-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
48. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Салық комитетiнiң 1997 жылғы 29 желтоқсандағы N 1 бұйрығымен бекiтiлген "Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу туралы" N 41 Нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 22 желтоқсандағы N 1571 V991055_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
Бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі Салық комитетінің 1997 жылғы 29 желтоқсандағы N 1 бұйрығымен бекітілген "Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық туралы" N 41 Нұсқауына өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Әдістеме департаменті (Н.Д.Үсенова): - аталған Нұсқауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келіссін; - келісілген Нұсқауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау С.С.Қанатовқа жүктелсін. Министр Келісілді Бекітілді Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Мемлекеттік кіріс министрінің 10.01.2000 жылғы 22.12.1999 жылғы N 1571 бұйрығымен "Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу туралы" N 41 Нұсқауға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Нұсқаудың мәтiндегi "Салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар N 2235 Жарлығы" деген сiлтеме кез-келген септеуде "Салық және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының N 2235 Заңы" деген тиiстi септеумен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "1998 жылдың 1 қаңтары" деген сөздер "2000 жылдың 1 қаңтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармағымен толықтырылсын:
"4-1. Геологиялық барлау жұмыстарына (геологиялық зерттеу, барлау және табиғи ресурстарды өндiруге дайындық жұмыстары) мыналар жатады:
жер қойнауының жағдайына мониторинг жүргiзу, сейсмикалық болжау;
геологиялық, географиялық, гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық, геоэкологиялық суретке түсiрулер;
пайдалы қазбаларға перспективаларды айқындаумен жалпы Республика аумағының геологиялық құрылымын зерттеу;
теңiздiк геологтiк-физикалық, ғылыми және тақырыптық зерттеулер;
ғылыми-геологиялық зерттеулер;
жер қойнауын пайдаланушылар үшiн ақпараттық негiз болып табылатын мемлекеттiк геологиялық карталарды жасау;
пайдалы қазбалардың орындарын барлау және оларды бағалау;
геологиялық барлау және геологиялық iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi мүлiктi тасымалдау;
лабораториялық, топографтiк-геодезиялық, карта жасаушылық, бұрғылау, кен қазу және геологиялық барлауға жататын басқа жұмыстар;
пайдалы қазбаларды жер қойнауының бетiне шығарумен байланысты
жұмыстардан басқа пайдалы қазбаларды өндiруге кен орнын дайындаумен байланысты жұмыстар."; 10-тармақта: "егер келiсiм-шарт қағидаларында өзге көзделмесе" деген сөздер алып тасталсын; 11-тармақтың екiншi сөйлемi 11-1-тармағы деп саналсын; 12-тармақта: "Нұсқауы" деген сөздерден кейiн "жарамсыз деп саналады және" деген сөздермен толықтырылсын; "келiсiм-шарттар ережелерiмен" деген сөздерден кейiн "келiсiм-шарт жасау күнiнде қолданылған Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес салық салу бөлшегiнде келiсiм-шарт қағидаларын әкелу мақсатында" деген сөздермен толықтырылсын; 16-тармақта: мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшасымен толықтырылсын: "5-1) әлеуметтiк салықты;"; 8) тармақша алып тасталсын; 9) тармақшадағы "3 және 4 баптарымен" деген сөздер "3 бабымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақтың 1)в) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын: "- 1998 жылдың 1 шiлдесiне дейiн жасалынған келiсiм-шарттар үшiн";
26-тармақтың бiрiншi абзацында:
"жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт" деген сөздерден кейiн "(пайдалы қазбаларды, оның iшiнде жалпы таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын өндiру)" деген сөздермен толықтырылсын;
"ұстап қалуға құқығы бар" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 28-1-тармағымен толықтырылсын:
"28-1 "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабында көрсетiлген пайдалы қазбаларды өндiруге кен орындарын дайындаумен байланысты жұмыстар және аумақтарды геологиялық зерттеу (барлау) жүргiзу бойынша жер қойнауын пайдаланушы қызметiнiң барлық кезеңi үшiн жинақталған өндiру кезеңi басынан бастап - шығыстар амортизациялық аударымдар түрiнде жиынтық жылдық кiрiстен ұстап қалуға жататын, шығыстар сомасын есептеу кезiнде аталған шығыстар сомасынан жасалған келiсiм-шарт шегiнде жүргiзiлетiн қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушымен алынған кiрiстер сомасы ұстап қалынады.
Мысал
"А" компаниясы пайдалы қазбаны барлауға келiсiм-шарт жасады. Коммерциялық табу болғаннан кейiн "А" пайдалы қазбаны өндiруге келiсiм-шарт жасады.
Барлауға келiсiм-шарт бойынша жұмыстарды жүргiзу кезiнде "А" жалпы сомасы 70,155 млн. теңгенi шығыстарға жатқызды, олардан:
20 000 теңге барлау жұмыстарын жүргiзу үшiн негiзгi қаражаттарды алумен байланысты шығыстар,
50 000 теңгенi ағымдағы шығыстар құрады,
100 мың теңге - жазылу бонусын төлеу,
40 мың теңге - қызметкерлердiң еңбекақысын төлеу қоры,
15 мың теңге - өндiрiстен тыс және басқа да шығындар.
Барлау бойынша қызмет кезеңiнде компания 5 000 теңге сомасында депозит бойынша банкiнiң төлемi түрiнде кiрiс алды, 150 мың теңге мөлшерiнде пайдалы қазбаларды сатудан алынған кiрiс, оның iшiнде өнеркәсіптiк-партияны сатудан алынған кiрiс- (осы операциялар бойынша 60 мың теңге сомасында жағымда курстық айырым алынды) 90 мың теңге, 80 мың теңге лизингке жабдықты беруден және 100 мың теңге-қосалқы мердiгерлерге жайды жалға беруден алынды.
Геологиялық зерттеу мен табиғат ресурстарын өндiруге дайындық жұмыстары жүргiзiлген шығыстар сомасын айқындау кезiнде және заңдарға сәйкес амортизацияға жататын 70,155 млн. теңгеден мыналар ұсталып қалынады:
тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк партияларды сатудан алынған сома - 90 мың теңге,
жабдықты жалға беруден алынған кiрiс сомасы - 100 мың теңге,
сонымен 69,965 млн. теңге сома амортизацияланады";
31-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"осы Нұсқаудың 4-1-тармағында көрсетiлген геологиялық барлау жұмыстарының есебiмен былай болады:
нақты геологиялық, арнайы жұмыстардың түрлерiн Қоса тiзбесi, олардың көлемi мен құны геологиялық жұмыстарды өндiру талаптарының геологиялық-әдiстемелiк, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау талаптарының зерттеу және геологиялық объектiнiң ерекшелiктерiнен, ғылыми-техникалық мүмкiндiктерiнен шыға отыра әрбiр геологиялық (ғылыми-геологиялық) объектiнiң жобалық-сметалық құжаттамасында айқындалуы тиiс;
- арнайы жұмыстардың кейбiр түрлерi (сызба-безендiру, сараптау және сол сияқтылар) басқа мамандандырылған кәсiпорындардың күштерiмен орындалуы мүмкiн және геологтық барлау жұмыстарының құрамды бөлшегi болып табылады.
Осы жұмыстарды орындаудың қажеттiлiгi әрбiр геологтық объектiнiң жобалық-сметалық құжаттамасы негiзделедi және көрсетiледi. Мұның өзiнде, жеңiлдiк осы геологиялық мекемелермен жұмыстарды орындауға келiсiм-шартты тiкелей жасаған геологтық барлау ұйымдарға ғана қолданылады.";
2) тармақшалардағы:
38, 42 және 44 тармақшалардағы "Есеп берушiлiк" деген сөздер "декларация" деген сөздермен ауыстырылсын;
45, 46 және 47 тармақтардағы "пайдалы қазбалар" деген сөздерден кейiн
"оның iшiнде жалпы таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 47-1 тармағымен толықтырылсын: "47-1. Әртүрлi маркалар мен сорттар өнiмiн сататын жер қойнауын пайдаланушылар үшiн оны сату бағасы шығарылған сорттар мен маркалардың өлшенген орташа көлемi ретiнде белгiленедi. Мысал Кен байыту комбинаты құрамында 40% хром тотығы бар хром рудасының 280 000 тоннасын өндiрдi және 100 000 тонна руда мен құрамында 60% хром тотығы бар хром концентратының 50 000 тоннасын жiбердi. Комбинаттың шотына сатылған өнiм үшiн келiп түстi: руда үшiн - 1 600 000 теңге концентрат үшiн - 1 500 000 теңге Бастапқыда рудадағы хром тотығының құрамын былай есептеп шығарамыз: 1 00 000 х 0,4 = 40 000 тонна, және концентратта: 50 000 х 0,6 = 30 000 тонна Одан кейiн хром тотығының жалпы салмағын аламыз: 40 000 + 30 000 = 70 000 1 тонна хром тотығын сатудың орташа есептелген бағасын есептеймiз, ол мынаған тең 1 600 000 + 1 500 000 Б = ---------------------------- = 44,29 70 000 теңге/тонна Одан кейiн руданың өтелген запастарындағы хром тотығының санын айқындаймыз: 280 000 х 0,4 = 112 000 тонна Осыдан келiп, роялти мөлшерi мынаны құрайды: Б х С х Зп 44,29 х 0,81 х 112 000 Т = ----------- = ------------------------- = 40 180 теңге"; 100 100 51-тармақта:
"коммерциялық мақсатта өндiрiлетiн" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ тегiн берiлген және өз қажеттiлiгi үшiн пайдаланылатын," деген сөздермен толықтырылсын;
52-тармақтың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Роялти салу объектiсi болып 55 және 60 тармақтар ережелерiнiң есебiмен, бiрiншi тауар өнiмiн сатудың орташа бағасын ескерiп, құндық негiзде есептелген өз қажеттiлiгi үшiн пайдалануға немесе тегiн беруге, сатуға арналғанына қарамастан пайдалы қазбаны өндiру (оның iшiнде, жалпы таралған және жер асты сулары) көлемi табылады.";
53-тармақта:
"пайдалы қазбалар" деген сөздерден кейiн "оның iшiнде жалпы таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары" деген сөздермен толықтырылсын;
"ереженi ескерумен" деген сөздерден кейiн "60-тармақ" деген сөздермен толықтырылсын;
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Есептi кезеңдегi алтын, күмiс және платина бойынша бiрiншi тауар өнiмiнiң бiрлiгiн сатудың орташа бағасы үшiн есептi кезеңдегi Лондон металлдар биржасындағы осы металлдарды сатудың нақты өлшенген орташа бағасы қабылданады.
Мысал
Кен орнын өңдеуге кiрiскен кәсiпорын онда 2 г/тонна орташа алтын құрамы бар 1 000 мың тонна мыс рудасын есептi кезеңде өндiрдi. Осы кезеңде кәсiпорын 4 $/гр бағасы бойынша 1500 кг тазартылған алтын сатты. Лондон металлдар биржасындағы алтынның орташа сату бағасы 9 $/гр.
Роялтидiң салық салу объектiсi мынадай тәсiлмен есептеледi:
200 кг х 9 = 18 000 $.";
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Есептi кезең үшiн көмiрсутегi бойынша бiрiншi тауар өнiмiнiң бiрлiгiн сатудың орташа бағасы үшiн есептi кезеңдегi сату орнына дейiнгi (осы бiрлiкке жатқызылатын) тасымалдауға нақты шығыстар сомасына азайту және жанама салықтарды (осы бiрлiкке жатқызылатын) есептемей оны сатудың өлшенген орташа бағасы қабылданады.
Мысал А.Р компаниясы есептi кезеңде екi МӨЗ-ге көмiрсутегiн сатты: "К" МӨЗ-і 55 000 тоннаны орташа баға бойынша 1 тонна үшiн 50 $ сатып алды, "Г" МӨЗ-i 5 000 тоннаны орташа баға бойынша 1 тонна үшiн 41 $ сатып алды. Мұның өзiнде, сатылған өнiм көлемiнiң барлығына акциз 132 $, ҚҚС-519 мың $ және тасымалдау бойынша шығыстар - 50 мың $ құрады. 1 тоннаға өлшенген орташа бағаны сатуды есептеу кезiнде мыналар қажет: (55 * 50 + 5 * 41) - (132 + 519 + 50) 2254 ---------------------------------------- = ------ = 37,57 $/тонна."; 55 + 5 60 мынадай мазмұндағы 56-1-тармағымен толықтырылсын:
"56-1. Есептi кезеңдегi жалпы таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары бойынша бiрiншi тауар өнiмiнiң бiрлiгiн сатудың орташа бағасы үшiн есептi кезеңдегi тиеу орнынан (осы бiрлiкке жатқызылатын) тасымалдауға нақты шығыстар сомасы мен жанама салықтар (осы бiрлiкке жатқызылатын) есебiнсiз өндiрiлген пайдалы қазбалар мен жер асты суларының бiрлiгiн сатудың нақты қалыптасқан өлшенген орташа бағасы қабылданады.
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Есептi кезеңдегi қалған пайдалы қазбалар бойынша орташа сату бағасы тек жанама салықтардың (осы бiрлiкке жататын) есебiнсiз осы пайдалы қазбалардың бiрiншi тауарлық өнiмiнiң бiрлiгiн сатудың өлшенген орташа бағасы болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 59-1 тармағымен толықтырылсын:
"59-1. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының N 2235 Заңы 100-1 бабының 1-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалардан басқа пайдалы қазбаларды сатудың есептi кезеңi болмаған жағдайда сатудың орташа бағасы үшiн пайдалы қазбаларды (алғашқы тауарлық өнiмнiң) сатудың сол кезеңде соңғы сату болған кезеңдегi орташа бағасы қабылданады.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының N 2235 Заңы 100-1 бабының 1-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалардан (алғашқы тауарлық өнiм) басқа пайдалы қазбаларды сату жоқ болған кезде сатудың орташа бағасы үшiн есептi кезеңде роялтидiң салық салу объектiсiн есептеу үшiн пайдалы қазбаны өндiруге нақты қалыптасқан шығыстар қабылданады.
Мұның өзiнде, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалардың нақты сату бағасын (алғашқы тауарлық өнiмдi) ескерiп роялтидiң одан кейiнгi түзету енгiзуiн жүргiзуге мiндеттi.
Мысал
Өндiру кезеңiне кiрiскен жер қойнауын пайдаланушы бiрiншi жылы өнiмдi сатуды жүргiзген жоқ, тек оны жинақтады.
Мұның өзiнде, роялти оны өндiруге нақты қалыптасқан шығындарды ескерiп төлендi.
Жеткiзуге келiсiм-шарт жасалынғаннан кейiн бұрын өндiрiлген және қоймада жинақталған өнiмнiң бiрiншi партиясы сатылды. Мұның өзiнде, алғашқы тауар өнiмiн сату жүргiзiлген кезеңде жер қойнауын пайдаланушы өнiмнiң нақты сатылған көлемi бойынша есептi кезең үшiн өнiмнiң орташа сату бағасын ескерiп роялти түзету енгiзуiн жүргiзедi, ол бойынша роялти оларды өндiруге нақты қалыптасқан шығыстарды ескерiп бұрын төлендi."
63 және 98 тармақтардағы: "Есеп айырысулар" деген сөз "Декларация" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 76-1 тармағымен толықтырылсын:
"76-1. Олар үшiн роялтидiң кесiмдi ставкасы белгiленген пайдалы қазбаларды өндiруге басқа пайдалы қазбаларды өндiруге келiсiм-шарттардың мерзiмiн ұзартқан жағдайда Құзыреттi орган роялти ставкасын ұлғайту жағына қайта қарауға құқықты.
Мысал
Қолданыс мерзiмi 20 жыл, алтын өндiруге келiсiм-шарт жобасының салық сараптамасын жүргiзу кезiнде 1,5% роялти ставкасы белгiлендi.
Аталған мерзiм аяқталғаннан кейiн жер қойнауын пайдаланушы
Келiсiм-шарттың қолдану мерзiмiн ұзартуға өтiнiш бердi. Алтын өндiру бойынша жұмысты жалғастыру кезiнде есептi ескерiп ЖҰӨ жобасы роялти ставкасы кезiнде 1,5% - 13,9% құрайды. Келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы шешiмдi қабылдау кезiнде Құзыреттi орган өзге роялти мөлшерi белгiлеу туралы шешiмдi қабылдай алады."; 84-тармақта "осы" деген сөз "аталған" деген сөздермен ауыстырылсын; 25-тарау мынадай редакцияда жазылсын: "25-тарау. Тарихи шығыстар мөлшерiн белгiлеу тәртiбi, есеп беру мен тарихи шығыстарды өтеу сомасын төлеу мерзiмi. Мынадай мазмұндағы 103-1 тармағымен толықтырылсын: 103-1 Тарихи шығыстарды өтеу сомасын төлеудiң тәртiбi, мерзiмi және осы сомалар бойынша есеп беру жер қойнауын пайдалануға әрбiр келiсiм-шартта дербес белгiленедi."; 26-тарау алып тасталсын; мынадай мазмұндағы YIII-I тараумен толықтырылсын: "YIII-I тарау. Жер қойнауын пайдалануға Келiсiм-шарт жасалғанға дейiн бюджетке төленуге тиiс жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдерi 26-1-тарау. Төлемдер туралы жалпы ережелер.
104-1. Пайдалы қазбалар бойынша Республикалық жер қойнауын қорғау қорына жер қойнауын пайдаланушылармен бұрын енгiзiлген және минералдық-шикiзат базасын қалпына келтiру және кесiмдi ренталық төлемдер жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасалғанға дейiн роялти түрiнде республикалық бюджет кiрiсiне есептелетiн аударулар меншiк нысанына қарамастан жер қойнауын пайдаланушылардың мiндеттi төлемдерi болып табылады.
104-2. Төлем енгiзу бойынша мiндеттемелер мынадай қажеттi жағдайлар кезiнде жер қойнауын пайдаланушыларда туындайды:
олар өндiретiн пайдалы қазба жер асты суларынан басқа баланстық запастар ретiндегi мемлекеттiк есепте орналасқан, олар негiзiнде төлем енгiзу бойынша мiндеттемелер оларды пайдалану сәтiнен бастап басталады;
кен орнын әзiрлеу жобасымен осы пайдалы қазбаны пайдалану қарастырылады;
пайдалы қазбаны өндiру құқығына тиiстi лицензияны уәкiлеттi органнан алу.
104-3. Төлем төлеу ақшалай нысанда жүргiзiледi.
26-2-тарау. Есептеудiң жалпы жағдайлары және төлемдi енгiзу мерзiмi
104-4. Төлемдi есептеу үшiн негiз болып пайдалы қазбаларды өндiру табылады.
104-5. Төлем мұнай, газ (бұдан әрi - "Ставкалар") және көмiрге кесiмдi (ренталық) төлемдер мен минералдық-шикiзат базасын қалпына келтiру бойынша геологиялық iздестiру жұмыстарына шығыстарды өтеу ставкасының негiзiнде есептеледi, олардың мөлшерлерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
104-6. Кешендi руданың кен орнын пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушылар рудадағы әрбiр жағымды компонент үшiн төлем жүргiзедi.
104-7. Есептелген мөлшерлердегi төленген төлем жер қойнауын пайдаланушылардың жиынтық жылдық кiрiсiнен ұстап қалуға жатады.
26-3-тарау. Төлем салық салу объектiсi
104-8. Төлем салық салу объектiсi есептi кезеңдегi нақты өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған бiрiншi тауарлық өнiмдi сатудың орташа бағасы бойынша (осы Нұсқаудың 55, 56, 56-1, 59 және 60-тармақтары ережелерiнiң есебiне сәйкес) есептелген, есептi кезеңдегi өндiрiлген пайдалы қазбалар көлемiнiң құны болып табылады.
104-9. Су пайдаланушыда өндiрiлетiн судың есебi қаражатының жоқтығы
жағдайында сору жабдығының өнiмдiлiгi мен су көздерiнiң сол немесе басқа нақты жабдықтау мерзiмдерiнiң есебiмен суды пайдаланудың технологиялық нормасының есебiнен Қазақстан Республикасының Табиғат ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитеттiң су шаруашылығы бойынша тиiстi аймақтық органдармен келiсiлген тұтыну мөлшерiне төлем есептеледi. 26-4-тарау. Төлем мөлшерiн айқындау тәртiбi 104-10. Ақша түрiндегi төлемдi есептеу (мұнайға, газға және көмiрге кесiмдi (ренталық) төлемдерден басқа) мынадай формула бойынша жүргiзiледi: Б * С * Зп Т = -------------, 100 мұндағы: Т-Төлем; Б - соңғы өнiм бiрлiгiн сатудың орташа бағасы; С - сату бағасынан проценттегi ставка мөлшерi; Зп - есептi кезеңдегi өндiрiлген пайдалы қазба (лар) саны. 26-5-тарау. Төлем төлеу тәртiбi 104-11. Төлем төлеудi айқындау бойынша есептi кезең болып күнтiзбелiк ай саналады. 104-12. Төлем төлеушiлер ай сайын, ал егер тоқсан үшiн орташа айлық төлемдер 1000 айлық есептiк көрсеткiштен кемдi құрайтын болса, онда тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 15-i күнiнен кешiктiрмей осы Нұсқауға 6-қосымшада белгiленген нысан бойынша өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына декларацияны ұсынады. 104-13. Есептелген және келiп түскен төлемдердiң есебiн белгiленген нысан бойынша салық төлеушiлердiң жеке шоттарындағы карточкаларда салық органдары жүзеге асырады." Оқығандар: Омарбекова А.Т. Қасымбеков Б.А.