Ескерту. Тақырыбында қазақ тілінде "селолық", "селоларының" сөздері "ауылдық", "ауылдарының" сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтін бойынша орыс тілінде "аульный", "аульных", "аул" сөздері "сельский", "сельских", "село" сөздермен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-шi бабы 4) тармақшасына сәйкес, облыстық Мәслихат және облыс Әкiмi ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қобда ауданы мәслихаты мен әкiмiнiң және облыстық ономастикалық комиссиясының ұсыныстары қабылдансын және Қобда ауданындағы:
Бесқопа ауылдық округi Сарыбұлақ ауылдық округi
Калиновка ауылдық округi Бегалы ауылдық округтерi болып;
Осы ауылдық округтердiң орталықтары:
Сарыбұлақ селосы Сарыбұлақ ауылы болып, аттары өзгертiлсiн.
2. Осы шешiм Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсынылсын.
Облыстық Мәслихаттың сессиия төрағасы |
Облыс Әкiмi |