Акцизделетiн өнiм өндiрiсi мен айналымы саласында бақылауды күшейту және салықтар мен бюджетке басқа да мiндеттi төлемдердiң толық әрi уақтылы түсуiн қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
1. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiретiн ұйымдардағы акциз постары туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ереженi бекiту туралы" Мемлекеттiк кiрiс министрiнің 1999 жылғы 9 сәуiрдегi N 217 V990800_ бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Ереженiң атауында және мәтiнде "этил спиртi мен алкогольдiк" деген сөздер "акцизделетiн" деген сөзбен ауыстырылсын.
3-тармақта:
"Инспекторлардың жұмысына жедел басшылық, соның iшiнде" деген сөздер алып тасталсын;
"ағымдағы бақылау" деген сөздердің алдында "және" шылауы жазылсын.
Мынадай мазмұндағы 3.1-тармақпен толықтырылсын:"Акциз постарының
жұмысына жедел басшылықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Салық полициясы комитетi аумақтық бөлiмшелерiнiң акцизделетiн өнiмнiң заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi бөлiм басшылары жүзеге асырады.". 4-тармақта: 4-тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "тек қана есепке алу тетiктер мен өлшеуiш аппараттар (приборлар) арқылы және соңғыларын пломба салынған күйде пайдаланғаны үшiн акцизделген өнiмдi алып тастауға"; 5) тармақшада: "таңбаланған" деген сөзден кейiн "таңбалануы тиiс" деген сөздермен толықтырылсын. 5-тармақта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен акцизделген өнiм өндiрiсi мен айналымын реттейтiн оның құрылымдық бөлiмшелерi бұйрықтарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға."; 5) тармақшада: "сатылған спирт" деген сөздер "сатылған акцизделетiн өнiм" деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақшада: "алкогольдiк" деген сөз "акцизделетiн" деген сөзбен ауыстырылсын; 8) тармақшада: "өнiм" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлігімен келiсiм бойынша" деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақтың 1 тармақшасында: үшiншi абзацта: "алкогольдiк" деген сөзден кейiн "және темекi" деген сөздермен толықтырылсын; бесiншi абзацта:
"тоқтатуға" деген сөз "тоқтата тұруға" деген сөздермен ауыстырылып, "хабарлауға" деген сөздің алдында "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне және" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзацта:
"(электронды көшiрмелер)" деген сөздердің алдында "этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiретiн ұйымдарда" деген сөздер қосып жазылсын;
мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне N 1 қосымшаға сәйкес электронды почта (электронды көшiрмелер) арқылы акцизделетiн өнiм өндiретiн ұйымдардағы акциз постарының жұмысы туралы жедел мәлiметтердi тапсыруға.";
7-тармақта:
"Спирттің барлық түрiн өндiретiн ұйымдардың инспекторлары" деген сөздер "акцизделетiн өнiм өндiретiн ұйымдарға бақылауды жүзеге асыратын акциз постарының инспекторлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"акцизделетiн өнiмдi сату кезiнде сатып алушыларда қажеттi құжаттардың (тиiстi қызмет түрiне лицензиялар, рұқсаттар) бар-жоғына, сондай-ақ акциз ставкаларының дұрыс қолданылуына бақылауды жүзеге асыруға";
2) тармақша алып тасталсын.
2. Облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша салық комитеттерiнің төрағалары және Салық полициясы комитетi аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары акцизделетiн өнiм өндiретiн ұйымдардағы акциз постарының жұмысын ұйымдастырсын.
3. Акциз постылары жұмысының жүзеге асырылуын бақылау жергілікті
салық органдары мен салық полициясы басшыларына жүктелсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Вице-министрі Қ.А.Нүрпейісовке және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Салық полициясы комитеті төрағасының бірінші орынбасары Қ.К.Қайырбековқа жүктелсін. Министр Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.