------------- Бұйрықтан үзінді -------------------
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 743 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи моноплияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi туралы ереженің 20-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 28 желтоқсанда N 1012 нөмiрмен тiркелген "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң және оның аумақтық органдарының Әкiмшiлiк комиссиясы туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 желтоқсандағы N 19-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын...
Төрағаның міндетін атқарушы
_________________________________
Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiнiң 193-3, 237-2-баптарына және Қазақ КСР-нiң "Бәсекелестiктi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Заңының 19-бабына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi мен оның аумақтық органдарының Әкiмшiлiк комиссиясы туралы ереже (қоса беріліп отыр) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 17 мамырда N 758 нөмiрмен тiркелген Қазақстан Республикасының Табиғи моноплияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң әкiмшiлiк комиссиясын құру туралы" 1999 жылғы 2 сәуiрдегi N 08-ОД
V990758_
бұйрығының күшi жойылған деп танылсын.
3. Заң басқармасы (Машинистова Е.Г.) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
4. Аумақтық органдар қызметін үйлестіру және кадр жұмысы бөлімі (Қалпақбаев М.М.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін аумақтық органдарға жеткізсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары С.Ш.Құрманғалиевқа жүктелсін.
Агенттік төрағасы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау
жөнiндегi агенттiгiнiң және оның аумақтық
органдарының Әкiмшiлiк комиссиясы туралы
ереже
1. Әкiмшiлiк комиссиясының мiндеттерi, оны құру
тәртiбi және қызметi
1. Осы Ереже iстiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттігіне (бұдан әрі - Агенттiк) және оның аумақтық органдарына жүктелген әкiмшiлiк комиссиясының (бұдан әрi - "Комиссия") заң бұзушылық туралы iстердi қараудағы жұмыс тәртiбiн белгiлейдi және анықталған заң бұзушылықтар, жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi бойынша iстердi қарау мен тиiстi шешiмдер қабылдаудың тәртiбiн, мерзiмiн реттейдi. Комиссияның басты мiндетi жоғарыда көрсетiлген санаттағы iстердiң дер кезiнде, толық және жан-жақты қаралуын қамтамасыз ету болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақ КСР-нiң "Бәсекелестiкi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу туралы(ТМ) Заңын, Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы", "Терiс пиғылды бәсекелестiк туралы" Заңдарын, Қазақ КСР-нiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiн, басқа да заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссия құрылады және ол Комиссияның төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары, Комиссия мүшелерi мен Комиссияның жауапты хатшысы бар құрамда жұмыс жасайды.
4. Комиссияны Агенттiктiң төрағасы құрады, оның құрамында 7-9 адам болады. Аумақтық органдардың комиссиясы құрамында 5-7 адамы бар осы Ереже айқындаған тәртiппен құрылады.
5. Комиссияның төрағасы, ал егер ол болмаған кезде төрағаның орынбасары:
Комиссияның жұмысына басшылық жасайды, Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн жауап бередi;
Комиссияның отырысына төрағалық етедi;
қаралатын iс бойынша Комиссияның хаттамаларына және қаулыларына қол қояды.
6. Комиссияның мүшелерi:
Комиссияның жұмысына қатысады және Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн жауап бередi;
қаралатын iстер бойынша Комиссияның қаулыларына қол қояды.
7. Комиссияның жауапты хатшысы:
Комиссияның отырысына iстi қарау үшiн материалдар даярлауды жүзеге асырады;
Комиссия отырыстарын өткiзуде ұйымдастыру мәселелерiн шешедi;
Комиссия отырысының хаттамасын жүргiзедi;
Комиссия отырысының хаттамасы мен қаулысына қол қояды;
Iстi қарауға қатысатын тұлғаларға отырыстың өтетiн орны мен уақытын хабарлайды;
әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының атқарылуына бағыт бередi және олардың атқарылуын бақылайды;
Комиссияның iс қағаздарын, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаралған iстердiң есебiн жүргiзедi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша материалдардың сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Әкiмшiлік құқық бұзушылықтар туралы
iстердi қарау тәртiбi
8. Комиссия Қазақ КСР-нiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiнiң 193-3-бабына және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес өз құзыретiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайды.
9. Қазақ КСР-нiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiнiң талаптарына сәйкес Агенттiктiң уәкiлеттi қызметкерi жасаған хаттама орындалуын бақылау Агенттiкке жүктелген заң бұзушылық туралы iстi қараудың негiзi болып табылады.
10. Комиссияға түскен барлық хаттамалар арнайы журналға тiркелуге тиiс. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада түскен күнi мен тiркелген нөмiрi қойылады, ол сонымен бiрге әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы тиiстi iстiң нөмiрi болып табылады.
11. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға әзiрлеу кезiнде Комиссияның жауапты хатшысы мынадай мәселелердi:
осы iстi қарау Комиссияның құзыретiне жатам ма;
iстiң хаттамасы мен басқа материалдары дұрыс жасалған ба;
iстi қарауға қатысатын тұлғаға оны қараудың уақыты мен орны хабарланды ма;
қажеттi қосымша материалдар талап етiлдi ме;
жауапқа тартылатын, жәбiрленушi адамның немесе олардың заңды өкілдерiнiң өтiнiмдерi қанағаттандырылуға немесе қабылдамай тастауға жата ма;
iстi қарауға қатысатын тұлғалардың тiзiмiн, оны қараудың уақыты мен орнын анықтайды.
12. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жауапқа тартылатын адамның қатысуымен қаралады.
Жауапқа тартылатын адам қатыспаған жағдайда iстiң қаралатын орны мен уақыты туралы оны дер кезiнде хабарландырылғаны туралы деректер болса немесе одан iстi қарауды кейiнге қалдыру жөнiнде өтiнiм түспеген жағдайда iстiң қаралуы мүмкiн.
13. Комиссия iстi қажеттiгiне қарай өткiзiлетiн мәжiлiсте, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа да материалдарын алған күннен бастап 15 күн мерзiмнен кешiктiрмей қарайды.
14. Комиссия әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi ашық қарайды.
15. Iстi қарау Комиссияның iстi қарайтын құрамын хабарлай отырып басталады. Комиссияның отырысына төрағалық етушi қандай iстiң қаралып жатқандығын, кiмнiң әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылып отырғандығын хабарлайды, iске қатысушы тұлғаларға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi.
Бұдан кейiн iстi қарау мынадай тәртiппен басталады:
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жарияланады;
iске қатысатын адамдардың өтiнiмдерi мәлiмделедi және жарияланады;
жауапқа тартылатын адамның түсiнiктемесi тыңдалады;
куәлардың айғақтары тындалады;
iстi қарауға қатысушы басқа да адамдардың сөздерi тыңдалады;
iс бойынша қаулы шығарылады.
16. Комиссия әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараған кезде:
әкiмшiлiк құқық бұзушылық болды ма;
жауапқа тартылған адам осы құқық бұзушылыққа кiнәлi ме, жоқ па, ол әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа жата ма;
осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жеңiлдететiн немесе ауырлататын мiндеттеме бар ма;
осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық арқылы мүлiктiк залал келтiрiлдi ме, жоқ па, деген мәселелердi анықтауға мiндеттi.
Сондай-ақ Комиссия iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар басқа да жағдаяттарды анықтауға мiндеттi.
17. Комиссия әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараған кезде хаттама (үлгiсi қоса берiлiп отыр) жүргiзiледi, онда:
мәжiлiстiң өтетiн уақыты мен орны;
iстi қараушы органның атауы мен құрамы;
қаралатын iстiң мазмұны;
iстi қарауға қатысушы адамдар туралы мәлiметтер, олардың өтiнiмдерi;
iстi қарау кезiнде зерттелген құжаттар мен заттай айғақтамалар;
қабылданған қаулыны жариялау туралы мәлiметтер және оған шағым берудiң тәртiбi мен мерзiмдерi көрсетiледi.
Хаттамаға мәжiлiске төрағалық етушi мен комиссия хатшысы қол қояды.
18. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап, Комиссия мынадай қаулылардың бiрiн шығарады:
айып салу түрiндегi әкiмшілiк жаза қолдану туралы;
Қазақ КСР-нiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiнiң 240, 241-баптарында көзделген жағдайларда iс жүргiзудi тоқтату туралы.
19. Комиссияның қаулысында (үлгi қоса берiлiп отыр):
қаулы шығарған Комиссияның атауы;
iстiң қаралатын күнi;
iстi қарауға қатысты адам туралы мәлiметтер;
iстi қарау кезiнде белгiленген жағдаяттардың мазмұндамасы;
Қазақ КСР-нiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiнiң баптарына немесе осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiк көзделетiн өзге де нормативтiк актiлерге нұсқама;
iс бойынша қабылданған шешiм;
қаулыға шағым берудiң тәртiбi мен мерзiмi қамтылуға тиiс.
Қаулы отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады.
Қаулыға отырысқа төрағалық етушi және жауапты хатшы қол қояды.
20. Қаулы iстi қарау аяқталысымен дереу шығарылады.
Қаулының көшiрмесi өзi туралы қаулы шығарылған адамның қолына үш күн iшiнде табыс етiледi немесе оған жiберiледi.
Қаулының көшiрмесi қолхатпен табыс етiледi немесе iске бұл туралы тиiстi белгi қойып, тiркеу тәртiбiмен жiберiледi.
21. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыға сот тәртiбiмен шағым жасау және наразылық бiлдiру Қазақ КСР-нiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiне сәйкес жүзеге асырылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiндегi аумақтық органдар Комиссиясының қаулысына жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттiк органның Комиссиясына шағым жасалуы мүмкiн, соңғы шешiмдi Агенттiктiң төрағасы шығарады.
22. Әкiмшiлiк құқық бүзғаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану туралы Комиссияның қаулысын заңды және жеке тұлғалар орындауға мiндеттi.
23. Қаулы ол шығарылған сәттен бастап орындалуға жатады.
Қаулыға шағым жасалған немесе наразылық бiлдiрiлген жағдайда шағым немесе наразылық қанағаттандырылмай қалған соң ол орындалуға жатады.
24. Әкiмшiлiк тұрғыдан жаза қолдану туралы қаулыны (үлгiсi қоса берiлiп отыр) орындау үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша Комиссияның қаулысын орындау Қазақ КСР-нiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
25. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулының орындалуын бақылауды осы қаулыны шығарған Комиссия жүзеге асырады.
26. Агенттiктiң аумақтық органдарының Комиссиясы өздерiнiң жұмысын осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы N____
Хаттама
______ жылдың "__ "_________ ___________ қаласы
Мен,________________________________________________________________
(хаттаманы жасаған Агенттік қызметкерінің аты-жөні)
әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақ К СР Кодексінің 248,
248-1, 249 баптарына сәйкес осы хатаманы жасадым, ол________________________________________________________________
(тәртіп бұзушының аты-жөні)
жасалған тәртіп бұзушылықтың мазмұны, орыны, оның жасалған уақыты____________________________________________________________
____________________________________________________________
Әрекеті ________________________________________________________
(тәртіп бұзушының аты-жөні)
Бапта(-тарда) көзделген құқық бұзушылықтың нышандары_______
________________________________________________________________
(заңдарға, қаулыларға сүйену)
Жасалған әкімшілік құқық бұзушылық _____________________________
________________________________________________________________
ұсынылған материалдармен расталды:____________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________
Хаттаманы жасаған:_____________________________ Аты жөні ________________________________________________________________
Хаттаманы жасаған қызметкердің қолы
Құқық бұзушы: Құқық бұзушының аты-жөні
_____________________________қолы
Куәлер: Куәлердің аты-жөні
Зәбірленуші: Зәбірленушінің аты-жөні
Хаттама екі данада жасалды, бір данасы құқық бұзушыға тапсырылды.
Бірінші басшыға
____________
____________
____________
Шақыру N
____жылдың ___________сағат ______________заңдылықты бұзу
туралы істі қарау жөніндегі әкімшілік комиссиясының мәжілісіне
шақырыласыз, өйткені құқық бұзушы ретінде оның орындалуын бақылау
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі
агенттігіне жүктелген.
Міндетті түрде келуіңіз керек.
Мекен жайы:______________________________________________
тел. _____________________________
Комиссия хатшысы
_________________________________________________________
Шақыру қағазына түбіртек N___
____жылдың ___________сағат ______________
Алды _________________________________________________________
(Аты-жөні., лауазым, қолы)
Шақыру қағазын алуды бас тартуына байланысты________________
_________________________________________________________
(Бас тартқан адамның аты-жөні, лауазымы)
шақыру қағазы____жылдың ______________ жауап қайтарылатын
арнайы хатпен пошта арқылы жіберіледі.
Пошта квитанциясының N___
____жылдың ______________
Әкімшілік құқық
бұзушылық жөніндегі
N___іс
Әкімшілік комиссиясы мәжілісінің
Хаттамасы
____жылдың ___________ Астана қаласы
Комиссияның құрамы:
Комиссия мүшелері:
Факті бойынша істі қарады________________________________
(қаралатын істің мазмұны)
_________________________________________________________
_________________________________________________________
Істі қарауға қатысатындар:
жауапқа тартылатын адам____________________________________
(аты-жөні, лауазымы)
____________________________________________________________
Сарапшылар _______________________________________________
(аты-жөні, лауазымы)
______________________________________________________________
және басқа адамдар(зәбірленуші, заңды өкіл, адвокат, прокурор)
____________________________________________________________
Істі қарауға қатысатындардан өтініш білдіруші адамдар ____
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Істі қарауға қатысқан адамдардың түсініктемелері, көрсетулері,
қорытындылары және сөз сөйлеушілер___________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Істі қарау кезінде зерттелген құжаттар мен заттай дәлелдемелер:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Қаралған істің аяқталуына орай Комиссия қаулы қабылдап, жариялады.
Сондай-ақ қаулының күшін жоюдың тәртібі мен мерзіміне түсінік
берілді.
Мәжіліс төрағасы:
Мәжіліс хатшысы:
Әкімшілік құқық
бұзушылық жөніндегі
N___іс
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
Қаулы
"___"____________жыл Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік комиссиясы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақ КСР кодексінің 269-279 баптарының негізінде әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі N___істі ашық мәжілісте қарап,_________________
____________________________________________________________________
(жауапқа тартылған адамның аты-жөні, лауазымы)
мекен-жайы _________________________________________________
қызмет орны мен лауазымы__________________________________________
____жылдың "___"____________ ______________________________________
(істі қарау кезіндегі себептерді баяндау)
____________________________________________________________________
сөйтіп______________________________________________________________
____________________________________________________________________
әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақ КСР Кодексінің 193-3 бабын
бұзғандығын анықтады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, әкімшілік
құқық бұзушылық туралы Қазақ КСР Кодексінің 21, 24, 62, 193-3
баптарын басшылыққа ала отырып,
Комиссия:
____________________________________________________________________
(құқық бұзушының аты-жөні)
әкімшілік сөгіс түрінде________ ____________________________________
____________________________________________________________________
жауапқа тартылады.
Осы қаулыны оны шығарған күнінен бастап 10 күн ішінде__________
(органның атауы)
_____________________________________________________ қайтара алады.
Комиссия төрағасы
Комиссия төрағасының
орынбасары
Комиссия мүшелері:
Комиссия хатшысы
Комиссия қаулысының көшірмесін
алуға қолқат
____жылдың "___"____________ N___ іс бойынша
Қаулының көшірмесін _______________________ алды.
(Аты-жөні,қызметі,қолы)
"___"_________ ___жыл
N____,_____________________________________________________
(мына мекен-жайға)
______________________________________________ поштамен жіберілді.
________________
________________
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақ КСР Кодексінің 302 бабына
сәйкес_________________________________________________________
_______________________________________________________________
(Аты-жөні)
айыппұл салынғандығы туралы әкімшілік комиссиясының
____жылдың "___"____________ N___ қаулысын ықтиярсыз орындау үшін
жіберіледі.
Айыппұл толық өндіріліп алынғаннан кейін қаулыға орындалғаны
жөнінде белгі соғып, Комиссияға қайтаруыңызды өтінеміз.
Комиссия Төрағасы