Бұйырамын:
1. "Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тексерудегі алғашқы
есеп құжаттарын ұсыну және тіркеу тәртібі туралы" Ереже бекітілсін. 2. Құқықтық статистика және ақпарат орталығы (А. Ағманов) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде, белгіленген тәртіп бойынша, Ережені тіркесін. 3. Осы бұйрық пен оған тіркелетін Ережелер есеп субъектілеріне, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының прокурорларына, аудан, қала мен оған теңестірілген прокурорларға орындау үшін жолдансын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.В. Константиновқа жүктелсін. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры 2 дәрежелі мемлекеттік заң кеңесшісі Ереже Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн тексерудегi алғашқы есеп құжаттарын ұсыну және тiркеу туралы
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 4189 U984189_ Жарлығы мен "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет бостандығына құқығын қорғау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1999 жылғы 28 мамырдағы 49 N990049_ Өкiмiн орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiн барлық тексерулердiң бiрыңғай статистикалық есебiн енгiзу туралы" 1999 жылғы 1 қыркүйектегi N 1286 P991286_ қаулысына сәйкес әзiрленген.
2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау мен қадағалау
құқығына иемденушi мемлекеттiк органдар (бұдан былай - бақылаушы орган) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудi тағайындау туралы актiлердi (ұйғаруларды, қаулыларды және т.б.) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығының аймақтық органдарында (бұдан былай - Тiркеушi орган) тiркеуге мiндеттi.
ҚС және АО бөлiмшелерi жоқ қалалар мен аудандардың аймақтарында бақылаушы органдардың актiлерiн тiркеу осы қалалар мен аудандардың прокурорларына жүктеледi.
3. Тексерудi тағайындау туралы актiлер тiркеуi тексерiстiң басталуына дейiн Тiркеушi органдарда жүзеге асырылады.
Тiркеу органында алдын-ала тiркеуге мүмкiншiлiк болмай не болмаса тексеру туралы шешiм жұмыстан тыс (демалыс, мейрам, түнгi және сондай-ақ басқа) уақытта қабылданған жағдайда тiркеу құжаттарын бақылаушы орган келесi жұмыс күнi ұсынады.
4. Тексерiстi тағайындау туралы актi мен (1-П нысаны) белгiленген үлгідегi толтырылған есепке алу карточкасы Тiркеушi органына ұсыну жолымен тiркеу жүргiзiледi.
Тiркеушi орган бұл құжаттарды алғаннан кейiн тексерулердi тағайындау туралы актiлердi тiркеу Журналына (бұдан былай Журнал ) дереу түрде тиiстi жазу енгiзуге мiндеттi, оған реттiк нөмiр берiледi, ол 1-П нысандағы есептiк карточкасының тiркеу нөмiрi болып саналады және ол нөмiр бақылау органына қайтарылатын актiге қойылады.
5. Кiшi кәсiпкерлiк бiрнеше субъектiлерiне бiрден тексеру жүргiзуiне байланысты шаралар жүргiзгенде Тiркеу органына тексеру тағайындау туралы актiсiне қоса тексерiлген субъектiлердiң тiзiмi берiледi.
6. Бақылау органдарының кiшi кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексерiс тағайындау туралы актiлерiн Тiркеушi органға тiркеуден бас тартуға тыйым салынады.
7. Тiркеушi орган тағайындалған тексерiстер жайындағы ақпараттарды жария етпеудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
8. Тiркеушi орган кiшi кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтары бұзылған деректер анықталған жағдайда жоғары бақылаушы органдарына және прокуратураның аймақтық органдарына заңды бұзуды жоюға және заңмен бекiтiлген жауапкершiлiкке айыптыларды тарту үшiн дереу хабарлауға
мiндеттi. 9. Кiшi кәсiпкерлiк субъектiлерiне өз мүдделi мәселелерi бойынша өтiнiш етуге мүмкiндiк беру үшiн ресми бұқаралық ақпарат құралдарында Тiркеушi орган өзiнiң мекен - жайы және телефондар нөмiрлерiн мезгiл-мезгiл жариялап отыруға мiндеттi. 10. 1-П нысандағы есепке алу карточкаларының бланктарымен қамтамасыз ету бақылаушы органдарға жүктеледi. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.