<*> Ескерту. Алматы қаласы Әкімі жанындағы кәсіпкерлікті дамытудың Қоғамдық сараптау кеңесі - Алматы қаласы Әкiмi жанындағы шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi комиссия деп қайта аталды - Алматы қаласы Әкімінің 2001 жылғы 25 мамырдағы N 359 шешімімен. V01r365_
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 4189
U984189_
"Қазақстан Республикасында 1999-2000 жылдары шағын кәсiпкерлiктi дамыту және оны қолдау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарлама туралы" Жарлығына сәйкес және қоғамдық ұйымдардың кәсiпкерлер құқығын қорғау жөнiндегi қызметiне кепiлдiктi қамтамасыз ету, шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң шаруашылық қызметiне жөнсiз араласпау, сондай-ақ қабылданған шешiмдердi жедел орындау мақсатында Алматы қаласының Әкiмi
ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы Әкiмiнiң 1998 жылғы 17 қазандағы N 1023 "Алматы қаласындағы кәсiпкерлiктi дамытуды жеделдету жөнiндегi шаралар туралы" шешiмiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
- "Алматы қаласындағы кәсiпкерлiктi дамыту мәселелерi бойынша ұсынымдарды әзiрлеу жөнiндегi әдiстемелiк кеңес" "Алматы қаласы Әкiмiнiң жанындағы кәсiпкерлiктi дамытудың Қоғамдық сараптау кеңесi" болып аталсын;
- 2, 3, 4, 5 тармақтары алынып тасталсын.
2. Қоғамдық сараптау кеңесi жөнiндегi Ереже бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
3. Алматы қаласы Әкiмiнiң жанындағы кәсiпкерлiктi дамытудың Қоғамдық сараптау кеңесiнiң құрамы бекiтiлсiн (N№2 қосымша).
4. Қоғамдық сараптау кеңесiнiң мәжiлiсi айына бiр рет өткiзiлiп тұрсын.
5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсiн.
Алматы қаласының Әкiмi
Алматы қаласы Әкiмiнiң
1999 ж. 31 мамырдағы
№ N 490 шешiмiне
№ N 1 қосымша
Алматы қаласы Әкiмiнiң жанындағы кәсiпкерлiктi
дамытудың Қоғамдық сараптау кеңесi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. Алматы қаласы Әкiмiнiң жанындағы кәсiпкерлiктi дамытудың Қоғамдық сараптау кеңесi (бұдан әрi - Қоғамдық сараптау кеңесi) Алматы қаласындағы кәсiпкерлiктi дамыту мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарды және өтiнiмдердi әзiрлеушi орган болып табылады.
1.2. Қоғамдық сараптау кеңесiнiң құрамын Алматы қаласының Әкiмi бекiтедi.
1.3. Қоғамдық сараптау кеңесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына
K951000_
, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, Алматы қаласының өкiмдерi мен шешiмдерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Қоғамдық сараптау кеңесiнiң өзiнiң қызметiндегi саладағы негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
2.1. кәсiпкерлердiң заңды құқықтарын қорғау;
2.2. кәсiпкерлер қоғамдық бiрлестiктерiнiң сындарлы бастамаларын қолдау;
2.3. экономикасы дамыған мемлекет құруда және республика азаматтарының әл-ауқатын көтеруде әрбiр кәсiпкердiң белсендi өмiрлiк ұстанымын насихаттау;
2.4. нормативтiк-құқықтық актiлер жобаларын даярлауға бастама көтеру және қоғамдық сараптама жүргiзу;
2.5. кәсiпкерлiктi қорғау мен қолдау жөнiндегi нысаналы бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге, үйлестiру мен iске асыруға жәрдемдесу;
2.6. кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және шаралар қабылдау;
2.7. кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты заңнамалық және нормативтiк актiлерге өзгерiс пен толықтыру енгiзу жөнiндегi жобаларды әзiрлеу;
2.8. кәсiпкерлiктi дамытуға байланысты Алматы қаласының Әкiмiмен басшылықты нақты мәлiметтермен қамтамасыз ету;
2.9. еркiн кәсiпкерлiк қала - Алматының мәртебесiн толық көлемде пайдалануды қамтамасыз ету.
Қоғамдық сараптау кеңесi оған жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай жұмыстарды жүзеге асырады:
3.1. нормалық-құқықтық актiлерге толықтырулар мен өзгерiстердi енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды енгiзедi;
3.2. кәсiпкерлiктi жан-жақты қолдау және оны дамытуға себеп болатын Алматы қаласы Әкiмi шешiмдерiнiң жобасын әзiрлеудi жүзеге асырады;
3.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес өзге қызметтердi жүзеге асырады.
Қоғамдық сараптау кеңесі оған жүктелген міндеттер мен өз жұмысын жүзеге асыру кезінде мынадай құқықтарға ие:
4.1. Қоғамдық сараптау кеңесіне жүктелген міндеттерді орындау үшін тиісті органдардан қажетті мәліметтерді сұрастырады және алғызады;
4.2. кәсiпкерлiктi дамытуға бағытталған нормалық-құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейдi;
4.3. кәсiпкерлiктi дамытуға және оны қолдау жөнiндегi мәселелерге
тиiстi шешiм жобаларын олар бойынша мәселелер мен ұсыныстарды Алматы
қаласы Әкiмiнiң қарауына енгiзедi.
5. Қоғамдық сараптау кеңесінің жұмыс уақыты
5.1. Құжаттарды қарау және ол бойынша шешiм қабылдау Қоғамдық
сараптау кеңесiнiң мәжiлiстерiнде жүргiзiледi.
5.2. Қоғамдық сараптау кеңесiнiң мәжiлiсi айына екi рет өткiзiледi.
5.3. Қоғамдық сараптау кеңесiнiң мәжiлiсiнде мәселелердi қарастыру
жоспары мен кестесi бекiтiледi.
5.4. Қоғамдық сараптау кеңесiнiң мәжiлiсiнде қарауға жататын
материалдар Қоғамдық сараптау кеңесiнiң, Шағын бизнес департаментiнiң
мүшелерiмен және қоғамдық кәсiпкерлiк ұйымдармен әзiрленедi.
Алқа хатшысы
Алматы қаласы Әкiмiнiң
1999 ж. 31 мамырдағы
№ N 490 шешiмiне
№ N 2 қосымша
Кәсiпкерлiктi дамытудың Қоғамдық сараптау кеңесiнiң
ҚҰРАМЫ
1. В.В.Храпунов - Алматы қаласының Әкiмi - төраға
2. Қ.А.Бүкенов - Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi
орынбасары - төрағаның орынбасары
3. Ш.С.Байболова - Салық мәдениетiн құрастыру қоры
ҚҚ директоры
4. Е.Бессонов - "Фолдинг-спейс" ЖШС директоры
5. Е.О.Дүкенбаев - Шағын бизнес департаментi
директорының орынбасары
6. В.А.Ермаков - "Секрет+Сервис" ЖШС директоры
7. Ж.М.Қайсенов - Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi
қоғамдық кеңесшi
8. И.М.Кравченко - "Беккер и К" БК бас директоры
9. А.Б.Отыншиев - Шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi
қоғамдық кеңесшi
10. М.Т.Палташева - Алматы кәсiпкерлер ассоциациясының
атқарушы директоры
11. М.Е.Толибаев - Шет елге тауар шығарушы адал
кәсiпкерлер ассоциациясының
президентi
12. С.А.Тұржанов - Алматы қалалық Шағын бизнес
департаментiнiң директоры
13. К.И.Туматов - Тiгiн өндiрiсi кәсiпорындары
қоғамдық комитетiнiң төрағасы
14. В.А.Югай - I сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының депутаты
15. М.Тампиев - Шағын кәсiпкерлiктi дамыту
жөнiндегi қоғамдық кеңесшi
Алқа хатшысы