«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті
(Ж.Қ. Бөкенбаев) бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігіне осы бұйрықтың көшірмесін жіберсін және оның бұқаралық
ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке
жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрі Ә.Исекешев
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2013 жылғы 16 сәуірдегі
№ 124 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 269 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5044 болып енгізілді, «Заң газеті» 2008 жылғы 11 қаңтарда № 4 (1230) жарияланды);
2. «Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушысының 2007 жылғы 30 қарашадағы № 269 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 70 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5199 болып енгізілді, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2008 ж., № 8. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетені, № 5, 2008 жылы жарияланды);
3. «Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 30 қарашадағы № 269 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 314 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5481 болып енгізілді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2009 жылы № 4 жарияланды);
4. «Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 30 қарашадағы № 269 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 232 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6508 болып енгізілді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2011 жылы, № 1 (Тиражға шыққан уақыты 25.03.2011 ж.) жарияланды);
5. «Қазақстан Республикасында электр энергиясының көтерме сауда рыногын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 197 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3086 болып енгізілді, «Заң газеті» 2005 жылғы 4 қарашада № 204-205 (938-939) және «Ресми газеті» 2004 жылғы 13 сәуірде № 46 (203) жарияланды);
6. «Электр энергиясының бөлшек сауда рыногын ұйымдастыру және жұмыс істеу, сондай-ақ осы рынокқа қызметтер көрсетудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 232 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3119 болып енгізілді, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетені» журналында 2005 жылы, № 3-8, 26-құжат жарияланды);
7. «Электр энергиясының бөлшек сауда рыногын ұйымдастыру және жұмыс істеу, сондай-ақ осы рынокқа шығу және қызметтер көрсетудің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2004 жылғы 30 қыркүйекте № 232 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007 жылғы 3 желтоқсандағы № 271 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5046 болып енгізілді, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, № 1, 2008 жылғы 27 наурыз; «Заң газеті» 2008 жылғы 9 қаңтарда № 2 (1228) жарияланды);
8. «Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесінде авариялық бұзылыстарды болдырмау және оларды жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2004 жылғы 16 қыркүйектегі № 220 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3090 болып енгізілген, «Ресми газеті» 2004 жылғы 16 қазан № 42 (199) және «Заң газеті» 2005 жылғы 16 қарашада № 148 (772) жарияланды);
9. «Электр станцияларының су шаруашылығын, гидроқұрылыстарын және гидромеханикалық жабдықтарын пайдалану кезінде еңбекті қорғау Ережелері» Қазақстан Республикасы Энергетика индустрия және сауда министрінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі № 104 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 774 болып енгізілген);
10. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 337 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тізілімінің 1), 3), 5) тармақшалары (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6013 болып енгізілген, «Заң газеті» 2010 жылғы 6 сәуірде № 148 (772) жарияланды).