Күші жойылды - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі Төрағасының 2008.11.12 N 340-НҚ бұйрығымен.
____________________Бұйрықтан үзінді____________________
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) "Мемлекеттік кәсіпорындардың монопольды жүзеге асыратын қызметтеріне бағаларды реттеу ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 930 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2001 ж., N 32, 494-құжат) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Төрағасының 1999 жылғы 25 тамыздағы N 61-НҚ бұйрығының;
2) ...
2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа
Төраға Е.Есенбаев
"Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығының
26 бабының
3 тармағы негізінде және Президентте болған кәсіпкер форумы Кеңесінің 28.05.99 N 01-9/6 хаттамасы мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 14.06.99 N 6436 тапсырмасының орындалуына орай, бұйырамын:
1. Мемлекеттік кәсіпорындардың монопольды жүзеге асыратын қызметтеріне бағаларды реттеу Ережесі бекітілсін.
2. Монополияға қарсы заңдылықтың сақталуын қадағалау департаменті (А.Нұрабаева) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы Бұйрықтық мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Ұйымдық-кадр бөлімі (Е.Герасимова) осы бұйрықты аумақтық комитеттерге жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау төрағаның бірінші орынбасары С.Құрмағалиевке жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасының
табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестікті
қорғау жөніндегі агенттігінің
1999 жылғы 25 тамыз N 61-ОД
бұйрығына қосымша
Мемлекеттiк кәсiпорындардың монопольды
жүзеге асыратын қызметтерiне бағаны реттеудiң
Ережесі
Ескерту: барлық мәтін бойынша "уәкілетті" деген сөз "монополияға қарсы" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының 2007 жылғы 8 қаңтардағы N 8-ОД бұйрығымен.
1. Жалпы ереже
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 26 қарашадағы
N 1237
қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті туралы ережеге сәйкес мемлекеттiк кәсіпорындардың монопольды жүзеге асыратын қызметтерi мен жұмыстарына (бұдан әрi - қызметтер) бiрыңғай есептеу әдiснамасы мен бағаны ұсынуды, қарауды және бекiтудi белгiлеу мақсатында әзірленді.
Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда
-
ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының 2007 жылғы 8 қаңтардағы
N 8-ОД
бұйрығымен.
2. Монопольды немесе айрықша қызметтi жүзеге асырушы мемлекеттiк кәсiпорындар рынокта үстем жағдайға ие болған шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi (мемлекеттік монополия субъектілерін қоспағанда) Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiледi.
Осы Ереженің мақсатына орай мынадай түсiнiктер қолданылады:
монопольды немесе жүзеге асырушы мемлекеттiк кәсiпорын (одан әрi - ұйым) - бұл белгiлi бiр қызмет түрi бойынша немесе оған мемлекеттiк органның аталған қызмет түрiн көрсетуге ерекше (айрықша) құқық беруiне байланысты нарықта үстем жағдайға ие болған "мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны бар заңды тұлға.
Құзыреттi орган - Ұйымның құрылтайшысы болып табылатын мемлекеттiк орган:
монополияға қарсы орган - бәсекені қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік орган;
өтінім - монополияға қарсы органға қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бағаларын бекiту жөнiнде ресми ұсыныс жасау (өтiнiш).
Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді
-
ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының 2007 жылғы 8 қаңтардағы
N 8-ОД
бұйрығымен.
2. Бағаны ұсынудың, қараудың және бекiтудiң
тәртiбi мен мерзiмi
3. Бағаларды қалыптастыру реттелетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрлері бойынша және өзге қызмет бойынша тұтастай кірістердің, шығыстардың бөлінісі есебінің негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді
-
ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының 2007 жылғы 8 қаңтардағы
N 8-ОД
бұйрығымен.
4. Қызметтің бекiтiлген бағасы тоқсанның бiрiншi күнiнен енгiзiледi.
5. Қызметтiң жаңа түрлерiнің бағасын бекiту, қызметтің қолданылып жүрген бағасын өзгерту, қызметтi ұсыну шарттарын өзгерту қажет болған кезде, сондай-ақ қолданыстағы орнықтырылған баға мерзiмiнiң өтуiне орай Ұйым оны енгiзуге 45 күн қалғанға дейiн, кешiктiрмей монополияға қарсы органға бағаны бекiтуге (өзгертуге) өтiнiм тапсырады. Өтiнімде осы Нұсқаулықтың 3-бөлiмiнде қарастырылған көлемде және шарттарын сақтай отырып, қажеттi нормативтiк, есептiк және басқа материалдар (бұдан әрi - негiзделген материалдар) қоса тапсырылады.
Өтiнiмде бағаны қайта қарау негiзi және олардың жобаланатын деңгейi көрсетiлуге тиiстi.
6. Монополияға қарсы орган:
1) Негiзге алынатын құжаттар мен есептер өтiнiмiмен бiрге Ұйымдар ұсынған талдама негiзiнде бағалар жобаларына сараптама жасайды;
2) Ұйым үш күндiк мерзiм iшiнде беруге мiндеттi қосымша материалдарды сұратуға құқығы бар;
3) өтiнiмдердi қарауға қабылдаудан бас тартуға мынадай жағдайда құқылы:
Ұйымдардың өтiнiмдердi беру мерзiмiн бұзуы;
Ұйымдардың осы Нұсқаулықтың 3 бөлiмiнде қарастырылған құжаттарды бермеуi;
4) баға жобаларын бекiту жөнiндегi өтiнiмдi келiп түскен күннен бастап 30 күн iшiнде қарау және Ұйымды қабылданған шешiм туралы жазбаша хабарландыру;
7. Монополияға қарсы орган жаңа баға жобаларының көпшiлiк тыңдалымын тағайындауға құқылы.
Көпшiлiк тыңдалым жаңа баға енгiзiлгенге дейiн 25 күннен кешiктiрiлмей өткiзiледi.
Монополияға қарсы орган көпшiлiк тыңдалымның тағайындалуы және оны өткiзу күнi туралы ұйымға хабарлауға мiндеттi.
8. Ұйымның қызметтерiне жаңа бағаларды бекiту немесе бекiтуден бас тарту жөнiндегi монополияға қарсы органның шешiмi монополияға қарсы орган басшысының бұйрығымен ресiмделедi.
9. Жаңа бағаларды бекiту немесе бекiтуден бас тарту жөнiндегi шешiмдi монополияға қарсы орган оны енгiзгенге дейiн 15 күннен кешiктiрмей ұйымға жiберуге тиiстi.
10. Ұйым алдағы баға өзгерiстерi туралы, олар iске енгiзiлгенге дейiн 10 күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұтынушыларын хабарлауға мiндеттi.
11. Егер ұйым осы Нұсқаулықта қарастырылған мерзiмде жаңа бағаларды енгiзу туралы тұтынушыларын хабарламаса, онда аталған бағалар монополияға қарсы органның шешiмiнде көрсетілген күнде енгiзiлмейдi. Бекiтiлген бағаны енгiзу тоқсан өткен соң жүзеге асырылады.
12. Жаңа құрылған ұйымдар үшiн бағалар монополияға қарсы орган белгiлеген күннен бастап енгiзiлуi мүмкiн.
Осы тармақта белгiленген Ереже қайта құру жолымен құрылған ұйымдарға қолданылмайды.
3. Баға жобаларын негiздеу үшін монополияға қарсы
органға ұсынылатын материалдардың тiзiмдемесi
13. Монополияға қарсы органға ұсынылатын өтінімде мынадай материалдар болуға тиiстi:
1) Ұйым бланкiсiне iлеспе хат;
2) осыған дейiн енгiзiлген жаңа бағаның төрт тоқсаны iшiндегi және өткен күнтiзбелiк жыл iшiндегi ұйымның қаржы-шаруашылық қызметiне талдауымен бiрге бағаны бекiтудің қажеттiлiгi туралы түсiндiрме жазба;
бағаның соңғы бекiтiлген сәтiнен бастап әр жылға;
3) атаулы парақшасы бар анықтамалық түрiнде ресiмделген баға жобалары, "Жалпы нұсқаулар" бөлiмi және баға кестесi;
4) Ұйымның бухгалтерлiк балансы;
5) қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi туралы есеп;
6) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
7) 5з-нысаны бойынша өнiмдi (жұмысты, қызметтi) өндiрудің және сатудың шығындары туралы есеп;
8) еңбек жөнiндегi есеп (1-тв нысаны);
9) кәсiпорынның өндiрiстiк-қаржы қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi (1-ПФ нысанды);
10) N 1 нысанға сәйкес баға жобаларын есептеу үшiн жиынтық-деректер;
11) N 2 нысанға сәйкес қызмет түрлерi бойынша шығын құрамының калькуляциясы (қосымшасымен);
12) дебиторлық және кредиторлық қарыздарды талдап жазу;
13) өзге шығындарды талдап жазу;
14) Нұсқаулықтың 4 бөлiмiнде қарастырылған тәртiппен бекiтiлген:
әрбiр өнiм өлшемiне жұмсалатын шикiзаттың, материалдың, жанармайдың шығын нормалары;
сандық норматив;
еңбектi көп қажетсiнетiн қызмет (жұмыс) нормативтерi;
еңбек ақы мен басшылардың лауазымдық жалақы қорын белгiлеу жөнiндегi Құзыреттi органның шешiмi;
15) баға жобалары алғаш ұсынылған жағдайда Ұйым Ережесiнiң (Жарғысының), сондай-ақ қолданылып жүрген Ережесi (Жарғысы) өзгерген кезде мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiк;
14. Ұсынылған материалдардың нақтылы деректерi статистикалық және бухгалтерлiк есеп нысанына сәйкес көрсеткiштер негiзiнде толтырылады.
15. Өтiніммен бiрге берiлген есептер мен негiзделген материалдар мынадай талаптарға жауап беруге тиiстi:
1) негiзделген материалдардың әрбiр парағына Ұйым басшысы, ал қаржы құжаттарына - басшылар мен бас бухгалтер қол қояды.
2) негiзделген материал ретiнде жаңа бағаларды енгiзуге мұрындық болған төрт тоқсан үшiн және өткен күнтiзбелiк жыл үшiн нақтылы деректер берiледi;
3) қызметтер көлемiн төмендету кезiнде төмендетуге негiзделген және растайтын материалдар берiлуге тиiстi.
16. Монополияға қарсы орган негiз болған материалдарға сараптама жүргiзу үшiн Құзыреттi органды, тәуелсiз сарапшыларды, мемлекеттiк органдарды, қоғамдық бiрлестiктердi тартуға құқылы.
4. Ұйымның қызмет бағасына қосылатын шығындарды
есептеудiң тәртiбi
17. Ұйымның монопольды немесе айрықша жүзеге асыратын қызметтерiне бағаны қалыптастырған кезде оның негiзгi қызмет түрiне жататын және осы Ережеде көрсетiлген шектеулердi ескере отырып, бухгалтерлiк есеп Стандартына, салық заңдарына сәйкес шығындар ескерiледi.
Монополияға қарсы органның талабы бойынша ұйым монопольды немесе айрықша қызмет көрсетуге шығынды бөлектеп есептеудi қарастыратын өзiнiң есептiк саясатын онымен келiседi.
18. Бағаға қосылған материалдық шығындар Компетенттi органның бекiткен немесе сараптық бағалаудан өткен, шығарылатын өнiмнің бiр өлшемiне жұмсалатын шикiзат, материал, отын, энергия шығынының нормасынан айқындалады.
Шикiзат, материал, отын, энергия, жабдықтар сатып алу, аудиторлық, консалтингтiк, маркетинг қызметтер мен мердiгерлiк әдiспен жүргiзiлетiн жөндеу жұмыстары, белгiленген тәртiпке сәйкес өткiзiлген, тендерлердiң нәтижесi бойынша анықталған, тараптық ұйымдар жүзеге асыратын өндiрiстiк сипаттағы басқа да қызмет шығындары бағаға қосылады.
19. Әкiмшiлiк қызметке жатқызылған қызметкерлер санатына еңбекақы төлеу жүйесiн, сондай-ақ өндiрiстiк қызметкерлер құрамының нормативiн Құзыреттi орган және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi белгiлеген тәртiппен анықтайды.
Еңбекақы шығындарын есептеген кезде, нақты құрам ескерiледi, бiрақ нормативтен асуға тиiстi емес.
20. Еңбекақы төлеу шығындарын, басшылардың, олардың орынбасарларының және бас (аға) бухгалтерлердің қызмет жалақыларының мөлшерiн, оларға сыйақы беру және өзге көтермелеу ақы жүйелерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорындар туралы"
Заң
күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің белгiлеген тәртiптерiне сәйкес Құзыреттi орган белгiлейдi.
21. Қазақстан Республикасы Ұлттық Статистика агенттiгi жариялаған деректер бойынша бұрын өзгертілген бағалар кезеңiндегi инфляция индексiн есептей отырып қолданылып жүрген бағада қабылданған еңбекақы шығындарына қарай есептеп шығарылатын бағаларға өндiрiсте iстейтiн адамның еңбекақы шығындары қосылады.
Монополияға қарсы орган қызметтiң осы сияқты түрлерiмен айналысатын, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі қысқарған жағдайда субъектiлерге еңбекақы төлеу шығындарының салыстырмалы талдаулары негiзiнде бағаға қосылған өндiрiс адамының еңбекақы шығындарын өзгерту немесе арттырудан бас тарту туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Ескерту: 21-тармаққа өзгертулер енгізілді
-
ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының 2007 жылғы 8 қаңтардағы
N 8-ОД
бұйрығымен.
22. Монопольдi немесе айрықша қызмет (жұмыс) түрлерiн көрсетудiң еңбектi көп қажет ету нормативтерiн Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi бекiткен тәртiппен Құзыреттi орган бекiтедi.
23. Бағаға негiзгi заттардың тозу және әдеттегiдей, пайдалану мерзiмiне бiркелкi ақша аудару әдiсi бойынша есептелген материалдық емес активтердiң өтелiм (амортизация) сомасы қосылады.
Бағаға тендерлiк негiзде тартылатын банк несиесi үшiн проценттер қосылады.
Мұнымен қатар банктiң ұзақ мерзiмдiк несиесi үшiн проценттер Құзыреттi орган бекiткен Ұйымның инвестициялық бағдарламасы шегiнде ескерiледi.
Бағаға заңда белгiленген норма шегінде мiндеттi сақтандыру түрлерiне жұмсалған шығындар қосылады.
24. Кiрiс (пайда) деңгейiн анықтаған кезде Ұйымды дамыту үшiн қажеттi қаражаттар есепке алынады.
Бұл арада бағаны бұрын белгiлеген кезде қабылданған, есептеуден нақтылы табыс деңгейiнiң ауытқу себептерiне, сондай-ақ оны бағыттары бойынша пайдалануына талдау жасалады.
25. Өкілдiк шығындар, байланыс, мерзiмдiк баспасөз, қызметтiк автокөлiк ұстау, ақпарат, консультация және маркетинг қызметтерiнің қымбат түрлерiнiң шығындары монополияға қарсы органның келiсiмi бойынша Құзыреттi орган белгiлеген лимит шегiндегi бағаға қосылады.
26. Бағаны қалыптастыру және өзгерту кезiнде мынадай шығындар есепке алынбайды:
тауарлы-материалдық құндылықтардың нормативтен тыс ысырабы, бұзылуы және жетiспеуi;
соттық шығындар, үмiтсiз борыштар, айыппұлдар, тұрақсыздық айыптар, өсiм ақылар мен шаруашылық келiсiмдердiң шарттарын бұзғаны үшiн басқа да санкция түрлерi, кiрiстi жасырғаны (кемiткенi), талан-тараж зияндары, жарамсыз өнiм ысырабы үшiн айыппұл мен өсiм ақы;
қызмет көрсететiн өндiрiс пен шаруашылықтарды ұстау шығындары (үй-жәйдi тегiн пайдалануға беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының коммуналдық қызмет ақысын төлеу);
денсаулық сақтау объектiлерiн, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiн, оқу орындарын ұстау шығындары;
кәсіпорын қызметкерлерiне тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бау-бақша үйлерiн алуға, үй шаруашылығын жүргiзуге берiлген несиенi (ссуда) жою шығындары;
бақша бiрлестiктерiн көрiктендiру (жол салу энергия және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығындар), гараж Құрылысын салу шығындары;
өз қызметкерлерiне медициналық көмек көрсету жөнiнде денсаулық сақтау органдарымен жасалған шарт бойынша емханалар қызметiне ақы төлеу шығындары;
сақтандыру төлемдерi (өз қызметкерлерiнiң мүддесi үшiн кәсiпорындармен жасалған жеке және мүлiктiк сақтандыру шарттары бойынша кәсiпорындар төлейтiн жарналар);
демеушiлiк көмек көрсетудiң барлық түрi;
мәдени-ағарту, денсаулық сақтау және спорт шараларын өткiзуге арналған шығындар;
кәсiпорын қызметкерлерiне берiлетiн жеңiлдiктер (тегiн немесе арзан баға бойынша тамақтандыру, денсаулық топтарының абонементтерiн, секциялардағы, клубтардағы сабақтарды төлеу, емделу, демалыс, саяхат жасау жолдамаларын, газет-журналдарға жаздыру, тiс салдыру және басқа шығындарды төлеу).
27. Ұйым қызметтерінің бағасы теңгемен белгіленеді.
28. Ұйым қызметтерінің бағасы баға анықтамалығында көрсетілген:
заңды тұлғалар үшін қосымша құн салығы есепке алынбайды;
жеке тұлғалар үшін қосымша құн салығы есепке алынады.
5. Осы Ережені бұзғандығы үшін жауапкершілік
29. Осы Ережені бұзуға жол берген Ұйымның лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігінің
1999 жылғы 25 тамыздағы
N 61-ОД бұйрығымен
бекітілген, мемлекеттік
кәсіпорындардың монопольды
немесе айрықша жүзеге асыратын
қызметтеріне бағаны реттеудің
Ережесіне Қосымша
N 1 Нысан
Кәсіпорын атауы
Құрылтайшы
1999 ж. _______________ жағдай бойынша
баға жобаларын есептеу үшін жиынтық мәліметтер
--------------------------------------------------------------------
N ! Шағын баптарының атаулары және басқа! Тоқсан бойынша бөлінген
! көрсеткіштер !өткен кезеңнің нақтылы
! ! көрсеткіштері
! !---------------------------
! ! Барлығы:!оның ішінде
! ! !реттелетін
! ! !қызметтер
! ! !көрсетуге
! ! !байланысты
! ! !шығындар
--------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4
--------------------------------------------------------------------
1 Жалпы көрсеткіштер
1) Көрсетілген қызметтердің көлемі
(млн.теңге) - барлығы
2) Салық салуға дейінгі кіріс (шығыс)
***
2 Қызмет ұсыну жөніндегі шығындар
(млн.теңге) - барлығы
3) Шикізат және материалдар
4) Сатып алынатын бұйымдар, жартылай
фабрикаттар, қосалқы материалдар
5) Отын
6) Энергия
7) Басқа шығындар
8) Негізгі жабдықтардың тозуы **
9) Материалдық емес активтердің
өтелімі **
10) Тараптық ұйымдармен орындалатын
өндірістік сипаттағы жұмыс пен
қызметті төлеу:
оның ішінде:
негізгі өндірістік жабдықтарды
жөндеу **
күрделі жөндеу **
ағымдағы жөндеу **
11) Басқа шығындар **
12) Еңбекақы төлеу шығындары
барлығы - **
Заттай түріндегі төлемді қоса
еңбекақы төлеу
оның ішінде:
Өндірістік қызметкерлер
Қосалқы қызметкерлер
13) Еңбекақы төлемінен аударыстар
3. Кезең шығындары - барлығы
(млн. теңге)
14) Жалпы және әкімшілік шығындар **
оның ішінде
Әкімшілік қызметкерлеріне еңбекақы
төлеу
Салықтық төлемдер **
15) Тараптық ұйымдардың еңбекақысын
төлеу
оның ішінде:
Коммуналдық шаруашылық
Байланыс
Консультациялық, ақпараттық,
аудиторлық
16) Басқа шығындар - барлығы **
оның ішінде:
Жалгерлік төлем:
қозғалмайтын мүлік үшін
көлік құралдары үшін
17) Өткізу жөніндегі шығындар **
18) проценттер төлеудің шығындары **
4. Барлық шығындар (млн. теңге)
(2 жол + 3 жол)
Анықтама ретінде:
1 Саны - барлығы (мың. адам)
оның ішінде:
Өндірістік қызметкерлер-норматив
бойынша нақтылы
Қосалқы қызметкерлер-норматив
бойынша нақтылы
Әкімшілік қызметкерлер
2 Орта жалақы (теңгемен) оның
ішінде:
Өндірістік қызметкерлер
Қосалқы қызметкерлер
Әкімшілік қызметкерлер
3 Негізгі өндірістік қорлар мен
активтердің орташа жылдық баланс
құны (млн. теңге)
Оның ішінде:
Іске қосылмаған активтердің құны
4 Таза айналымдық капитал
5 Дебиторлық қарыз
6 Кредиторлық қарыз
--------------------------------------------------------------------
Таблицаның жалғасы:
--------------------------------------------------------------------
Реттелетін қызметтерді көрсетуге байланысты шығындар
--------------------------------------------------------------------
! Тоқсанға бағаны есептеу ! Тоқсанға бағаны
! үшін кәсіпорын жобалайтын ! есептеу үшін
! көрсеткіштер !монополияға қарсы
! !орган қабылдады
--------------------------------------------------------------------
5 ! 6 ! 7
--------------------------------------------------------------------
Ескерту:
*) 3, 4, 5 бағаналар барлық жол бойынша тиісті кезеңнің 5-з
нысандарында нақтылы шығындар за шығындар көрсеткіштері толтырылады;
**) осы баптарға енгізілген шығындарды көрсетілген жолдар
бойынша толық талдап жазу ұсынылады.
***) 5, 6, 7 бағаналардың 2) жолы кәсіпорынды дамыту үшін
қажетті қаражат ескерілген есеппен расталады.
Басшы
Бас бухгалтер
1 Баға нысаны
------------------------------- N 2 Нысан
кәсіпорын атауы
Калькуляция
_________________________________
(қызметтің, жұмыстың атаулары)
Қолданыстағы баға __________ теңге ____ тиын
Бекітілген күні ____________ 199__ ж.
Калькуляциялық бірлігі: 1 көрсетілетін қызмет
--------------------------------------------------------------------
N ! Шығын баптарының және басқа көрсеткіштердің!Қолданыстағы!Өткен
! атаулары !бағамен !кезең.
! !қабылданды !дегі
! ! !нақтылы
! ! !көрсет.
! ! !кіштер
--------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4
--------------------------------------------------------------------
1 Шикізат және материалдар
2 Сатып алынатын бұйымдар, жартылай фабрикаттар,
қосалқы материалдар
3 Отын
4 Энергия
5 Басқа шығындар
6 Негізгі жабдықтардың тозуы **
7 Материалдық емес активтердің өтелімі **
8 Тараптық ұйымдардың орындайтын өндірістік
сипаттағы жұмыстары мен қызметтерін төлеу:
оның ішінде:
Негізгі өндірістік жабдықтарды жөндеу **
күрделі жөндеу **
ағымдағы жөндеу **
9 Басқа шығындар **
10 Еңбекақы шығындары барлығы - **
Заттай түріндегі төлемдерді қоса еңбекақы
төлеу
оның ішінде:
Өндірістік қызметкерлер
Қосалқы қызметкерлер
11 Еңбек ақыдан аударымдар
Кезең шығындары-барлығы
(млн. теңге)
12 Жалпы және әкімшілік шығындары **
оның ішінде:
Әкімшілік қызметкерлеріне
еңбекақы төлеу
Салық төлемдері **
13 Тараптық ұйымдарға
еңбекақы төлеу
оның ішінде:
Коммуналдық
шаруашылықтар
Байланыс
Консультациялық,
ақпараттық, аудиторлық
14 Басқа шығындар - барлығы **
оның ішінде:
Жалгерлік төлем: **
жылжымайтын мүлік үшін
көлік құралдары
15 Жүзеге асыру жөніндегі шығындар **
16 Проценттерді төлеудің шығындары **
17 Көрсетілетін қызметтер бойынша
барлық қызметтер
18 Кіріс (табыс) *
19 Барлығы:
Қосымша құн салығынсыз
қызметтер бағасы
--------------------------------------------------------------------
Таблицаның жалғасы:
--------------------------------------------------------------------
Бағаларды есептеу үшін ! Бағаларды есептеу үшін
Ұйымның жоспарлайтын ! монополияға қарсы органмен қабылданды
көрсеткіштері !
--------------------------------------------------------------------
5 ! 6
--------------------------------------------------------------------
Ескерту
:
*) 18 жолдың 5, 6 бағаналары кәсіпорынды дамыту үшін қажетті
қаражатты ескеретін есеппен расталады;
**) осы баптарға қосылған есептеулердің толық жазбаша
талдаулары жасалады.
Басшы
Бас бухгалтер