1. Қоса берiлiп отырған "Бұқаралық ақпарат құралдарын және ақпарат
агенттiгiн есепке қою туралы" Ереже бекiтiлсiн. 2. Бұқаралық ақпарат құралдары Департаментi (Омаров Ж.С.) белгiленген заң тәртiбiмен осы Ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнен, нормативтiк құқықтық акт ретiнде, мемлекеттік тiркеуден өткiзсiн. 3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келiсiм Министрiнiң 1998 жылғы 5 қазандағы N 175 V980635_ Бұйрығының күшi жойылды деп танылсын. 4.Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау БАҚ Департаментiнiң директоры Ж.С.Омаровқа жүктелсін. Министр
Қазақстан Республикасы
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрiнiң 1999 жылғы 24 желтоқсандағы N 226 бұйрығымен бекітілген
Бұқаралық ақпарат құралдарын және
ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы
ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында басылатын, эфирге шығатын, сондай-ақ шетелдiк ортаға арналған бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою тәртiбiн реттейдi.
Осы Ереже ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды жинауға, қайта өңдеуге және таратуға бағытталған ақпарат агенттiктерiне де қолданылады.
Ереже "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы (1999 жылғы 27 шiлдесiнде N 451-I ҚРЗ) Заңының талаптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi туралы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 499 қаулысы) Ережесiнiң негiзiнде жасалды.
1. Жалпы ережелер
1. Бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрi - БАҚ) және ақпарат агенттiгiн (бұдан әрi - Агенттiгi) есепке қою (қайта есепке қою) Қазақстан Республикасының аумағында басылатын және эфирге шығатын, сондай-ақ шетелдiк ортаға арналған, бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай-ақ ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды жинауға, қайта өңдеуге және таратуға бағытталған ақпарат агенттiктерiн есепке қою мен мониторинг мақсатында жүзеге асырылады.
2. БАҚ немесе Агенттiктердi есепке қоюды баспасөз және бұқаралық ақпарат саласындағы саясатты жүзеге асырушы мемлекеттiк басқару органы ретiнде Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) жүргiзедi.
3. Уәкiлеттi орган БАҚ немесе Агенттiктердiң есепке қою туралы куәлiктерiнiң, сондай-ақ күшi жойылған немесе қайтарып алынған куәлiктердiң бiртұтас тiзiмiн жүргiзедi.
4. БАҚ пен Агенттiктердi есепке қою туралы куәлiкке Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрi қол қояды.
Ол болмаған жағдайда куәлiкке министрдiң мiндетiн атқарушы адам қол қояды.
5. БАҚ немесе Агенттiктердi есепке қою туралы куәлiк меншiк иесiне немесе бас редакторға (редакторға), сондай-ақ меншiк иесiнiң сенiм хаты бойынша БАҚ немесе Агенттiктiң өкiлiне берiледi.
2. Есепке қоятын объектілер
6. Есепке қоюға төменгiлер жатады:
1) тұрақты атауы, ағымдағы номерi бар және кемiнде жарты жылда бiр
рет шығатын мерзiмдi баспасөз басылымы - газет, журнал, бюллетень, альманах, олардың қосымшалары; 2) толық атауы бар және кемiнде жылына бiр рет эфирге шығатын мерзiмдi дыбыс-бейне хабарлары мен берiлiмдерiнiң жиынтығы теледидар, радио, бейне, кино-хроникалық бағдарламалар; 3) ақпарат агенттiктер. 7. Мерзiмдi баспасөз басылымдарының iшiнен мыналарды есепке қою талап етiлмейдi: 1) таралымы жүз данаға жетпейтiн; 2) ресми, нормативтiк және өзге де актiлердi; 3) сот практикасының бюллетеньдерiн. 3. Куәлікті беру тәртібі
8. БАҚ-н есепке қою туралы куәлiк осы Ережеде көрсетiлген талаптар мен шарттарды орындай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылымын iске асыру құқығын растайтын құжат болып табылады.
9. Агенттiктi есепке қою туралы куәлiк осы Ережеде көрсетiлген талаптар мен шарттарды орындай отырып, ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды жинауға, қайта өңдеуге және таратуға бағытталған құқығын растайтын құжат болып табылады.
10. Есепке қойылған БАҚ немесе Агенттiк Уәкiлеттi органда қайтара есепке қойылмайды.
Қайтара есепке алынғаны анықталған жағдайда алғашқы есепке қойылған мерзiм уақыты заңды болып табылады.
11. БАҚ немесе Агенттiк меншiк иесiне есепке қою туралы куәлiк берiлген күнiнен бастап есепке қойылған деп есептеледi.
12. Есепке қою туралы куәлiк БАҚ немесе Агенттiк меншiк иесiне осы Ережелердiң 18-тармағында көрсетiлген жайлардан басқа шектелмеген мерзiмге берiледi.
13. Меншiк иесiнiң баспасөз ақпарат құралын шығаруға кiрiсу құқығы есепке қою туралы куәлiк алған күнiнен бастап алты ай бойы, теледидар, радио, бейне, кино-хроникалық бағдарламалар және Агенттiктерге бiр жыл бойы сақталады.
Бұл мерзiмдi өткiзiп алған жағдайда БАҚ немесе Агенттiктi есепке қою туралы куәлiк жарамсыз деп танылады. 14. Есепке қою туралы куәлiк соттың азаматтық сот iсi ретiмен мына жағдайларда жарамсыз деп танылады: 1) егер куәлiк алдау жолымен алынған болса; 2) егер баспасөз ақпарат құралы алты айдан астам уақыт бойы шығарылмаса, телерадио ақпарат құралы - бiр жылдан астам эфирге таратылмаса, ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдары бiр жылдан астам берiлмесе; 3) егер бұқаралық ақпарат құралы қайтадан есепке қойылған болса. 15. Есепке қою туралы куәлiк жоғалған жағдайда (жоғалғанда, жойылғанда, т.б.) Уәкiлеттi орган "Дубликат" деген белгiсi бар жаңа куәлiк бередi. 4. Бұқаралық ақпарат құралын, ақпарат агенттігін есепке қою тәртібі 16. БАҚ немесе Агенттiктi есепке қою үшiн меншiк иесi Уәкiлеттi органға мынадай құжаттар тапсырады: 1) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңның 11-бабына сәйкес үлгi бойынша өтiнiш; 2) жеке тұлғалар үшiн - кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжат; заңды тұлғалар үшiн - БАҚ немесе Агенттiктiң меншiк иесiнiң мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi. 17. Өтiнiш және оған қосымша құжаттар Уәкiлеттi органның Кеңсесi есепке алғаннан кейiн он бес күн iшiнде қаралады. 18. БАҚ немесе Агенттiктi есепке қайтадан қою мына жағдайлар өзгергенде қажет болады: 1) меншiк иесi; 2) заңды тұлға меншiк иесiнiң - ұйымдық-құқықтық нысаны; 3) БАҚ немесе Агенттiктiң атауы; 4) бұқаралық ақпарат құралының түрi; 5) тарату аумағы; 6) негiзгi тақырыптың бағыты; 7) тiлi (түрлерiн көбейту). 19. Бұқаралық ақпарат құралын немесе ақпарат агенттiгiн қайта есепке қою алғашқы есепке қою тәртiбiмен жүргiзiледi. Егер меншiк иесiнiң немесе соттың шешiмiмен қызметi тоқтатылған болса, БАҚ немесе Агенттiктi қайта есепке қоюға жол берiлмейдi. 20. Мынадай жағдайда БАҚ немесе Агенттiк қайта есепке қойылмайды: редакцияның немесе меншiк иесiнiң мекенжайы; бас редакторы (редакторы); шығару (эфирге шығу) мерзiмдiлiгi; көлемi; таралымы өзгергенде. Мұндай жағдайда БАҚ немесе Агенттiктiң меншiк иесi бiр ай iшiнде жоғарыда аталған өзгерiстер туралы Уәкiлеттi органға жазбаша хабарлауы тиiс. 5. БАҚ, Агенттікті есепке қоюдан (қайта есепке қоюдан) бас тарту 21. Уәкiлеттi орган БАҚ немесе Агенттiктi есепке қоюдан (қайта есепке қоюдан) мына негiздер бойынша бас тартуға құқылы:
1) егер Уәкiлеттi орган бұқаралық ақпарат құралын немесе ақпарат
агенттiгiн бұрын сол атымен және сол аумаққа таралуымен есепке қойғаны туралы куәлiк берген болса; 2) егер өтiнiштiң мазмұны "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңның 11-бабының талаптарына сәйкес келмесе; 3) егер өтiнiш бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығаруды) тоқтату туралы сот шешiмiнiң заңды күшiне енгенiне бiр жыл толмай тұрып берiлсе; 4) егер өтiнiш ақпарат агенттiгiнiң қызметiн тоқтату туралы сот шешiмiнiң заңды күшiне енгенiне бiр жыл толмай тұрып берiлсе. 22. Егер меншiк иесiнiң атынан өтiнiштi бұған өкiлеттiгі жоқ адам берген болса Уәкiлеттi орган есепке қою (қайта есепке қою) туралы өтiнiштi иесiне қараусыз қайтарып бередi. 23. Есепке қоюдан бас тарту туралы хабарлама осы Ереженiң 21-тармағында көзделген бас тарту негiзiн келтiре отырып, өтiнiш берушiге жазбаша түрде жiберiледi. 6. Есепке қою (қайта есепке қою) туралы шешімнің күшін жою 24. БАҚ немесе Агенттiгiн есепке қою (қайта есепке қою) туралы шешiмдi сот мынадай жағдайларда тоқтатуы мүмкiн: 1) егер есепке қою туралы шешiм Қазақстан Республикасының заңдылықтары талаптарына қайшы шығарылса; 2) осы Ереженiң 13 және 14-тармағында қарастырылған жағдайда; 3) Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңның 3-тармағының 13-бабында қарастырылған жағдайда. 7. Дауларды шешу 25. Егер Уәкiлеттi орган осы Ереженiң 17-тармағында белгiленген мерзiмде БАҚ немесе Агенттiктi есепке қоймаса немесе өтiнiш иесiне негiзсiз бас тартатын болса, онда соңғысы өз iс-қимылын сот тәртiбiмен шешуге құқылы. 26. Уәкiлеттi орган БАҚ немесе Агенттiктi есепке қоюдан негiзсiз бас тартқаны, өтiнiштердi қараудың мерзiмiн бұзғаны, есепке қою туралы заңсыз шешiмiн қабылдағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiп бойынша жауапқа тартылады. Оқығандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.