Нотариаттық қызмет құқығына лицензиялар беру тәртібі туралы Ереже

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі 1998 жылғы 13 наурыз N 177. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 20 наурызда тіркелді. Тіркеу N 488. Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 14 наурыздағы N 31 бұйрығымен.


     1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының  

Z970155_

  "Нотариат 
туралы" Заңына сәйкес бұйырамын:
     1. Нотариаттық қызмет құқығына лицензиялар беру тәртібі туралы қоса 
беріліп отырған Ереже бекітілсін.
     2. Аталған Ереже 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілсін.
     
     Министр
     
                                                   Қазақстан Республикасы
                                                     Әділет министрінің
                                                  13 наурыз 1998 ж. N 177  
                                                    бұйрығымен бекітілді
     
               Нотариаттық қызмет құқығына лицензиялар
                         беру тәртібі туралы
                               Ереже
     


      1. Нотариаттық қызмет құқығына лицензиялар беру тәртібі туралы ереже (әрі қарай - Ереже) жекеменшік нотариустарға нотариаттық қызмет құқығын іске асыруға лицензия беру (әрі қарай - нотариус лицензиясы) тәртібін, мерзімі мен шарттарын реттейді.
      2. Ереженің құқықтық негізі 1997 жылғы 14 шілдедегі "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы болып табылады.
      3. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияларды беруді Әділет біліктілік алқасы ұсынуымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (әрі қарай - лицензиар) жүзеге асырады.
      4. Нотариустың лицензиясы (әрі қарай - лицензиат) жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл стажы бар, Әділет біліктілік алқасында біліктілік емтиханын тапсырған және мемлекеттік немесе жеке нотариус сынағынан өткен, ӘБА-ның ұсынымын алған, жекеменшік нотариаттық тәжірибемен айналысуды қалаған Қазақстан Республикасының азаматына беріледі.
      5. Лицензиат бір жолғы лицензиялық алымды Қазақстан Республикасының

Үкіметі бекіткен мөлшерде төлейді.
<*>

     Лицензия алымы біліктілік емтиханын жақсы тапсыру жағдайында лицензия 
алғанға дейін төленеді.
     Лицензиар төленген алым сомасының бюджетке аударылу дұрыстығы, 
толықтығы және уақытылы бюджетке аударылуы үшін жауап береді.
     Ескерту. 5-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 1999.02.24.
              N 18  

V990701_

  бұйрығымен.
     Ескерту. 5-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 1999.07.09.
              N 395  

V990839_

  бұйрығымен.
     
     6. Лицензиар лицензияны беру туралы мәселенi мынадай құжаттардың 
негiзiнде қарайды:
     1) лицензия беру туралы өтiнiш;


      2) Әдiлет бiлiктiлiк алқасының бiлiктiлiк емтиханын тапсырған

нәтижелерi және ұсынымды тапсырғаны туралы шешiмi;
     3) Лицензиялық алымды төлеу туралы түбiртек немесе төлем 
тапсырмасының көшiрмесi.
     Бұрын нотариус болып жұмыс iстемеген адам сынақтан өту туралы шарттың 
көшiрмесiн, бұйрықтың немесе одан сынақтың жетекшiсiн тағайындау туралы 
үзiндiсiнiң көшiрмесiн және одан өту нәтижелерi туралы қорытындыны қосымша 
ұсынады.
<*>

     Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрлігінің 
              2000 жылғы 4 қазандағы N 78  

V001280_

  бұйрығымен.
     
     7. Біліктілік емтиханын тапсыру нәтижелері бойынша Лицензиар:
     - нотариустың лицензиясын беру туралы;
     - нотариустың лицензиясын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
     8. Лицензиардың шешімі барлық қажеттi құжаттарымен бiрге өтiнiш 
берген күннен бастап он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Әділет 
министрінің бұйрығы түрінде ресімделеді.
<*>
<*>

     Ескерту. 8-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 1999.02.24.
              N 18  

V990701_

  бұйрығымен.
     Ескерту. 8-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 
              2000 жылғы 4 қазандағы N 78  

V001280_

  бұйрығымен.
     
     9. Лицензия беруден бас тарту туралы шешім, егер лицензия алуға 
келген тұлға:
     - нотариаттық қызмет жасауға сот тыйым салса;
     - қасақана қылмыс істеуге қатысты алынбаған немесе мерзімі бітпеген 
сотталушылығы бар.
     - қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде терiс қылықтары және 
заңдылықтарды бұзғаны үшiн әдiлет, прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, кеден
қызметi, салық полициясы, анықтау, тергеу органдарының судьясы, қызметкерi 
қызметiнен босатылса;
     - осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттарды 
тапсырмаса;
     - нотариаттық қызмет құқығымен айналысу құқығына лицензиялық алым 
бермесе. 
<*>

     Ескерту. 9-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 
              2000 жылғы 4 қазандағы N 78  

V001280_

  бұйрығымен.
     
     10. Лицензия беруден бас тарту кезiнде өтiнiш иесiне лицензия беру 
үшiн белгiленген мерзiмде дәлелденген жазбаша түрде жауап берiледi.
     Бас тарту туралы шешiм сот тәртiбiмен шағымдана алады.
<*>

     Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет                
              министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 
               

V001280_

  бұйрығымен.
     
     11. 
<*>

     Ескерту. 11-тармақ алынып тасталынды - ҚР Әділет                      
              министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 
               

V001280_

  бұйрығымен.
     
     12. Лицензия Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен нысанда беріледі 
және Лицензиар жүргізетін жекеменшік нотариустың Мемлекеттік лицензиарлар 
тізіліміне енгізіледі.
     13. Лицензия жоғалған кезінде лицензиаттың өтініші негізінде он күн 
ішінде оның дубликаты беріледі. Бұл жағдайда лицензиаттан осы Ереженің 
5-тармағымен көзделген мөлшерінде лицензиялық алым төленеді.
<*>

     Ескерту. 13-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 1999.07.09.
              N 395  

V990839_

  бұйрығымен.
     Ескерту. 13-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 
              2000 жылғы 4 қазандағы N 78  

V001280_

  бұйрығымен.
     
     14. Нотариус лицензиясын алған және нотариаттық қызметпен айналысуды 
қалаған адам аумақтық әділет органының тіркелу есебіне кіреді және 
нотариаттық палата мүшелігіне енеді.


      14-1. Тегiн, атын, әкесiнiң атын, төлқұжаттық деректерiн және тұратын

жерiн өзгерткен жағдайда нотариус лицензиарға бiр айлық мерзiмде 
көрсетiлген мәліметтерді растайтын қосымшалармен тиiстi құжаттарды жазбаша 
хабарлауға мiндеттi.
<*>
 
     Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет     
              министрлігінің 2000 жылғы 4 қазандағы N 78 
               

V001280_

  бұйрығымен.
     
     15. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған адам 
аумақтық әділет органының бұйрығы бойынша мемлекеттік нотариус қызметіне 
тағайындалуы мүмкін.
<*>
 
     Ескерту. 15-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің
              2000 жылғы 4 қазандағы N 78  

V001280_

  бұйрығымен.
     
     16. Лицензия негізгі, мерзімсіз болып табылады және Қазақстан 
Республикасының барлық аумағында қолданылады.

     
оқығандар:
     
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады