Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селоларының", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылдарының", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабы 4) тармақшасына сәйкес, облыстық Мәслихат және облыс Әкiмi шешiм етедi:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Хромтау ауданы мәслихаты мен әкiмiнiң және облыстық ономастикалық комиссиясының ұсыныстары қабылдансын және Хромтау ауданындағы:
- Кредиков ауылдық округi Аққұдық ауылдық округi
- Новороссей ауылдық округi Ақжар ауылдық округi
- Новотроицк ауылдық округi Тассай ауылдық округi
- Кредотовка ауылы Жарбұтақ ауылы
- Новороссийское ауылы Ақжар ауылы
- Троицкое ауылы Тассай ауылы болып аттары өзгертiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясының қарауына ұсынылсын.
Облыстық Мәслихат сессиясының төрағасы |
Облыс Әкiмi |