Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.09 N 5 бұйрығымен.
-------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
2. ...
3. ...
4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Министр Б.Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрдің
2009 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. "Салық органдарының тексеруіне жататын шаруашылық жүргізуші субъектілерді анықтауды Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 29 қазандағы № 1308 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 987 болып тіркелді, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетені" журналында жарияланды, 2000 ж. № 2, 191-құжат).
.........
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi салық органдарының тексеруiне жататын шаруашылық жүргiзушi субьектiлердi iрiктеп алу тетiгiн реттеу мақсатында
Бұйырамын:
1. Салық органдарының тексеруiне жататын шаруашылық жүргiзушi субьектiлердi анықтаудың осыған қоса берiлген Ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Салық
төлеушiлермен жұмыс департаментi осы бұйрықты аумақтық салық органдарына дейiн жеткiзсiн. 3. Аумақтық салық органдары бекiтiлген Ережелерге сәйкес, салық органдарының тексеруiне жататын шаруашылық жүргiзушi субьектілердi iрiктеп алу журналдарын бiр ай мерзiм iшiнде ресiмдесiн. 4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Салық төлеушiлермен жұмыс департаментiне жүктелсiн. 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi. Министр
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігі 1999 жылғы 29 қазан N 1308 бұйрығымен бекітілген
Салық органдарының тексеруiне жататын шаруашылық
жүргiзушi субъектiлердi анықтаудың
Ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Ережелер, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Заңының 137-бабына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудiң, олардың толықтығы мен уақтылы төленуiнiң дұрыстығы мәселелерi бойынша салық органдарының тексеруiне жататын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi iрiктеп алудың тәртiбiн белгiлейдi.
2. Салық органдарының тексеруiне жататын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi анықтау үшiн оларды алдын-ала үш топқа iрi, орта және ұсақ деп бөлудi жүзеге асыру қажет.
3. Бөлу сату, орындалған жұмыстар мен қызмет көрсетулер көлемi, экспорттық-импорттық операциялар көлемi басшылыққа алынып жүргiзіледі, қызметтiң соңғы екі жыл ішiндегi үрдiстегi төленген салықтардың, алымдар мен мiндеттi төлемдердiң көлемi есептеледi, сондай-ақ есептелген салықтардың, алымдар мен мiндеттi төлемдердiң көлемi есептеледi.
4. Iрi шаруашылық жүргiзушi субъектiлер салық органдарының басымдықпен тексеруiне жатады.
5. Салық органдарының басымдықпен тексеруiне жататын орта және ұсақтар қатарынан шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi анықтау үшiн тиiстi топта Қазақстан Республикасының салық заңдары нормаларын бұзу тәуекелiнiң көрсеткiшiн бағалауды жүзеге асыру және сондай көрсеткiшi орташа деңгейден артық субъектiлердi бөлiп алу қажет. Солар бойынша тексерулер мейлiнше жемiстi нәтиже бередi деп қарастырылуда.
6. Салық заңдары нормаларын бұзу тәуекелiнiң орташа көрсеткiшi тиiстi топта әрбiр шаруашылық жүргiзушi субъектi бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жалпы саны тәуекел көрсеткiшiнiң сомасына қатынас ретiнде анықталады.
7. Алдындағы салық жылында тексеруге жататын барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлер анықталғаннан кейiн аумақтық салық органы бойынша тексерудiң Жоспары жасалады.
2. Кешендi тексеруге жататын салық төлеушiлердi iріктеп
алу үшiн тәуекел көрсеткiшiн анықтау
8. Тәуекел көрсеткiштерiн анықтау шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң салық органдарында бар құжаттары мен декларациялары негiзiнде тәуекел көрсеткiшiн бағалау Журналын (бұдан әрi - Журнал) толтыру жолымен жүзеге асырылады. Журнал нөмiрленiп, тiгiлiп, аумақтық салық органының мөрiмен бекiтiлуi керек және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң әрбiр тобы бойынша 1 қосымшада келтiрiлген нысанда толтырылады. Мұның өзiнде, әрбiр шаруашылық жүргiзушi субъектiнi бағалау мынадай өлшемдер бойынша жүргiзiлуi тиiс:
1) салықтық салмақ коэффициентi - есептелген салықтар мен бюджетке мiндеттi төлемдердiң жалпы сомасының сатудан түскен жалпы жылдық кiрiске қатынасы;
2) өнiмдi, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатудан түскен кiрiс - тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатудан түскен кiрiстiң өткен жылмен салыстырғандағы өзгерiсiн көрсетедi;
3) ҚҚС бойынша есепке алудың артуы - iшкi рынокта сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша есепке алуға жатқызылатын ҚҚС сомасының есептелген ҚҚС сомасынан артығын көрсетедi;
4) өткен бұзушылықтар - өткен тексерулер барысында табылған бұзушылықтар дәрежесiн бағалау;
5) салықтарды уақтылы төлеу - салық төлеушiлердiң салықтарды, алымдар мен мiндеттi төлемдердi салық жылында уақтылы және толық төлеуiн бағалау;
6) қолма-қол есеп айырысуларды пайдалану - шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң кәсiпкерлiк қызметiнiң сатылған өнiм, тауарлар, қызмет көрсетулер үшiн ақы қолма-қол ақшамен жүргiзiлетiн салаға тиесiлiгi фактiсiн көрсету;
7) сыртқыэкономикалық қызмет - шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң
кәсiпкерлiк қызметiнiң сыртқыэкономикалық қызметке тиесiлiгi; 8) декларацияларды уақтылы тапсыру - шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң салық органына декларацияларды салық жылы iшiнде беруi жөнiндегi тәртiбiн бағалау. Журналды толтыру нәтижелерi бойынша мейлiнше көп жиынтық тәуекел көрсеткiшi бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер анықталады. 1 қосымша ___________________жылға ________________________облысы ______________________ауданы бойынша тәуекел көрсеткішін бағалау жүрналы __________________________________________________________________________ Шаруашылық Салық Салық ҚҚС Өткен Салықтардың Қолма-қол Сыртқы жүргізуші жүкте. алудан бойынша тәртіп уақтылы есеп айы. эконо. субъектінің месі түскен есепке бұзушы. төленуі рысуды микалық атауы кіріс алудың лық пайдалану қызмет артуы __________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8 __________________________________________________________________________ таблицаның жалғасы ________________________ Декларацияны Тәуекелдің уақтылы тап. жиынтық сыру көрсеткіші ________________________ 9 10 ________________________ Анықтамалық 1. "Салық жүктемесі коэффициенті" деген 2-бағанда: 1) егер алынған салық жүктемесі коэффициенті 20%-тен артық болса, онда бағанға 1 сан қойылады; 2) егер коэффициент 10%-тен 20%-ке дейін болса, онда бағанға 10 саны қойылады; 3) егер коэффициент 10%-тен кем болса, онда бағанға 20 саны қойылады. 2. "Сатып алудан түскен кіріс" деген 3-бағанда: 1) егер сатып алудан түскен кіріс алдыңғы жылмен салыстырғанда өссе, онда бағанға 1 саны қойылады; 2) егер сатып алудан түскен кіріс кем дегенде 20%-ке кемісе, онда бағанға 4 саны қойылады; 3) егер сатып алудан түскен кіріс 20%-тен артық кемісе, онда бағанға 5 саны қойылады. 3. "ҚҚС бойынша есепке алудың артуы" деген 4-бағанда:
1) ішкі рынокта қолға түскен тауар (жұмыс, қызмет көрсету)бойынша есепке алуға жататын қосылған құн салығы сомасы есептелген салық сомасына көтерілсе, онда бағанға 5 саны қойылады;
2) ішкі рынокта қолға түскен тауар (жұмыс, қызмет көрсету)бойынша есепке алуға жататын қосылған құн салығы сомасы есептелген салық сомасына көтерілмесе, онда бағанға 1 саны қойылады.
4. "Өткен тәртіп бұзушылық" деген 5-бағанда:
1) егер алдыңғы жылы шаруашылық жүргізуші субъект тексерілмесе, онда бағанға 5 саны қойылады;
2) егер тексерілсе және жарияланған салық сомасынан 20%-тен артық қоса есептелсе, онда бағанға 5 саны қойылады;
3) егер жарияланған салық сомасынан қоса есептелген сома 10% пен 20% арасында болса, онда бағанға 4 саны қойылады;
4) егер жарияланған салық сомасынан қоса есептелген сома 10%-тен кем болса, онда бағанға 3 саны қойылады.
5. "Салықтардың уақтылы төленуі" деген 6-бағанда:
1) егер бір жыл ішінде салықтар, алымдар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер уақтылы төленсе, онда бағанға 1 саны қойылады;
2) егер бір жыл ішінде мерзім бұзылумен төленсе, бірақ жылдың аяғында бюджет алдында берешегі жоқ болса, онда бағанға 1 саны қойылады;
3) егер бір жыл ішінде мерзім бұзылумен төленсе және жылдың аяғында бюджет алдында толық өтелмесе, онда бағанға 5 саны қойылады;
6. "Қолма-қол есеп айырысуды пайдалану" деген 7-бағанда:
1) егер шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметі сатылған өнімдер, тауарлар, қызмет көрсетулер үшін төлем қолма-қол жүргізетін шеңберге жатпаса, онда бағанға 1 саны қойылады;
2) егер шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметі сатылған өнімдер,
тауарлар, қызмет көрсетулер үшін төлем қолма-қол жүргізетін шеңберге жатса, онда бағанға 5 саны қойылады. 7. "Сыртқы экономикалық қызмет" деген 8-бағанда: 1) егер шаруашылық жүргізуші субъекті экспорт-импорт операцияларын жүзеге асырса, онда бағанға 5 саны қойылады; 2) егер жоқ болса, онда бағанға 1 саны қойылады. 8. "Декларацияны уақтылы тапсыру" деген 9-бағанда: 1) егер декларацияны шаруашылық жүргізуші субъект уақтылы тапсырса, онда бағанға 1 саны қойылады; 2) егер шаруашылық жүргізушіге декларация тапсыруда мерзім бұзу жағдайы болса, онда бағанға 5 саны қойылады. 9. "Тәуекелдің жиынтық көрсеткіші" деген 10-бағанда 2-9 бағандардағы сомамен айқындалады. Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.