-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
41. "Олар үшiн жер негiзгi өндiрiс құралы болып табылатын шаруа (фермерлiк) шаруашылықтары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге салық салудың оңайлатылған режимi туралы" Нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 21 мамырдағы N 535 V990799_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
1. Жалпы ережелер
1. Осы нұсқау "Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 Z952235_ Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
Ескерту: 1-тарау өзгертілді - ҚР Кіріс министрлігінің
2000 жылғы 25 сәуірдегі N 384 бұйрығымен. V001156_
2. Нұсқау Шаруа (фермерлік) шаруашылықтары (бұдан әрі - Шаруашылық) мен олар үшін жер негізгі өндіріс құралы болып табылатын немесе қызметі ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге арналған жерді пайдалануға байланысты, сондай-ақ өз өндірісіндегі ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге (бұдан әрі - Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші) салық салудың оңайлатылған режимін белгілейді.
Салық салудың жеңілдетілген режимі субъектінің жүргізудегі екі рет жазуды және қаржы-шаруашылық қызметінде бухгалтерлік есеп шоттардың жоспарын қолданбауын білдіреді.
3. Шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді салық салудың оңайлатылған режиміне көшіру оларда жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң саны мен ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң кiрiс көлемiне қарамастан жүргiзiледi.
4. Патенттiң құнын есептеу кезiнде бюджетке төленуге тиiстi салықтар сомасы жердi пайдаланып ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрумен айналысатын шаруа (фермерлiк) шаруашылықтары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер үшiн 80 процентке кемiтiледi.
5. Ұйымдар, азаматтар, мемлекеттiк органдармен қарымқатынастарда Шаруашылықтың мүдделерiн Шаруашылық Басшысы (бұдан әрi - Басшы) бiлдiредi. Ол заңда тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмiлелердi де жүзеге асырады.
6. Шаруашылық ұйымдастыру үшiн жер учаскесiн алуға тiлек бiлдiрген азаматтар жер беру құқығы бар жергiлiктi атқарушы органға жер пайдалану құқығын беру туралы өтiнiш бередi.
7. Тұрақты жер пайдалану құқығына акт не әрбiр жер учаскесiндегi жердi уақытша пайдалану туралы шарт Басшысы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен берiледi.
2. Оңайлатылған салық режимiнiң субъектiлерi
8. Олар үшiн жер негiзгi өндiрiс құралы болып табылатын немесе қызметi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiруге арналған жердi пайдалануға байланысты, сондай-ақ өз өндiрiсiндегi ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдейтiн ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер мен Шаруашылықтар оңайлатылған салық режимiнiң субъектiлерi болып табылады.
3. Мемлекеттiк тiркеу
9. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Шаруашылықтарды мемлекеттiк тiркеу жеке сипатта жүргiзiлiп, тұрақты жер пайдалану құқығына акт не әрбiр жер учаскесiндегi жердi уақытша пайдалану туралы шарт тiркелген жер бойынша аумақтық салық органында заңдық тұлғаны құрмаған жеке кәсiпкер ретiнде есепке алу болып табылады.
11. Мынадай шарттардың бiрiне жауап беретiн:
- тұрақты негiзде жалдамалы еңбектi пайдаланатындары;
- Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде жеке адамдарға белгiленген жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшерiнен асатын мөлшерде салық заңдарына сәйкес есептелген кәсiпкерлiк қызметiнде жылдық жиынтық табысы бар жеке кәсiпкерлер мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркелуге жатады.
12. Жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелу үшiн Басшы аумақтық салық органына:
1) Басшының белгiленген нысандағы өтiнiшi (1 қосымша).
Бiрлескен жеке кәсiпкерлiктi тiркеген жағдайда Басшы сонымен бiр мезгiлде Шаруашылықтың басқа мүшелерiнен де осындай өтiнiштер тапсырады.
2) Тұрақты жер пайдалану құқығына акт не әрбiр жер учаскесiндегi жердi уақытша пайдалану туралы шарт.
3) Басшының 3х4 см. мөлшердегi суретi.
Басқа құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
13. Егер өтiнiште өзгеше мерзiм көрсетiлмесе, жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу куәлiгi (бұдан әрi - Куәлiк) мерзiмсiз берiледi. Бiрлескен жеке кәсiпкерлiктi тiркеген жағдайда Куәлiк Шаруашылықтың барлық мүшелерi тiзiлiп, жазылып берiледi.
14. Куәлiктi Шаруашылыққа берудi аумақтық салық органдары кәсiпкерлiк қызметпен айналысушы азаматтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеусiз жүзеге асырылуы тиiс. Осы Нұсқаудың 12 тармағында аталған құжаттар және куәлiк бланкiсiнiң құнын төлеген болса, салық органдары Шаруашылықты мемлекеттiк тiркеудi құжаттар тапсырылған күнi жүргізеді.
15. Куәлiктен айыруға, оны басқа адамдарға беруге болмайды. Куәлiктiң кез келген көшiрмесi (соның iшiнде ксерокөшiрме және фотокөшiрме) олардың негiзiнде кәсiпкерлiк қызмет жүзеге асырылатын құжат болып табылмайды.
16. Салық органдары берiлетiн Куәлiктердi Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктердi тiркеу (беру) журналында есепке алуы тиiс.
17. Куәлiк жоғалса, Басшының өтiнiшiне сәйкес дубликат берiледi. Осы ретте дубликат бланкiсiнiң құны төленедi.
18. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беруге өтiнiштегi мәлiметтер өзгерсе, Шаруашылық бланк құнын төлеп қайта тiркеудi жүзеге асырады және жаңа куәлiк алуы тиiс.
19. Кәсiпкерлiк қызмет тоқтатылған немесе күшiнде болу мерзiмi бiткен жағдайда (өтiнiште көрсетiлген мерзiмге сәйкес) куәлiк оны берген салық органына тапсырылуы тиiс.
20. Шаруашылықта куәлiктiң болуы мынадай жағдайларда, егер:
- олардың негiзiнде Шаруашылық өз қызметiн жүзеге асыратын құжаттардың (Патент, Кiрiстер мен шығыстарды есепке алу кiтабы, лицензия) болмаса;
- Патенттiң немесе лицензияның күшiнде болу мерзiмi аяқталса оған кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлмейдi.
4. Оңайлатылған салық режимiнiң турлерi
21. Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң патентi негiзiнде бекiтiлген жиынтық салықтың оңайлатылған салық режимi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әдеттегi салық салу жүйесiмен қатар қолданылады. Оңайлатылған режимдi немесе әдеттегi жүйеге көшудi қоса алғанда, салық салу жүйесiн таңдау құқығы осы Нұсқауда көзделген тәртiппен ерiктi түрде берiледi.
22. Шаруашылық салық органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен кезде
салық заңдарында белгiленген оңайлатылған салық режимiнiң бiреуiн таңдап алады: 1) Патент негiзiнде (бұдан әрi - Патент негiзiнде жұмыс iстейтiн Шаруашылықтар) бекiтiлген жиынтық салық сомасы; 2) Кірiстер мен шығыстарды есепке алу кiтабы (бұдан әрi - есепке алу негiзiнде жұмыс iстейтiн Шаруашылықтар). 5. Патент негiзiнде бекiтiлген жиынтық салық негiзiнде оңайлатылған салық режимi 23. Патенттi аумақтық салық органы Шаруашылықтар мен Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне күнтiзбелiк бiр жылдан аспайтын мерзiмге бередi. Патент нысанын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеп, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады. 24. Аумақтық салық органына Патент алу үшiн Басшы мыналарды тапсырады: 1) белгiленген нысандағы өтiнiш (2 қосымша); 2) тұрақты пайдалану құқығына акт (уақытша пайдалану туралы шарт); 3) 3х4 см. көлемiндегi сурет; 4) бекiтiлген жиынтық салықтың мерзiмiнде және Патент бланкi құнының төленгенiн растайтын құжаттар; 5) асырауында адамдар бар екенi туралы анықтама;
6) қызметкерлердi жалға алуы туралы шарттар (онда: жеке басы куәлiгiнiң мәлiметтерi, мекен-жайы, жалдану мерзiмi, төленетiн еңбекақы мөлшерi, қажеттi еңбек жағдайлары мен әлеуметтiк кепiлдiктердi қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыс берушiнiң мiндеттемелерi мiндеттi түрде көрсетiледi);
7) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
8) лицензия көшiрмесi (лицензияланатын қызмет түрi жүзеге асырылған жағдайда);
9) есеп айырысу шоттары жайлы ақпараттар.
Жоғарыда аталған барлық құжаттар болса, салық органы Шаруашылыққа Патенттi 3 жұмыс күнi iшiнде, ал келiспеушiлiктер туындаған жағдайларда 10 күн iшiнде беруi қажет.
25. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер үшiн құжаттарды берудiң осындай тәртiбi сақталады, осы Нұсқаудың 24-тармағы 3), 7) тармақшаларынан басқа. Өтiнiш 3 қосымшада белгiленген нысанда берiледi.
26. Егер Шаруашылық немесе Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi айналысуға ниеттеген қызмет "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Z952200_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес лицензияланатын болса, онда аталған Жарлықтың 7-бабы 1 тармақшасына сәйкес осындай қызмет түрiмен айналысу құқығына Патент беру ол лицензия алғаннан кейiн жүзеге асырылады. Лицензия жоғарыда аталған Жарлықта көзделген тәртiппен берiледi.
27. Салық органдары берiлетiн Патенттердi Патенттердi берудi тiркеу журналында есепке алуы тиiс.
28. Патенттi жеке айыруға болмайды, оны басқа адамдарға беруге тыйым салынады. Патент жоғалған жағдайда, салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша Патенттiң дубликаты берiледi.
29. Патент негiзiнде қызметiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер бекiтiлген жиынтық салықты төлеп, Патент құнының есебiне енгiзiлген салықтар бойынша декларация беруден, есеп жүргiзуден босатылады.
30. Осы Патент тек қана ауыл шаруашылығы мақсатындағы ауыл шаруашылығы жерлерiн пайдалану, өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, өңдеу және өткiзумен байланысты қызметке қолданылады. Басқа қызмет түрлерiн жүзеге асыру үшiн Шаруашылық тиiстi қызмет түрiне патент алуы не қызметтi кiрiстер мен шығыстар кiтабын жүргiзiп жүзеге асыруы қажет. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер мұндай жағдайда жеке есепке алуды жүргiзуi қажет.
31. Оған ҚҚС, әлеуметтiк салық, кәсiпкерлiк қызметтiң кiрiстерiнiң табыс салығы (Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер үшiн - заңды тұлғаның кiрiсiнен), жеке адамдардан табыс көзiнде алынатын табыс салығы, зейнетақы қорларына аударымдар, жер салығы, мүлiк салығы, көлiк салығы енетiн бекiтiлген жиынтық салық Патенттiң құны болып табылады. Патенттiң құны 4 қосымшада, Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер үшiн 7 қосымшада келтiрiлген нысанда айқындалады. Салық төлеушi бекiтiлген жиынтық салықтан басқа Патенттiң құнына енгiзiлмеген алымдар, төлемдер (су үшiн төлем, қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем және т.б.) бойынша есеп айырысулар мен декларацияларды дербес тапсырып, оларды төлейдi.
32. Бекiтiлген жиынтық салық сомасын төлеу төлемдердi төрт мерзiмге бөлiп жүзеге асырылады:
- Патент құнының I/6 бөлiгiн алу сәтiнде;
- Патент құнының I/6 бөлiгi бойынша 20 мамыр, 20 тамызда;
- Патент құнының қалған бөлiгiн 20 қарашада.
Жұмыстардың маусымдық сипаты кезiнде Шаруашылықтар мен Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер салық органдарымен келiсiп Патент құнын төлеудiң өзге мерзiмiн белгiлеуi мүмкiн. Егер Патент мiндеттi төлем мерзiмдерiнiң бiрi өткен кезде берiлсе, онда патент алу сәтiнде өткен мерзiмдер бойынша сомалар да төленуi тиiс.
33. Патент бойынша жұмыс iстейтiн салық төлеушiлер Патентте көрсетiлген мөлшер мен сомада ҚҚС төлеушiлер болып табылады және белгiленген үлгiдегi салық фактура шоттарын тек қана жорамал табыс пен Патент құнын айқындау кезiнде қабылданған сомалар шегiнде жазуы тиiс. Салық фактура шоттарының бланкiлерiн салық органына салық төлеушi бередi.
34. Салық органы Патенттi беру кезiнде сонымен бiр мезгiлде салық фактура шоттарын да тiркейдi, олар бiр-бiрiмен жапсырылып, нөмiрленедi және Патенттi берген салық органының мөрiмен, сондай-ақ салық органы басшысының немесе басшы орынбасарының қолымен куәландырылады. Салық органы бiрiншi салық фактура шотының сол жағында Патент құнын айқындау кезiнде қабылданған (5 жол) ҚҚС сомасын, ал әрбiр салық фактура шотының оң бөлiгiнде - СТТН, Патенттiң сериясы мен нөмiрiн қояды. Салық фактура шотының сол жағы (түбiршегi) сатушыда қалып, ал оң бөлiгi сатып алушыға берiледi.
35. Салық төлеушi салық фактура шотын жазған кезде салық фактура шотының сол жағында берiлген тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) үшiн сатып алушыға ҚҚС сомасын көрсетедi, нақ сонда ҚҚС-ның пайдаланылмаған сомасының қалдығын жазады. Салық төлеушi салық фактура шоттарын тек қана көрсетiлген қалдық шегiнде (ҚҚС-ның пайдаланылмаған сомасы) жазуға құқылы.
36. Барлық салық фактура шоттарын пайдалану кезiнде олардың түбiршектерi мiндеттi түрде оларды берген салық органына тапсырылуы тиiс, онда олар салық төлеушiнiң iсiнде сақталады. Тек қана пайдаланылған салық фактура шоттарының түбiршектерiн тапсыру, сондай-ақ ҚҚС қалдығының пайдаланылмаған сомасы бар болса, салық төлеушi ондағы қалдықтарды көшiргеннен кейiн сатып алушылармен салық бойынша одан әрi есеп айырысуларды жүзеге асыру үшiн салық фактура шоттарының жаңа бланкiлерiн салық органында куәландыруға құқылы.
37. Жыл iшiнде жорамал жылдық жиынтық табыстың сомасы өзгерсе, салық төлеушi Патенттiң құнын қайта есептеу үшiн салық органына өтiнiш жасауға құқылы, мұның өзiнде бұрын төленген сома ескерiледi.
38. Кәсiпкерлiк қызмет Патенттiң қолданылу мерзiмi бiткенге дейiн тоқтатылса, бекiтiлген жиынтық салық сомасының енгiзiлген сомасы қайтаруға және қайта есептеуге жатпайды.
6. Кiрiстер мен шығыстар кiтабын жүргiзу кезiндегi салық режимi
39. Осы Нұсқаудың 11 тармағының шарттарын сақтап, кiрiстер мен шығыстар кiтабын жүргiзу кезiндегi оңайлатылған салық режимi бойынша жұмыс iстеуге тiлек бiлдiрген шаруашылықтар Куәлiк алғаннан кейiн салық органына кiрiстер мен шығыстар кiтабын (бұдан әрi - Есепке алу кiтабы) тапсырады, онда мiндеттi түрде бiрiншi бетте Шаруашылық атауы, Басшының тегi, аты-жөнi, СТТН, Куәлiктiң тiркелген нөмiрi мен берiлген күнi, нөмiр, сериясы, банк шоттарының нөмiрлерi жазылады. Есепке алу кiтабы нөмiрленiп, тiгiледi, салық органы басшысының қолы қойылып, салық органының мөрiмен таңбаланады.
40. Есепке алуды жүргiзiп, жұмыс iстейтiн шаруашылықтар салықтар, алымдар мен бюджетке басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушiлер болып табылады және оларға салық салу салық заңдарына сәйкес (декларация тапсырады, аванстық төлемдердi төлейдi және т.с.с.) жүзеге асырылады. Есепке алуды жүргiзу Есепке алу кiтабының негiзiнде қосарлы жазба әдiсiн қолданусыз және бухгалтерлiк есепке алу шоттары бойынша операцияларды көрсетусiз оңайлатылған нысанда жүзеге асырылады. Есепке алу кiтабының негiзiнде жұмыс iстейтiн шаруашылықтар сатып алушы-тұтынушыға бақылау чегiн берiп, фискалдық жадуалы бар бақылау-кассалық аппараттары арқылы операциялар жүргiзедi.
7. Оңайлатылған салық режимiн қолданатын Ауыл шаруашылығы тауарларын
өндiрушілер мен Шаруашылықтардың жауапкершілігі
41. Оңайлатылған салық режимiн қолданатын кәсiпкерлердiң
жауапкершiлiгi "Салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес туындайды. 42. Есеп айырысуға тапсырылған Патентте төте тексерiстер нәтижелерi бойынша салық салынатын база мөлшерi анықталса, салық төлеушiге қолданыстағы заңдарға сәйкес санкциялар қолданылады. 43. Төлем көзiнде ұсталатын табыс салығын бюджетке аудару мен ұстау, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлер үшiн зейнетақы жинақтау қорына қаражаттың уақтылы және толық аударылуына табысты төлеген жұмыс берушi жауап бередi. Нұсқауға 1 қосымша _________________________ _________________________ бойынша Салық комитетінің Басшысына "_______________________" (салық төлеушінің атауы) _________________________ _________________________ (аты-жөні) СТТН ____________________ _________________________ _________________________ (тұрғылықты жер адресі) Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы Куәлік алуға Өтініш Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы _________________________ мерзімге Куәлік беруді өтінемін. Тұлғаны куәліктендіретін құжат: сериясы ______ N ___________________ ____________________________________________________________________ (кім және қашан берілген) ________________________________________________________ берілген ____________________________________________________________________ (туған жері) Орналасқан жері _________________________________ ____________________________________________________________________ (егерде болса, кәсіпорынның мекен-жайы) Маған менің міндеттерім мен құқықтарым түсіндірілді. _______ ж. "___" __________________. ____________________________ (өтініш берген күні) (кәсіпкердің қолы) _______ ж. "___" __________________. ____________________________ (өтініштің қабылданған күні) (аты-жөні, қолы) Нұсқауға 2 Қосымша _________________________ _________________________ бойынша Салық комитетінің Басшысына "_______________________" (салық төлеушінің атауы) _________________________ _________________________ (аты-жөні) СТТН ____________________ _________________________ _________________________ (тұрғылықты жер адресі) Шаруа (фермер) қожалығы басшысының патент алуға өтініші 1999 ж. "___" __________ 1999 ж. "___" ____________ дейінгі мерзімге _____________________ теңгеде күтілетін жиынтық жылдық кірістегі ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (қызмет түрі) жүргізуге Патент беруді өтінемін Тұлғаны куәліктендіретін құжат: сериясы __________ N _______________ ____________________________________________________________________ (кім және қашан берілген) ______________________________________________________ берілген Қызметті жүргізетін орны ___________________________________________ ____________________________________________________________________ (тұрақты орналасқан жеріндегі мекен-жайы) Ұсынылатын салықтық шот-фактуралардың саны _________________________ Жалдамалы жұмыскерлердің саны ______________________________________ оның ішінде зейнеткерлер ____________________________________________ Асырауындағы адамдар саны* _________________________________________ Жеңілдіктері барлығын куәландыратын құжат __________________________ ______ ж. "__" __________. __________________________________ (өтініш берген күні) (кәсіпкердің қолы) _______ ж. "___" __________________. ____________________________ (өтініштің қабылданған күні) (салық инспекторының қолы,
аты-жөні)
* Асырауындағы адамдар саны асырауында адамдар барлығы туралы
анықтамамен расталады. * Маған құқықтары мен міндеттерім түсіндірілді және осы өтініште келтірілген мәліметтердің шындығы мен толықтығына заң алдында жауап беремін. Нұсқауға 3 қосымша _________________________ _________________________ бойынша Салық комитетінің Басшысына "_______________________" (салық төлеушінің атауы) _________________________ _________________________ СТТН ____________________ _________________________ _________________________ (басшының аты-жөні) _________________________ _________________________ (заңдық мекен-жайы) Ауыл шаруашылығы тауар өндірушісінің патент алуға өтініші 1999 ж "___" _____________ 1999 ж "___" __________ дейінгі мерзімге ______________ теңгеде күтілетін жиынтық жылдық кірістегі ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (қызмет түрі) жүргізуге Патент беруді өтінемін Қызметті жүргізетін орны ___________________________________________ ____________________________________________________________________ (тұрақты орналасқан жеріндегі мекен-жайы) Ұсынылатын салықтық шот-фактуралардың саны ________________ Жалдамалы қызметкерлердің саны _____________________________________ ______ ж. "__" __________. __________________________________ (өтініш берген күні) (кәсіпкердің қолы) _______ ж. "___" __________________. ____________________________ (өтініштің қабылданған күні) (салық инспекторының қолы, аты-жөні) * Маған құқықтарым мен міндеттерім түсіндірілді және осы өтініште келтірілген мәліметтердің шындығы мен толықтығына заң алдында жауап беремін. Нұсқауға 4 қосымша СТТН _______________________ ________________________________ (салық төлеуші) (ауданы, қаласы) ____________________________ ______________________ бойынша (шаруашылық атауы) ____________________________ ________________________________ (Шаруашылық басшысының (ұсынылған күні) аты-жөні) Қызмет түрі ________________ ____________________________ Жер өндірістік негізгі құрал болып табылатын шаруа (фермерлік) қожалықтары үшін _________ жылға негізделген Патент құнының есебі Шаруашылық қызметкерлерінің саны-жалпы(адам)- оның ішінде: шаруашылық мүшелері- жалдамалы қызметкерлер- ------------------------------------------------------------------------- N ! Негізгі көрсеткіштер ! Теңгедегі п/ ! 1 Сома п ! ! ------------------------------------------------------------------------- 1 Жердің жалпы көлемі (га) ------------------------------------------------------------------------- 2 ҚР Мемжерком органдарының мәліметтері бойынша жер учаскесінің бағалау бағасы ------------------------------------------------------------------------- 3 Тіркелген жиынтық жер салығы-жалпы Оның ішінде: жер салығы табыс салығы (0,25 % х 2 жол) ------------------------------------------------------------------------- 4 ҚҚС-ты есептей отыра жердің жалпы көлемінен алынатын жиынтық жылдық кіріс ------------------------------------------------------------------------- 5 оның ішінде ҚҚС ------------------------------------------------------------------------- 6 ҚҚС-ты есептей отыра жердің жалпы көлемінен алынатын кіріс алуға байланысты шығыстар ------------------------------------------------------------------------- 7 оның ішінде ҚҚС ------------------------------------------------------------------------- 8 Төленуге тиісті ҚҚС сомасы (5 жол - 7 жол) ------------------------------------------------------------------------- 9 Мүлікке салынатын салық ------------------------------------------------------------------------- 10 Көлік құралдарына салынатын салық ------------------------------------------------------------------------- 11 5 % әлеуметтік салықты (4 жол - 6 жол) анықтау үшін Шаруашылықтың салық салынатын кірісі ------------------------------------------------------------------------- 12 Салық салынатын кірістен Шаруашылықтың әлеуметтік салығы (11 жол х 5%) ------------------------------------------------------------------------- 13 Салық жылына әрбір жалдамалы қызметкер үшін айлық есептік көрсеткіштен 49 % мөлшерінде әлеуметтік салық ------------------------------------------------------------------------- 14 Жеңілдетуге (жол сомалары: 3, 8, 9, 10, 12, 13) жататын жалпы салықтардың сомасы ------------------------------------------------------------------------- 15 Төленуге тиісті салықтар сомасы (14 жол х 20%) ------------------------------------------------------------------------- 16 Шаруашылықтың жалдамалы қызметкерлерінің төлем көздерінен ұсталатын табыс салығы ------------------------------------------------------------------------- 17 Жинақталатын зейнеткерлік қорларына міндетті зейнеткерлік жарналар ------------------------------------------------------------------------- 18 Патент бағасы - тіркелген жиынтық салық сомасы (жол сомасы; 15, 16,17) ------------------------------------------------------------------------- _________ "__" І мерзім. ______ "__" ІІ мерзім. _________ "__" ІІІ мерзім. ______ "__" ІV мерзім. Тіркелген жиынтық салық сомасы е/ш аударылуы тиіс _________________ ___________________________________________________ Ескерту: Есеп айырысу екі данада жасалады. МП ________________________________ ________________ (салық инспекторының аты-жөні) (қолы) ________________________________ ________________ (салық органы басшысының аты-жөні) (қолы) Таныстым: ________________________________________ ________________ (шаруашылық басшысының аты-жөні) (қолы) Нұсқауға 5 Қосымша СТТН _______________________ ________________________________ (салық төлеуші) (ауданы, қаласы) ____________________________ ______________________ бойынша (шаруашылық атауы) ____________________________ ________________________________ (Шаруашылық басшысының (ұсынылған күні) аты-жөні) Қызмет түрі ________________ ____________________________ Жер негізгі өндіріс құралы болып табылатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер үшін _____ жылға негізделген Патент құнының есебі Қызметкерлердің саны, жалпы (адам) - ------------------------------------------------------------------------- N ! Негізгі көрсеткіштер ! Теңгедегі п/ ! 1 Сома п ! ! ------------------------------------------------------------------------- 1 Жердің жалпы көлемі (га) ------------------------------------------------------------------------- 2 Орташа жылдық еңбек ақы төлеу қоры ------------------------------------------------------------------------- 3 ҚҚС-ты есептей отыра жердің жалпы көлемінен алынатын жиынтық жылдық кіріс ------------------------------------------------------------------------- 4 оның ішінде ҚҚС ------------------------------------------------------------------------- 5 ҚҚС-ты есептей отыра жердің жалпы көлемінен алынатын кіріс алуға байланысты шығыстар ------------------------------------------------------------------------- 6 оның ішінде ҚҚС ------------------------------------------------------------------------- 7 Төленуге тиісті ҚҚС сомасы (4 жол - 6 жол) ------------------------------------------------------------------------- 8 Жер салығы ------------------------------------------------------------------------- 9 Мүлікке салынатын салық ------------------------------------------------------------------------- 10 Көлік құралдарына салынатын салық ------------------------------------------------------------------------- 11 Әлеуметтік салық ------------------------------------------------------------------------- 12 Салық салынатын кіріс (3 жолдан 5, 7, 8, 9, 10, 11, 17 жол сомаларынан есептеп алып тастау) ------------------------------------------------------------------------- 13 Заңды тұлғаның кірісінен алынатын табыс салығы (12 жол х 10%) ------------------------------------------------------------------------- 14 Жеңілдетуге (жол сомалары: 7, 8, 9, 10, 11, 13) жататын жалпы салықтардың сомасы ------------------------------------------------------------------------- 15 Төленуге тиісті салықтар сомасы (14 жол х 20%) ------------------------------------------------------------------------- 16 Төлем көздерінен ұсталатын табыс салығы ------------------------------------------------------------------------- 17 Жинақталатын зейнеткерлік қорларына міндетті зейнеткерлік жарналар ------------------------------------------------------------------------- 18 Патент бағасы - тіркелген жиынтық салық сомасы (жол сомасы: 15, 16, 17) ------------------------------------------------------------------------- _________ "__" І мерзім. ______ "__" ІІ мерзім. _________ "__" ІІІ мерзім. ______ "__" ІV мерзім. Тіркелген жиынтық салық сомасы е/ш аударылуы тиіс _________________ ___________________________________________________ Ескерту: Есеп айырысу екі данада жасалады. МО ________________________________ ________________ (салық инспекторының аты-жөні) (қолы) ________________________________ ________________ (салық органы басшысының аты-жөні) (қолы) Таныстым: ________________________________________ ________________ (шаруашылық басшысының аты-жөні) (қолы) Нұсқауға 6 Қосымша Олар ушiн жер негiзгi өндiрiс құралы болып табылатын шаруа (фермерлiк) қожалықтар патенттерi бағаларын анықтау бойынша Нұсқау
1. 1 және 2 жолдар әрдайым жердi пайдалануға (бұдан әрi - Акт) құқық беретiн Актi немесе жердi уақытша пайдалану туралы келiсiм-шарт негiзiнде толтырылады.
2. 3 жол бойынша жер салығының тiркелген сомасы көрсетiледi. Мұның өзiнде, жер салығы Актi мәлiметтерi негiзiнде салық заңдылығына сәйкес жалпы белгiленген тәртiпте есептеледi, табыс салығы жердiң бағалау бағасынан 0,25% ставка бойынша есептеледi.
3. 4 жолды толтыру кезiнде Шаруашылықпен көрсетiлген жиынтық жылдық кiрiс сомасын еске алу қажет. Мұның өзiнде, нақты соманың шындығын аймақ бойынша орташа мәлiметтермен талдау жасалуы керек.
4. 6 жолда Шаруашылықтың өткен жылғы ҚҚС бойынша шығындары инфляция коэффициентi ескерiлiп, көрсетiледi.
5. 9, 10 жолдар Басшы ұсынған мәлiметтер негiзiнде салық заңдылығына сәйкес жалпы белгiленген тәртiпте айқындалады.
6. 12 жол бойынша айқындалған сома өзiне және Шаруашылық мүшелерiне әлеуметтiк салық сомасын енгiзедi.
7. 14 жол бойынша салықтар мен зандылық Жарлығының 138-бабының соңғы абзацына сәйкес жеңiлдетiлуге тиiстi есептелген салықтар сомасы көрсетiледi. Мұның өзiнде, төлем көздерiнен ұсталатын жалдамалы қызметкерлердiң табыс салығы сомасы енгiзiлмейдi, өйткенi жеңiлдiк Шаруашылықпен берiлген және жалдамалы қызметкерлердiң кiрiстерiне таралмайды.
10. 16 жол бойынша Қызметкердi жалдау шартында көрсетiлген, салық заңдарында өзiне және асырауындағы адамдарға тиiстi анықтама болған жағдайда, көзделген шегерiмдердi ескерiп жалдамалы қызметкердiң еңбек ақы сомаларын басшылыққа алып айқындалған және төлем көзiнде ұсталған табыс салығының сомасы көрсетiледi.
11. 17 жол бойынша Басшымен өзi, Шаруашылық мүшелерi және жалдамалы қызметкерлер үшiн зейнеткерлiк жинақтау қорына жiберiлген мiндеттi зейнеткерлiк жарналардың сомасы айқындалады.
"Зейнетақы жинақтау қорларына міндетті зейнетақылық жарналарды ұстап
қалу мен аудару Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 P990245_ қаулысына сәйкес Патент сатып алған Шаруашылықтардың зейнетақы жинақтау қорларына міндетті зейнетақы жарналарын жалдау туралы Шартта көрсетілген еңбек ақының 10 мөлшерінде, бірақ заң актілерінде белгіленген ең төменгі еңбекақыдан төмен емес мөлшерде ұстап қалынады және аударылады. (Мысалы: 1999 жылы заңмен ең аз айлық еңбек ақының мынадай мөлшерлері белгіленді: 1999 жылдың 1 қаңтарынан - 2440 теңге; 1999 жылдың 1 сәуірінен - 2650 теңге; 1999 жылдың 1 қазанынан - 2680; 1999 жылға жалпы жылдық ең аз еңбек ақының 10 % - 3126 теңге құрайды). Нұсқауға 7 Қосымша Олар үшін жер негізгі құралы болып табылатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің патенттері бағаларын анықтау бойынша Нұсқау 1. 2 және 5 жолдар соңғы жылдың мәліметтері инфляция коэффициенттері ескеріліп, есептеледі. 2. 3 жолды толтыру кезінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі көрсеткен жиынтық жылдық кіріс сомасынан шыға отыра көрсету қажет. Мұның өзінде, осы соманың шындығы аймақ бойынша орташа мәліметтермен талдау жасалуы керек. 3. 8, 9, 10, 11, 16 жолдар салық заңдылығына сәйкес жалпы белгіленген тәртіпте айқындалады. 4. 17 жол шаруа (фермерлік) қожалықтары үшін Патенттің бағасын айқындау бойынша Нұсқаулықтың 10 тармақ бөлімшесіне сәйкес есептеледі. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.