Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.
1. Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласында мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру, қадағалау мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметінде заңдылықты нығайту, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін бақылаушы және қадағалаушы органдардың негізсіз тексерулерінен қорғау мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне тыйым салуды немесе оны тоқтата тұруды, әдетте, бақылаушы немесе қадағалаушы органдардың мәлімдеуі бойынша тек қана сот іске асыра алатын тәртіп көзделетін заң жобаларын енгізсін. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметіне сот шешімінсіз тыйым салу немесе оны тоқтата тұруға ерекше жағдайларда және заңда белгіленген ең қысқа мерзімге жол беріледі;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы бақылаушы және қадағалаушы органдармен бірлесіп шаруашылық жүргізуші субъектілерге барлық тексерулердің бірыңғай статистикалық есебін енгізсін және Мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілеріне тексерулер тағайындауы туралы актілерді тіркеу ережелерін бекітсін.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті