Ескерту. ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 11 қазандағы N 46 Қаулысының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 175 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның 1999 жылғы 04 қазандағы N 10008/751 хатын қарай келіп және бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан жағдаятты назарға ала отырып Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі - "Ұлттық комиссия" деп аталады) Қаулы етеді:
1. Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 23 желтоқсанындағы N 19
V980707_
қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 17 наурызда 707 нөмірмен тіркелген Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру қағидаларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 30-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте Сауда-саттық ұйымдастырушының Ресми тізімінің листингтік (ресми) талаптардың аса жоғары санаты (аса жоғары класы) белгіленген және маркет-майкер(лер) жоқ бағалы қағаздың тұрпаты болмайтын бөлігіне енгізіле алмайды. Егер Ресми тізімнің аталған бөлігінде бір де бір маркет-майкер қалмаған жағдайда осы тұрпаттағы бағалы қағаз осындай жағдай басталған күннен бастап үш ай ішінде міндетті делистингке немесе Сауда-саттық ұйымдастырушы Тізімінің басқа бөлігіне (Сауда-саттық ұйымдастырушының Ресми тізімінің басқа бөлігіне) ауыстыруға жатады. Егер листингтік (ресми) талаптар Сауда-саттық ұйымдастырушының Ішкі құжаттарымен жеке санаттарға (кластарға) бөлінбесе, онда осы тармақтың және осы Қағидалардың 32-тармағының төртінші бөлігінің мақсаттары үшін барлық листингтік (ресми) талаптар аса жоғары санатқа (аса жоғары класқа) жатқызылған болып танылады.";
2) 32-тармақта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер қандай да болмасын эмитенттің акциялары Сауда-саттық ұйымдастырушының Ресми тізімінің листингтік (ресми) талаптардың аса жоғары санаты (аса жоғары класы) белгіленген, ал олармен (қарапайым және артықшылықты акциялардың жиынтығы) жасасқан мәмілелердің көлемі шығаруға жарияланған жалпы санның жарты пайызынан аспаған жағдайда, онда Сауда-саттық ұйымдастырушы осындай акциялардың делистингін өткізуге немесе оларды Тізімінің басқа бөлігіне (Сауда-саттық ұйымдастырушының Ресми тізімінің басқа бөлігіне) ауыстыруға міндетті.";
3) 42-тармақта:
екінші бөлік алып тасталсын.
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Бағалы қағаздар орталық депазитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін.
4. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының лицензиялау және қадағалау басқармасына жүктелсін.
Комиссияның Төрағасы
Комиссияның мүшелері