бөренелер адамдар бесiктен шығарылғаннан кейiн көтерiлуi тиiс.
5. Құрылыстар арқылы су тасқынын өткiзу
188. Су тасқыны кезеңiне дайындалған кезде қызметкерлер немесе тұрғындар өтуге пайдаланылатын және судың көтерiлу мүмкiн деңгейден төмендегi барлық уақытша құрылыстар алынып тасталуға тиiс.
189. Судың деңгейiн және су тасқынының өту жағдайларын бақылау үшiн гидроторап ауданында және қажет жағдайда өзеннiң жоғары орналасқан учаскесiнде байланыс құралдарымен жабдықталған постар ұйымдастырылады.
190. Жоғарғы және төменгi бьефтердегi су басқан аймақтардағы барлық жөндеу және қалпына келтiру жұмыстары су тасқынына дейiн аяқталуға тиiс.
191. Қажеттi жағдайда су тасқыны кезеңiндегi құрылыстарда жұмыс өндiрiсi жұмыс басшысының бақылауымен орындалады.
192. Су тасқыны кезеңiнде электр станциясының басшылығы жергiлiктi жағдайларды ескерiп тыйым салынатын аймақты анықтайды. Тыйым салынатын аймақ ГОСТ 12.4.026-76 бойынша ескерту қауiпсiздiк белгiлерiмен белгiленедi.
193. Шағын су қоймаларында кенеттен болған нө серлi су тасқындары мен сел тасқындары қауiптi жағдайларға әкелiп соқтыруы мумкiн. Осындай жағдайлар туындаған кезде пайдалану қызметкерлерi мен жақын жерде орналасқан елдi мекендердiң тұрғындарын авариялық хабар беру құралдарының көмегiмен дер уақытында хабардар ету қажет. Плотинаның жоғарғы және төменгi бьефтердегi барлық жұмыстар дереу тоқтатылуға тиiс.
194. Су тасқыны басталғанға дейiн құтқару бригадасы үшiн жүзу құралдары (катерлер, моторлы қайықтар) жұмысқа дайын болуы тиiс.
6. Су қоймасын тазалау және толтыру
195. Су қоймасын тазалау, сондай-ақ суды авариялық жағдайда азайту төменгi бьефте су деңгейiнің недәуiр көтерiлуiне байланысты. Сондықтан суды тастауларының мерзiмiн жоспарлы түрде азайтарда өзен ағысының төменгi жағында орналасқан елдi мекендердің тұрғындары мен кәсiпорындардың қызметкерлерiн уақтылы хабардар ету мақсатымен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарымен келiсiлуi тиiс.
196. Қайықтардың жүзуi мен суға түсуiн тоқтату мақсатымен, плотинадан жоғары орналасқан су станцияларына уақытында, судың жiберiлуi туралы хабар беріледi.
Жоғары бьефте орналасқан паромдар ағып кетпеуi үшiн жағаға жеткiзiлiп бекiтiледi.
197. Суды жiберу басталғанға дейiн төменгi бьефтегi барлық жұмыстар аяқталып, бригадалардың жұмыс орындарынан шығарылуын қамтамасыз ету қажет.
198. Плотинаның жоғарғы бьефiнде су жiберу қалқандары ашылғанға дейiн уақытша бондарды және запандарды босатып, олар бойынша жүру тоқтатылады, барлық жүзу құралдары ашылатын қалқандардың аймағынан әкетiледi және ГОСТ 12.4.026-76 бойынша "Сақ болыңыздар", "Қауiптi аймақ" және "Жүруге тыйым салынады" деген қауiпсiздiк белгiлерi орнатылады. Түнгi уақытта қалқандар әрекетiнің аймағы жарық болуға тиiс.
199. Гидроторап елдi мекен шегiнде орналасқан кезде тиектер ашылмас бұрын сиренаны немесе басқа дыбыс сигнализациясы құралдарын пайдаланып жергiлiктi тұрғындарға суды жiберу туралы хабарлау қажет.
200. Плотинаның жоғарғы бьефтегi жұмыстарды орындау үшiн рұқсат судың деңгейi белгiленген белгiге жеткеннен кейiн берiледi. Жұмыстарды орындау мерзiмi аталған деңгейдегi ұстап тұру ұзақтылығымен байланыстырылуы тиiс.
201. Су қоймасында деңгейдiң қайта көтерiлу сәтiне дейiн тиексiз су қабылдайтын қондырғыларды қосқанда, су басатын аймақтан жұмыс iстейтiн қызметкерлер шығарылады, тетiктер мен аспаптар және материалдар алынуы тиiс.
202. Су қоймасының толу барысы және су деңгейiнiң болжанған белгiлерi туралы электр станциясының басшылығы жергiлiктi әкiмшiлiк органдарын хабардар етуге мiндеттi.
7. Өлшеу жұмыстары
203. Су қоймасының тереңдiгi қайықтан немесе катерден, лотты, қаданы немесе эхолотты қолданып жүзеге асырыла алады.
204. Қайықтан өлшеу жұмыстары құрамы екi адамнан кем емес бригада болып, оның бiреуi ескекте тұрып жүргiзiлуге тиiс.
205. Тереңдiктi өлшеу жұмыстары қолмен орындалған кезде қайықтың жақтауына немесе орындығына тұруға, кеменiң жақтауына асылуға тыйым салынады. Плотлиннiң бос ұшын қолға орауға рұқсат етiлмейдi.
206. Ауырлығы 10 кг-нан асатын лотты пайдаланған кезде оны көтеру және түсiру үшiн лебедканы қолдану қажет.
207. Тереңдiктi лоттармен өлшеулер кезде резина костюмдер немесе су өтпейтiн алжапқыштармен жүргiзiледi.
208. Тереңдiк 4 м-ден асса қайықтан қадамен өлшеуге тыйым салынады. Егер қада су қоймасының түбiнде кедергiге iлiнiп қалса оны дереу жiбере салу қажет.
209. Тереңдiк катерден (өзi жүретiн кемелерден) қаданы пайдаланып өлшеген кезде, қадамен жұмыс iстейтiн бригада жабдықталуға тиiс. Сақтандырғыш арқанның көмегiмен жұмысты орындаушы палубадағы бағанаға байланады.
Өзi жүретiн кемелерден өлшеу жұмыстары тыныш ауа райында желдiң күшi 2 балдан аспаған (желдiң күшi 3,3 м/сек дейiн) кезде жүргiзiледi.
210. Тереңдiктi өлшеу эхолоттар қолданған кезде, аппараттар кемеде тегiс, кеменiң қисаюын болдырмайтын етiп бiрдей орналастырады. Эхолоттың қабылдағыш, бергiш элементтерi кемеде тростардың көмегiмен бекiтiледi, оларды қолмен ұстап тұруға тыйым салынады.
211. Өлшеу жұмыстарын сақтандырғыш және сигналдық құралдарсыз орындауға жол берiлмейдi.
4. Гидроқұрылыстарға қызмет көрсету
1. Плотиналарға, каналдарға, туннелдерге қызмет көрсету
212. Тiреудiң сүйенiштерiнiң және плотиналардың қызметтiк көпiршелерiнiң адамдар көп болатын жерлерiне iлгектi бақандар мен құтқару дөңгелектерi, плотинаның әрбiр 75 м-ге есептелiнiп бiр iлгектi бақан және құтқару дөңгелегi iлiнуi тиiс.
213. Плотинаның су жiбергiштерiнде жұмыс iстейтiн адамдар жұмыс кезiңде қажеттi құтқару құралдарымен, сақтандырғыш белдiктермен және резина етiктермен жабдықталады.
214. Гидроқұрылыстардың тiк қырларын, көпiршелердiң өтетiн металл конструкцияларын және биiктiкте орналасқан басқа да құрылыстарды жөндеу бесiктерден немесе аспалы тақтайлардан жүргiзiледi.
215. Секциялардың саңылауларына жөндеу қоршауларын орнатқан кезде оларды қолмен бағыттауға тыйым салынады.
216. Камералардың, резервуарлардың iшiндегi қапсырма шегелердiң үстiнен жүрген кезде оларды қоқыс пен балдырдан тазарту қажет.
217. Қақпақ ашық болған жағдайда су тұндырғыштардың шайылатын галереялары аймағында жұмыс iстеуге тыйым салынады. Жуу аяқталғаннан кейiн қақпақ бекiтiледi, ал көтергiш тетiктiң электр тiрегi тоқтан ажыратылуы тиiс.
218. Егер жуылатын толып тұрса оларды тазарту "өзiнен" және тек жоғарғы бьеф жағынан тазартылуы тиiс.
219. Құрылыстарды жуу кезiнде қақпақтың астындағы су тасқынының шеңберiнде қызметкерлердiң болуына тыйым салынады.
220. Тасқын астындағы құрылыстың қоршалмаған бөлiктерiнде адамдардың болуына тыйым салынады.
221. Босатылған камераларға флютбет аймағына және басқа құрылыстарға түсу осы Ережелердің 2.6 тармақшасының талаптарына сәйкес орындалады.
222. Босатылған тең резервуарлардағы жөндеу жұмыстары шығыршықты аспалы тақтайлардан және бесiктерден сақтандыру белдiгiн қолданып орындалуы тиiс.
223. Жөндеу жұмыстары жұмыс iстеп тұрған каналда жүргiзiлген кезде, адамдардың суға құлауына жол бермеу керек. Бетон, ерiтiндi және т.б. дайындайтын жұмыс орындары канал шетiнен 3 м-ден жақын емес жерде орналасуға тиiс.
224. Понтондардан қысымсыз туннелдердi жөндеген кезде, понтондар нық бекiтiледi және олардың сүйенiштi қоршаулары болуы тиiс. Жұмыстар туннелдегi су деңгейi тұрақты болған кезде және құтқару құралдарын қолданып орындалады.
225. Туннелге, дюкерлерге және акведуктерге кiретiн жерде деревациялар босатылған немесе оларды толтыру кезiнде құрылысқа кiретiн қақпалардың жағдайын бақылау жасайтын пост қойылады.
226. Деревацияның толуының соңына дейiн канал бойынша қайықтармен немесе понтондармен жүзуге жол берiлмейдi.
2. Қысымды труба құбырына қызмет көрсету
227. Құбырларды қарау кезiнде труба құбырымен жүруге тыйым салынады.
228. Труба құбырларындағы жұмыстарды труба құбырларына берiк орнатылған саты ағаштардан орындау қажет. Саты ағаштарға адамдарды көтерiп түсiру үшiн басқыштар орнатылуы тиiс.
229. 20 о С градустан астам еңiсте орнатылған труба құбырларындағы немесе 30 градус еңiстiктегi труба құбырларының iшiндегi жұмыстар кезiнде қызметкерлер сақтандырғыш белдiктердi пайдалануы тиiс.
Металл труба құбырларындағы iшкi және сыртқы жұмыстар кезiнде жұмыс iстеушiлер металмен жанасудан қорғайтын жеке қорғаныс құралдарымен (киiз маталармен, шынтақ қаптармен және тiзе қаптармен) жабдықталуы тиiс.
230. 30 градустан астам еңiстiктегi қысымды труба құбырларының iшiндегi жұмыстарды жылжымалы платформаларда тұрып орындауға рұқсат етiледi.
231. Тереңдiгi 5 м-ден астам су ағынында труба құбырларында жұмыс iстеуге тыйым салынады.
232. Труба құбырларын тазалаған немесе бояған кезде осы Ережелердiң 2-тарауының 8-параграфын басшылыққа алу қажет.
233. Труба құбыры босағанға дейiн персоналдың аванкамераға түсуiне жол берiлмейдi.
234. Құбырларды босатқан немесе толтырған кезде аэроциондық есiктердiң (құбырлардың) аймақтарында қызметкерлердiң болуына тыйым салынады.
235. Бригаданы жіберу үшін құбырдың қақпағын ашуға тек ол толық босағаннан кейін ғана жол беріледі.
Құбырдың қақпағын біртіндеп, гайкаларды кезектеп екі-үштен бұрап ашу керек. Пайда болған тесіктен су ақса операцияларды құбыр толық босағанға дейін тоқтату қажет.
3. Жер дамбалары мен плотиналарды жөндеу
236. Гидротехникалық құрылыстарды жөндеу кезінде құрылыс машиналарын қолдану СНиП ІІІ-4-80, ГОСТ 12.3.033-84 және зауыт нұсқауларының талаптарына сәйкес қолдануы тиіс.
237. Жер дамбалары мен плотиналар стрелкалы кран қолданылып жөндеген кезде, кестеде көрсетілген ара қашықтықты сақтау шартымен плотинаның немесе дамбаның баурайына орнатылады.
_________________________________________________________________________
|Баурайдың | Баурайдың негізінен (м) топырақтағы (жиналмаған) ең жақын |
|биіктігі м.| тірекке дейінгі ең аз ара қашықтық |
| |_____________________________________________________________|
| |құмды | құмайт | сазды | сазды | құрғақ |
| |және |топырақты | топырақты | | орманды |
| |гравийлі | | | | |
|___________|_________|__________|___________|__________|_________________|
| 1 | 1,5 | 1,25 | 1,0 | 1,0 | 1,0 |
| 2 | 3,0 | 2,4 | 2,0 | 1,5 | 2,0 |
| 3 | 4,0 | 3,6 | 3,25 | 1,75 | 2,5 |
| 4 | 5,0 | 4,4 | 4,0 | 3,0 | 3,0 |
| 5 | 6,0 | 5,3 | 4,75 | 3,5 | 3,5 |
|___________|_________|__________|___________|__________|_________________|
Осы ара қашықтықты сақтау мүмкіндігі болмаса баурай нығайтылып бекітілуге тиіс.
Жұмыс істеу үшін крандарды жаңа жиналған, тапталмаған топыраққа немесе паспортта көрсетілген еңістіктен асатын алаңға орнатуға тыйым салынады.
238. Экскаваторлар жұмыс уақытында жоспарланған алаңға орнатылуға және өздігінен жүріп кетпеуі үшін инвентарлы тіреулермен бекітілуге тиіс. Осы мақсатта тақтайларды, бөренелерді тастауға және басқа да заттарды қолдануға тыйым салынады.
239. Экскаватор жұмыс істейтін аймақта (машина жұмыс істейтін радиусқа 5 м қоса) адамдардың болуына және басқа жұмыстардың орындалуына тыйым салынады.
240. Көктайғақта экскаватордың оның табан шынжырларының тайғанауына қарсы шаралар қолданылса ғана жүруге рұқсат етіледі.
Экскаваторды таяз судан өткізу үшін рұқсатты жүретін жолды тесергеннен кейін жұмыс басшысы береді.
241. Жердің еңістік бұрышы паспорттық деректерден асқан кезде экскаваторды көтеріп түсіру тягачтардың көмегімен жұмыс басшысының басшылығымен жүзеге асырылады.
242. Машинаның паспортында көрсетiлгеннен асқан биiктiкке немесе еңiстiкке жылжыған кезде топырақты машинамен (бульдозермен, скрепермен) өңдеуге немесе қозғалтуға тыйым салынады.
243. Нығыздағыш машинаның вибраторы ол нығыз негiзбен жүргенде ажыратылуы тиiс.
244. Екi немесе одан көп машиналар жұмыс iстеген кезде, (скреперлер, бульдозерлер, катоктар және басқа да тетiктер) олардың арасындағы ара қашықтық 5 м-ден артық болуы мiндеттi.
245. Автокөлiкпен топырақ түсiру кезiнде плотинаның үстiнде жылжыған машинаны осы мақсатқа арнайы бөлiнген адам басқарады.
Автомобильдердң жүру жылдамдығы әрбiр жеке жағдайда жолдың жағдайы мен қарқынына қарай белгiленедi.
246. Гидроқұрылыстың еңiстi жерлерiндегi жөндеу жұмыстарын, қызметкерлер енi 1,5 м-ден кем емес және биiктiгi 1 м-ден кем емес қоршаулы траптар мен жеңiл басқыштардан орындаулары тиiс. Жеңiл басқыштардың еңiстiгi 30 градустан асатын элементтерiндегi жұмыстар сақтандырғыш белдiктердi қолданып орындалуы тиiс.
247. Плотинадағы су қазындыларының аймақтары қоршалуы тиiс. Су қазындыларын қарау басқыштар мен сақтандырғыш белдiктер болғанда ғана рұқсат етiледi.
248. Плотина баурайларына төсеу үшiн берiлетiн тастар, плотинаның жотасына жиектен 1 м-ден кем емес жерде жиналады.
249. Жаз кезiнде плотиналар мен дамбалардың баурайларын жүзу құралдарын (баржалар мен крандарды) қолданып жөндеген кезде, олар жағаны бойлап орнатылуы тиiс.
Жөндеу аймақтарында өтiп жатқан рейстi кемелердiң жылдамдығы шектеледi, ол туралы кеменi жүргiзушiлерге тиiстi сигналдармен хабар берiлуге тиiс.
250. Плотинаның жотасынан тас, бөренелер немесе басқа да материалдар берiлген кезде жұмысшылар олардың кездейсоқ құлауы мүмкiн учаскелерде болмауы тиiс.
251. Қысқы уақытта жөндеу жұмыстары басталғанға дейiн жұмыс орындары мұз бен қардан тазартылуы тиiс.
4. Сүңгуiр жұмыстары
252. Электр станцияларындағы сүңгуiр жұмыстары РД 31.84.01-90 талаптарына сәйкес орындалуға тиiс.
253. Сүңгуiр жұмыстарына жасы 18 ден жас емес, арнайы медициналық тексеруден және сүңгуiр дайындығынан өткен адамдар жiберiледi.
254. Жыл сайын электр станциясы бойынша сүңгуiр жұмыстарына және сүңгiрушiлерге қызмет көрсетуге жiберiлген сүңгуiр емес маман адамдардың тiзiмi бекiтiледi. Сүңгуiр жұмыстарын орындау үшiн, сүңгуiр жұмыстарының басшысы, сүңгуiршiлерге қызмет көрсететiндердiң басшылары, сүңгуiр станциясының старшинасы (бригадирi) медициналық тексеруден өткiзетiн адамдар, сүңгуiр тобының құрамы тағайындалады.
255. Сүңгуiр жұмыстарының қауiпсiз өндiрiсi мен оларды орындау үшiн жағдайларды қамтамасыз ету жауапкершiлiгі сүңгуi жұмыстарын орындайтын кәсiпорынның әкiмшiлiгiне жүктеледi.
Жол сапармен келгендерге және жалдамалы сүңгуiр станцияларына (сүңгуiрлер) қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету жауапкершiлiгi осы станциялардың (сүңгуiрлердi) пайдаланатын кәсiпорындар мен ұйымдардың әкiмшiлiгiне жүктеледi.
256. Сүңгуiрлердi медициналық қызметпен қамту сүңгуiр жұмыстары кезiнде де, жұмыс аралығында да жүзеге асырылады.
Сүңгуiрлердi медициналық қызметпен қамтуға "Сүңгуiр дәрiгер" (фельдшер) мамандығы бойынша мамандандырудан өткен медициналық қызметкерлер жiберiледi. 60 м-ге дейiнгi тереңдiкке түсетiн сүңгуiрлерге дәрiгер, ал 45 м-ге тереңдiкке дейiн түсетiн сүңгуiрлерге фельдшер, ал 20 м тереңдiкке түсетiн сүңгуiрлерге "Сүңгуiр маман" бiлiктiлiгi бар адам, ал 12 м тереңдiкке түсетiндерге-мамандандырудың бiрiншi және екiншi топтарының бiр және екi сыныптағы сүңгуiрлер қызмет көрсетедi.
257. Құтқару жұмыстарынан басқа барлық сүңгуiр жұмыстары наряд-тапсырма бойынша орындалады. Наряд-тапсырманың нысаны 6-қосымшада берiлген.
Қажет жағдайда сүңгуiр жұмыстары басшысының шешiмi бойынша қосымша жұмыстар өндiрiсiнiң жобасы әзiрленуге тиiс.
258. Су астына түсер алдында, сүңгуiрдi медициналық тексерудi жүзеге асыратын адам тексеруге, және сүңгуiр жұмыстарының басшысы оған нұсқау берiп, алдағы жұмыстардың сипаты, олардың орындау тәртiбi, қауiпсiздiк шаралары туралы айтуға тиiс.
259. Сүңгуiр жұмыстары орындалатын орындарда сигналдардың Халықаралық жинағы бойынша: күндiз "А" екi жалау, түнде және ауа-райы қолайсыз күндерi-бiрiнiң үстiнде бiрi орналасқан екi жасыл от - ескерту сигналдары көтерiлiп тұруы мiндеттi. Жалаулар мен оттардың арасындағы ара қашықтық кемелердің габариттерiне байланысты 0,5 м-ге дейiн болуы тиiс.
Кемелерде бұл сигналдар сүңгуiрлердi түсiрген кеменiң бортындағы реяның ногында көтерiледi. Сигналдарды көтеретiн штаттық дiңгегi жоқ жүзу құралдарында және жағалауда уақытша діңгек орнатылады.
260. Тәулiктiң қараңғы уақытында жұмыстар кезiнде су үстiндегi және су астындағы жарық қолданылады.
Су үстiнде:
сүңгуiрлер су астына түсуге даярланатын орын және түсетiн орын;
сүңгуiрлердiң судың астына түсуiн, жұмыстарды орындаған кезде олардың қауiпсiздiгiн және тыныс тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн қондырғыларды басқаратын аспаптары;
сүңгуiр жұмыс iстейтiн орынның үстiндегi су бетi жарық болуға тиiс.
Су астында жарық беру үшiн арнайы су асты стационарлық жылжымалы немесе дулығалы шырақтар қолданылады. Терең емес суда және тұнық суда жұмыс iстеген кезде прожекторлар мен люстралар қолданыла алады.
261. Су асты жұмыстары орындаған кезде сүңгуiрмен және түсiрген орын арасында тұрақты байланыс қамтамасыз етiлуi тиiс. Сүңгуiрдi су астына екi жақты сөз байланысы мен сигналды үшсыз түсiру жол берiлмейдi.
262. Сүңгуiрлер станциясы арнайы аптечкамен және дәрiгерге дейiнгi көмектi көрсету үшiн оны пайдалану жөнiндегi нұсқаумен жабдықталуға тиiс.
263. Сүңгуiрге жұмыстарды орындау үшiн қажет аспаптармен басқа да заттар үстiнен түбекпен немесе арқанмен берiледi. Сүңгуiр берiлген затты алғаннан кейiн, оның одан арғы қозғалысы жұмыс iстеп жатқан сүңгуiрдiң нұсқаумен жасалады. Ауырлығы 2 кг-нан аспайтын жеңiл заттарды сигналды үш бойынша беруге рұқсат етiледi. Сүңгуiрге ауырлығына қарамастан кез-келген заттарды тастауға тыйым салынады.
264. Су астына ауыр конструкцияларды орнатқан кезде, оның орнатылатын конструкция түсiрiлгеннен кейiн сүңгуiрге су астына бақылау үшiн түсуге рұқсат етiледi. Мұның өзiнде түсiрiлетiн бөлшек орнатылатын орыннан биiктiк бойынша 0,1 м-ден артық емес қашықтықта топырақта немесе өзi тұруы тиiс.
Конструкцияны түсiрген кезде оның орнатылуының дұрыстығын байқау үшiн сүңгуiрдің болуы қажет болғанда, сүңгуiрге конструкциядан жоғары және оның жанында түсу ұшында болуға рұқсат етiледi.
265. Ауыр элементтер мен конструкциялар топырақтан тарту күшi есепке алынып, жүк асатын арқандарды, траверстердi және басқа да қондырғыларды қолданып алынады. Арқандар керiлгеннен кейiн сүңгуiр су бетiне шығуға тиiс.
Ұсақ тастарды, бөлшектердi және басқа да заттарды себеттермен немесе қалақша тiреуiшпен көтеру керек.
266. Гидротораптардың су жiберетiн құрылыстары мен қондырғыларында сүңгуiр жұмыстарын орындағанда мына шарттарды сақтау қажет:
жұмыс орнынан 50 м-ден кем емес радиуста судың ағыс жылдамдығы 0,5 м/с аспауы тиiс, ол үшiн гидроагрегаттардың қажеттi саны тоқтатылып, қақпақтары жабылуы және т.б. тиiс;
бiрiншi шарт бойынша тоқтатылған турбиналардың бағыттаушы аппараттары мен реттеудiң iске қосқыш қондырғылары жабылуы тиiс;
қателесiп агрегаттарды iске қосу және қондырғылар мен тетiктердiң қосылуын болдырмайтын шаралар орындалуы тиiс.
267. Гидротехникалық құрылысты тексеру немесе жөндеу уақытында сүңгуiрлер су астына түсетiн ауданда 50 м-ден кем емес радиуста жүзу құралдарының жүруi мен басқа да жұмыстарды орындауға тыйым салынады.
268. Гидроэлектростанцияларының плотиналар мен насос станцияларының аймақтарында жұмыстарды гидроқұрылыс әкiмшiлiгiнiң тек жазбаша рұқсатымен ғана жүргiзуге жол берiледi. Рұқсат бiр тәулiктен аспайтын мерзiмге, сүңгуiр жұмыстарының басталуы мен аяқталуы уақыты дәл көрсетiлiп берiледi.
269. Су ұстайтын Құрылыс арқылы сүзгiлеу орнын анықтау үшiн арқандағы қалдықты нығыздап толтырылған қаптарды жоғарғы бьефтен жылжытып отыру керек.
270. Сүзгiлеу мардымсыз қысымның әсерiнен қалдық толтырылған қапты сүзгiленетiн тесiктен қолмен алуға болғанда, сүңгуiр резина тiлiктi сырықты немесе басқа да құрылғының көмегiмен сүзгiленетiн орынды табуға тиiс. Сүңгуiр сырықты өзiнiң алдына, ө қозғалысының бағыты бойынша қозғалтуы тиiс.
Сүзгiлеу аймағына, сүңгуiрдi сорып алу мүмкiндiгiн болдырмайтын қорғаныс құрылғысыз жақындауға тыйым салынады.
271. Бүлiну мөлшерi зор болған кезде, сондай-ақ бүлiну мөлшерiне қарамастан 10 м-ден астам тереңдiкте құрылыстың бүлiнген учаскесiне ағаш қалқан қойғаннан кейiн ғана сүңгуiрдi су астына түсiруге рұқсат етіледi.
272. Су жинайтын құрылыстарды сүңгуiрлер су жинау тоқтатылғаннан кейiн ғана тексерiп тазартылулары тиiс.
273. Сүңгуiрлердің жылдамдығы 2 м/с астам ағыста жұмыс iстеуiне тыйым салынады.
Ағыстың жылдамдығы 1 м/с асқанда сүңгуiрлер су астындағы жұмыстардың жағдайын жеңiлдететiн және қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн қондырғылар мен құрылыстарды (қалқандар, сүңгуiр күркелер, суға бататын сыйымдылықтарды) қолданып орындайды. Нарядта осындай қондырғыларды қолдану қажеттiлiгi көзделуi тиiс.
274. Жағымсыз температураларда сүңгуiр жұмыстарының өндiрiсiнiң әрбiр жағдайында судың астына түсетiн сүңгуiрлердің тоңуына қарсы шаралар (iш киiмнiң екiншi комплектiсiн қолдану, су астында болудың уақытын шектеу, жылыту құралдарын пайдалану және т.б.) қолданылып жүзеге асырылады, тоңуға қарсы шараларды жұмыстың нақтылы жағдайларына қарап, медициналық тексеруден өткiзушi адам белгiлеп, нарядқа енгiзедi.
275. Ауаның температурасы 10 С-тан төмен болып, желдiң күшi 7 балдан (14 м/с) асса немесе ауаның температурасы 15 С-тан төмен болып, желдiң күшi 5 балдан (8,5 м/с) асса сүңгуiр майнаның үстiнде орнатылған жылы бөлмеден су астына түседi.
276. Сүңгуiрлер мұздың астына түсу үшiн 2:2 м-ден кем емес майна ойылып мұздан тазартылады.
Майна барлық периметрi бойынша ағаш төсеммен төселедi және қоршаумен қоршалады.
277. Ауаның жағымсыз температурасы кезiнде сүңгуiр жұмыстары орындалған уақытта клапандар, шлангтер және басқа да ауа тартатын қондырғыларды жылу оқшаулайтын материалдарды қолданып қатып қалудан сақтау қажет.
Су астына түсетiн жабдықтардың қатып қалған элементтерiн ыстық сумен жылыту қажет.
Осы мақсатта ашық отты пайдалануға, сондай-ақ мұзды оюға тыйым салынады.
278. Су астында электрмен дәнекерлеу жұмыстарына тиiстi бiлiм алған, бiлiктiлiк куәлiктерi бар, осы жұмыстарға кәсiпорын бұйрығымен жiберiлген сүңгуiрлер жiберiледi.
279. Электрмен дәнекерлеу жұмыстарын орындайтын сүңгуiрлермен байланыс жасау және өлшеу құралдарының көрсеткiштерiн бақылау үшiн сүңгуiр тағайындалады. Ол жұмысты орындайтын сүңгуiрдiң бұйрығымен дәнекерлеу тiзбегiн қосады және оны ажыратады.
280. Су астында электрмен дәнекерлеу жұмыстарын орындау үшiн тұрақты (түзетiлген) тоқ қолданылады.
281. Су астында дәнекерлейтiн барлық жабдықтар жерлестiрiлуi, ал электрод ұстағыш сүңгуiрдің киiмiнің тоқ өткiзетiн бөлiктерi мен металл бөлiктерi оқшаулануға тиiс.
282. Дәнекерлеушi сүңгуiрмен тұрақты екi жақты байланыс болмаса су астында электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзуге тыйым салынады.
5. Гидромеханикалық жабдықтарға қызмет көрсету
1. Гидроагрегаттар мен қосалқы жабдықтар
283. Турбинаның су өткiзу жолдарындағы қақпақтарды, турбиналардың серiппелi камераларына, жұмыс доңғалағының камераларына және соратын турбиналарға апаратын қақпақтарды ашу қысымды түсiргеннен кейiн және камералар мен турбинаның су өткiзетiн жолдарында қысымның болмауын тексергеннен кейiн жүргiзiлуге тиiс.
284. Ағынды бөлiктiң қотару қондырғыларының өнiмдiлiгi қақпақтың нығыздығы бұзылған кезде судың ағуын толық тоқтатуды қамтамасыз етуi тиiс.
285. Бағыттаушы аппараттарының күрекшелерi мен турбинаның жұмыс доңғалағының қалақтары арнайы төсеме тақтайларда тұрып қаралуы және жөнделуi тиiс.
286. Жұмыс доңғалағының астына саты ағаштарын орналастырған кезде немесе оларды алған кезде, сондай-ақ жұмыс доңғалағының қалағын жөндеген кезде қызметкерлер сақтандырғыш белдiктi пайдалануы тиiс.
287. Турбиналардың су ағатын бөлiгiн (жұмыс доңғалағы, серіппелi камералар, соратын құбырлар) жөндеген кезде желдету немесе қажет жағдайда ауаны жылыту қамтамасыз етiлуi тиiс.
288. Турбинаның су ағатын бөлiгiн жөндеген кезде жұмыс орындарын жарықтандыру осы Ережелердің 41-бабының және РД 34.03.204. талаптарына сәйкес орындалуы мiндеттi.
289. Жұмыс iстеп тұрған гидроагрегаттарды қарау кезiнде бағыттаушы аппараттардың иiндерi арасындағы сырғаларға, сервомоторлардың штоктарына және тетiктердің жылжымалы бөлшектерiне тұруға тыйым салынады.
290. Жұмыс iстеп тұрған су құбырларының бекiтiлетiн фланецтi жалғауларын бекiту оларда 0,5 МП-дан аспайтын қысым кезiнде ғана рұқсат етiледi.
2. Гидротехникалық құрылыстардың
механикалық жабдықтары
291. Залдардың, шкивтi берiлiс белдiктердiң және берiлiс тетiктердiң (тиiстi доңғалақтар, тiзбектi берiлiстер, фрикциялық дискiлер, муфталар және т.б.) адамдар жанасу мүмкiндiгi бар жерлерi осы Ережелердiң 2.2.1-бабының талаптарына сайкес қоршалуға тиiс.
292. Қалқанды бөлiктердiң ашық ойықтары осы Ережелердiң 21-бабының талаптарына сәйкес периметрмен қоршалуға тиiс.
293. Бекiтпе тетiктерiнде, тетiк қол жетегiмен жұмыс iстегенде, сондай-ақ тетiк тоқтап қалғанда, бекiтпенiң соңғы қалыбында электр жетегiн ажыратуын қамтамасыз ететiн сақтандырғыш қондырғылар болуға тиiс.
294. Бекiтпе қапсырмаларымен ұсталмаса, не нық бекiтiлмесе, қызметкерлерге бекiтпе элементтерiнде болуға рұқсат етiлмейдi.
Айрықшылық ретiнде қызметкерлердiң қажырмаларға орнату үшiн бекiтпелерге қысқа уақыт болуына жол берiледi. Бұл жұмысты орындағанда, сақтандырғыш қажет жағдайда қорғаныш белдiктердi пайдалану талап етiледi.
Бекiтпенiң ригелiне кран көтеретiн бесiкпен шығу керек.
295. Бекiтпеге қатысты операцияларға қатыспайтын адамдарға бекiтпе мен оның тетiктерi жұмыс iстеп тұрған жерде болуға тиым салынады. Бекiтпелер үстiндегi аспалы құрылғылардан жұмыс өндiруге тыйым салынады.
6. Жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін ұйымдастыру шаралары
1. Жалпы ережелер
Гидромеханикалық жабдықтар мен гидротехникалық құрылыстарда жұмыстар орындаған кезде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн мына ұйымдастыру шаралары орындалуы тиiс:
Наряд, өкiмдер беру;
жұмысқа кiрiсуге рұқсат беру;
басқа жұмыс орнына ауыстыру;
жұмыстағы үзiлiстердi ресiмдеу;
жұмыстың аяқталуын ресiмдеу;
Жабдықтар мен құрылыстардағы жұмыстар жұмыстарды орындаушыны қосқанда құрамы екi адамнан кем емес бригада орындауға тиiс.
Сүңгуiр жұмыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн шаралардың көлемi осы Ережелердiң 4-тарауының 4-параграфында айтылған.
2. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу үшiн жауапты адамдар
296. Нарядтар мен өкiмдер бойынша жұмыс кезiнде қауiпсiздiктi ұйымдастыру үшiн мына адамдар жауапты:
нарядты (өкiмдер берушi);
жұмыстардың басшысы;
жұмыстарды өндiрушi;
байқаушы;
жұмысқа жiберушi;
бригада мүшелерi.
297. Наряд берушi (өкiм берушi) жұмыстарды қауiпсiз орындаудың мүмкiндiгiн белгiлейдi, жұмыс басшысы, жұмыстарды орындаушыны тағайындайды және нарядта көрсетiлген қауiпсiздiк шараларының нақтылығы, өкiмдер бойынша орындалатын жұмыстардың орындаушылары, нарядтар бойынша тағайындалған жауапты адамдардың құрамдық сапасы үшiн жауап бередi.
298. Нарядтарды (өкiмдердi) беру құқығы жөнделетiн объектiлердi басқаратын цехтың әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiне берiледi. Осындай құқық жөндеу (реттеу, монтаждау) кәсiпорынының қызметкерлерiне берiлуi мүмкiн.
Шұғыл орындалатын жұмыстарда наряд беру құқығы бар адамдар болмаған жағдайда, нарядты, егер олар осы наряд бойынша жұмысқа жiберушiлер болмаса, электростанцияның жедел қызметкерлерi бере алады.
299. Жұмыстардың басшысы наряд бойынша бригада құрамын анықтай отырып, бригада мүшелерiнiң бiлiктiлiк деңгейi үшiн жауап бередi.
Жұмыстардың басшысы жұмысқа жiберушіден жұмыс орнын қабылдай отырып, нарядта көрсетiлген қауiпсiздiктің барлық шараларының орындалуы мен олардың жеткілілiктiгi үшiн жауап бередi.
Жұмыстардың басшысы жұмысты орындаушылармен және бригада мүшелерiмен өткiзiлетiн нұсқаудың сапасы үшiн жауапты.
Тұрақты қадағалауды жүзеге асыра отырып, жұмыстардың басшысы жұмыстардың жұмыс iстеп тұрған жабдықтармен басқа да қауiптi өндiрiстiк факторлары жағынан қауiпсiздiк үшiн жауапты.
300. Жұмыстар наряд бойынша орындалса, жұмыстардың басшысы тағайындалуға мiндеттi.
301. Нарядтар бойынша орындалатын жұмыстардың басшылары болып электр станциялары мен мердiгерлiк ұйымдардың осы үшiн жеткiлiктi бiлiктiлiгi бар цех (учаске) мамандары тағайындалады.
302. Жұмыстарды орындаушы жұмысқа жiберушiден жұмыс орнын қабылдай отырып, нарядта көрсетiлген қауiпсiздiктiң барлық шараларының орындалуы үшiн жауапты.
Жұмыстарды өндiрушi өзiнің және бригада мүшелерiнiң қауiпсiздiк ережелерiн, еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқауларды, жұмыс өндiрiсiнiң жобасында белгiленген қауiпсiздiк талаптарын орындауы үшiн, бригада мүшелерiмен өткiзiлетiн нұсқаулардың айқындылығы мен жеткiлiктiлiгi үшiн, аспаптар мен қорғаныс құралдарының және такелаждық құрылғылардың болуы үшiн, жұмыс орнында орнатылған қоршаулардың, қауiпсiздiк белгiлердiң, жабатын қондырғылардың сақталуы үшiн жауапты.
303. Нарядтар мен өкiмдер бойынша жұмыстарды орындаушы болып электр станциялары мен мердiгерлiк ұйымдардың цех (учаске) мамандары тағайындалады. Жұмыстардың орындаушысы болып бiлiктiлiгi 4-разрядтан төмен емес жұмысшылар тағайындалуы тиiс.
304. Байқаушы құрылыс жұмысшылары, жұмысшылар, такелажшылар бригадалары, гидроқұрылыстар мен механикалық жабдықтарға қызмет көрсетуге рұқсаты жоқ басқа да қызметкерлерге, бригада жұмыс iстеп тұрған құрылыстар мен жабдық маңында жұмыстар орындаған кезде тағайындалады.
Байқаушы жұмысқа жiберушiден жұмыс орнын қабылдай отырып, нарядта көзделген қауiпсiздiктiң барлық шараларының орындалуы, жұмыс орнында орнатылған қоршаулардың, плакаттар мен қауiпсiздiк белгiлерi, жабатын қондырғылардың сақталуы үшiн, жұмысшылардың жұмыс iстеп тұрған қондырғылар жағынан қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауап бередi.
Байқаушының қадағалау жасауымен қатар қандай бiр басқа жұмыстар орындауына тыйым салынады.
Жұмыстар технологиясымен байланысты қауiпсiздiгi үшiн жауапкершiлiк бригаданы басқаратын қызметкерге жүктеледi, ол қызметкер жұмыс орнында тұрақты болуға тиiс.
305. Байқаушы наряд бойынша жұмыс орындауға құқығы бар адамдардың қатарынан тағайындалады.
306. Әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлердің және жедел қызметкерлерге нарядтар (өкiмдер) беруге өкiлеттi адамдардың, жұмысшылардың басшылары мен орындаушылары болуға құқығы бар адамдардың тiзiмдерiн электр станциясының бас техникалық басшысы бекiтедi, және олар жедел қызметкерлердiң жұмыс орнында болады.
Мердiгерлiк ұйым адамдардың осындай тiзiмдерiн осы ұйымның басшылары бекiтедi және электр станциясының бас техникалық басшысының рұқсатымен жедел қызметкерлер оны басшылыққа алады (осы Ережелердiң 8-тарауының 376, 377-баптарын қара).
307. Жұмысқа жiберушi қабылданған қауiпсiздiк шараларының жеткiлiктiлiгi, жұмысқа жiберетiн рұқсаттың және жұмыс басшысымен және орындаушымен (байқаушымен) өткiзiлген нұсқаудың дұрыс орындалуына, жұмыс аяғында бригададан жұмыс орнын сапалы қабылдау үшiн жауап бередi.
308. Әдетте жұмысқа жiберушi болып жабдықтар мен құрылыстарға қызмет көрсетудi жүзеге асыратын жедел қызметкерлер санынан тағайындалады.
Жедел қызметкерлер болмайтын объектiлерде, жұмыс орнын дайындауды, жұмысқа жiберудi және жұмыс iстеушiлерге байқауды иелiгiнде жабдықтар мен құрылыстарды басқаратын цехтың (учаскенiң) әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерi жүзеге асырады.
Аталған құқықтар электр станциясының бас техникалық басшысының өкiмдiк құжатымен беріледi.
309. Бригада мүшелерi өздерiнiң еңбектi қорғау және Ережелердiң талаптарын сақтау үшiн, жұмысқа жiберiлер алдындағы және жұмыс кезiндегi нұсқаулардың орындалуы үшiн, сондай-ақ қорғаныс құралдары мен арнайы киiмнiң дұрыс қолдануы және қолданылатын аспаптар мен құралдардың түзiктiгi үшiн жауапты.
310. Жұмыстарды қауiпсiз орындау үшiн жауаптыларға, егер екi қызметтi қатарынан орындайтын адам уақытша болмайтын адамның мiндеттерiн орындауға құқығы болса, оған екi адамның мiндеттерiн қатар орындауға жол берiледi.
Жұмыстар орындалған кезде мына екi қызметтi қатар орындауға жол берiледi:
наряд берушi мен жұмысты орындаушының;
жедел қызметкерлер болмайтын қондырғыларда наряд берушi мен жұмысқа жiберушiнiң;
егер адам басқа нарядтар бойынша қауiпсiздiк үшiн жауаптылардың мiндеттерiн бiр уақытта орындамаса, жұмыс басшысы мен жұмыс өндiрушiсiнiң.
3. Нарядтарды, өкiмдердi ресiмдеу
311. Электр станциялардың гидротехникалық құрылыстары мен гидромеханикалық жабдықтарындағы жөндеу және дайындық жұмыстары нарядтар мен өкiмдер бойынша жүргiзiледi.
Алдын-ала сипатындағы бiрқатар жұмыстарды (май құю, тетiктердi резервке қою және алу, қондырғыларды сынау) жедел қызметкерлер ауысым iшiнде нарядсыз және өкiмсiз орындайды. Бұл жұмыстардың тiзбесi жергiлiктi нұсқауларда аталуы тиiс.
312. Нарядтар жұмысты орындауға берiлетiн тапсырма, оның сипаты, уақыты мен орны қажеттi қауiпсiздiк шаралары, бригаданың құрамы мен жұмысты қауiпсiз орындау үшiн жауапты адамдардың құрамы анықталады.
Наряд арнайы бланкте жасалады. Наряд бланкiсiнiң нысаны осы Ережелердiң 7-қосымшасында көрсетiлген.
313. Өкiм - жұмысты қауiпсiз орындау үшiн берілетiн ауызша тапсырма, онда жұмыстың сипаты, уақыты, орны, қауiпсiздiк шаралары егер олар қажет болса және жұмысты орындау жүктелген адамдар белгiленедi.
314. Нарядтар бойынша негiзгi жабдықтар мен гидроқұрылыстарда орындалатын, жұмыс iстеушiлердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi техникалық шараларды орындауды қажет ететiн, сондай-ақ от пен орындалатын және үлкен қауiппен байланысты жұмыстар орындалады.
Нарядтар бойынша мына жұмыстар орындалуға тиiс:
Гидротехникалық құрылыстарды жөндеу;
Гидротурбиналар мен генераторлардың механикалық бөлiктерiн жөндеу;
Гидроагрегаттардың қосалқы жабдықтарын, жылдамдық реттегiштердi, май қысу қондырғыларын, майлау жүйелерiн, компрессорларды және т.б. жөндеу;
Жүк көтеретiн крандар мен крандар жүретiн жолдарды жөндеу;
Турбина камераларындағы, соратын құбырлардағы, бактерде, құдықтарда, серiппелi камераларда, потерндерде, қысымды құбырларда, теңестiру резервуарларында, туннелдерде, су тастайтын галереяларда орындалатын жұмыстар;
Су астындағы жұмыстар;
Жүзу құралдарынан орындалатын жұмыстар;
қақпақтарды, торларды және құрылыстардың қысымды қырларын мұздан тазарту жонiндегi жұмыстар;
су қоймасының арнасын жуу;
жабу жұмыстары;
саты ағаштарды жинау, бөлшектеу;
коррозияға қарсы және гидрооқшаулағыш жұмыстар;
жұмыс iстеп тұрған жабдықтардың маңында және өндiрiстiк бөлмелерде орындалатын от жұмыстары;
газ жиналу қаупi бар жерлердегi жұмыстар;
су асты коммуникациялар аймақтарындағы жер жұмыстары.
Жергiлiктi жағдайларды есепке алып, электр станциясының бас техникалық басшысы бұл тiзбенi толықтыра алады.
315. Нарядтар бойынша орындалатын жұмыстар тiзбесiне енбеген жұмыстарды ауызша өкiмдер бойынша орындауға жол берiледi.
316. Наряд екi данада жазылады (екi данадағы да жазулар анық болуы тиiс, түзетулер енгiзуге, сызуға жол берiлмейдi).
317. Нарядтарды нөмiрлеу тәртiбiн кәсiпорынның техникалық басшысы белгiлейдi.
318. Наряд жолма-жол мәтiнге сәйкес толтырылады.
319. Жұмыстардың басшысына бiруақытта берiлетiн нарядтар санын нарядты берушi белгiлейдi.
320. Наряд әдетте бiр жұмыс орнына берiледi. Нарядты бiр гидроагрегаттың немесе гидроқұрылыстың бiрнеше жұмыс орнына мына шарттарды орындап беруге болады:
барлық жұмыс орындары алдын-ала даярланып, оларды жұмыс басшысы мен жұмысты орындаушы (байқаушы) бiр уақытта қабылдап алады;
бригада бiр жұмыс орнына жiберiледi;
бригаданы басқа жұмыс орнына ауыстыруды жұмысқа жiберушi жүзеге асырады және нарядтың тиiстi кестесiнде ресiмдейдi.
Бiрнеше жұмыс орнында жұмыс орындау үшiн бригаданы бөлу қажет болса, нарядтың "Ерекше белгiлер" деген бөлiгiнде тиiстi жазу жазылады.
321. Егер нарядта қауiпсiздiктiң барлық шараларын жазу үшiн орын жетпесе, нарядқа берген адамның қолы қойылып, жұмыс өндiрiсi жағдайларының тiзбесi жалғастырылған жеке бет қоса тiркеледi, нарядтың "Қауiпсiз жағдайларды қамтамасыз ету үшiн қажет" бөлiгiнде ол туралы жазу жазылады.
322. Қажет жағдайда наряд берушi нарядтың "Ерекше шарттарының бөлiгiнде қауiпсiздiктің қосымша шараларын мысалы, барлық жұмыстардың немесе оның бөлiгiнiң жұмыс басшысының тiкелей қадағалауы мен орындалатыны туралы, арнайы қоршаулар орнату туралы, қорғаныстың арнайы құралдарын қолдану, жүк көтеретiн тетiктердi пайдалану туралы жазады.
323. Нарядты қолданудың мерзiмiн нарядты берушi белгiлейдi, бiрақ ол мерзiм өтiнiште көрсетiлген жабдықты (құрылысты) жөндеу мерзiмiнен аспауға тиiс.
Егер нарядтың қолдану мерзiмi асып кетсе, ал жөндеу аяқталмаса, нарядтың қолданылу мерзiмi бiр ретке ұзартыла алады.
Мерзiмдi ұзарту нарядты берген адамның қолы қойылып, нарядтың тиiстi жолында ресiмделедi, ал нарядты берген адам болмаған жағдайда оның мерзiмiн осы жабдықтың (құрылыстың) жөндеуiне наряд беруге құқығы бар адам ұзартады.
324. Жоспарлы жөндеу жұмыстары орындалған кезде, нарядтың екi данасы жұмыстар өндiрiсi басталарға дейiн жедел қызметкерлерге берiледi. Ойламаған жағдайларда наряд жұмыс өндiрiсi күнi беруге рұқсат етiледi. Нарядты алғанда жедел кызметкерлер нарядтың мәтiнiне күмән келтiрсе, олар нарядты берген адамнан немесе жұмыс басшысынан түсiнiк алуға мiндеттi.
Дұрыс ресiмделмеген наряд бойынша жұмысқа кiрiсуге рұқсат етiлмейдi.
325. Өкiмдер жедел қызметкерлерге жұмыс орындалатын күнi берiледi. Өкiмдер тiкелей немесе байланыс құралдары арқылы берiле алады.
Өкiм бiр реттiк болады, оны қолдану мерзiмi жұмысты орындаушылардың жұмыс күнiнiң ұзақтылығымен анықталады.
Жұмысты жалғастыру қажет болған жағдайда өкiм қайтадан берiлiп ресiмделуге тиiс.
326. Бригада құрамына тәжiрибеден өтушiлер мен оқушыларды, сондай-ақ практикалық оқудан өтушi жаңадан қабылданған қызметкерлердi, қауiпсiздiк техникасының Ережелерiн бiлуiн тексермей, бригаданың бiр негiзгi мүшесiне бiр бiлiктi емес қызметкер анықталатын есептен кiргiзуге жол берiледi.
Тәжiрибеден өтушiлер мен оқушылар бiлiктi қызметкерлерге жеке бекiтiледi. Бригада құрамына кiргiзiлген бiлiктi емес қызметкерлердiң қауiпсiздiгi үшiн аталған қызметкерлер бекiтiлiп бригада мүшелерi мен жұмысты орындаушы жауап бередi, бұл туралы нарядтың "Бригада құрамы" жолында жазылуға тиiс.
327. Бригаданың жалпы саны жұмыс басшысы мен жұмысты орындаушы жағынан жұмысшыларға қадағалауды жүзеге асыру мүмкiндiгiмен шектеледi.
Бригада саны көп болып, оның мүшелерiнiң тiзбесi "Бригада құрамы" бөлiмiнiң жолдарына симаса, жұмысшылардың тегi, аты, әкесiнің аты көрсетiлген тiзiм нарядқа қоса тiркеледi. Бұл тiзiмге жұмыс басшысы қол қояды және ол нарядтың ажырамас бөлiгi болып табылады. Бұл жағдайда "Бригада құрамы" бөлiгiнде бригаданың саны көрсетiлiп, бригада мүшелерiнiң қоса тiркелген тiзiмi туралы жазу жазылады.
328. Бригада құрамындағы өзгерiс, нарядтың екi данасының тиiстi кестесiнде жұмыстардың басшысы ресiмдейдi.
Бригада саны көп болып, құрамындағы өзгерiс туралы жазу кестеге симаса, нарядқа өзгертулер аталып жеке бет қоса тiркеледi және кестеде осы қосымшаның барлығы жөнiнде жазу жазылады.
Бригада мүшелерiнің құрамындағы өзгерiс туралы нұсқау байланыс құралдары немесе шабарман арқылы берiле алады, бригаданың жаңа мүшелерiмен нұсқауды бұл жағдайда жұмыстарға жiберушi және жұмыстарды орындаушы (бақылаушы) өткiзедi.
Егер бригада құрамының 50 %-тен астамы өзгертiлсе, наряд жаңадан жазылады.
329. Жұмыстар аяқталғаннан кейiн наряд жұмыс басшысының, жұмысты орындаушының (бақылаушының) және жұмысқа жiберушiнiң қолымен жабылады.
330. Жабылған нарядтар жұмыстар аяқталғаннан кейiн 30 күн бойы сақталып, содан кейiн жойылуы мүмкiн.
331. Нарядтарды ресiмдеудiң дұрыстығын бақылауды, нарядты беретiн адамдар, қауіпсiздiк техникасы мен еңбектi қорғау жөнiндегi инженер-инспектор және осыған өкiлеттi адамдар жасайды.
332. Нарядтар мен өкiмдер бойынша орындалатын жұмыстардың есебi мен тiркеуi осы жұмыстар журналында жүргiзiледi. Журналдың нысаны осы Ережелердiң 9- қосымшасында келтiрiлген. Журнал жедел қызметкерлердiң жұмыс орнында сақталады.
Наряд бойынша орындалатын жұмыстарда бастапқы жұмысқа жiберу және оның толық аяқталуы тiркеледi.
Бұдан басқа бастапқы және күнделiктi жұмысқа жiберулер сондай-ақ жұмыстардың аяқталуы жедел журналдағы жазумен ресiмделiп мұның өзiнде тек нарядтың нөмiрi мен жұмыс орны көрсетiледi.
4. Бригаданы жұмысқа жiберу
333. Электр станциясының ауысым бастығы цехтардың (учаскелердiң) жедел қызметкерлерiнiң жауапты адамдарынан нарядта көзделген қауiпсiздiктің барлық шаралары орындалғаны жөнiнде хабар алғаннан кейiн бригаданы жiберуге рұқсат бередi.
334. Жұмысқа жiберу кезiнде жұмыстардың басшысы мен жұмыстарды орындаушы (бақылаушы) жiберушiмен бiрлесе отырып, нарядта көрсетiлген жұмыс орнын дайындау жөнiндегi қажеттi шаралардың орындалуын және олардың жеткiлiктiлiгiн тексередi.
335. Жұмысқа жiберушi жұмыстардың басшысымен және орындаушымен (бақылаушымен) нұсқау өткiзуге, оның барысында ол жөнделетiн агрегаттың (құрылыстың) және көршiлес учаскелердiң қандай жабдығы (элементтерi) қысым немесе кернеу астында екенiн, сондай-ақ өртену қаупi, жарылу қаупi бар екенiн көрсетедi, содан кейiн рұқсат бередi.
Жұмысқа рұқсат беру алдында жұмысқа жiберiлетiн адамдарда бiлiктiлiк куәлiгiнiң болуын тексередi. Куәлiк болмаса немесе еңбектi қорғау бiлiмдерiн кезектi тексеру мерзiмi асып кетсе, жұмысқа кiрiсуге рұқсат берiлмейдi.
Қорытындысында жұмысқа жiберушi жұмыс орнына "Жұмыс орның" деген плакат iледi.
336. Жұмыс орындарының дайындығын тексеру және жұмысқа кiрiсуге рұқсат беру, жұмысқа жiберушілердiң, жұмыс басшысының және жұмысты орындаушысының қолдарымен нарядтың тиiстi жолдарында ресiмделедi.
Наряд бойынша бастапқы жұмысқа кiрiсуге рұқсат беру, жұмыс орны көрсетіліп күнделiктi рұқсат беру кестесiнде ресiмделедi.
Нарядтың бiр данасы жұмысты орындаушыға берiледi, ал екiншiсi жұмысқа жiберушіде қалады және цехтың (учаскенiң) қолданыстағы нарядтар папкасында сақталады.
337. Жұмыс басшысы бригада мүшелерiнде бiлiктiлiк куәлiктерiнiң барлығын тексередi, бригадаға нұсқаулар бередi және оны жұмысқа жiбередi.
Егер бригада құрамындағы қызметкерлердiң куәлiгi жоқтығы анықталса немесе бiлiм тексерудiң кезектi мерзiмi асып кетсе, ол қызметкер бригада құрамынан шығарылады.
338. Осыдан кейiн жұмыстарды орындаушы тiкелей жұмыс орнында бригада мүшелерiне жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу тәсiлдерiн, олардың технологиясын қоса, құралдардың, аспаптардың, тетiктердiң, жүк көтеретiн машиналардың және т.б. жұмыстардың өзiндiк ерекшелiктерiне сәйкес нұсқаулар бередi.
Өткiзiлген нұсқаулар туралы нарядтың тиiстi тарауларында жазылады.
339. Бастапқы рұқсат нарядта көрсетiлген мерзiмде берiлуi тиiс. Рұқсаттың 24 сағаттан артық кешiктiрiлiп берілуiне ерекшелiк ретiнде авариялық жағдайға байланысты объектiнiң жөндеуге шығарылуы кешiктiрiлгенде ғана жол берiледi. Басқа жағдайларда нарядты қайтара жазу қажет.
340. Гидромеханикалық жабдықпен байланысты немесе гидроқұрылыстарда және ГТС бөлмелерiнде орналасқан (электр двигательдерi, қалқандар, жинақтау, электр тораптар және т.б.) басқа құрылымдарды жөндейтiн жұмыс орнын дайындау, қауіпсiздiктiң қажеттi шараларын орындау және жабдықтарды жөндеу жөнiндегi жұмысқа рұқсат беру турбина (гидротехникалық) цехының (учаскесiнiң) жедел қызметкерлерiнiң жауапты адамының рұқсатымен жүзеге асырылады, мұндай рұқсат күнделiктi берiледi және жедел журналда ресiмделедi.
341. Жедел қызметкерлер жұмыстар басшысы мен жұмыстарды орындаушының рұқсатынсыз жөнделетiн объектiнің схемасына қауiпсiздiк шараларына қатысты жұмыс өндiрiсi жағдайларына ықпал ететiн өзгерiстер енгiзуге құқығы жоқ.
5. Жұмыс уақытындағы қадағалау
342. Жұмысқа кiрiсуге рұқсат берiлген сәттен бастап бригаданың қауiпсiздiк техникасы ережелерiн сақталуы үшiн жауапкершiлiк жұмыстарды орындаушыға (байқаушыға) жүктеледi. Жұмыстарды орындаушы өз жұмысын, ал байқаушы қадағалауды бригада мүшелерiнiң қауiпсiздiгi қатысында бақылауды қамтамасыз ететiндей ұйымдастыруға тиiс.
343. Жұмыстарды орындаушы (байқаушы) жұмыс орнында тұрақты болуға тиiс.
Жұмысшы (байқаушы) жұмыс орнынан уақытша кетуi қажет болса, оны осы уақытта жұмыс басшысы алмастыра алмаса, бригаданың жұмысын тоқтатып, оны қауiпсiз аймаққа шығаруға тиiс.
Бригада мүшелерi жұмыс орнынан жұмысты орындаушының (байқаушының) рұқсатымен ғана уақытша кете алады, ол бригада мүшелерi қайта келгенше немесе олардың кеткен орны белгiлi болғанша және олардың бригададан кеткенi туралы ескертпей, бригадамен жұмыс орнынан кете алмайды.
Қайтып келген бригада мүшелерi жұмысқа тек жұмысты орындаушының (байқаушының) рұқсатымен ғана кiрiсе алады.
344. Жұмыс басшысы мен электр станциясының жедел қызметкерлерi жұмыс iстеушiлердiң қауiпсiздiк ережелерiнiң талаптарын сақтауын кезең-кезеңмен тексерiп тұруы тиiс. Өрескел бұзушылықтар бары анықталған жағдайда, жұмысты орындаушыдан наряд алынады және бригада жұмыстан шығарылады. Жұмысқа кiрiсу үшiн екiншi қайтара рұқсат цех (учаске) бастығының немесе наряд берушiнiң рұқсатымен ғана берiледi, бұл жағдайда бастапқы рұқсаттың барлық талаптары орындалып, наряд тиiстi түрде ресiмделедi, сондай-ақ бригада мүшелерiмен қауiпсiздiк техникасы жөнiнде кезектен тыс нұсқау өткiзiлiп жедел журналда екiншi қайтара берiлген рұқсаттың себептерi жазылады.
6. Бригаданы басқа орынға ауыстыру
345. Осы Ережелердiң 320-бабына сәйкес бiрнеше жұмыс орындарына наряд берiлген кезде жұмысқа жiберушi бригаданы бiр жұмыс орнынан басқа жұмыс орнына ауыстыру жүзеге асырады.
346. Бригаданы басқа жұмыс орнына ауыстыру нарядтың тиiстi кестесiнде ресiмделуге тиiс.
347. Өкiм бойынша орындалатын жұмыстар кезiнде басқа жұмыс орнына ауыстыруды ресiмдеу талап етiлмейдi.
7. Жұмыстағы үзiлiстер
348. Жұмыс күнi iшiндегi жұмыстағы үзiлiстер (түскi тамаққа, жұмыс жағдайы бойынша) бригада жұмыс орнынан кетедi және наряд жұмыстарды орындаушыда қалады.
Бригаданың бiрде-бiр мүшесi осындай үзiлiстен кейiн өз бетiмен жұмысқа кiрiсуге құқығы жоқ, үзiлiстен кейiн өз бригаданы нарядта ресiмделмей жұмысты орындаушы өзi жұмысқа кiргiзудi жүзеге асырады.
349. Егер бригада жұмыс орнында болмаған кезде, жөнделiп жатқан объектіні iске қосу немесе оның схемасын өзгерту жөнiнде авариялық қажеттiлiк туса, бұл операция цех басшысының (учаске) немесе станциясының ауысым басшысының рұқсатымен жұмыстардың басшысы мен жұмыстарды орындаушысын алдағы өзгертулер туралы хабардар еткеннен кейiн ғана орындала алады.
Жұмысты орындаушы мен бригада мүшелерi келгенге дейiн өндiрiс орнында бригаданы жұмысты жалғастыруға жiбермеуге мiндеттi адамдар қойылады.
350. Жөндеу толық аяқталғанан кейiн жабдықты жұмыста сынау үшiн қосу бригада жұмыс орнынан кетiп, жұмысты орындаушы нарядты жедел қызметкерлерге күнделiктi рұқсат беру кестесiнде жұмыстың аяқталғанын ресiмдеп берiп, уақытша қоршаулар, жабылатын қондырғылар қауiпсiздiк плакаттары алынғаннан кейiн жүргiзiле алады.
Сынау үшiн қосқаннан кейiн жұмыс орны қайтадан дайындалып, бригадаға жұмысқа кiрiсу үшiн рұқсат қайтадан берiледi. Бұл жағдайда жұмыстардың басшысы нарядтағы күнделiктi рұқсат беру кестесiнiң жұмыс орындаушысы қол қоятын бағанында қол қояды.
351. Жөнделiп жатқан объектiлердiң жеке элементтерiн (тораптарын) сынау электр станциясының бас техникалық басшысы бекiткен бағдарлама бойынша жүргiзуге тиiс. Бағдарламада сынақ өткiзудiң технологиялық тәртiбi, сынақ кезiнде жұмысты тоқтатуға тиiс бригадалардың және осы объектiмен көршiлес учаскелерде жұмысты жалғастыруға рұқсат етiлген бригадалардың тiзбесi болуға тиiс.
Сынақ цехтың ауысым бастығы мен наряд бойынша жұмыс басшысының тiкелей басшылығымен, станцияның ауысым бастығының рұқсатымен жүргiзiледi.
Сыналатын элементтегi (тораптағы) жұмыстар тоқтатылып, жұмыс бригадалар жұмыс орнынан кетiрiледi, нарядтар тиiстi түрде ресiмделiп жұмысқа берушiге тапсырылады.
Аталған тәртiп бағыттаушы аппаратты жылжыту және жұмыс доңғалағының қалақтарын бұрау, сондай-ақ жөндеуде тұрған гидроагрегат роторын айналдыру жөнiндегi операцияларға да таратылады.
352. Электр жетегi бар айналмалы тетiктердi балансировкалау және жабдықтарды жиi қосу мен ажыратуға байланысты қажеттi шараларды дайындап, нарядта үзiлiстердi ресiмдемей орындауға рұқсат етiледi.
Сыналатын тетiктің жұмыс кезеңiнде наряд жұмысқа жiберушiге тапсырылады.
Жұмыстар жұмыс басшысының тiкелей бақылауымен орындалуға тиiс оның талабы бойынша электр станциясының ауысым бастығы арқылы электр цехының қызметкерлерi тетiк жетегiнiң электр схемасын бөлшектеп жинауға тиiс. Осы тетiктерге қызмет көрсететiн жедел қызметкерлер тетiктердi қосып ажыратуды жүзеге асырады.
353. Жұмыс күнiнiң аяғында жұмыс орны жиналады, плакаттар, қоршаулар мен жабылатын қондырғылар орындарында қалады. Наряд жұмысқа жiберушiге тапсырылады.
354. Күнделiктi жұмысқа кiрiсу рұқсаты мен жұмыстың аяқталуы нарядтың екi данасында жұмыстың күнi, уақыты, басы мен соңы көрсетiлiп, жұмысқа жiберушi мен жұмысты орындаушының қолдарымен ресiмделедi.
355. Келесi күнi жұмысқа жiберушi мен жұмысты орындаушы (бақылаушы) жұмыс орнын қарап қауiпсiздiк шараларының орындалуын тексергеннен кейiн және нарядтың (бiр данасын) жұмысты орындаушы (бақылаушы) алғаннан кейiн жұмыс жалғастырылады.
8. Жұмысты аяқтау
Нарядты жабу
356. Жұмыстар толық аяқталғаннан кейiн бригада жұмыс орнын жинайды, жұмыстарды орындаушы (байқаушы) бригаданы шығарып, жұмысқа жiберушiмен күнделiктi рұқсат кестесiнде жұмыстың аяғын ресiмдеп, нарядты жұмыстардың басшысына тапсырады.
357. Жұмыстардың басшысы жұмыс толық аяқталғаннан кейiн жұмыс өндiрушiсiнен жұмыс орнын қабылдап ала отырып, оның орындалуының жеткiлiктiлiгi мен сапасын, бөгде заттардың болмауын және жұмыс орнының тазалығын тексередi. Жұмыстардың басшысы турбина камераларында, соратын құбырлар мен су түбiндегi су тастағыштардағы жөндеу өткiзiлгеннен кейiн агрегаттың iшiн мұқият қарап, онда адамдардың, материалдардың, аспаптардың, құралдардың болмауына көз жеткiзуге тиiс.
358. Жұмыс орнын тексергеннен кейiн жұмыс басшысымен жұмыстарды орындаушы (бақылаушы) уақыты мен күндi көрсетiп нарядтың "Жұмыс толықтай аяқталды" деген жолына қол қояды.
359. Жұмысқа жiберушi бригададан жұмыс орнын қабылдап алып, адамдардың және бөгде заттардың болмауына көз жеткiзiп, жұмыстың орындалу күнi мен уақытын көрсетiп нарядқа қол қойып жабады.
360. Жабық (құрылыс) наряд жабылып, сондай-ақ уақытша қоршаулар, жылжымалы плакаттар, жабылатын қондырғылар алынып, тұрақты қоршаулар орнына қойылғаннан кейiн жұмысқа (резервке) қосыла алады. Жөндеуден кейiн гидроагрегатты iске қосу барлық қақпақтар, дренаждық қондырғылар жабылғаннан кейiн ғана рұқсат етiледi. Бұрылатын қалақ турбиналардың су өтетiн бөлiгiн толтырмас бұрын бағыттаушы аппарат жабылып тоқтауға, жұмыс доңғалағының қақпақтары жабылуға (жиналуға) тиiс.
7. Жұмыс қауіпсіздігінің қамтамасыз
ететін техникалық шаралар
1. Жалпы ережелер
Гидротехникалық құрылыстар мен гидротехникалық жабдықтардағы жөндеу жұмыстары кезiнде жұмыс iстеушiлердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн техникалық шаралар орындалуға тиiс. Олардың құрамына мына шаралар енедi:
Су, май, қысымды ауа және т.б. түсуді тоқтату үшiн қақпақтардың қалқандарын, ысырмаларды жабу;
құрылысты, турбинаның су өтетiн бөлiгiн судан босату үшiн ысырмаларды, қалқандарды, қақпақтарды ашу;
гидрогенератордың электр схемасын бөлшектеу, генератордың роторын тежегiшке қою;
қақпақтармен, тетiктермен қате операцияларды болдырмайтын операциялар электр қоректi ажырату гидрожетектiң май өткiзгiштерiн жабу (қиып тастау), жабылатын құрылғыларды қолдану;
уақытша қоршауларды, жылжымалы плакаттар мен қауiпсiздiк белгiлерiн қолдану.
2. Гидроқұрылыстарды жөндеу кезiндегi
қауiпсiздiк жөнiндегi техникалық шаралар
361. Деривациялық құрылыстардағы су тұндыру камераларындағы теңестiру резервуарлары мен басқа обьектiлердегi жөндеу жұмыстары әдеттегідей құрылыста су болмаған кезде орындалады. Ерекше жағдайларда каналдағы судың деңгейiнен жоғары аймақта оларды ажыратпай орындалуы мүмкiн. Осындай жұмыстарды орындау туралы шешiмдi электр станциясының бас техникалық басшысы қабылдайды.
362. Каналда, туннелде, су тұндырғышта және басқа да құрылыстарда жұмыстар басталар алдында, олар судан босатылады, су кiретiн қақпақтар берiк жабылып, су тастайтын қақпақтардың кенеттен ашылу мүмкiндiгiн болдырмайтын шаралар қолданылады.
363. Қызметкерлер босатылған қысымды бассейнге деривациядан су келу толық тоқтап, қысымды құбырлар босап, су түбiндегi қақпақтар толық ашылғаннан кейiн ғана жiберiледi.
364. Қысымды құбырлардың жөндеудiң барлық кезеңiнде жоғарғы жақтағы қақпақтар жабық болуға және олар ашылып кетпеу үшiн шаралар қолдануға тиiс (қақпақтар тоқтатқышқа қойылады, қысым алынады, электр қорегi ажыратылады, ескерту плакаттары iлiнедi және т.б.).
365. Қысымды құбырларды қарағанда және жөндеген кезде құбырдың жарылуына қарсы автоматтық қорғау iстен шығарылуға тиiс.
3. Механикалық жабдықтарды жөндеу кезiндегi
қауiпсiздiк жөнiндегi техникалық шаралар
366. Тетiктерде жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшiн тетiктің айналмалы бөлiктерiн қозғалу (айналу) мүмкiндiгiнен айыру қажет, ол үшiн мыналарды қолдану қажет:
двигательдiң электр қорегiн ажыратуды (схемасын бөлшектеудi);
тетiктiң гидрожетегi мен пневможетегiндегi май, су, ауа құбырларының тиектi арматураларын жабуды;
коммутациялық аппараттар мен ысырмалардағы (вентильдегi) тиектi қондырғыларды;
қақпақтарды тоқтатқыштар мен қапсырмаларға орнату;
қауiпсiздiктiң тыйым салатын "Жабуға (ашуға) болмайды - адам жұмыс iстейдi", "Қосуға болмайды - адамдар жұмыс iстейдi" деген плакаттар (белгiлер) iлу .
367. Қысыммен жұмыс iстейтiн жабдықтарды жөндеген кезде, жөнделетiн учаскеден қысым алынып, ысырмаларда қысымды беруге және тиектi арматурамен жұмыс iстеуге тыйым салатын плакаттар iлiнуге тиiс.
368. Ауа жинағыштарды және ауамен қамту жүйесiнiң сыйымдылықтарын қарау және жөндеу үшiн, олар тораптан бұқтырмалармен сенiмдi етiп ажыратылуға, қысымды ауадан босатылып, 10 минуттан кем емес уақыт бойы таза ауамен үрленiп тазартылуға тиiс. Түбектердiң арматурасында тиектер орнатылып, тыйым салатын плакаттар iлiнуге тиiс.
4. Гидроагрегаттарды жөндеу кезiндегi қауiпсiздiктi
сақтау жөнiндегi техникалық шаралар
369. Турбинаның су өтетiн бөлiгiндегi, гидрогенератордың роторындағы, бағыттаушы аппараттағы, гидроагрегаттың айналмалы бөлiктерiндегi жөндеу жұмыстары жөндеу қақпақтары түсiрiлiп, су жiберетiн ысырмалар ашылып және турбинаның су ағатын бөлiгi кептiрiлiп орындауға тиiс. Мұның өзiнде тиектердiң ашылуын, жұмыс доңғалағының қалақтарының айналмауын, турбинаның бағыттаушы аппаратының жылжуын болдырмайтын шаралар қолданылуға тиiс (қақпақтардың тетiктерi тоқтан ажыратылуы, бағыттаушы аппарат пен турбинаның қалақтары орнықтырылуы, генератордың роторы тежегiшке қойылуы, тыйым салатын плакаттар iлiнуi тиiс және т.б.).
370. Агрегаттардың су өтетiн бөлiктерiнде қақпақтар мен турбинаның бағыттаушы аппараттары арқылы судың ағуын алдын-ала анықтамай жұмыстар орындауға тыйым салынады.
Су соратын қондырғылар қатардан шыққан кезде, құбырдан жұмыс доңғалағы бiлiгiнiң белгiсiне дейiн су толу уақыты қызметкерлердi айналмалы элементтердегi жұмыс орындарын және гидроагрегаттың су өтетiн бөлiгiнен шығару, турбинаның қақпағындағы тесiктердi тазалау, бағыттаушы аппаратты (егер ол ашық болса) және серiппелi камерадан су жiберетiн ысырманы жабу үшiн жеткiлiктi болуға тиiс.
371. Ерекшелiк ретiнде генератордың роторындағы жөндеу жұмыстары турбинаның су өтетiн бөлiгiн судан босатпай жүргiзiле алады. Бұл жағдайда жоғарғы бьеф жағындағы қақпақ түсiрiлiп, бағыттаушы аппарат жабылып тоқтатылуы, ротор тежегiшке қойылып, турбинаның қалақтары жиналып, ротор насосының электр схемасы бөлшектенуге тиiс.
372. Жоғарғы қысымды гидроэлектр станцияларында турбина қақпағы жабық болған кезде, ол авариялық жөндеуде тұрса, қысымды құбырды судан босатпай гидроагрегаттың айналмалы бөлiгiнде жөндеудi жүргiзуге жол берiледi. Бұл жағдайда турбина қақпағы ашылып кетпеу үшiн шаралар қолданылуға тиiс (тоқтатқышқа орнату, қақпақты басқарудың золотниктерiне май өткiзетiн ысырмаларды жабу немесе МНУ қазандарынан қысымды алу, қақпақты басқарудың сервомоторлар қуыстарынан дренажға ысырмаларды ашу) және турбинаның су өтетiн бөлiгiнен су өтетін ысырмаларды ашу (серiппелi камера мен соратын құбырдан). Қақпақ тоқтатқыштың орны айқындалып, ысырмалар құлыпталып, оларға "Ашуға болмайды-жұмыс жүрiп жатыр" деген плакаттар iлiнуге тиiс.
Қақпақ золотниктерiне май өткiзу тоқтатқыштың орнымен тоқтатқыш жабық болғанда золотникке май өтпейтiндей блокталуға тиiс.
Жұмыс жұмыстар басшысының тiкелей бақылауымен жүргiзiледi.
373. Жылдамдықты реттегiштi жөндеген кезде реттегiштi МНУ мен байланыстыратын, қотаратын және қысымды май өткiзгiштер бос болып, май өткiзгiштердiң толуына мүмкiндiк бермейтiн шаралар орындауға тиiс.
8. Жолсапармен келген қызметкерлердің жұмыс өндіруі
374. Басқа ұйымдар мен кәсiпорындардың жұмыс iстеп тұрған және оның штатындағы емес энергетикалық кәсiпорынға жұмыс орындауға жiберiлген бөгде ұйымдар мен кәсiпорындардың қызметкерлерi жолсапармен келген қызметкерлерге жатады.
375. Гидроқұрылыстар мен гидромеханикалық жабдықтардағы жолсапармен келген қызметкерлерге жұмыстарға рұқсат беру осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Жолсапармен келген қызметкерлерде жолсапарға жiберген ұйым берген бiлiм тексеру туралы белгiсi бар бiлiктiлiк куәлiктерi болуға тиiс.
376. Жолсапарға жiберген кәсiпорын нарядтар мен өкiмдер бойынша жұмыстарды қауiпсiз орындау үшiн жауапты адамдардың функцияларын орындауға өкiлеттi адамдарды, сондай-ақ наряд (өкiм) беру құқығы берiлген қызметкерлердi жазбаша түрде атауға тиiс.
377. Жолсапармен келген қызметкерлер жұмыстар басшысы немесе орындаушысы болу құқығын жолсапарға жiберушi кәсiпорынның хатында бұрыштамамен немесе пайдалану кәсiпорынының басшысының нұсқауымен ресiмделуге тиiс.
Жолсапармен келген қызметкерлерге наряд (өкiм) беру құқығын беру пайдалану кәсiпорынының бас техникалық басшысының жазбаша нұсқауымен ресiмделуге тиiс.
378. Жолсапармен келген әрбiр қызметкерлер жолсапар орнына келгеннен кейiн жұмыс орнында кiрiспе нұсқаудан және бастапқы нұсқаудан өтуге, нұсқаулар пайдалану кәсіпорнының тиiстi журналдарында ресiмделуге тиiс.
379. Жолсапарға жiберушi кәсiпорын өз қызметкерлерiнiң бiлiм куәлiктерiнде көрсетiлген бiлiктiлiкке сай келуiне және олардың қауiпсiздiк пен еңбектi қорғау нормаларын орындауына жауапты.
380. Объектiлерiнде жолсапармен келген қызметкерлер жұмыс iстейтiн пайдалану кәсіпорны жұмыс орнын дайындаған кезде, қауiпсiздiк шараларының орындалуы бригаданы жұмысқа жiберудi дұрыс ұйымдастыру және жұмыстар өндiру кезiнде оған қадағалау жасау үшiн жауап бередi.
381. Бiрнеше ұйым бiр уақытта бiр жабдықта (құрылыста) жұмыстар орындаған кезде, цех (учаске) басшысы осы ұйымдардың (учаскелердiң) басшылығымен бiрлесе отырып жұмыстар өндiрiсiнің бiрлескен кестесiн және қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi жалпы шараларды әзiрлеуге тиiс. Аталған құжаттарды пайдалану кәсіпорнының бас техникалық басшысы бекiтуге тиiс.
382. Егер жұмыстарды құрылыс-монтаж ұйымы арнайы қоршаған аймақта орындаса, жұмыстар СНиП III-4-80 акт-рұқсаты бойынша орындалады. Акт-рұқсаттың нысаны осы Ережелердiң 8-қосымшасында келтiрiлген.
1-қосымша
Электр станцияларыны гидроқұрылыстары мен
гидромеханикалық жабдықтарында орындау үшін алдын-ала
және кезең-кезеңмен медициналық тексеруден өту талап
етілетін жұмыстардың
Тізбесі
(ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 21.10.93 ж. N 440 бұйрығының 1, 2-қосымшаларынан көшірме).
__________________________________________________________________________
|NN |Жүргізілетін жұмыстардың сипаты | Өту |
| | |кезеңді. |
| | |лігі |
|___|___________________________________________________________|__________|
|1. |Биіктікте орындалатын жұмыстар немесе биіктікке шығумен |2 жылда |
| |байланысты жұмыстар, көтергіш құрылғыларға қызмет көрсету |1 рет |
| |жөніндегі жұмыстар. | |
|2. |Биіктікке шығумен байланысты жұмыстар. |жылына |
|3. |Кернеуі 127 және одан жоғары В жұмыс істеп тұрған электр |1 рет |
| |қондырғыларына қызмет көрсету. | |
|4. |Жарылғыш материалдарды қолданумен байланысты жұмыстар. |2 жылда |
|5. |Механикалық жабдықтарда (станоктарда, престерде, механика. |1 рет |
| |лық қайшыларда және басқаларда) орындалатын жұмыстар. |3 жылда |
|6. |Көліктің қозғалысымен тікелей байланысты жұмыстар, соның |1 рет |
| |ішінде көліктің жүруімен (тракторлардың, басқа өзі жүретін |3 жылда |
| |тетіктердің, автотиегіштердің, электрокарлардың жүргізуші. |1 рет |
| |лері және т.б.) байланысты жұмыстар | |
|7. |Полимерлі эмульсияларды, лактерді, бояуларды қолданумен |2 жылда |
| |байланысты жұмыстар. |1 рет |
|8. |Эпоксидті смолалар мен компаундарды қолданумен байланысты |жылына |
| |жұмыстар. |1 рет |
|9. |Этилденген бензинді қолданумен байланысты жұмыстар |жылына |
| | |1 рет |
|10.|Жүкті ұдайы қолмен жылжытумен байланысты жұмыстар. |2 жылда |
| | |1 рет |
|___|___________________________________________________________|__________|
Ескертулер: 1. "Өзен көлігін техникалық пайдалану ережелеріне" сәйкес (Алматы, 1995) жүзушілер құрамы алдын ала және жыл сайын медициналық куәландіруден өткізіледі.
2. РД 84.01-90 сәйкес сүңгуір жұмыстарына жіберілген адамдар алдын-ала және жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.
2-қосымша
Жасы 18-ге жетпеген адамдардың еңбегiн пайдалануға тыйым
салынатын еңбектiң ауыр және зиянды жағдайлы жұмыстардың
Тізбесі
1. Гидроэлектростанцияларының машина (турбина) цехындағы жөндеу жұмыстары.
2. Газбен және электрмен дәнекерлеу жұмыстары.
3. Құрамында қорғасыны бар жапсырмаларды дәнекерлеу жұмыстары.
4. Жүк көтеретiн машиналар мен тетiктерге краншы, машинист, стропальщик, такелажшы ретiнде қызмет көрсету.
5. Этилденген бензинде жұмыс iстейтiн автокөлік құралдарын, электр, автожүккөтергiштердi, тракторларды жүргiзу, көлiк құралдарын жөндеу, шина монтаждау жұмыстары.
6. Тау-кен қадағалау органдары қадағалайтын сыйымдылықтар мен труба құбырларына қызмет көрсету.
7. Хлораторлық жабдықтарға қызмет көрсету.
8. Сүңгуiр жұмыстары, су асты және сүңгуiр жұмыстарына қызмет көрсету.
9. Рентгено-гамма-дефектоскопия.
10. Биiктiкте орындалатын жұмыстар.
11. Жарылғыш заттарды сақтау, тасымалдау және қолдану.
12. Пневматикалық құралдар мен құрылыс-монтаж пистолетiн қолданумен байланысты жұмыстар.
13. Ашық сынаппен жұмыс iстеу.
14. Мұнай өнiмдерiмен жұмыс iстеу.
15. Нитробояулар қолданып пульверизациялап бояу, сондай-ақ асфальт лактарымен жұмыстар орындау.
16. Ағашқа антисептиктер мен оттан қорғау құрамдарын сiңiру.
17. Жер жұмыстары.
18. Жер асты құрылыстарындағы жұмыстар.
19. Жанармай және жарылғыш материалдар, улы химикаттар, қышқылдар мен сiлтiлер, хлор және хлорлы әк сақталатын арнайы қоймаларға қызмет көрсету.
20. Жасөспiрiмдер үшiн белгiленген нормалардан артық ауырлықтарды көтеру және жылжыту.
21. Абразивтi құралдарды сынау.
22. Компрессорлық қондырғыларға қызмет көрсету.
3-қосымша
Қауiпсiздiктiң қосымша (жоғары) талаптары
қойылатын жұмыстар мен мамандықтардың
Тізбесі
1. Мамандықтар
1. Сүңгуiрлер.
2. Үй төбесiн жабушылар.
3. Құрылыс машиналары мен тетiктердің машинистерi.
4. Жүк көтеретiн машиналардың машинистерi (краншылар, операторлар).
5. Гидромеханикаландыру жабдықтарының машинистерi.
6. Цех iшiндегi көлiк пен жүк көтергiштердің жүргiзушiлерi.
7. Компрессорлық қондырғылардың машинистерi.
8. Құммен тазалаушылар.
9. Техникалық флоттың жүзу құрамы.
10. Стропальщиктер, такелажшылар.
11. Торкретчиктер.
2. Жұмыстардың түрлерi
1. Жоғары шығу жұмыстары және биiктiкте орындалатын жұмыстар.
2. Тұйық кеңiстiкте (сыйымдылықтарда, бөлiктерде, бокстерде, труба құбырларында) орындалатын жұмыстар.
3. Тереңдiгi 2 м-ден асатын құдықтарда, шурфтарда, орлар мен шұңқырларда орындалатын жұмыстар.
4. Үйлердi, құрылыстарды, саты ағаштарды, төсеме ағаштарды, шегендердi монтаждау және бөлшектеу.
5. Жүк көтеретiн машиналарға, технологиялық және станоктық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету.
6. Тастарды сырғыту және тау баурайларының құламаларын бекiту.
7. Образивтi тастарды сынау және оларды құралдарға орнату.
8. Мұз үстiнен өтетiн жерлер мен жолдарды, өткелдер мен паром өткелдерiн орнату және оларға қызмет көрсету.
9. Ағаш пен ағаш бұйымдарының химиялық және оттан қорғау қорғанысы.
10. Қысыммен жұмыс iстейтiн сыйымдылықтарға қызмет көрсету.
11. От пең газдан қауiптi жұмыстар.
12. Қолға ұстайтын электр және пневмомашиналар мен құралдарды қолданып орындалатын жұмыстар.
13. Суық және ыстық битум мастикаларын дайындау және қолдану.
14. Жарылғыш материалдарды, газ баллондарын, күйдiретiн және улы сұйықтар мен материалдарды, сондай-ақ қауiптi жүктердi сақтау және тасымалдау.
15. Тоқтатқыштарды жасау және сынау.
16. Жер асты кен орындарындағы жұмыстар.
17. Электр беріліс желілерінің күзетілетін аймақтарындағы жұмыстар.
18. Бетон ерітіндіні шашырату және шаңдату әдісімен қондыру.
19. Пектерді, эпоксидті смолаларды, лак-бояу материалдары мен басқа да улы қасиеттері бар химиялық заттарды қолданылып орындалатын жұмыстар.
20. Тез тұтанатын, жанатын және жарылу қаупі бар сұйықтар мен материалдарды қолданылып орындалатын жұмыстар.
21. Радиоактивті заттар мен ионды сәулелі көздер қолданылып орындалатын жұмыстар.
22. Ұңғырлар мен шпурларды бұрғылау.
23. Топырақ пен іргетасты цементтеу және химиялық жолмен бекіту.
24. Жарылыс жұмыстары
4-қосымша
Жүктi қолмен көтерiп жылжыту кезiндегi
рұқсат етiлетiн шектi ауырлықтың
Нормалары
Ер жынысты жасы 16-18-дегi жасөспiрiмдер үшiн - 16,4 кг.
Жасы 18-ден асқан ерлер үшiн - 50,0 кг.
Әйелдер үшiн:
басқа жұмыстармен кезектестiргенде ауырлықты
көтеру және жылжыту (сағатына 2 ретке дейiн) - 10,0 кг.
жұмыс ауысымы iшiнде ауырлықтарды тұрақты
көтеру және жылжыту - 7,0 кг.
Жұмыс ауысымының әрбiр сағаты iшiнде
әйелдер орындайтын динамикалық жұмыстың
көлемi мына ауырлықтардан аспауға тиiс:
жұмыс бетiнен - 1750 кг-нан
еденнен - 875 кг-нан
___________________________________________________________
Ескертулер:
1. Жасөспiрiмдерге аталған жүктi, егер осы жұмыс мамандыққа қатысты негiзгi жұмыспен байланысты болса және олардың жұмыс уақытының 1/3-тен аспайтын уақытын алса ғана көтерiп жылжытуға жол берiледi.
2. Жасөспiрiмдер ауырлықтарды тұрақты жылжытуға байланысты жұмыстар орындаған кезде жүктің ауырлығы 4,1 кг-нан аспауға тиiс.
3. Жүктi арбамен немесе контейнерлермен жылжытқан кезде күш салу төмендегi көрсеткiштерден аспауға тиiс:
жасы 18-ден асқан ерлер үшiн - 15,0 кг-нан,
жасы 18-ден асқан әйелдер үшiн - 10,0 кг-нан.
4. Көтерiлетiн және жылжытылатын жүктің массасына ыдыстың және буып-түйген заттардың массасы кiредi.
5-қосымша
Аптечкада болуға тиіс дәрі-дәрмек пен аспаптардың
Тізбесі
(РД 34.03.702. үзінді)
______________________________________________________________________
Медициналық аспаптар Тағайындалуы Саны
мен дәрі-дәрмектер
______________________________________________________________________
1 2 3
______________________________________________________________________
1. Таңатын пакет Таңғыш салу үшін 5 дана
2. Стерилденген бинт Сондай 5 дана
3. Ылғал жұтқыш мақта, "-" 50 гр.
клиникалық
хирургиялық "-" 5 қорап
4. Бұрау Қан ағуды тоқтату үшін 1 дана
5. Шиналар Сүйек сынғанда, шыққан кезде 3-4 дана
аяқ-қолды бекіту үшін
6. Мұз үшін Жараланғанда, сүйек сынып, 1 дана
резеңке желқабық шыққан кезде жарақаттанған жерді
суыту үшін
7. Стакан Дәрі қабылдау, көзді, асқазанды 1 дана
жуу, ерітінді жасау үшін
8. Ас қасық Ерітінді жасау үшін 1 дана
9. Йод (5% спирт Жаралардың, терідегі сызаттың 1 құты
ерітіндісі) жанындағы тканьдарға жағу үшін) (50 мл)
10. Мүсәтір спирт Талма ұстаған кезде қолдану үшін 1 құты
(аммиактың 10% (50 мл)
ерітіндісі)
11. Бор қышқылы Көз бен теріні жуу, сілтімен 1 құты
күйген кезде ауызды жуу үшін (25 гр.)
ерітінділер жасау үшін; электр
доғасы күйдірген кезден көзге
тарту үшін)
12. Ас содасы (натрий Көз бен теріні жуу, қышқылмен 1 пакет
гидрокарбонаты немесе Немесе уланған кезде ауызды (25 гр.)
натрий көмір қышқылы) жуу үшін ерітінділер жасау үшін
13. Сутегінің асқын Мұрыннан аққан қанды тоқтату, 1 құты
тотығығының ерітіндісі ұлкен емес жараларды сүрту үшін (50 мл)
(3%-ті)
14. Валериана тұнбасы Нерв жүйесін тыныштандыру үшін 1 құты
15. Ашты (ағылшын) тұзы. Астан уланған кезде ішу үшін 50 гр.
16. Активтеріндірілген сондай 50 гр.
көмір (ұнтақ)
17. Марганец қышқылды Аспен және басқамен уланған 50 гр.
калий (кристалдар) кезде ішу үшін
18. Валидол немесе Жүрек тұсы қатты ауырған 1 түтік
нитроглицерин кезде ішу үшін
19. Амидопирин,
анальгин (таблеткалар) Ыстық түсіретін және ауырғанды 2 дана
басу ішу үшін
_____________________________________________________________________
Ескертулер: 1. Ас содасы мен бор қышқылының ерітінділері, қышқылдар мен сілтілер қолданылып орындалатын жұмыс орындарына ғана болғаны көзделеді.
2. Улы газдар мен зиянды заттармен улану мүмкіндігі бар цехтар мен лабораторияларда аптечка құрамы толықтырылуға тиіс.
3. Бірінші көмек көрсету сөмкесі құралдарының құрамына мұз сақтайтын резеңке желқабығы, стакан, ас қасығы, бор қышқылы және ас содасы кірмейді.
Бірінші көмек сөмкесіне қалған құралдар тізбеде көрсетілгендердің 50%-і салынады.
4. Жазғы кезеңде жәндіктер шағу қаупі бар жұмыс орындарында аптечкаларда (бірінші көмек сөмкелерінде) димедрол (бір данасы) және кордиамин (бір құты) болуға тиіс.
5. Аптечканың қақпағының ішкі бетінде қажет етілетін дәрі-дәрмектің тізбесі болуға тиіс.
6-қосымша
Форматы
297х210
(ұсынылатын)
Сүңгуір жұмыстарын өндіру үшін нарядтың нысаны
__________________________________________________________________
N наряд
__________________________________________________________________
(ұйымның, кәсіпорынның атауы)
Жұмыс орны _______________________
(Күні, айы, жылы) (порт, аудан)
Сүңгуір станциясы N_______________________________________________
(сүңгуір станциясының атауы және оның орналасуы)
Негізі ___________________________________________________________
(өтініштің нөмірі мен күні және т.б.)
Сұраныс беруші ___________________________________________________
(кәсіпорынның атауы, мекен-жайы)
Сүңгуір жұмыстарының басшысы _____________________________________
(қызметі, тегі, аты-жөні)
__________________________________________________________________
Су астына түсетіндердің басшысы __________________________________
(біліктілігі, тегі, аты-жөні)
__________________________________________________________________
Сүңгуірлер _______________________________________________________
(сыныбы, тегі, аты-жөні)
Медициналық қамтуды ______________________________________________
(қызметі, тегі, аты-жөні)
____________________________________________________жүзеге асырады
Тапсырыс бойынша жұмыстарды орындау: басы_______________
(күні, уақыты)
соңы ______________
(күні, уақыты)
6-қосымша жалғасы
Объект, жұмыстардың қысқаша сипаты, олардың көлемі, орындауды
ұйымдастыру және жүйелілігі ______________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Жұмыстарды орындау үшін қызметкерлер мен техникалық құралдар
бөлінеді__________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Нарядқа қоса тіркеледі: __________________________________________
(схемалардың, сызбалардың жұмыс тізбелері
__________________________________________________________________
мен нөмірі және т.б.)
Жұмыстарды өндіру кезінде қауіпсіздіктің мына шаралары
орындалуға тиіс:__________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Нарядты берген ___________________________________________________
(қызмет, қолы, аты-жөні, тегі)
Нарядты қабылдаған _______________________________________________
(қызметі, қолы, тегі, аты-жөні)
Келісілді: Сұраныс жасаушының жауапты өкілі ______________________
__________________________________________________________________
(қызметі, қолы, аты-жөні, тегі)
Тапсырманы орындау жөніндегі белгі _______________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Сүңгуір жұмыстарының басшысы __________________________
(қолы)
Су астына түсетіндердің басшысы ______________________
(қолы)
_______________________________
(уақыты, күні)
Форматы 7-қосымша
297х210 (міндетті)
Гидроқұрылыстар мен гидромеханикалық жабдықтардағы
жұмыстар үшін наряд нысаны
________________________________________________________________
Кәсіпорын ___________
Цех _________________
N наряд
Жұмыстардың басшысына _________________________________________
(тегі, аты-жөні, қызметі)
Жұмыстарды орындаушыға ________________________________________
(байқаушыға) (тегі, аты-жөні, қызметі)
Жүктеледі______________________________________________________
(объект, жұмыс орны, жұмыстың мазмұны)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін _______________________
_______________________________________________________________
(жұмыс орнын дайындау және қауіпсіздік шаралары жөніндегі
_______________________________________________________________
шаралар, соның ішінде басқа цехтардың жедел қызметкерлері
_______________________________________________________________
орындауға тиісті шаралар)
Ерекше жағдайлар _____________________________________________
Жұмыстың басталуы _____________ ______________
(күні) (уақыты)
Жұмыстың соңы _________________ ______________
(күні) (уақыты)
Нарядты берген ___________________ ______________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Жұмыс уақыты ___________________ дейін ұзартылды ______________
(уақыты, күні)
____________ __________________ _________________
(қызметі) (қолы) (аты-жөні, тегі)
Бригада құрамы ________________________________________________
(жұмысты өндірушісіз адам саны, тегі, аты-жөні, разряды)
Жұмыс басшысы: ________________________________________________
(қолы, аты-жөні, тегі)
Жұмыс өндірісінің шарттары орындалғаны туралы станцияның ауысым
бастығына хабарланды __________________________________________
(тегі, аты-жөні, уақыты)
Цехтың жедел кезекшісі ________________________________________
(қолы, аты-жөні, тегі)
Басқа цехтардың қызметкерлерінің жұмыс орындарын дайындау
жөніндегі шаралар орындалды: _________________________________
(цех, жедел қызметкердің тегі)
Жұмысқа кірісуге рұқсат беремін:
Станцияның ауысым бастығы _____________________________________
(қолы, аты-жөні, тегі)
(Рұқсат телефон арқылы берілген кезде "қолы") деген жолда
хабарды алған адам қол қойып "телефон арқылы" деген белгі
қойылады.
Жұмыс істеп тұрғандар:________________________________________
(жұмыс орнының маңында орналасқан және кернеу,
________________________________________________________________
қысым астындағы, айналымдағы құрылыстар мен жабдықтар)
Жұмыс өндірісінің жағдайларының орындалуы тексерілді, жұмыс
істеп тұрған жабдықтармен және құрылыстармен тізбе бойынша және
жұмыс орнымен таныстырылды, жұмысқа жіберілді _________________
(уақыты, күні)
Жұмыстардың басшысы___________ _________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Жұмыстардың орындаушы __________ _________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Рұқсат беруші _______________ _________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Бригадамен нұсқау өткізген: ___________________________________
(уақыты)
_______________________________________________________________
(жұмыс басшысының қолы, аты-жөні, тегі)
Нұсқаудан өтті ________________________________________________
(жұмысты орындаушылардың, бригада мүшелерінің
_______________________________________________________________
қолдары, аты-жөндері, тегі)
Күн сайын жұмысқа рұқсат беруді, жұмыстың аяқталуын, басқа жұмыс
орнына ауыстыруды ресімдеу
_________________________________________________________________________
| |Жұмысқа рұқсат беру | Жұмыстарды аяқтау |
|__________|_________________________________|____________________________|
|Жұмыс |Қауіпісіздік шаралары тексерілді,|Бригада шығарылды, |
|орындары. |бригада нұсқаудан өтті және жұмыс|наряд тапсырылды |
|ның атауы |орнына жіберілді | |
|__________|_________________________________|____________________________|
| |Күні, |Рұқсат | Жұмыстарды |Күні, |Жұмыстарды |Рұқсат |
| |уақыты |беруші |өндіруші |уақыты |өндіруші |беруші |
| | |(қолы) |(байқаушы) | |(байқаушы) |(қолы) |
| | | |(қолы) | |(қолы) | |
|__________|________|________|_______________|________|___________|_______|
| | | | | | | |
|__________|________|________|_______________|________|___________|_______|
________________________________________________________________________
Бригада құрамындағы өзгерістер
________________________________________________________________________
Бригада құрамына !Бригада құрамынан !Күні, уақыты ! Басшылары
енгізілді (тегі, аты-!шығарылды (тегі, аты- ! !
жөні, разряды) !жөні, разряды) ! !
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Жұмыс толықтай аяқталды: ____________________________________________
(уақыты, күні)
Жұмыстарды өндіруші байқаушы ________________________________________
(қолы)
Жұмыстардың басшысы _________________________________________________
(қолы)
Жұмыс орындары тексерілді, наряд жабылды
Жұмысқа рұқсат беруші _______________________ ___________________
(қолы) (уақыты, күні)
Форматы 8-қосымша
297х210 ұсынылатын
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның аумағында құрылыс-монтаж
жұмыстарын өндіру үшін акт-рұқсаттың нысаны
_______________________________________________________________
Акт-рұқсат
_____________ қаласы (пос.) 19 жылғы "___"________
_______________________________________________________________
(кәсіпорынның (цехтың, учаскенің) атауы)
Біз, төменде қол қойғандар, цех (учаске) бастығы _____________
(тегі, аты-жөні)
және жұмыстардың өндірісі үшін жауапты бас мердігердің өкілі
_________________________ төмендегілер туралы осы актіні жасадық:
(тегі, аты-жөні, қызметі)
Кәсіпорын ____________________________________________________
координаттарымен шектелген учаскені __________________________
______________________________________________________________
(біліктердің, белгілердің және сызбаның N)
онда бас мердігердің техникалық қызметкерлері-өкілдерінің басшылығымен:
басы "____"_____________ соңы "___"_______________ мерзімге
жұмыстардың өндірісі үшін бөледі.
Жұмыстар басталғанға дейін жұмыстарды өткізудің қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін мына шараларды орындау қажет
______________________________________________________________________
NN ! Шаралардың атауы ! Орындау мерзімі ! Орындаушы (тегі, аты-жөні,)
! ! ! ұйым
______________________________________________________________________
Форматы 9-қосымша
297х210 мм (ұсынылатын)
Нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстардың есебін
жүргізу журналының нысаны. Мұқаба
___________________________________________________________________
Нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстардың
есебін жүргізу
Журналы
Форматы 9-қосымша
297х210 мм (жалғасы)
Нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстардың есебін
жүргізу журналының нысаны. Бірінші беті
___________________________________________________________________
Нарядтар мен өкімдер бойынша жұмыстардың
есебін жүргізу
Журналы
______________________________________________
(кәсіпорынның, ұйымның атауы)
______________________________________________
(цехтың, учаскенің атауы)
Басталды ___________________ 19 ж.
Аяқталды ___________________ 19 ж.
__________________________________________________________________
Ескерту 1. Журналдың беттері нөмірленуге және алынып тасталу және бет қосудан қорғалуға тиіс.
2. Толтырылған журналды сақтау мерзімі - 6 ай.
Форматы 9-(соңы)
297х210 қосымша
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Өкім. Наряд. Жұмыс Жұмыс. Өкім Өкімді Жұмысқа Жұмыс
нің N тың N тың тарды бойынша берген кірісті аяқталды
орны өндіруші жұмыс адам (күні, (күні,
мен немесе істейтін (тегі, уақыты) уақыты)
атауы байқаушы бригада аты-
(тегі, мүшелері жөні)
аты- (тегі,
жөні) аты-жөні)
__________________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8
__________________________________________________________________________
10-қосымша
Ережелер мәтінінде сілтемелер жасалған нормативтік құжаттардың
Тізбесі
_____________________________________________________________________
Ережелердің Құжаттың белгіленуі Құжаттың атауы
баптары
_____________________________________________________________________
1 2 3
_____________________________________________________________________
1.1. ГОСТ 12.0.004.-90 ССБТ. Еңбек қауіпсіздігін оқытуды
ұйымдастыру. Жалпы ережелер
_____________________________________________________________________
РД 34.12.102-89 Энергетикалық өндіріс кәсіпорын.
дарында қызметкерлермен жұмысты
ұйымдастыру тәртібі
1.6. РД 34.03.702 Энергетикалық жабдықтарға қызмет
көрсету кезіндегі қайғылы оқиға.
ларға байланысты бірінші көмек
көрсету жөніндегі нұсқау.
1.7. РД 03.605 ҚСРО Энергетика министрлігінің
жұмысшылары мен қызметкерлері
үшін жеке қорғаныс құралдарын
қолдану және олардың күтімін
ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар.
ОСТ 34-70-821-86 Жұмысшылар мен қызметкерлерді
жеке қорғаныс құралдарымен
қамтамасыз ету, оларды ұстау,
пайдалану және оларды күту
тәртібі
2.1.1 ГОСТ 12.4.026-76 ССБТ. Сигнал түрлері мен
2.8.2, қауіпсіздік белгілері
3.5.5,
3.6.4.
2.1.2, ГОСТ 10807-78 Жол белгілері. Жалпы техникалық
2.1.8. шарттар.
2.1.17. ГОСТ 12.1.005-88 ССБТ. Жұмыс аймағының ауасы.
Жалпы санитарлық-гигиеналық
талаптар.
СН-1. 02. 011-94 Жұмыс аймағының ауасындағы
зиянды заттардың шекті рұқсат
етілетін шоғырлануы.
СН-1.02. 006-94 Өндіріс бөлмелер микроклиматының
санитарлық нормалары.
СНиП 2. 04. 05-91 Жылыту, желдету, кондиционерлеу.
2.1.18. СНиП 2. 09. 04-87 Әкімшілік және қосалқы үй-жайлар
2.1.22 ГОСТ 12.1. 004-91 ССБТ. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы
талаптар.
РД 34. 03. 301-87 Энергетикалық кәсіпорындар үшін
өрт қауіпсіздігінің ережелері
РД 34.49.503-94 Энергетика саласының объектілерінде
өрт сөндіретін алғашқы құралдарды
ұстау және қолдану жөніндегі
үлгілік нұсқау.
2.2.1. ГОСТ 12.2.062-81 ССБТ. Өндірістік жабдықтар.
Қорғаныш құралдары
2.2.2. ГОСТ 23120-78 Иірілмелі басқыштар, құқрыш
алаңдар мен қоршаулар. Техникалық
шарттар.
2.2.3. ГОСТ 12.2.064-81 ССБТ. Өндірістік жабдықтарды басқару
органдары. Қауіпсіздіктің жалпы
талаптары.
РД 34.20.501 Электрстанциялары мен жүйелерді
техникалық пайдалану ережелері.
2.3.2. ГОСТ 12.3.009-76 ССБТ. Кәсіпорындардағы жүкті тиеу-
түсіру жұмыстары. Қауіпсіздіктің
жалпы талаптары.
ГОСТ 12.3.020-80 ССБТ. Кәсіпорындарда жүкті жылжыту
процестері. Қауіпсіздіктің жалпы
талаптары.
РД 34.03.225. ҚСРО Энергетика министрлігінің ішкі
темір жолдарын пайдалану
кезіндегі қауіпсіздік техникасы
жөніндегі нұсқаулар.
2.4.1, СНиП 111-4-80 Құрылыс нормалары мен ережелері.
2.5, Жұмыстарды өндіру және қабылдау
2.8.1, ережелері. Құрылыстағы қауіпсіздік
2.10.1, ережелері.
8.9.
2.4.1. ГОСТ 24258-88 Тас төсеу құралдары. Жалпы
техникалық ережелер.
ГОСТ 27321-87 Құрылыс-монтаж жұмыстарын салу
үшін қойылатын төсеме ағаштар.
Техникалық шарттар.
2.4.1. ГОСТ 28012-89 Бөлшектеніп-жиналатын жылжымалы
төсемдер. Техникалық шарттар.
2.4.2, РД 34.03.204. Құралдармен және саймандармен
2.4.9, жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік
2.4.11, ережелері.
2.8.7,
2.8.19,
5.1.7.
2.4.9. ГОСТ 26887-86 Құрылыс-монтаж жұмыстары үшін
алаңдар мен басқыштар. Жалпы
техникалық шарттар.
2.4.10. ГОСТ 27372-87 Құрылыс-монтаж жұмыстары үшін
аспалы бесіктер.
2.5. ГОСТ 12.3.003-86 ССБТ. Электрмен дәнекерлеу
жұмыстары. Қауіпсіздік ережелері.
ГОСТ 12.3.036-84 ССБТ. Металдарды газ жалынымен
өңдеу. Қауіпсіздік ережелері.
ППБС-01-94 Құрылыс-монтаж және от жұмыстары
өндіру кезінде өрт
қауіпсіздігінің ережелері.
СН-1.03.031-94 Металдарды дәнекерлеу, еріту және
кесу кезіндегі санитарлық
ережелер.
2.7.1. РД 34.21.602. Энергетикалық кәсіпорындардың
өндірістік үйлері мен үй-жайларын
пайдалану жөніндегі үлгілік
нұсқау. 2-б, 2-тармақ.
2.7.8. СН-1. 02. 014-94 Жұмыс істеушілердің қолдарына
берілетін, сол жерде діріл пайда
болдыратын машиналармен және
жабдықтармен жұмыс істеген кездегі
санитарлық нормалар мен ережелер.
2.8.1. ГОСТ 12.3.016-87. ССБТ. Құрылыс. Коррозияға қарсы
жұмыстар. Қауіпсіздік ережелері.
ГОСТ 12.3.035-84 ССБТ. Құрылыс. Бояу жұмыстары.
Қауіпсіздік талаптары.
РД 34. 03. 216 Энергетикалық құылыстар өңдеу
және шыны салу жұмыстарын өндіру
кезіндегі қауіпсіздік техникасы
жөніндегі нұсқау.
СН-1. 10. 081-94 Қолмен шашыратып бояйтын
құралдарды қолданып бояу жұмыстарын
жүргізу кезіндегі санитарлық
ережелер.
4.3.1. ГОСТ 12. 3. 033-84 ССБТ. Құрылыс машиналары.
Пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің
жалпы талаптары
4.4.1. РД 31.84.01-90 Сүңгуір жұмыстарындағы еңбек
қауіпсіздігінің бірыңғай ережелері.
Ескерту: Бұрынғы КСРО Энергетика министрлігінің нормативтік-техникалық құжаттары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласында оларды алмастырғанға (жойылғанға) дейін қолданылады, РФ отын-энергетика министрлігінің ҒТҚ ҚР аумағында ҚР электр энергетикасын басқару жөніндегі орталық атқарушы органның шешімімен қолданылады деп танылады. (ҚР Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігінің 1996 жылғы 3 қаңтардағы N 1 бұйрығы)
11-қосымша
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қолданылып жүрген ГОСТ
Тізбесі
ГОСТ 12. 1. 004-91. ССБТ. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар.
ГОСТ 12. 1. 010-76. ССБТ. Жарылыс қауіпсіздігі. Жалпы талаптар.
ГОСТ 12. 1. 011-78. ССБТ. Жарылу қаупі бар қоспалар. Топтастыру және сынау әдістері.
ГОСТ 12. 1. 018.-93. ССБТ. Статикалық электрдің өртену, жарылу қаупі, жалпы талаптар.
ГОСТ 12. 1. 033-81. ССБТ. Өрт қауіпсіздігі. Терминдер мен анықтамалар.
ГОСТ 12. 1. 041-83. ССБТ. Заттар мен материалдардың жану қаупі. Көрсеткіштердің номенклатурасы мен оларды анықтау әдістері.
ГОСТ 12. 1. 144-82. ССБТ. Өрт машиналары мен жабдықтар. Шартты графикалық белгілер.
ГОСТ 12. 2. 047-86. ССБТ. Өрт техникасы. Қауіпсіздік талаптары.
ГОСТ 12. 2. 047-86. ССБТ. Өрт техникасы. Терминдер мен анықтамалар.
ГОСТ 12. 3. 003-86. ССБТ. Электрмен дәнекерлеу жұмыстары. Қауіпсіздік талаптары.
ГОСТ 12. 3. 016-87. ССБТ. Құрылыс. Коррозияға қарсы жұмыстар. Қауіпсіздік талаптары.
ГОСТ 12. 3. 035-84. ССБТ. Құрылыс. Бояу жұмыстары. Қауіпсіздік талаптары.
ГОСТ 12. 4. 009-83. ССБТ. Объектілерді қорғау үшін өрт техникасы. Негізгі түрлері. Орналастыру және қызмет көрсету.
ГОСТ 12. 4. 026-76. ССБТ. Сигнал түстері және қауіпсіздік белгілері.
Ескерту: Аталған ГОСТ-ды қолдану мерзімін шектеу Қазақстан Республикасының стандарттары енгізілгенге дейін алынған.