"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 мамырдағы
қаулысының
2-тармағын орындау үшін Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 13 тамыздағы N 177
бұйрығына
мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия берудің тәртібі туралы Ережеге:
5-тармақтың абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Лицензиат бір жолғы лицензиялық алымды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мөлшерде төлейді".
13-тармақтағы "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 10-еселенген есептік көрсеткіш" деген сөздер "осы Ереженің 5-тармағымен көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр