Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008.10.29 N 170 Қаулысымен.
--------------------- Қаулыдан үзінді ------------------------
Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін реттеу мақсатында және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының
45-бабына
сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ...
2. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4863 тіркелген 2007 жылғы 25 маусымдағы
N 175
қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. ...
4. ...
5. ...
6. ...
7. ...
Төрайым Е. Бахмутова
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз.
Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін реттеу мақсатында және»"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 45-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырушыларының қызметін жүзеге асыру ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Сауда-саттықты ұйымдастырушыларға 2007 жылғы 1 қазанға дейін өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне,»"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, өзін өзі реттейтін ұйымдарына, сауда-саттықты ұйымдастырушыларға, орталық депозитарийге жіберсін.
6. Агенттік Төрағасының қызметі (Е.Н.Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2007 жылғы 25 маусымдағы N 175
қаулысына 1-қосымша
Бағалы қағаздармен және басқа қаржы құралдармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде»"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 2 шілдедегі
Заңында
көрсетілген негізгі ұғымдармен қоса мынадай ұғымдар қолданылады:
1) екі жақты баға кесу - қаржы құралын сатып алу бағасын да сату бағасын да белгілейтін баға кесуі.
2) индикативті баға кесу - баға кесуді жариялаған сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесін (клиентін) осы баға кесу негізінде мәміле жасауды міндеттемейтін және оны жариялаған сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесі (клиенті) сауда-саттықты ұйымдастырушының басқа мүшесімен (клиентімен) келіссөздің қорытындысы бойынша осы баға кесу негізінде, осы баға кесуді өзгерту және осы баға кесудің негізінде мәміле жасасудан бас тарту құқығымен мәміле жасай алатынын көздейтін баға кесуі;
3) қаржы құралымен мәмілені орындау (мәмілені орындау) - тараптардың мәміледен туындайтын міндеттемелерді орындау арқылы қаржы құралымен жасасқан мәміле бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру;
4) лот - бұл:
қаржы құралымен сауда жасау бірлігі;
осы қаржы құралы бойынша өтінім мөлшері тең немесе еселі болуға тиіс қаржы құралының саны.
5) маркет-мейкер - сауда-саттықты ұйымдастырушымен маркет-мейкер ретінде танылған, сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес қаржы құралы бойынша баға кесуді тұрақты жариялап отыруға және ұстап тұруға өзіне міндеттеме алған сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесі;
6) рұқсат ету бастамашысы - ұйым, оның бастамасы бойынша қаржы құралдар қор биржасының сауда жүйесінде немесе биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға кесу ұйымының баға кесумен алмасу жүйесінде айналысқа түсуіне жіберіледі;
7) сауда-саттық жүйесіндегі айналыс - сол немесе өзге қаржы құралының сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде (сауда алаңында) жасалатын мәміленің мәні болу мүмкіндігі;
8) сауда-саттыққа қатысушы - осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін (баға кесумен алмасу жүйесін) пайдалану арқылы мәміле жасасуға рұқсат берілген және ол ұйымдастырған сауда-саттыққа қатысатын сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесі;
9) сауда алаңы - сауда жүйесінің басқа бөліктерінен сауда-саттыққа қатысушыларға және айналыстағы қаржы құралдарына қойылатын ерекше талаптарымен, сондай-ақ қаржы құралдарымен мәміле жасасу және оларды орындау шарттарымен өзгешеленетін бөлігі;
10) сауда-саттықты ұйымдастырушының растау жүйесі (растау жүйесі) - сауда-саттықты ұйымдастырушының оған енгізілген тұлғаларға сауда жүйесінде осы тұлғалар атынан, осы тұлғалардың тапсырмалары бойынша, не осы тұлғалардың немесе олардың клиенттерінің мүддесіне қаржы құралдарымен жасалған немесе жасалатын мәмілелер туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік беретін және алынған мәліметтерді өңдеу негізінде осы сауда-саттықты ұйымдастырушыға осындай мәмілелерге растамалар беруге (жасалған немесе жасалатын мәмілелер шарттарының олар жасалуы мүмкін шарттарға сәйкестігі туралы хабарлама), не осындай мәмілелерді растаудан бас тартуға мүмкіндік беретін бағдарламалық - техникалық кешені;
11) сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізімі (ресми тізім) - сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімінің бөлігі, оған кіру үшін және онда болу үшін қаржы құралдары және осы қаржы құралдарының эмитенттері листинг талаптарына сәйкес келуі тиіс;
12) сауда күні - сауда-саттықты ұйымдастырушы барлық қаржы құралдары үшін немесе олардың жеке топтары үшін белгілеген оның сауда жүйесінде қаржы құралдарымен мәміле жасалуы мүмкін күнтізбелік күн шегіндегі кезең;
13) сауда сессиясы - сауда күнінің бөлігі;
14) төлемге қарсы жеткізілім - ақша немесе қаржы құралын жеткізу бойынша мәміленің екінші тарабымен қарама-қарсы міндеттемелерін орындамай тұрып қаржы құралын немесе ақша жеткізу бойынша мәміленің бірінші тарабының міндетін атқару мүмкін болмайтын қаржы құралдарымен мәмілелерді орындау әдісі;
15) трейдер - осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін (баға кесумен алмасу жүйесін) пайдалану арқылы сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесі атынан мәміле жасауға және өзге іс-әрекеттерді жасауға уәкілетті жеке тұлға;
16) тұрақты баға кесу - баға кесуді жариялаған сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесін (клиентін) осы баға кесудің негізінде мәміле жасауды міндеттейтін баға кесуі.
2-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелері
(клиенттері)
2. Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары, ал егер Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушы бағалы қағаздардан өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастырса - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаржы құралдарымен үшінші тұлғалардың делдалдық қызметін пайдаланбай мәміле жасасуға құқығы бар өзге де қаржы ұйымдары сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесі (клиенті) бола алады.
Қор биржасының мүшесі болу (биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға кесу ұйымының клиенті болып қабылдану) шарттары мен тәртібі оның ережесімен айқындалады.
3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының Ережесінде қор биржасы мүшелігінің санаттары (биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға кесу ұйымының клиенттерінің санаттары) айналыстағы қаржы құралдарының топтарына байланысты белгіленеді.
4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесі:
1) оған берілген мүше болу санат(тар)ына сәйкес (мүше болудың түрлі санаттары болған жағдайда) сауда-саттықты ұйымдастырушы өткізетін сауда-саттыққа қатысады;
2) қаржы құралдарымен ұйымдастырушы өткізетін сауда-саттыққа қатысуға және қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді орындау үшін сауда-саттықты ұйымдастырушыдан қажетті және жеткілікті ақпарат алады;
3) сауда-саттықты ұйымдастырушы органдарының және мүшелерінің жалпы жиналысының қарауына сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметінің сауда, есеп айырысу және ақпараттық мәселелері және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында көзделген басқа мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізеді.
5. Сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелері:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының және сауда-саттықты ұйымдастырушы мүшелерінің және олардың трейдерлерінің қызметін реттейтін сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға;
2) сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарымен белгіленген құрамда, мөлшерде, мерзімде және тәртіпте сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелік жарналарын және алымдарын төлеуге;
3) сауда-саттықты ұйымдастырушы өткізетін қаржы құралдарымен саудада тек әділетті және тең құқылы сауда принциптерінде, сауда-саттықты ұйымдастырушының, сауда-саттықты ұйымдастырушының басқа мүшелерінің, қаржы құралдары эмитенттерінің және инвесторлардың (сауда-саттықты ұйымдастырушы мүшесінің клиенті) мүдделеріне нұқсан келтірмей мәміле жасасуға;
4) сауда-саттықты ұйымдастырушы өткізген сауда-саттықта қаржы құралдармен жасалған мәмілелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасына және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес басқа міндеттемелерді уақтылы, толық және ең тиімді тәсілмен орындауға міндетті.
6. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарымен өзінің мүшелеріне және басқа ықтимал мүдделі тұлғаларға беретін ақпараттың көлемі және осындай ақпаратты беру тәртібі анықталуы тиіс.
7. Брокер және (немесе) дилер - сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесі уәкілетті органмен немесе брокерлердің және (немесе) дилерлердің өзін-өзі реттейтін ұйымымен осы брокерге және (немесе) дилерге, оның қызметкерлеріне және оның аффилиирленген тұлғаларына қатысты кез келген қолданған санкциялар туралы сауда-саттықты ұйымдастырушыны хабардар етеді.
8. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарымен мүше болуды тоқтата тұру немесе тоқтату шарттары және тәртібі көзделуі тиіс.
Осы брокерге және (немесе) дилерге бағалы қағаздар рыногында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға бұрын берілген лицензияның (бұдан әрі - лицензия) тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы барлық сауда-саттықты ұйымдастырушыларда оның мүше болуды тоқтата тұруға немесе тоқтатуына сөзсіз негіздеме болып табылады.
Уәкілетті орган тиісті шешім қабылданған күні сауда-саттықты ұйымдастырушыны лицензияның тоқтатыла тұрғаны және тоқтатылғаны туралы хабардар етеді. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лицензиясы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған брокерді және (немесе) дилерді аталған ескерту алған сәттен бастап қаржы құралдарымен олар өткізетін сауда-саттыққа қатыстырудан шеттетеді.
9. Брокердің және (немесе) дилердің сауда-саттықты ұйымдастырушыда мүше болуының тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы осы брокердің және (немесе) дилердің осы сауда-саттықты ұйымдастырушы өткізетін қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысудан дереу шеттетуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарымен сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесі үшін белгіленген өзге құқықтардың тоқтатыла тұруына немесе тоқтатылуына әкеледі.
10. Қор биржасы уәкілетті органды өзіне мүше етіп қабылдау, мүше етіп қабылдаудан бас тарту, мүше болуды тоқтата тұру, мүше болуды жаңарту және мүше болуды тоқтату бойынша барлық жағдайлар туралы осындай жағдай басталған күнінен кейін келетін жұмыс күнінен асырмай хабарлап отырады.
Баға кесу ұйымы уәкілетті органды барлық клиенттерді қабылдау, клиенттерді қабылдаудан бас тарту, баға кесу ұйымының клиентінің сауда-саттыққа қатысуын тоқтата тұру, баға кесу ұйымының клиентінің сауда-саттыққа қатысуын қайта бастау және баға кесу ұйымының клиенттері құрамынан шығу жағдайлары туралы осындай жағдай басталған күнінен кейін келетін жұмыс күннен кешіктірмей хабарлайды.
11. Брокер және (немесе) дилер - қор биржасының мүшесі қор биржасына бар трейдерлер туралы мәліметтерді қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген көлемде ұсынады.
12. Қор биржасының ішкі құжаттарында трейдерлерге сауда жүйесіне рұқсат берудің шарттары, оның ішінде міндетті түрде сауда жүйесінде жұмыс істеуді алдын ала оқыту шарты, сауда жүйесінде жұмыс істеуді міндетті түрде мерзімді қайта оқыту шарты көзделуі мүмкін.
13. Брокер және (немесе) дилер - қор биржасының мүшесі осы қор биржасына өзінің трейдерлері құрамындағы кез келген өзгерістер туралы мәліметтер ұсынады.
14. Қор биржасының ішкі құжаттарымен трейдерлердің осы қор биржасы өткізетін қаржы құралдарымен сауда-саттықтың және сауда алдындағы және саудадан кейінгі ықтимал рәсімдерді (трейдерлердің құзыретіне жататын) орындау барысындағы трейдерлердің іс-қимылдары нормаларын реттейтін құжатты енгізу мүмкіндігі көзделуі мүмкін.
15. Қор биржасының ішкі құжаттарында трейдерді осы қор биржасы өткізетін қаржы құралдарымен сауда-саттықтан шеттету негіздемелері көзделуі тиіс.
16. Брокердің және (немесе) дилердің - қор биржасы мүшесінің барлық трейдерлері қор биржасы өткізетін қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысудан шеттетілуі осы сауда-саттыққа қатысудан брокердің және (немесе) дилердің өзінің шеттетілуіне әкеледі.
4-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесіндегі айналыстағы бағалы қағаздар мен қаржы құралдары
17. Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде мынадай бағалы қағаздар мен қаржы құралдары айналыста болуы мүмкін:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланған;
2) жергілікті атқарушы органдарымен шығарылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланған;
3) Қазақстан Республикасының резидент - ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары, оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылған;
4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес халықаралық ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары;
5) басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланған және Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа қолданыстағы заңнамаға сәйкес рұқсат берілген шетел ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары;
6) Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық міндеттемелері (вексельдер);
7) Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыноктарында айналысқа түсуге рұқсат берілген өзге бағалы қағаздар мен қаржы құралдары.
18. Бірдей үлгідегі қаржы құралдарының әр түрлі сауда-саттықты ұйымдастырушылардың жүйелерінде айналуына жол берілмейді.
19. Сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімі және сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізімі сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жеке шағын санаттарға бөлінуі мүмкін.
20. Қаржы құралының үлгісі сауда-саттықты ұйымдастырушы белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда ол осы сауда-саттықты ұйымдастырушының тізіміне енгізілуі мүмкін (ресми тізімге немесе сауда-саттық ұйымдастырушының тізімінің өзге бөлігіне).
Сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімі оның ішкі құжаттарына сәйкес құрылады және бекітіледі.
Сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне барынша жоғары санат бойынша маркет-мейкер(лер)і жоқ қаржы құралының үлгісі енгізілмейді және онда болмайды. Егер ресми тізімнің аталған бөлігіндегі қаржы құралының қандай болса да үлгісі бойынша бір де бір маркет-мейкер қалмаған жағдайда осы қаржы құралының үлгісі осындай жағдай басталған күннен бастап үш ай мерзімі ішінде міндетті делистингке немесе сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімінің басқа бөлігіне ауыстыруға жатады.
21. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында қаржы құралдары делистингінің негіздемелері көзделуі тиіс.
Қаржы құралдарының мемлекеттік тіркелуі жарамсыз деп танылуы олардың делистингі үшін сөзсіз негіздеме болып табылады.
Уәкілетті орган сауда-саттықты ұйымдастырушыны бағалы қағаздарының айналысы тоқтата тұрылғандығы туралы немесе бағалы қағаздардың мемлекеттік тіркелуі жарамсыз деп танылғаны туралы тиісті шешім қабылдаған күні хабардар етеді. Сауда-саттықты ұйымдастырушы соттың шешімі негізінде мемлекеттік тіркелуі жарамсыз деп танылған қаржы құралдарын өзінің тізімінен аталған хабарламаны алған сәттен бастап алып тастайды.
Егер қандай да болсын эмитенттің акциялары сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне барынша жоғары санаты бойынша енгізілген жағдайда, ал олармен жасалған мәмілелер көлемі (жиынтығында жай және артықшылықты акциялармен) жыл ішінде олардың шығарылымға жарияланған саны жарты пайыздан аспаса, сауда-саттықты ұйымдастырушы оларды сауда-саттықты ұйымдастырушы тізімінің басқа бөлігіне ауыстырады.
Осы тармақтың төртінші абзацымен белгіленген талап өзінің қызметін толық осы Ережеге және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес орындайтын, оның ішінде сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарымен белгіленген әдеттегі мөлшерден (осы маркет-мейкер үшін арнайы белгіленбеген) аспайтын мөлшерде осы акциялардың өзі жариялаған сатып алу және сату спрэдтерін (өзгешеліктерін) қамтамасыз ететін маркет-мейкері бар акцияларға қолданылмайды.
22. Сауда-саттықты ұйымдастырушы уәкілетті органды қаржы құралдарының қандай да болсын үлгілерін қор биржасының ресми тізіміне енгізу, белгілі үлгідегі қаржы құралдарының делистингі бойынша барлық жағдайлар туралы осындай жағдай басталған күнінен кейін келетін жұмыс күнінен асырмай хабардар етеді.
5-тарау. Қор биржасының сауда жүйесі және баға кесу
ұйымының баға кесумен алмасу жүйесі
23. Қаржы құралдарымен сауда-саттықтың іркіліссіздігін, үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында сауда-саттықты ұйымдастырушыда екіден кем емес сауда жүйесі болуы тиіс, оның біреуі негізгі, ал басқалары - резервтік ретінде пайдаланылады. Баға кесу ұйымында өз қызметінің іркіліссіздігін, үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында баға кесумен алмасу жүйелері екіден кем болмауы тиіс, олардың біреуі негізгі, ал басқалары - резервтік ретінде пайдаланылады.
Қор биржасы бірнеше сауда жүйелерін немесе баға кесу ұйымының бірнеше баға кесумен алмасу жүйелерін пайдаланған жағдайда сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында негізгі және резервтік сауда жүйелері анықталуы тиіс, сондай-ақ резервтегі сауда жүйелерін дереу активизициялануға дайын күйінде сақтау және оларды пайдалану тәртібі белгіленуі тиіс.
24. Қор биржасы жалғыз сауда жүйесін немесе баға кесу ұйымы баға кесумен алмасудың жалғыз жүйесін пайдаланған жағдайда сауда-саттықты ұйымдастырушыда оның резервтік компоненттері болуы тиіс және ол дереу активизациялануға дайын күйінде оларды сақтауға тиіс. Сауда жүйесінің немесе баға кесумен алмасу жүйесінің резервтік компоненттерін дереу активизациялануға дайын күйінде сақтау және оларды пайдалану тәртібі сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында көзделуі тиіс.
25. Сауда-саттықты ұйымдастырушы өзінің сауда жүйесін жұмыс күйінде сақтау үшін мүмкіндігінше барлық күштерін салады және сауда-саттыққа қатысушыларын және өзінің өзге мүшелерін кез келген тәсілмен оның жұмысындағы іркілістер туралы және осындай іркілістерді жою бойынша шаралар туралы дереу хабарлайды. Баға кесу ұйымы өзінің баға кесумен алмасу жүйесін жұмыс күйінде сақтау үшін мүмкіндігінше барлық күштерін салады және өзінің клиенттерін кез келген тәсілмен оның жұмысындағы іркілістер туралы және осындай іркілістерді жою бойынша шаралар туралы дереу хабарлайды.
26. Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінің жеке алаңдарға бөлінуі оның ішкі құжаттарымен белгіленеді.
6-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушының резервтік орталығы
27. Сауда-саттықты қамтамасыз етудің күтпеген авариялық жағдайында (мысалы табиғи зілзала болған жағдайда) жүргізу мақсатында сауда-саттықты ұйымдастырушыда резервтік техникалық орталығы болуы тиіс, ол дереу активизациялануға дайын болуға және мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
1) резервтік техникалық орталығында сауда-саттықты ұйымдастырушының негізгі (жалғыз) сауда жүйесімен бірдей сауда жүйесінің көшірмесі және сауда-саттықты ұйымдастырушының оның негізгі сауда жүйесінің орналасқан жерінде тұрған резервтік сауда жүйесімен бірдей резервтік сауда жүйелерінің көшірмелері болуы тиіс;
2) сауда-саттықты ұйымдастырушының резервтік техникалық орталығы оның негізгі (жалғыз) сауда жүйесінің орналасқан жерінен 25 километрден кем емес қашықтықта орналасуы тиіс;
3) қор биржасының резервтік техникалық орталығының оның орналасқан жерінде сауда-саттықты өткізуге қажетті барлық коммуникациялары болуы тиіс;
4) күтпеген авариялық жағдайда және сауда-саттықты ұйымдастырушының негізгі (жалғыз) сауда жүйесі орналасқан жерінде сауда-саттықты жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайда сауда-саттықты резервтік техникалық орталығы орналасқан жерде жүргізу (мәмілелерді орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуімен) негізгі (жалғыз) сауда жүйесінің орналасқан жері бойынша сауда-саттық тоқтатылған күннен кейін келетін жұмыс күнінен кешіктірмей басталуы тиіс.
7-тарау. Қаржы құралдарымен сауда-саттықты жүргізу және мәмілелер жасасу. Маркет-мейкерлер.
28. Қор биржасы қаржы құралдармен өткізетін сауда-саттыққа брокелер (өзінің трейдерлері арқылы) және (немесе) дилерлер - осы сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелері, оларға тағайындалған мүше болу санаттарына (мүше болудың әртүрлі санаттары болған жағдайда) сәйкес қатысуға құқылы.
Өзге тұлғалар (қор биржасының оның ішкі құжаттарымен сауда-саттыққа сауда жүйесінің әкімшісі немесе бақылаушы ретінде қатысуға/ішінде болуға уәкілетті қызметкерлерінен басқа) қаржы құралдарымен қор биржасы өткізетін сауда-саттыққа осы қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпке сәйкес тек байқаушы ретінде ғана қатысуға құқылы. Осы тұлғалардың тікелей немесе жанама түрде сауда процесіне араласуға тыйым салынады.
29. Сауда күнінің және жекелеген сауда сессияларының (ондайлар болған жағдайда) басталу және аяқталу уақыты, сондай-ақ сауда жүйесінің (ондайлар болған жағдайда) жұмысындағы технологиялық үзілістердің басталу және аяқталу уақыты қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді.
30. Қаржы құралдармен сауда-саттықты өткізу әдістері қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді және олардың алаңдары бойынша түрленеді.
Қаржы құралдармен іркіліссіз, үздіксіз сауда-саттықты қамтамасыз ету мақсатында қор биржасында әрбір жеке алаңға арналған сауда-саттықты өткізудің бірнеше әдісі болуы тиіс, олардың біреуі негізгі болып, ал қалғандары - резервтік ретінде пайдаланылады.
Бір алаң шегінде сауда-саттық өткізудің бірнеше әдістері пайдаланылған жағдайда қор биржасының ішкі құжаттарымен сауда-саттық өткізудің негізгі және резервтік әдістері, сондай-ақ сауда-саттық өткізудің резервтік әдістерін пайдалану тәртібі анықталуы тиіс.
31. Қаржы құралдармен қор биржасы өткізетін сауда-саттықта мәміле жасасуды оның қатысушылары осы сауда-саттықты ұйымдастырушының белгілі қаржы құралына қатысты немесе белгілі алаңда пайдалануға рұқсат етілген баға кесу тәсілдері көрсетілуі тиіс ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпте іске асырады.
32. Әрбір жеке қаржы құралы бойынша маркет-мейкер мәртебесі бірнеше брокерге және (немесе) дилерге - қор биржасының мүшелеріне тағайындалуы мүмкін.
Брокерге және (немесе) дилерге - сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесіне маркет-мейкер мәртебесін беру тәртібі осы сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарымен белгіленеді, олар өзге ықтимал талаптардан басқа міндетті түрде осындай мәртебе алуға үміткерге қойылатын мынадай талаптарды қамтиды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарымен маркет-мейкерлерге қойылатын талаптарды орындау (маркет-мейкерге жүктелген барлық функцияларын орындау) бойынша міндеттемені ұсыну, тіпті болмаса жүйелі отыз сауда-саттық күн ішінде;
2) меншікті немесе жарғылық капиталының белгіленген мөлшерінің болуы және Қазақстан Республикасының заңнамасымен брокерлер және (немесе) дилерлер үшін белгіленген пруденциалдық нормативтерін белгілі деңгейде сақтауы;
3) үміткер маркет-мейкердің қызметін орындауға ықыласы бар қаржы құралын ұсыну;
4) үміткер маркет-мейкердің қызметін орындауға ықыласы бар қаржы құралдары бойынша қаржы құралдарымен мәміле жасаудың күнделікті көлемінің барынша жоғары лимитін (бұдан әрі -»"мәмілелер лимиті" деп аталады) ұсыну;
5) үміткер ықылас білдірген маркет-мейкердің қызметін орындауды бастау күнін ұсыну;
33. Маркет-мейкерлер мынадай талаптарды сақтауға тиіс:
1) үнемі (әрбір сауда сессиясының басынан бастап) оларға маркет-мейкер мәртебесі тағайындалған қаржы құралдары бойынша екі жақты қатаң (сауда күні ішінде мәміле лимиті біткенге дейін) және екі жақты жұмсақ (мәміле лимиті біткен соң сауда күні аяқталғанша) баға кесуді жариялауға және ұстап тұруға. Аталған баға кесуді жариялау және ұстап тұру маркет-мейкерлердің есебінен де, олардың клиенттерінің есебінен де (клиенттердің тапсырмаларына сәйкес) жүргізілуі мүмкін. Аталған баға кесудің айырмашылығы осы қаржы құралдарымен сауда жүйесінде бұрын жасалған мәмілелердің бағаларынан қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген мөлшерінен аспайтын мөлшерде болуы тиіс;
2) оларға маркет-мейкер мәртебесін тағайындаған қаржы құралдары бойынша өздері жариялаған сатып алу және сату бағасының арасындағы сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарымен белгіленген мөлшерінен аспайтын спрэдтерін (өзгешеліктерін) қамтамасыз етеді;
3) қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген меншіктік және жарғылық капиталының мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасымен брокерлер және (немесе) дилерлер үшін белгіленген пруденциалдық нормативтерін сақтау деңгейін ұстап тұрады;
4) қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген өзге де талаптарды сақтайды.
34. Маркет-мейкер өзі жариялаған маркет-мейкер мәртебесі тағайындалған қаржы құралдары бойынша екі жақты қатаң баға кесуді сауда сессиясының кез келген сәтінде өзгертуі мүмкін. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарымен маркет-мейкерлері үшін бұрын жарияланған бағалардан жаңа бағаның ауытқуының шекті мөлшерлері белгіленуі мүмкін.
35. Маркет-мейкердің мәртебесін тағайындау брокерге және (немесе) дилерге - қор биржасының мүшесіне ол қатысуға құқылы сауда-саттықта өзге қаржы құралдарына (оған маркет-мейкер мәртебесін берген қаржы құралдарынан басқа) қатысты қандай да болсын шектеулер қойылмайды.
36. Брокер және (немесе) дилер - қор биржасының мүшесі маркет-мейкер мәртебесінен уақытша немесе тұрақты бас тартуы мүмкін, бірақ осы қаржы құралы бойынша маркет-мейкердің қызметін атқарған отыз сауда-саттық күннен бұрын емес. Осындай брокердің және (дилердің) - қор биржасының мүшесінің тиісті хабарламасын сауда-саттықты ұйымдастырушы ұйғарылған күннен он сауда күн бұрын алуы тиіс.
Осындай брокерге және (немесе) дилерге - қор биржасының мүшесіне осы қаржы құралы бойынша маркет-мейкер мәртебесін қайталап тағайындау ол осы үлгідегі қаржы құралы бойынша маркет-мейкердің қызметін орындауын тоқтатқан күннен кейін он күн өткен соң ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
37. Брокер және (немесе) дилер - қор биржасының мүшесі маркет-мейкердің қызметін бастаған немесе тоқтатқан күнге дейін бес сауда күн кешіктірмей қор биржасы ол туралы уәкілетті органды және басқа брокерлерді және (немесе) дилерлерді осы қор биржасының мүшесін хабардар етеді.
38. Сауда сессиясы ішінде сауда-саттыққа қатысушы өзі жариялаған қатаң баға кесуден туындайтын қаржы құралдарымен мәміле жасасу бойынша міндеттемелерден осы сауда-саттыққа қатысушы пайдаланатын сауда жүйесінің немесе сауда жүйесінің терминалының жұмысындағы іркіліс болған жағдайдағы осы сауда-саттыққа қатысушысы сауда жүйесінің әкімшісінің кез келген ықтимал тәсілмен ол туралы ескерту шартымен босатылуы мүмкін.
Сауда жүйесінің әкімшісі сауда-саттықтың басқа қатысушыларына тиісінше хабарландыру жасаған сәті сауда-саттыққа қатысушы жоғарыда аталған міндеттемелерден босатылатын сәті болып табылады.
Сауда-саттыққа қатысушыдан сауда жүйесінің (осы сауда-саттықта қатысушы пайдаланған сауда жүйесінің терминалының) жұмысындағы іркілістің салдарынан болған оны жоғарыда аталған міндеттемелерден босату қажеттілігі туралы хабарлама алғаннан кейін сауда жүйесінің әкімшісі одан осы сауда-саттыққа қатысушының барлық қатаң баға кесулерін алып тастайды.
39. Қор биржасының ішкі құжаттарымен қаржы құралдарымен сауда-саттықты тоқтата тұрудың, сондай-ақ кейіннен қайта бастаудың жағдайлары және тәртібі белгіленуі тиіс. Өзге ықтимал жағдайлардан басқа қор биржасының ішкі құжаттары сауда-саттықты міндетті тоқтата тұрудың мынадай жағдайларын көздеуге тиіс:
1) егер сауда жүйесінде айналыстағы қаржы құралдарының сапасы инвесторлардың мүддесіне елеулі нұқсан келтіретіндей дәрежеде өзгерсе;
2) егер қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің бағаларының немесе сауда-саттыққа қатысушылардың жариялаған баға кесулерінің бұрын тіркелген мәндерінен ауытқуы қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген шектеулі мөлшерге жетсе.
40. Қаржы құралдарымен мәміле жасалған болып қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген тәртіпке сәйкес ол сауда жүйесінде тіркелгеннен кейін саналады.
41. Сауда-саттыққа қатысушылардың қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің ресімделуі қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленеді.
8-тарау. Қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді растау
42. Сауда-саттықты ұйымдастырушыда жұмыс тәртібі оның ішкі құжаттарымен анықталған растау жүйесі болуы тиіс.
43. Қор биржасының растау жүйесіне міндетті түрде бағалы қағаздар рыногында кастодиан қызметін жүзеге асыратын ұйымдар және Қазақстан Республикасының қызмет көрсететін жинақтаушы зейнетақы және инвестициялық қорлар қосылу тиіс.
44. Сауда-саттықты ұйымдастырушының растау жүйесіне қосылған тұлғаның тапсырмасы бойынша қаржы құралдарымен жасалған және осындай тұлғамен расталмаған (осындай тұлғаның оны растаудан бас тартқан) мәмілені сауда-саттықты ұйымдастырушы орындауға бермейді.
9-тарау. Қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді орындау
45. Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді орындау тәртібі оның ішкі құжаттарымен анықталады, онда міндетті түрде өзге ықтимал шарттардан басқа мынадай шарттар қамтылуы тиіс:
1) сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген қаржы құралдарымен жасалған мәміленің орындалуы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және орталық депозитарийдің ереже жиынтығымен белгіленген тәртіпте тек орталық депозитарий арқылы жүзеге асырылуы тиіс;
2) сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің орындалуы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде мәміле жасалған күннен бастап үшінші жұмыс күннен асырылмай аяқталуы тиіс (мәміле жасалған күнді қоспағанда).
46. Егер сауда-саттыққа қатысушының орталық депозитарийде шоты болмаған жағдайда міндетті түрде орталық депозитарий арқылы жүзеге асырылатын оның қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің орындалуы осы сауда-саттыққа қатысушының шоты бойынша орталық депозитарийдің депонентінде жүргізіледі.
47. Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің орындалмағаны (уақтылы немесе толық орындалмағаны) үшін жауапкершілік осы сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарымен белгіленеді, олар міндетті түрде форс-мажорлық жағдайларды ескеруі тиіс (дүлей күш жағдайлары), олар бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің орындау мерзімі осындай жағдайлар болған мерзімге ұзартылуы тиіс, сондай-ақ осындай жағдай туындаған кездегі сауда-саттық ұйымдастырушының және брокерлердің және (немесе) дилерлердің - оның мүшелерінің іс-қимылдарының тәртібін белгілеу тиіс.
48. Сауда-саттыққа қатысушылардың арасындағы, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылары мен оны ұйымдастырушының арасындағы сауда жүйесінде қаржы құралдарымен мәміле жасасу және оларды орындау мәселелері бойынша дауларды шешу тәртібі осы сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарымен айқындалады, олар міндетті түрде сауда-саттықты ұйымдастырушының арбитраждық комиссиясын құру және оның жұмысының тәртібін көздеуге тиіс. Осындай ішкі құжаттарын қабылдау (бекіту), сондай-ақ Арбитраждық комиссияның санын және жеке құрамын және оның мүшелерінің құрылымын анықтау сауда-саттықты ұйымдастырушының атқару органының құзыретінде бола алмайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2007 жылғы 25 маусымдағы N 175
қаулысына 2-қосымша
Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының»"Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысы, Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 703 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 1999 жылғы 7 сәуірдегі N 14 (281) жарияланған.
2. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысымен бекітілген "Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 9 сәуірдегі N 28 қаулысы, Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 765 тіркелген.
3. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының "Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 30 қаулысы, Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 782 тіркелген.
4. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 23 желтоқсанындағы N 19 қаулысымен бекітілген«"Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы қазандағы 11 қазандағы N 46 қаулысы, Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 937 тіркелген.
5. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысымен бекітілген "Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру қағидалары 32-тармағының төртінші бөлігін қолдануды тоқтата тұру туралы" 2000 жылғы 26 ақпан N 65 қаулысы, Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 1076 тіркелген.
6. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2000 жылғы 15 наурыздағы N 68 қаулысы, Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 1102 тіркелген.
7. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2001 жылғы 11 қаңтардағы N 96 қаулысы, Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 1400 тіркелген.