Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің әкімшілік комиссиясының құрылуы туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі 1999 жылғы 2 сәуір N 08-ОД Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 17 мамырда тіркелді. Тіркеу N 758. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнің 1999 жылғы 24 желтоқсандағы N 19-ОД бұйрығымен. ~V991012

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 U990006_ Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің мәселелері" 1999 жылғы 30 наурыздағы N 326 P990326_ қаулысына сәйкес бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі мен оның аумақтық комитеттерінің әкімшілік комиссиялары туралы Ереже бекітілсін.
      2. Монополияға қарсы заңдарды, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңдарды және баға тәртібін бұзу туралы істерді қарау жөнінде Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік комиссиясы құрылсын.
      3. Әкімшілік комиссия келесі құрамында бекітілсін:
      Құрманғалиев С.Ш. - Комиссия төрағасы, Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары;
      Нұрабаева Ә.Қ. - Комиссия төрағасының орынбасары, монополияға қарсы заңның сақталуын қадағалау департаментінің директоры;
      Цой О.В. - Комиссия хатшысы, монополияға қарсы заңның сақталуын

қадағалау басқармасы бастығы орынбасарының міндеттерін атқарушы.
     
                        Комиссия мүшелері:
     
     Есімова Г.С. - Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын 
қорғау департаментінің директоры;
     Федосенко Н.Ф. - Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқықтарын 
қорғау департаменті директорының орынбасары;
     Григорьева С.П. - Табиғи монополияларды реттеу департаменті 
директорының орынбасары;
     Машинистова Е.Г. - Монополияға қарсы заңның сақталуын қадағалау 
департаменті директорының орынбасары.
     4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар 
жөніндегі агенттігінің Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі 
комитетінің "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және 
реформалар жөніндегі агенттігінің Баға және монополияға қарсы саясат 
жөніндегі комитетінің әкімшілік комиссиясының құрылуы туралы" 1998 жылғы 3 
ақпандағы N 14  

V980497_

  бұйрығының күші жойылған деп танылсын.
     5. Ұйымдық-кадр жұмысы бөлімі осы бұйрықты аумақтық комитеттерге 
жіберсін.
     
     Агенттік Төрағасы
                                        Табиғи монополияларды реттеу
                                        және бәсекелестікті қорғау
                                        жөніндегі агенттік Төрағасының
                                        1999 жылғы 2 сәуір N 08-ОД 
                                        бұйрығымен бекітілген
     
             Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу
             және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің және
           оның аумақтық комитеттерінің Әкімшілік комиссиялары туралы
                                 Ереже
     


      1. Бұл Ереже қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі мен оның аумақтық комитеттерінің (бұдан әрі "Агенттік") бағынысындағы Әкімшілік комиссияларының (бұдан әрі "Комиссиялар") жұмысы мен баға жөніндегі және монополияға қарсы заңдардың, тұтынушылардың заңды құқықтарының (бұдан әрі "монополияға қарсы заңдардың") бұзылуы туралы істерді қараудың тәртібін белгілейді және айқындалған заң бұзушылықтар, жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша іс қарап, тиісті шешімдер қабылдаудың тәртібі мен мерзімін реттейді.
      Комиссиялардың басты міндеті - жоғарыда көрсетілген санаттағы істердің дер кезінде толық және объективті қаралуын қамтамасыз ету.
      2. Комиссиялар өз қызметінде Қазақ КСР-ның "Бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының "Бәсекелестікті дамыту және монополиялық қызметті шектеу туралы", "Табиғи монополиялар туралы" Z980272_ , "Теріс пиғылды бәсекелестік туралы" Z980232_ Заңдарын, "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы" P990326_ Ережені, Қазақ КСР-нің Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексін, басқа да заңды және нормативтік актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Комиссиялар Комиссия төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары,

Комиссия мүшелері және Комиссияның жауапты хатшысы құрамында құрылып, 
әрекет жасайды.
     4. Комиссия төрағасы:
     Комиссия жұмысын басқарады, Комиссияға жүктелген міндеттердің 
орындалуы үшін жауап береді;
     Комиссиялардың мәжілістерінде төрағалық етеді;
     қаралатын істер бойынша Комиссия хаттамалары мен қаулыларына қол 
қояды.
     5. Комиссия мүшелері:
     Комиссияның жұмысына қатысады және Комиссияға жүктелген міндеттердің 
орындалуы үшін жауап береді;
     қаралған мәселелер бойынша Комиссия қаулыларына қол қояды.
     6. Комиссияның жауап хатшысы:
     Комиссияның жұмысына қатысады және Комиссияға жүктелген міндеттердің 
орындалуы үшін жауап береді;
     Комиссияның мәжілістерінде қарау үшін материалдар әзірлейді;
     Комиссияның мәжілісін өткізудің ұйымдық мәселелерін шешеді;
     Комиссия мәжілісінің хаттамасын жүргізеді;
     Комиссияның хаттамаларына, анықтамаларына және қаулыларына қол қояды;
     істі қарауға қатысушы адамдарға мәжіліс өткізілетін орын және оның 
уақыты жөнінде хабарлайды; 
     Комиссияның іс қағаздарын жүргізеді.
     7. Комиссия 7-9 адамнан құрылады.


      8. Лауазым бойынша Комиссия төрағасы ретінде құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасары, ал ол болмаған жағдайда Комиссия төрағасының орынбасары болады.
      9. Өз жұмысының түрі бойынша Агенттік қызметінің басты бағыттарының бірімен айналысушы Агенттік қызметкерлері Комиссияның мүшелері бола алады.
      10. Комиссияның жауапты хатшысы Агенттіктің жоғары заң білімі бар қызметкері болуы керек.
      11. Комиссияның жеке құрамын Агенттік төрағасы бекітеді.
      12. Аумақтық комитеттердің комиссиялары осы Ережеде белгіленген тәртіппен 5-7 адамнан құрылады.
      13. Агенттіктің уәкілді қызметкерінің Қазақ КСР-ның Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексінің талаптарына сәйкес жасаған әкімшілік құқық бұзу туралы хаттамасы монополияға қарсы заңдардың бұзылуы жөніндегі істерді қарау үшін негіз болып табылады.
      14. Монополияға қарсы заңдардың әкімшілік тұрғыдан бұзылуы туралы істі қарауға әзірлеу кезінде Комиссияның жауапты хатшысы:
      Белгілі бір істі қарау Комиссияның құзырына жата ма;
      істің хаттамасы мен өзге материалдары дұрыс әзірленген бе;
      алдын ала реттеу үшін шаралар қолданған ба;
      қажетті қосымша материалдар сұратылған ба;
      жауап тартылушы, жәбірленуші адамның немесе олардың заңды өкілдерінің өтініштері қанағаттандырылуға немесе қабылдамай тастауға жата ма;
      істі қарауға қатысушы адамдардың тізімін, қаралу уақыты мен оның орның белгілеу мәселелерін айқындайды.
      15. Монополияға қарсы заңдардың әкімшілік тұрғыдан бұзылуы істер туралы жауапқа тартылушы адамның қатысуымен қаралады.
      Жауапқа тартылушы адамның қатысуынсыз істі мына жағдайларда: істің қаралу уақыты мен орны туралы оған уақытында хабарланған жайында дерек болса және оның Комиссияның мәжілісіне келмеу себептері туралы мағлұмат болмаса не Комиссия келмеу себептерін дәлелсіз деп таныса, қарауға болады.
      16. Комиссия істерді қажетіне қарай өткізілетін мәжілістерде қарайды, бірақ бұл әкімшілік құқық бұзу туралы хаттама және істің басқа материалдары қолға тиген соң 15 күн мерзімінен кешіктірілмеуі тиіс.
      17. Белгілі бір жағдайлар анықталғанша істің шын мәнісінде қаралуы мүмкін болмаған жағдайда Комиссия істің қаралуын тоқтата тұруы мүмкін.
      Істің қаралуы тоқтата тұру туралы қаулы (үлгісі қоса беріліп отыр) шығарылып, оған Комиссияның мәжілісіне қатысушы барлық мүшелері қол қояды.
      18. Істі қарау оны қарайтын Комиссияның құрамын жариялаудан басталады, сонан соң мәжілісте төрағалық етуші қандай іс қаралуға жататынын, әкімшілік жауапкершілікке кім тартылатынын хабарландырады, іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
      Бұдан кейін істі қарау төмендегі тәртіппен басталады:
      әкімшілік құқық бұзу туралы хаттама жарияланады;
      іске қатысушы адамдардың өтініштері мәлімденеді және жарияланады;
      жауапкершілікке тартылушы адамның түсініктемелері тыңдалады;
      куәлердің жауаптары тыңдалады;
      дәлелдер зерделенеді;
      іс бойынша қаулы шығарылады.
      19. Комиссия баға жөніндегі және монополияға қарсы заңдардың, тұтынушылардың заңды құқықтарының әкімшілік тұрғыдан бұзылуы туралы іс қаралған кезде:
      баға жөніндегі және монополияға қарсы заңдардың, тұтынушылардың құқықтарының әкімшілік тұрғыдан бұзылуы орын алды ма;
      жауапкершілікке тартылушы адам осындай құқық бұзылу ісінде кінәлі ме және ол әкімшілік тұрғыдан жауапкершілікке жата ма;
      белгілі бір әкімшілік құқық бұзу үшін жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайлар бар ма;
      белгілі бір әкімшілік құқық бұзу мүліктік зиян келтірді ме деген мәселелерді айқындауға міндетті.
      Сол сияқты, Комиссия істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар басқа да жағдайларды айқындауға міндетті.
      20. Кез келген нақты деректер, солардың негізінде Агенттік талаптарын немесе қарсылықтарын дәлелдейтін жағдаяттардың бар-жоғын анықтайды, сондай- ақ істің дұрыс қаралуы үшін маңызы бар басқа да фактілер баға жөніндегі және монополияға қарсы заңдардың, тұтынушылардың заңды құқықтарының әкімшілік тұрғыдан бұзылуы туралы іс қарау бойынша айғақтама болып табылады.
      Айғақтамалар жазбаша түрде де, сол сияқты, көру-тыңдау және өзге материалдарды, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын, тараптар өкілдерінің түсініктемелерін, сондай-ақ сарапшылар мен құзырлы органдардың тұжырымдарын қоса алғанда, заттай түрде де болуы мүмкін.
      Актілер, хаттар, түсініктемелер, мағлұматтар және істің дұрыс қаралуы

үшін маңызды жағдаяттары бар басқа да материалдар жазбаша айғақтамалар 
болып табылады.
     Іс үшін маңызы бар айғақтамалар ғана қарауға қабылданады.
     21. Арнайы білімді талап ететін істі қарау кезінде тыңдайтын 
мәселелерге түсінік беру үшін Комиссия сараптама тағайындайды.
     Сарапшының тұжырымы Комиссияға жазбаша түрде тапсырылады, тараптарға 
көшірмелер берілуі мүмкін.
     22. Комиссия монополияға қарсы заңдардың әкімшілік тұрғыдан бұзылуы 
туралы іс қараған кезде хаттама (үлгісі қоса беріліп отыр) жүргізіліп, 
онда:
     мәжілістің уақыты мен орны;
     іс қараушы органның атауы мен құрамы;
     қаралатын істің мазмұны;
     істі қарауға қатысушы адамдар туралы мағлұматтар, олардың өтініштері;
     істі қарау кезінде зерттелген құжаттар мен заттай айғақтамалар;
     қабылданған қаулыны жариялау туралы мағлұматтар және оған шағым 
берудің тәртібі мен мерзімінің түсініктемелері көрсетіледі.
     Хаттамаға мәжілісте төрағалық етуші мен Комиссияның хатшысы қол қояды.
     23. Монополияға қарсы заңдардың әкімшілік тұрғыдан бұзылуы туралы 
істі қарап, Комиссия іс бойынша қаулы (үлгісі қоса беріліп отыр) шығарады.
     Қаулыда:
     қаулы шығарған Комиссияның атауы;
     істің қаралған күні, айы, жылы;
     іс қаралушы адам туралы мағлұматтар;
     іс қарау барысында анықталған жағдаяттардың мазмұндамасы;
     белгілі бір әкімшілік құқық бұзу үшін жауапкершілікті көздейтін 
нормативтік актінің нұсқамасы;
     іс бойынша қабылданған шешім;
     қаулыға шағым берудің тәртібі мен мерзімі көрсетілуі тиіс.
     Қаулы істі қарауға қатысушы Комиссия мүшелерінің жай көпшілік 
дауысымен қабылданады.
     Істі қарауға қатысқан Комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды.


      24. Баға жөніндегі және монополияға қарсы заңдардың, тұтынушылардың заңды құқықтарының әкімшілік тұрғыдан бұзылуы туралы істі қарап, Комиссия төмендегі әкімшілік жазаны қолдана алады:
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес айыппұл салу құқығы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігіне берілген жағдайда айыппұл салынады;
      Қазақ КСР-ның Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексінің 240, 241 баптарында көзделген жағдайларда істің қаралуын тоқтату туралы қаулы шығарылады.
      25. Қаулы істі қарау аяқталысымен дереу шығарылады.
      Қаулының көшірмесі өзі туралы қаулы шығарылған адамның қолына үш күн ішінде табыс етіледі не оған жіберіледі.
      Қаулының көшірмесін тиісті адам қол қойып өзі алады немесе ол Агенттік кеңсесі арқылы тіркелу жолымен жөнелтіледі.
      26. Монополияға қарсы заңдардың әкімшілік тұрғыдан бұзылуы туралы іс бойынша сот арқылы шағым беру мен қарсылық білдіру Қазақ КСР-ның Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Монополияға қарсы заңдардың бұзылуы туралы істер бойынша аумақтық комитеттердің Комиссияларының қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі Комиссиясына, ал бұл Комиссияның шешімдеріне - Агенттік Төрағасына шағым беруге болады.
      27. Монополияға қарсы заңдардың әкімшілік тұрғыдан бұзылуы туралы іс бойынша Комиссияның қаулысын мемлекеттік, қоғамдық органдар, шаруашылық жүргізетін субъектілер, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға міндетті.
      28. Қаулы шығарылған сәттен бастап орындалуы тиіс.

     Қаулыға шағым берілген немесе қарсылық білдірілген жағдайда шағым 
немесе қарсылық қанағаттандырылмай қалған соң қаулы орындалуға жатады.
     29. Монополияға қарсы заңдардың әкімшілік тұрғыдан бұзылуы туралы іс 
бойынша Комиссия қаулысының орындалуы әкімшілік жазалар (үлгісі қоса 
беріліп отыр) белгілеу туралы қаулыны орындау үшін Қазақ КСР-ының 
Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге 
асырылады.
     30. Монополияға қарсы заңдардың әкімшілік тұрғыдан орындалуы туралы 
іс бойынша қаулының орындалуына осы қаулыны шығарған Комиссия бақылау 
жасайды.
     31. Комиссияларды материалдық қамтамасыз ету ісін Қазақстан 
Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау 
жөніндегі агенттігі мен оның аумақтық комитеттері жүзеге асырады.
     32. Комиссиялар өз жұмысында Қазақстан Республикасының Табиғи 
монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі мен 
оның аумақтық комитеттерінің бланктерін, мөртаңбалары мен мөрлерін 
пайдаланады.
     
                                                            Үлгі
     
                         N ____ Хаттама
        
               Монополияға қарсы заңдардың бұзылуы туралы
     
     199___ жылғы "__" _____________                   Астана қаласы
     
     Мен, _________________________________________________________________
                   (хаттама жасаған Комитет қызметкерінің тегі, 
     ______________________________________________________________________
                                аты-жөні)
     Қазақ КСР-ның Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексінің 248, 248-1, 261 
баптарына сәйкес
     ______________________________________________________________________
                     (заң бұзушының тегі, аты-жөні)        
     ______________________________________________________________________
          (заң бұзушылықтың мазмұны, оның жасалған орны мен уақыты)     
     ______________________________________________________________________
     ______________________________________________________________________
     ______________________________________________________________________
     туралы осы хаттаманы жасадым.
     _____________________________________________________ іс-әрекеттерінде
           (заң бұзушының тегі, аты-жөні)
     ______________________________________________________________________
     ______________________________________________________________________
                  (заңдарға, қаулыларға сілтеме)     
     бабында көзделгендей құқық бұзушылық нышандары бар.
     ______________________________________________________________________
                (заң бұзушы туралы мағлұматтар)     
     жасаған монополияға қарсы заңдардың бұзылуын _________________________
     ______________________________________________________________________
     Қоса беріліп отырған материалдар:
     ______________________________________________________________________
     ______________________________________________________________________
     ______________________________________________________________________
     айғақтайды.

     Хаттама жасалды _______________    Қазақстан Республикасының
                                        Табиғи монополияларды реттеу
                                        және бәсекелестікті қорғау
                                        жөніндегі агенттігі қызметкерінің
                                        тегі, аты-жөні
     
     Құқық бұзушы __________________    Құқық бұзушының тегі,
                       қолы             аты-жөні
     
     Куәлер ________________________    Куәлердің тегі, аты-жөні
            ________________________
            ________________________
     
     Зәбір шегушілер:                   Зәбір шегушілердің тегі, аты-жөні
            ________________________
            ________________________
     
     Хаттама екі дана болып жасалды, бір данасы құқық бұзушыға табыс 
етілді.
     
                                                            Үлгі
     
                                                 __________________________
                                                 __________________________
                                                 __________________________
                                                 Бірінші басшысына
     
                       N _____ Шақыру қағазы
     
     199___ жылғы "__"___________ "_____" сағатта Қазақстан 
Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау 
жөніндегі агенттігінің монополияға қарсы заңдардың бұзылуы туралы істерді 
қарайтын Әкімшілік комиссиясының мәжілісіне шақырыласыз (құқық бұзушы 
ретінде).
     Міндетті түрде келу керек.
     Мекен-жай: Астана қаласы, Абай даңғылы, 92-үй, N ____ кабинет, 
телефон:
     Комиссия хатшысы
---------------------------------------------------------------------------
     
                      N _____ Шақыру қағаздың түбіршегі
     
     199 ____ жылғы "___" ________________ "__" сағатта табыс етілді.
     Алдым: _______________________________________________________________
                            (тегі, аты-жөні, лауазымы, қолы)
     _______________________________________________________ шақыру қағазын
     алудан бас тартуына байланысты шақыру қағазы 199 ____ жылғы 
"__"_______
почта арқылы арнайы хатпен, хабар беру жолымен жөнелтілді. (керексізі
сызылып тасталсын)
     Почта түбіртегінің N _______________
     199 ____ жылғы "___" _______________
     
                                                            Үлгі


                                              Монополияға қарсы заңдардың

әкімшілік тұрғыдан бұзылуы туралы N ______ іс


                   Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды

             реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің
                     (монополияға қарсы аумақтық комитетінің)
                        Әкімшілік комиссиясы мәжілісінің
                                 Хаттамасы
     
     199 _____ жылғы "___" _________________     Астана қаласы
     
     Комиссия: ____________________________________________________________
     бар Комиссия мүшелерінің құрамында:
     ______________________________________________________________________
                         (қаралатын істің мазмұны)    
     ______________________________________________________________________
     ______________________________________________________________________
     ______________________________________________________________________
        
     фактісі бойынша іс қарады.
     Істі қарауға қатысушылар:
     жауапқа тартылушы адам _______________________________________________
                                      (тегі, аты-жөні)
     Сарапшылар ___________________________________________________________
                             (тегі, аты-жөні)
     
     ______________________________________________________________________
     басқа адамдар (зәбір шегуші, заңды өкіл, қорғаушы)     
     аудармашы, прокурор __________________________________________________
     ______________________________________________________________________

     Істі қарауға қатысушы адамдардың өтініші:
     ______________________________________________________________________
     ______________________________________________________________________
     ______________________________________________________________________

     Өтініштерді қараудың нәтижелері: _____________________________________
     ______________________________________________________________________
     ______________________________________________________________________

     Істі қарауға қатысушы адамдардың түсініктемелері, жауаптары, 
тұжырымдары мен сөйлеген сөздері: _________________________________________
     ______________________________________________________________________
     ______________________________________________________________________
     ______________________________________________________________________
     
     Істі қарау барысында зерттелген құжаттар мен заттай айғақтамалар _____
     ______________________________________________________________________
     ______________________________________________________________________

     Істі қарау аяқталысымен Комиссия қаулы қабылдап, ол жарияланады. Сол 
сияқты қаулыға шағым берудің тәртібі мен мерзімі түсіндірілді.
     
     Мәжіліс Төрағасы:
     
     Мәжіліс хатшысы:


                                        Монополияға қарсы заңдардың

әкімшілік тұрғыдан бұзылуы туралы N ____ іс


                    Монополияға қарсы заңдардың әкімшілік

                    тұрғыдан бұзылуы туралы іс бойынша
                                Қаулы
     199 ___ жылғы "___" ______________         Астана қаласы
     Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және 
бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік комиссиясы Қазақ 
КСР-ның Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексінің 269-279 баптарының 
негізінде 
ашық мәжілісте монополияға қарсы заңдардың әкімшілік тұрғыдан бұзылуы 
туралы N ____ істі қарап, былай деп белгіледі:
     ______________________________________________________________________
     ______________________________________________________________________
                 (жауапқа тартылушы адамның тегі, аты-жөні)     
     Тұрғылықты орны ______________________________________________________
     Жұмыс орны мен лауазымы ______________________________________________
     199 ___ жылғы "__" _____  ____________________________________________
                                     (істі қарау барысында анықталған
     ______________________________________________________________________
                   жағдаяттардың мазмұндамасы)
     ______________________________________________________________________
     ______________________________________________________________________
     сөйтіп ол Қазақ КСР-ның Әкімшілік құқық бұзу Кодексінің 193-3 бабын 
бұзды
     ______________________________________________________________________
     ______________________________________________________________________
     ______________________________________________________________________

     Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақ КСР-ның Әкімшілік құқық бұзу 
туралы Кодексінің 21, 24, 32, 193-3 баптарын басшылыққа алып, Комиссия 
қаулы етеді:
     ______________________________________________________________________
                  (құқық бұзушының тегі, аты-жөні)     
     ______________________________________________________________________
     ______________________________________________________________________
түрінде әкімшілік жаза белгіленсін.
     Бұл қаулыға ол шығарылған күннен бастап 10 күн ішінде 
     ______________________________________________________________________
                       (органның атауы)     
     шағым беруге болады.
     
     Комиссия Төрағасы
     Комиссия төрағасының орынбасары
     Комиссия хатшысы
     Комиссия мүшелері
                                                            Үлгі
     
                Комиссия қаулысының көшірмесін алу туралы
                              Қолхат
     
     N ___ іс бойынша 199 ___ жылғы "___" ______________________
     қаулының көшірмесін алдым.
     ______________________________________________________________________
                     (тегі, аты-жөні, қолы)     
     199___ жылғы "__" ________________
     Қаулының көшірмесі
     ______________________________________________________________________
                        (алушы адам)     
     199 _____ жылғы "__" _____________ почта арқылы жіберілді,
     түбіртек N ______
     
                                                            Үлгі
     
                                                       ____________________
                                                       ____________________
                                                       ____________________
     
     Қазақ ҚСР-ның Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексінің 302 бабына 
сәйкес 
     ______________________________________________________________________
                                 (тегі, аты-жөні)     
айыппұл салу туралы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу 
және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің әкімшілік комиссиясының 
199____ ж. "___" ____________ N ________ Қаулысын лажсыз орындату үшін 
бағытталып отыр.
     Айыппұл толық өтелген соң Қаулының орындалғаны туралы белгі соғып 
Комиссияға қайтару қажет.
     
     Комиссия Төрағасы
     
Оқығандар:     
          Умбетова А.М.
          Нарбаев Е.А.      
     
     
   
     
     
     
     
   
     
   
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады