"Нормативтік құқықтық актілер туралы"
Z980213_
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы заңының 28 бабын басшылыққа ала отырып,
Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің Төрағасы - Қазақстан Республикасының Министрінің 1998 жылдың 15-ші тамыздағы N 03-3 ОД бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылдың 5 қарашадағы 633 нөмірмен тіркелген "Мемлекеттік баға тәртібін бұзғаны үшін экономикалық санкциялар қолдану жөніндегі нұсқаулыққа" мынадай өзгерістер енгізілсін:
6-шы тармақтың 6-шы тармақшасындағы "баға қызметі" деген сөздер "бағаларды бекіту және қолдану" сөздерімен алмастырылсын;
8-ші тармақтың 4-ші тармақшасындағы 2-ші азат жолы алынып тасталсын.
2. Табиғи монополияларды реттеу департаменті (Попандопуло Е.Н.) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуін қамтамасыз етсін.
3. Ұйымдық-кадрлар бөлімі (Герасимова Е.Н.) осы бұйрықты аумақтық комитеттерге және Мемлекеттік тізімнің республикалық тарауына енгізілген табиғи монополия субъектілеріне жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның орынбасары Е.А.Пушкареваға жүктелсін.
Төраға