Қазақстан Республикасының Президенті Ресми аударма емес
"Ұжымдық бітімгершілік күштер және оларды материалдық-техникалық
қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен шаралар туралы" 1993 жылғы
24 қыркүйектегі келісімге Хаттама
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер,
1993 жылғы 24 қыркүйектегi Ұжымдық бiтiмгершiлiк күштер және оларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi бiрлескен шаралар туралы Келiсiмдi басшылыққа ала отырып, бұдан былай - Келiсiм,
бөлiнген әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердi басқару жөнiндегi Тәжiкстан Республикасындағы Ұжымдық бiтiмгершiлiк күштерi Қолбасшысының өкiлеттiлiгiн (қызметiн) кеңейту мақсатында,
төмендегiлер жөнiнде келiстi:
1. Тәжiкстан Республикасындағы Ұжымдық бiтiмгершiлiк күштерiнiң Қолбасшысы өз қызметiнде көрсетiлген Келiсiмде бекiтiлген Ұжымдық бiтiмгершiлiк күштерiнiң Бiрiккен қолбасшылығы туралы Ереженi басшылыққа алатыны белгiленсiн.
2. Ұжымдық бiтiмгершiлiк күштерiнiң Бiрiккен қолбасшылығы туралы Ереженiң ІІ-тарауы 3 тармағының бесiншi азат жолы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"қатысушы-мемлекеттердiң мемлекет басшылары мен қорғаныс министрлерiне кейiн баяндау арқылы операцияларды (әскери әрекеттердi) жүргiзу кезiнде нақты қалыптасқан жағдайда өз бетiнше шешiм қабылдау."
3. Ұжымдық бiтiмгершiлiк күштерiнiң Бiрiккен қолбасшылығы туралы Ереженiң II-тарауы 3 тармағы он бiрiншi азат жолдан соң келесi мазмұндағы азат жолдармен толықтырылсын:
"БҰҰ, ЕҚЫҰ миссиялары мен басқа халықаралық ұйымдардың өкiлдерi жанжал аймағында болған кезде олармен, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер сыртқы iстер министрлерiнiң Кеңесi жанындағы Бiтiмгершiлiк қызмет жөнiндегi тұрақты консультативтiк комиссиясымен үзiлмес өзара iс-әрекеттi жүзеге асыру;
олардың өтiнiшi бойынша бiтiмгершiлiк қызметтi жүзеге асыратын БҰҰ, ЕҚЫҰ миссиялары мен басқа да халықаралық ұйымдар өкiлдерiнiң жанжал аймағындағы Ұжымдық бiтiмгершiлiк күштердiң әскери контингентiне бару тәртiбiн анықтау;
бітімгершілік қызметті жүзеге асыратын БҰҰ, ЕҚЫҰ миссиялары мен басқа да халықаралық ұйымдар өкілдеріне Ұжымдық бітімгершілік күштердің әскери және сандық құрамы, олардың орналасуы, міндеттері және ол міндеттерді олардың (өкілдердің) өздерінің функционалдық міндеттерін орындауы үшін қажетті ауқымда орындау әдістері туралы ақпарат беру;
халыққа ізгілік көмек көрсету мен бөлу, оны жеткізу, күзетті жүзеге
асыру жөнінде шешімдер қабылдауға қатысу; Келісімге қатысушы-мемлекеттердің қорғаныс министрліктерімен Ұжымдық бітімгершілік күштерін батальон командирінен бастап және одан да жоғары деңгейде жасақтауға арналған офицерлік құрамды іріктеп алу және орналастыру мәселелерін келісу". 4. Осы Хаттама Келісімнің 14-бабында көзделген тәртіпте күшіне енеді. 1995 жылғы 10 ақпанда Алматы қаласында бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Түпнұсқа дана осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Беларусь Республикасы Үкіметінің Мұрағатында сақталады. Әзірбайжан Республикасы үшін Молдова Республикасы үшін Армения Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін Беларусь Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін Грузия Республикасы үшін Түрікменстан үшін Қазақстан Республикасы үшін Өзбекстан Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін Украина үшін Оқығандар: Икебаева А.Ж. Омарбекова А.Т.