1998 жылдың 15 тамыздағы N 03-3 ОД бұйрығына өзгерістер енгiзу туралы

Жаңа

Бұйрық Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі 1999 жылғы 17 мамыр N 29-ОД

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы"  Z980213_  Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы заңының 28 бабын басшылыққа ала отырып, 
               Бұйырамын: 
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің Төрағасы - Қазақстан Республикасының Министрінің 1998 жылдың 15-ші тамыздағы N 03-3 ОД бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылдың 5 қарашадағы 633 нөмірмен тіркелген "Мемлекеттік баға тәртібін бұзғаны үшін экономикалық санкциялар қолдану жөніндегі нұсқаулыққа" мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      6-шы тармақтың 6-шы тармақшасындағы "баға қызметі" деген сөздер "бағаларды бекіту және қолдану" сөздерімен алмастырылсын; 
      8-ші тармақтың 4-ші тармақшасындағы 2-ші азат жолы алынып тасталсын. 
      2. Табиғи монополияларды реттеу департаменті (Попандопуло Е.Н.) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуін қамтамасыз етсін.

     3. Ұйымдық-кадрлар бөлімі (Герасимова Е.Н.) осы бұйрықты аумақтық комитеттерге және Мемлекеттік тізімнің республикалық тарауына енгізілген табиғи монополия субъектілеріне жеткізсін.

     4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның орынбасары Е.А.Пушкареваға жүктелсін.     

     Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады