Киевте 1999 жылғы 17 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы жазасын одан әрі өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды беру туралы шарт бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әрi өтеу үшiн беру туралы шартты бекіту туралы 1999 жылғы 17 қыркүйекте Киев қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әрi өтеу үшiн беру туралы шарт бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы жазасын одан әрi өтеу үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды беру туралы ШАРТ (2000 жылғы 21 шілдеде күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 5, 48-құжат) Бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Украина, мемлекеттiк егемендiк, тең құқықтық және өзара сыйластық принциптерiн негiзге ала отырып,
халықаралық құқықтық нормаларға сүйене және қылмыстық құқық саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуға ынта бiлдiре отырып,
сотталғандардың олар азаматтары болып табылатын мемлекетте жазасын өтеуi жазаның орындалу мақсатына анағұрлым тиiмдiрек қол жеткiзуге құқық бұзушылардың қоғамда қалыпты өмiр сүруге қайтып оралуына ықпал ететiндiгiн ескере отырып,
ізгiлiк пен адам құқықтарын сыйлау принциптерiн басшылыққа ала отырып, төмендегiлер туралы уағдаласты:
1-бап
1. Осы Шарттың мақсаттарына жету үшiн, төменде аталған терминдер мынаны бiлдiредi:
1) "Yкiм шығарушы мемлекет" - сот адамды бас бостандығынан айыру түрiнде соттау жөнiнде үкiмiн шығарған Уағдаласушы Тарап;
2) "Yкiмдi орындаушы мемлекет" - бас бостандығынан айыруға сотталған және оның азаматы болып табылатын адам жазасын өтеу үшiн берiлетiн Уағдаласушы Тарап;
3) "Сотталушы" - Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң сотымен қылмыс жасағаны үшiн бас бостандығынан айыру түрiнде сотталған адам;
4) "Жақын туысқандар" - туыстық қатынаста тұратын адамдар - Қазақстан Республикасы үшiн: ата-анасы, жұбайы (зайыбы), балалары; асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек әкесi немесе анасы ортақ ағалы-iнiлiлер мен апалы-сiңлiлер, атасы, әжесi, немерелерi;
Украина үшiн: анасы, әкесi, ерi, әйелi, балалары, туған аға-iнiлер мен апа-қарындастар, немерелерi, атасы мен әжесi, асырап алушылар, асырап алынғандар;
5) "Құзыреттi органдар" - жазаны орындайтын Уағдаласушы Тараптардың органдары;
6) "Орталық органдар":
Қазақстан Республикасы үшiн - жазасын одан әрi өтеу үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды Қазақстан Республикасының ұлттық заңдарына сәйкес беру туралы шешiмдер қабылдайтын мемлекеттiк орган;
Украина үшiн - Украина Әдiлет министрлiгi.
2. Осы Шартты орындау мәселелерi жөнiнде Уағдаласушы Тараптардың
құзыреттi органдары бiр-бiрiмен орталық органдар арқылы байланысады. 2-бап Уағдаласушы Тараптар осы Шарттың шарттарына сәйкес үкiмдi шығарушы мемлекеттiң аумағында iстеген қылмыс-жасағаны үшiн бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан және басқа Уағдаласушы Тараптың азаматтығы бар сотталушыларды бiр-бiрiне сұрау салуы бойынша үкiмдi орындаушы мемлекетке жазасын өтеу үшiн беруге мiндеттенедi. 3-бап 1. Осы Шартқа сәйкес сотталған адам тек қана мына жағдайларда берiлуi мүмкiн: 1) егер осы адам үкiмдi орындаушы мемлекеттiң азаматы болса; 2) егер үкiм заңды күшiне енсе;
3) егер беру туралы сұрау салу алынған сәтiнде сотталушы әлi алты айдан кем емес мерзiмде жазасын өтеуге тиiс болса;
4) егер сотталған адам беруге келiссе немесе оның жасын немесе денелiк немесе психикалық жағдайын ескере отырып, Уағдаласушы Тараптардың бiрi немесе сотталған адамның жақын туыстары немесе заңды өкiлi осыны қажет деп есептесе;
5) егер үкiм шығарылған әрекет үкiмдi орындаушы мемлекеттiң заңдарына сәйкес қылмыс болып табылса;
6) егер қылмыспен келтiрiлген материалдық залал қайтарылса;
7) егер үкiмдi шығарушы мемлекет пен үкiмдi орындаушы мемлекет сотталған адамды беруге келiссе.
2. Берудiң мүмкiндiгi мен оның заңды салдарлары туралы сотталушыға не оның заңды өкiлiне үкiм шығарушы мемлекеттiң қылмыстық-атқару жүйесi басқармасы органдарының лауазымды адамдары түсiндiруге тиiс.
3. Ерекше жағдайларда Уағдаласушы Тараптардың сотталған адамды беруге, тiптi егер оған жазалау шарасын өтеуге алты айдан кем қалғанның немесе егер қылмыспен келтiрiлген материалдық залал толық көлемiнде қайтарылмағанның өзiнде келiсуi мүмкiн.
4-бап
Егер:
1) осы мемлекеттiң заңдары бойынша қылмыстық қуғындау мерзiмiнiң ескiруi салдарынан үкiмдi орындаушы мемлекеттiң аумағында жазаның орындалуы мүмкiн болмаса;
2) сұрау салған Уағдаласушы Тарап осы Шарттың 7-бабының талаптарын тиiстi түрде орындамаса;
3) үкiмдi орындаушы мемлекеттiң аумағында жасалған әрекетi үшiн ол жазаға тартылса немесе ақталса не iс тоқталса, сол сияқты егер адамды осы мемлекеттiң құзыреттi органы босатса сотталушыны беру жүзеге асырылмайды.
5-бап
Уағдаласушы Тараптар өздерiне мынадай мiндеттемелердi алады:
1) басқа Уағдаласушы Тараптың азаматтарын бас бостандығынан айыруға соттау, сондай-ақ тұрған жерi туралы бiр-бiрiне орталық органдар арқылы жазбаша хабардар етуге;
2) сотталушыларға, олардың заңды өкiлдерiне немесе жақын туыстарына олар азаматтары болып табылатын мемлекетке беру туралы өтiнiшпен Уағдаласушы Тараптардың қайсысының болса да құзыреттi органдарына жүгiнуiн нақты қамтамасыз етуге және түсiндiруге.
6-бап
1. Егер сотталушы азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тарап осы Шарттың жағдайларын сақтай отырып үкiмдi орындау үшiн оны қабылдауға келiссе, сот үкiмiн шығарған Уағдаласушы Тараптың ұсынысы бойынша сотталушыны жазасын өтеу үшiн беру жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Сотталушы азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тарап сот үкiмiн шығарған Уағдаласушы Тарапқа сотталушыны беру мүмкiндiгi туралы мәселенi қарау жөнiнде өтiнiшпен жүгiне алады.
7-бап
1. Сотталушыны беру туралы сұрау салу жазбаша нысанда жасалады және оған үкiм шығарушы мемлекеттiң құзыреттi органы:
1) сотталушының жеке басы туралы мәлiметтердi (тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi мен туған жерi);
2) сотталушының азаматтығын куәландыратын құжатты;
3) адам соның негiзiнде сотталған қылмыстық заң баптарының мәтiнi;
4) сотталушының немесе осы Шарттың 3-бабының 1-тармағының "4" тармақшасында көзделген жағдайларда, оның жақын туыстары немесе оның заңды өкiлiнiң беруге келiсуi туралы жазбаша өтiнiшi;
5) үкiмнiң және жоғары сот органдарының қолда бар iстер жөнiндегi
шешiмдерiнiң үкiмнiң заңды күшiне енгенi туралы құжаттардың көшiрмелерi; 6) жазаның өтелген бөлiгi және жазаның одан әрi өтеуге жататын бөлiгi туралы құжатты; 7) егер ол тағайындалған болса қосымша жазаның орындалуы туралы құжатты; 8) сотталушының денсаулығының жағдайы туралы медициналық қорытындыны және тәртiбi туралы мәлiметтердi; 9) материалдық залалдың бар екендiгi және оны қайтарудың тәртiбi туралы мәлiметтердi қоса бередi; 10) басқа құжаттар көшiрмелерiнiң құзыреттi органдардың тек өзара келiсуi бойынша ғана қоса берiлуi мүмкiн. 2. Жоғарыда аталған барлық құжаттарға қол қойылуға және елтаңбалы мөрмен расталуға тиiс. 8-бап
1. Yкiм шығарушы мемлекет осы Шарттың 3-бабының 1-тармағының "4" тармақшасына сәйкес беруге келiсiм беретiн адам оны ерiктi түрде және осындай келiсiм берудiң құқықтық салдарын толық түсiнушiлiкпен жасауын қамтамасыз етедi.
2. Yкiм шығарушы мемлекет үкімдi орындаушы мемлекетке сотталушының беруге келiсiмi осы баптың 1-тармағына сәйкес алынғанын ресми тұлғаның көмегiмен тексеруге мүмкiндiк бередi.
9-бап
1. Осы Шарттың 7-бабының 1-тармағында аталған құжаттар алынған
күнiнен бастап қырық күннен кешiктiрмей Уағдаласушы Тарап келiп түскен сұрау салу бойынша беруге келiсу немесе бас тарту туралы шешiмдi қабылдайды. Қабылданған шешiм туралы сұрау салу жiберiлген адамға немесе беру туралы өтiнiшпен жүгiнген адамға жазбаша нысанда хабарланады. 2. Сотталушыны беруден бас тарту туралы шешiм дәлелдi болуға тиiс. 10-бап Сотталушыны берудiң орнын, уақыты мен тәртiбiн Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары белгiлейдi. 11-бап
Yкiмдi шығарушы мемлекеттiң аумағында пайда болған шығыстардан басқа, сотталушыны беруге байланысты шығыстарды орындаушы мемлекет көтередi.
12-бап
1. Өзiнiң ұлттық заңдарын басшылыққа ала отырып, үкiмдi орындаушы мемлекет үкiмнiң толық көлемде орындалуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Yкiмдi орындаушы мемлекет сотталушының жағдайын нашарлатпай өзiнiң заңдарына сәйкес жазаны өтеудiң одан әрi жалғастырылуын қамтамасыз етедi. Басқа Уағдаласушы Тараптың үкiмдi орындауына байланысты мәселелер Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының заңдары бойынша белгiленедi.
3. Сотталушыға тағайындалған жаза үкiм шығарушы мемлекет соты үкiмiнiң негізiнде өтеледi. Yкiмдi орындаушы мемлекеттiң соты шығарылған үкiмдi негiзге ала отырып, оның орындалуы туралы шешiм қабылдайды.
4. Егер үкiмдi орындаушы мемлекеттiң заңдары бойынша сол әрекетi үшiн бас бостандығынан айырудың шектi мерзiмi үкiммен тағайындалған мерзiмнен кем болса, үкiмдi орындаушы мемлекеттiң соты осы мемлекеттiң заңдарымен көзделген бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзiмiн белгiлейдi.
5. Егер үкiм екi немесе одан да көп әрекеттерге қатысты болса, оның
iшiнде бiр немесе бiрнешеуi үкiмдi орындаушы мемлекетте қылмыс болып танылмаса, осы мемлекеттiң соты жазаның қай бөлiгi қылмыс болып табылатын әрекеттi анықтайды. 6. Егер жасалған әрекет үшiн осындай жаза осы мемлекеттiң заңдарымен көзделсе, үкiмдi орындаушы мемлекеттiң соты қосымша жазаның орындалуы туралы шешiмдi қабылдайды. 13-бап Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы берiлген сотталушыға кешiрiм немесе рақымшылық етудi қолдануға құқылы. 14-бап Берiлген сотталушыға қатысты үкiмнiң дәлелдiлiк бөлiгiн қайта қарауға тек үкiмдi шығарушы мемлекет қана құқылы. 15-бап
1. Yкiм қайта қаралатын жағдайда оны шығарушы мемлекет үкiмдi орындаушы мемлекетке үкiмнiң күшi жойылғаны немесе өзгертiлгенi туралы сот шешiмiнiң куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.
2. Егер сотталушы жазасын өтеу үшiн берiлгеннен кейiн үкiм шығарушы мемлекетте үкiмнiң күшi жойылса және жаңадан тергеу немесе сот талқылауы көзделсе, бұл туралы шешiмнiң көшiрмесi, қылмыстық iс материалдары және сотталушының жоқ кезiнде мүмкiн болған қажеттi iс жүргiзу әрекеттерiнiң нәтижелерi жөнiнде басқа да материалдар қылмыстық iстiң орыс тiлiне аударылған барлық материалдарымен осы мемлекеттiң заңдары бойынша қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшiн үкiмдi орындаушы мемлекетке жiберiледi.
3. Ақтау негiздерiндегi қосымша тергеу нәтижелерi бойынша қылмыстық iс тоқтатылған немесе соттың ақтау үкiмi шығарылған жағдайда қылмыстық жауапкершiлiкке дәлелсiз тарту арқылы адамға келтiрiлген залалды аумағында қылмыс жасалған мемлекет өтейдi.
4. Егер сотталушыны жазасын өтеу үшiн бергеннен кейiн үкiмдi шығарушы мемлекет үкiмдi өзгертсе, бұл жөнiндегi шешiмнiң көшiрмесi және басқа да қажеттi құжаттар үкiмдi орындаушы мемлекеттiң құзыреттi органына жiберiледi. Yкiмдi орындаушы мемлекеттiң соты осындай шешiмнiң орындалуы туралы мәселенi осы Шарттың 12-бабында көзделген тәртiппен шешедi.
16-бап
1. Жазасын өтеу үшiн үкiмдi орындаушы мемлекетке берiлген адамға қатысты осы мемлекеттiң аумағында сондай әрекет жасағаны үшiн сотталған адамдарға да қатысты сотталудың құқықтық салдары пайда болады.
2. Басқа Уағдаласушы Тараптың құзыреттi соты шығарған үкімдi орындау үшiн берiлген адам нақ сондай әрекеттерi үшiн соған байланысты заңды күшiне енген үкiм шығарылған болса үкiмдi орындаушы мемлекеттiң аумағында қылмыстық жауапкершiлiкке қайтадан тартыла алмайды.
17-бап
1. Егер басқа Уағдаласушы Тарап осындай өтiнiшпен жүгiнсе және егер жүгiнген Уағдаласушы Тарап үшiншi мемлекетпен оның аумағында немесе оның аумағынан осындай адамды беру туралы уағдаласса, бiр Уағдаласушы Тарап өзi жүгiнген заңдарына сәйкес өзiнiң аумағында сотталушыны транзиттiк
тасымалдау туралы өтiнiштi қанағаттандыра алады. 2. Сотталған адамды транзиттiк тасымалдауға байланысты шығыстарды осындай тасымалдау туралы өтiнiш жасаған Уағдаласушы Тарап көтередi. 18-бап Осы Шартты қолдану кезiнде пайда болған мәселелердi Уағдаласушы Тараптардың орталық органдары шешедi. 19-бап 1. Осы Шартты орындау кезiнде Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң мемлекеттiк тiлдерiнен пайдаланады. 2. Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттiк тiлдерiнде жасалған құжаттарға орыс тiлiндегi расталған аудармалар қоса берiледi. 20-бап Осы Шарттың ережелерi Уағдаласушы Тараптардың олар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттерiн қозғамайды. 21-бап
Осы Шарт күшiне енгенге дейiн осы Шарттың күшi Уағдаласушы Тараптардың соттарымен сотталған адамдарға да қолданылады.
22-бап
1. Осы Шарт бекiтуге жатады және бекiту туралы жазбаша нысандағы
хабарлама алынған күннен бастап отызыншы күнi күшiне енедi. 2. Шарт белгiленбеген уақытқа жасалады. 3. Осы Шарттың күшi Уағдаласушы Тараптардың бiрi басқа Уағдаласушы Тараптан оның күшiн тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламаны алған сәтiнен бастап алты ай өткеннен кейiн тоқтатылады. Киев қаласында 1999 жылғы 17 қыркүйекте қазақ, украин және орыс тiлдерiнде екi данада жасалады және де барлық мәтiндерiнiң күшi бiрдей. Осы Шарттың мәтiнiн түсiндiру кезiнде пiкiр қайшылықтары пайда болған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiнде баяндалған мәтiнге жүгiнетiн болады. Қазақстан Республикасы Украина үшін үшін Мамандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева Ә.Ж.