"Қару-жараққа, әскери техникаға және екі ұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 24 қараша N 105-II

      "Қару-жараққа, әскери техникаға және екi ұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 240-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Тақырыптағы "Қарау-жараққа, әскери техникаға және екi ұдай мақсаттағы өнiмге деген сөздер алып тасталып, "экспорттық" деген сөз бас әрiппен жазылсын.
      2. Кiрiспе "әскери техникаға" деген сөздерден кейiн ", ядролық және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери мақсаттағы өнiмге, екi ұдайы қолданылатын тауарлар мен технологияларға," деген сөздермен толықтырылсын.
      3. 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
      Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      өнiм - экспорттық бақылауға жататын тауарлар, технологиялар, жабдық, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер, ақпарат;
      екi ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бiрақ қару-жарақ, әскери техника және оқ-дәрiлер, оның iшiнде жаппай қырып-жоятын қару мен оларды жеткiзу құралдарын өндiру үшiн қолданылуы мүмкiн жабдық, материалдар, шикiзат, технологиялар мен ғылыми-техникалық ақпарат;
      жаппай қырып-жоятын қару - химиялық, бактериологиялық (биологиялық), радиологиялық және ядролық қару;
      жеткiзу құралдары - жаппай қырып-жоятын қаруды жеткiзе алатын кез келген техникалық құралдар;
      қарудың өзге де қауiптi түрлерi - жаппай қырып-жоятын қарудың дәстүрлi емес (әдеттегiге жатпайтын) түрлерi;
      экспорттық бақылауға жататын өнiм номенклатурасы - қару-жарақ пен әскери техниканың, ядролық және арнайы ядролық емес материалдардың бақылау тiзiмдерi, тiзбелерi, екi ұдай қолданылатын тауарлар мен технологиялар, шикiзаттың, материалдардың, жабдықтардың жекелеген түрлерi, жаппай қырып-жоятын қаруды, қарудың өзге де қауiптi түрлерi мен оларды жеткiзу құралдарын жасау кезiнде қолданылатын немесе қолданылуы мүмкiн техникалық, ғылыми-техникалық ақпарат, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер;
      зияткерлiк қызмет нәтижелерiне құқықтар - қару-жарақпен, әскери техникамен, екi ұдай мақсаттағы өнiммен, арнаулы жабдықпен және жаппай қырып-жоятын қаруды жасауға арналған технологиямен байланысты ғылыми еңбектерге, электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен деректер базасына авторлық құқықтар, өнеркәсiптiк меншiкке құқықтар, өнертабысқа құқықтар, жеке және заңды тұлғалар өндiрген (оларға тиесiлi) өнiмге, өнеркәсiптiк үлгiлердi, "ноу-хауды" қоса, олар атқаратын қызметке құқықтар;
      экспорт - Қазақстан Республикасының кеден аумағынан өнiмдi осы аумақтан тыс жерде тұрақты орналастыру немесе тұтыну мақсатымен әкету, шетелдiктерге қару-жарақпен және әскери техникамен, екi ұдай мақсаттағы өнiммен байланысты қызметтер көрсету және санаткерлiк қызмет нәтижелерiне құқықтар беру;
      керi экспорт - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндiрiлген өнiмдi (бұрын әкелiнген және кедендiк ресiмдеуден өткен) оның кеден аумағынан экспорттау, не Қазақстан Республикасында өндiрiлген өнiмдi басқа мемлекеттiң кеден аумағынан үшiншi елдерге экспорттау;
      импорт - тұрақты орналастыру немесе тұтыну мақсатымен Қазақстан Республикасының кеден аумағына өнiм әкелу;
      керi импорт - шет елдерден оларда өңделмеген отандық тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайта әкелiнуi;
      экспорттық бақылауға жататын өнiмдердi Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңдеу - қазақстандық тауарларды өңдеу және өңделген өнiмдердi кейiннен Қазақстан Республикасының кеден аумағына еркiн айналысқа шығару мақсатымен Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерге әкету және пайдалану;
      транзит - өнiмге кедендiк бақылау жасай отырып оны Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы өткiзу;
      сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (мәлiмдеушi) - өнiмнiң экспортын, керi экспортын, импортын, керi импортын және транзитiн жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының заңды немесе жеке тұлғалары, шетелдiк заңды немесе жеке тұлғалар;
      ядролық және арнайы ядролық емес материалдар - ядролық қаруды таратпау жөнiндегi халықаралық режимнiң талаптарына сәйкес осындай деп белгiленген материалдар;
      кепiлдiк мiндеттеме (түпкi пайдаланушының сертификаты) - экспорттық бақылауға жататын импортталатын өнiмдi мәлiмделген мақсатта пайдалану және оны сатушы елдiң келiсiмiнсiз үшiншi елдерге керi экспорттауға жол бермеу туралы уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген, алушы елдiң ресми сендiруi;
      фирма iшiндегi экспорттық бақылау жүйесi - экспорттық бақылау ережелерiн сақтау мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар жүзеге асыратын ұйымдастырушылық, әкiмшiлiк, ақпараттық және өзге де сипаттағы iс-шаралар кешенi;
      экспорттық бақылау - экспорттық бақылауға жататын өнiм экспортының, керi экспортының, импортының, керi импортының және транзитiнiң осы Заңда және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiбiн мемлекеттiк органдардың iске асыруы жөнiндегi шаралар жиынтығы;
      тұтастай қамтитын бақылау - бақылау тiзiмiне кiрмейтiн өнiмдердi бақылау.".
      4. 2-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Экспорттық бақылау саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың принциптерi";
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Экспорттық бақылау саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың негiзгi принциптерi:";
      екiншi абзацта "жаппай қырып-жоятын қаруды және қарудың өзге де түрлерiн" деген сөздер "жаппай қырып-жоятын қаруды, қарудың өзге де қауiптi түрлерi мен оларды жеткiзу құралдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацта "қаруды" деген сөздiң алдынан "халықаралық

мiндеттемелерге сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
     "халықаралық терроршылдықты қолдауға жол берiлмеуi;
     экспорттық бақылау саласында халықаралық ұйымдармен және шет 
мемлекеттермен күш-жiгердi үйлестiру және өзара iс-қимыл жасау;
     экспорттық бақылау рәсімдері мен ережелерінің жалпыға бiрдей танылған
практикаға сәйкестiгi.".
     5. 3-бапта:
     бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
     "Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi заңдары 
Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және 
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен
тұрады.".
     6. 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "4-бап. Экспорттық бақылау жөнiндегi заңдардың қолданылу аясы 
     Осы Заңның күшi осы Заңның 6-бабында аталған өнiмнiң экспортына, керi 
экспортына, импортына, керi импортына және транзитiне, сондай-ақ сыртқы 
экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлiмдеушiлердiң) қызметiне 
де қолданылады.".
     7. 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "5-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң экспорттық бақылау 
             саласындағы өкiлеттiгi 
     Қазақстан Республикасының Yкiметi:
     экспорттық бақылау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың iске 
асырылуын қамтамасыз етедi;
     Қазақстан Республикасында экспорттық бақылау жүйесiн жасап, дамытады;


      экспорттық бақылау жөнiндегi ведомствоаралық консультациялық-кеңесшi органды құрады және Экспорттық бақылау жөнiндегi ведомствоаралық консультациялық-кеңесшi орган туралы ереженi бекiтедi;
      экспорттық бақылау саласында қаулылар шығарады;
      экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен өнiмдердiң бақылау тiзiмдерiн, тiзбелерiн бекiтедi;
      экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органды және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң басқа да мемлекеттiк органдары мен олардың өкiлеттiгiн белгiлейдi;
      осы Заңға сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспортына, импортына және транзитiне саны жөнiнен шектеулер енгiзедi;
      экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң белгiлi бiр номенклатура бойынша экспортына, импортына және транзитiне рұқсат бередi.".
      8. Мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-баптармен толықтырылсын:
      "5-1-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi
                уәкiлеттi мемлекеттiк органы
      Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы:
      мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдарының қызметiн үйлестiредi;
      экспорттық бақылау жүйесiн iске асыруға, ережелер мен рәсiмдердi бiр iзге түсiруге байланысты шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдарының ұсыныстары бойынша оларға түзету енгiзедi;
      экспорттық бақылауға жататын тауарлармен өнiмдердiң бақылау тiзiмдерiн, тiзбелерiн әзiрлейдi;
      уәкiлеттi органдар арқылы экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспортын, керi экспортын, импортын, керi импортын, транзитiн және кеден аумағынан тыс жерде өңделуiн бақылайды;
      экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады;
      халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен экспорттық бақылау саласында шаралар әзiрлейдi және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдарымен бiрлесе отырып, қажет болған кезде экспорттық бақылауға жататын өнiмдi жөнелту алдындағы кезеңде және оның түпкi пайдаланылуын тексерудi жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасында экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiредi;
      Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген номенклатура бойынша кепiлдiк мiндеттеме (түпкi пайдаланушының сертификатын) бередi;
      Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген номенклатура бойынша экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитiне рұқсат бередi;
      мәлiмдеушiлер мен мүдделi мемлекеттiк органдарға экспортталатын өнiмдi экспорттық бақылауға жататын өнiмге жатқызу туралы қорытынды бередi.
      5-2-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық
               бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдары
      Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдары:
      экспорттық бақылау саласында нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыруға қатысады;
      экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы заңсыз өткiзiлуiнiң алдын алады және оның жолын кеседi;
      Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген номенклатура бойынша халықаралық мiндеттемелерге сәйкес кепiлдi мiндеттемелер бередi.".
      9. 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "6-бап. Экспорттық бақылауға жататын өнiм
      Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi мен халықаралық мiндеттемелерiн негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi экспорттық бақылауға жататын тауарлар мен өнiмнiң бақылау тiзiмдерiн, тiзбелерiн белгiлейдi және бекiтедi.
      Оларға мыналар жатады:
      жай қару-жарақ пен әскери техника, шикiзат, материалдар, арнаулы жабдық пен технологиялар, оларды өндiруге байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер;
      ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, жабдық, қондырғылар, технологиялар, иондық сәуле шығаратын көздер, өнiм, екi ұдай қолданылатын жабдық пен тиiстi технологиялар, оларды өндiруге байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер;
      таратпаудың халықаралық режимдерiмен белгiленетiн тiзiмдер, тiзбелер бойынша химиялық қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн екi ұдай қолданылатын химикаттар мен технологиялар;
      тiзiмдерi, тiзбелерi таратпаудың халықаралық режимдерiмен белгiленетiн бактериологиялық (биологиялық) және улы қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық жағынан өзгерген нысандары мен генетикалық материалдың бөлшектерi;
      тiзiмдерi, тiзбелерi таратпаудың халықаралық режимдерiмен белгiленетiн ракеталық техника, двигательдер, олардың компоненттерi, жабдығы, ракеталық техника жасау кезiнде қолданылатын материалдар мен технологиялар;
      қарудың өзге де қауіпті түрлерi;
      ғылыми-техникалық ақпарат, әскери мақсаттағы өнiмге және екi ұдай қолданылатын технологияларға байланысты көрсетiлетiн қызметтер мен санаткерлiк қызметтiң нәтижелерi.".
      10. 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-бап. Экспорттық бақылау және оны жүзеге асыру
              тәртiбi
      Экспорттық бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының жаппай қырып-жоятын қаруды, өзге де қару түрлерi мен оларды жасау технологияларын таратпау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен басқа да халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      Экспорттық бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Мәлiмдеушi лицензияны алу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес құжаттар бередi.
      Лицензияны алу үшiн берiлген мәлiметтердiң дұрыстығына мәлiмдеушi жауапты болады.
      Сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыру кезiнде мәлiмдеушi келiсiм-шарт жағдайында Қазақстан Республикасының өкiлеттi мемлекеттiк органдарының экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң түпкi пайдаланылуын тексеруiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Лицензия берген уәкiлеттi мемлекеттiк орган, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (мәлiмдеушi) экспорттық операцияларды жүргiзу тәртiбiн бұзған жағдайда, оны керi қайтарып алуға немесе оның күшiн тоқтата тұруға құқылы.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары қажет болған жағдайларда экспорттық бақылауға жататын өнiмдi тиеп жiберу алдындағы кезеңде қарап шығуды және халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес оның түпкi пайдаланылуын тексерудi жүзеге асыра алады.
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар немесе басқа мемлекеттердiң Қазақстан Республикасы аумағында уақытша орналасқан әскери құралымдары қаруланған (жарақтанған) экспорттық бақылауға жататын жарақтарды, өнiмдердi жөндеу (жаңғырту) мақсатында Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнiмдердi Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңдеу Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы экспорттық бақылауға жататын өнiмдi әкету мен әкелуге бақылау жасауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.".
      11. 8-бапта:
      екiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген экспорттық бақылау жөнiндегi орталық атқарушы органының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi бөлiгiндегi "Өкiлеттi орталық атқарушы орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi бөлiгiндегi "Республикасы Yкiметiнiң рұқсаты бойынша" деген сөздер "Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      12. Мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-баптармен толықтырылсын:
      "8-1-бап. Тұтастай қамтитын бақылау
      Тұтастай қамтитын бақылау талаптарын қамтамасыз ету мақсатында, егер сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға тауарлар, ақпарат, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер, санаткерлiк қызмет нәтижелерi шет мемлекеттiң немесе шетелдiктiң жаппай қырып-жоятын қару мен оны жеткiзу құралдарын жасау мақсатына пайдаланылатыны анық белгiлi болса, оларға бұл тауарлармен, ақпаратпен, жұмыстармен, қызмет көрсетулермен, санаткерлiк қызмет нәтижелерiмен сыртқы экономикалық мәмiлелер жасасуға немесе оған өзге де кез келген түрде қатысуға тыйым салынады.
      Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен осы Заңның 6-бабында көрсетiлген тiзбелердiң қолданылу аясына жатпайтын тауарлармен, ақпаратпен, жұмыстармен, қызмет көрсетулермен, санаткерлiк қызмет нәтижелерiмен сыртқы экономикалық мәмiлелердi жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органынан мына жағдайларда:
      олар Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы немесе өзге де құзыреттi мемлекеттiк орган арқылы осы тауарлар, ақпарат, жұмыстар, қызмет көрсетулер, санаткерлiк қызмет нәтижелерi осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн екендiгi туралы хабардар етiлгенде;
      осы тауарлар, ақпарат, жұмыстар, қызмет көрсетулер, санаткерлiк қызмет нәтижелерi осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мақсаттарда пайдаланылуы мүмкiн екендiгiне олар негiз бар деп санағанда рұқсат алуға мiндеттi.
      8-2-бап. Ұйымдардағы фирма iшiндегi экспорттық
               бақылау жүйесi
      Сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыру кезiнде осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген экспорттық бақылау ережелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету, аталған салада құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары ұйымдарға фирма iшiндегi экспорттық бақылау жүйесiн құруға жәрдемдеседi және оларға қажеттi ақпараттық- әдiстемелiк қолдау көрсетедi.".
      13. 10-бапта:

     бiрiншi бөлiк "өнiм экспорты" деген сөздерден кейiн ", импорты және 
транзитi" деген сөздермен толықтырылсын;
     екiншi бөлiк "экспортталуына" деген сөзден кейiн "және импортталуына" 
деген сөздермен толықтырылсын.
     14. 11-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "орталық атқарушы" және "өнiмдi 
экспорттаушылардан" деген сөздер тиiсiнше "мемлекеттiк" және "сыртқы 
экономикалық қызметке қатысушылардан" деген сөздермен ауыстырылсын.
     15. 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "12-бап. Халықаралық ынтымақтастық 
     Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау және жаппай қырып-жоятын 
қаруды таратпау режимдерiн нығайту саласында халықаралық ұйымдармен және 
шет мемлекеттермен ынтымақтастық жасайды.".
     
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     
     
     Мамандар:
     Қасымбеков Б.А. 
     Багарова Ж.А. 
     
      
      


О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "Об экспортном контроле вооружений, военной техники и продукции двойного назначения"

Закон Республики Казахстан от 24 ноября 2000 года N 105-II

      Внести в Закон Республики Казахстан от 18 июня 1996 г. Z960009_ "Об экспортном контроле вооружений, военной техники и продукции двойного назначения" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., N 8-9, ст. 240) следующие изменения и дополнения:
      1. В заголовке слова "вооружений, военной техники и продукции двойного назначения" исключить.
      2. Преамбулу после слов "военной техники," дополнить словами "ядерных и специальных неядерных материалов, продукции военного назначения, товаров и технологий двойного применения,".
      3. Статью 1 изложить в следующей редакции:
      "Статья 1. Основные понятия, используемые в настоящем Законе

      Для целей настоящего Закона используются следующие понятия:
      продукция - товары, технологии, оборудование, работы, услуги, информация, подпадающие под действие экспортного контроля;
      товары и технологии двойного применения (назначения) - оборудование, материалы, сырье, технологии и научно-техническая информация, которые используются в гражданских целях, но могут быть применены для производства вооружения, военной техники и боеприпасов, в том числе оружия массового поражения и средств их доставки;
      оружие массового поражения - химическое, бактериологическое (биологическое), радиологическое и ядерное оружие;
      средства доставки - любые технические средства, способные доставлять оружие массового поражения;
      иные опасные виды оружия - нетрадиционные (не относящиеся к обычным) виды оружия массового поражения;
      номенклатура продукции, подпадающей под экспортный контроль, - контрольные списки, перечни вооружений и военной техники, ядерных и специальных неядерных материалов, товары и технологии двойного применения, отдельные виды сырья, материалов, оборудования, техническая, научно-техническая информация, работы и услуги, которые применяются или могут быть применены при создании оружия массового поражения, иных опасных видов оружия и средств их доставки;
      права на результаты интеллектуальной деятельности - авторские права на научные труды, программы для электронных вычислительных машин и базы данных, права на промышленную собственность, права на изобретения, права на продукцию, произведенную (принадлежащую) физическими и юридическими лицами, выполняемые ими услуги, включая промышленные образцы, "ноу-хау", связанные с вооружением, военной техникой, продукцией двойного назначения, специальным оборудованием и технологией для создания оружия массового поражения;
      экспорт - вывоз продукции с таможенной территории Республики Казахстан с целью постоянного нахождения или потребления вне этой территории, предоставление иностранцам услуг и прав на результаты интеллектуальной деятельности, связанных с вооружением и военной техникой, продукцией двойного назначения;
      реэкспорт - экспорт продукции (ранее ввезенной и прошедшей таможенное оформление) с таможенной территории Республики Казахстан, произведенной за ее пределами, либо экспорт продукции, произведенной в Республике Казахстан, с таможенной территории другого государства в третьи страны;
      импорт - ввоз продукции на таможенную территорию Республики Казахстан с целью постоянного нахождения или потребления;
      реимпорт - обратный ввоз на таможенную территорию Республики Казахстан из-за границы отечественных товаров, не подвергшихся там переработке;
      переработка продукции, подлежащей экспортному контролю вне таможенной территории Республики Казахстан, - вывоз и использование казахстанских товаров вне таможенной территории Республики Казахстан с целью их переработки и последующего выпуска продуктов переработки в свободное обращение на таможенной территории Республики Казахстан;
      транзит - перемещение продукции под таможенным контролем через таможенную территорию Республики Казахстан;
      участник внешнеэкономической деятельности (заявитель) юридические или физические лица Республики Казахстан, иностранные юридические или физические лица, осуществляющие экспорт, реэкспорт, импорт, реимпорт и транзит продукции;
      ядерные и специальные неядерные материалы - материалы, определяемые как таковые в соответствии с требованиями международного режима нераспространения ядерного оружия;
      гарантийное обязательство (сертификат конечного пользователя) - официальное заверение страны-получателя, выданное уполномоченным государственным органом, об использовании импортируемой продукции, подлежащей экспортному контролю, в заявленных целях и недопущение ее реэкспорта в третьи страны без согласия страны-продавца;
      внутрифирменная система экспортного контроля - комплекс мероприятий организационного, административного, информационного и иного характера, осуществляемых участниками внешнеэкономической деятельности с целью соблюдения правил экспортного контроля;
      экспортный контроль - совокупность мер, установленных настоящим Законом и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан в области экспортного контроля, по реализации государственными органами порядка экспорта, реэкспорта, импорта, реимпорта и транзита продукции, подлежащей экспортному контролю;
      всеобъемлющий контроль - контроль продукции, не входящей в контрольный список.".
      4. В статье 2:
      заголовок после слова "осуществления" дополнить словами "государственной политики в области";
      абзац первый изложить в следующей редакции:
      "Основные принципы осуществления государственной политики в области экспортного контроля:";
      в абзаце втором слова "массового поражения и иных видов оружия" заменить словами "массового поражения, иных опасных видов оружия и средств их доставки;";
      абзац четвертый после слова "нераспространения" дополнить словами "в соответствии с международными обязательствами;";
      дополнить абзацами следующего содержания:
      "недопустимость поддержки международного терроризма;
      координация усилий и взаимодействие с международными организациями и иностранными государствами в области экспортного контроля;
      соответствие процедур и правил экспортного контроля с общепризнанными международными нормами и практикой.".
      5. В статье 3:
      часть первую изложить в следующей редакции:
      "Законодательство Республики Казахстан по экспортному контролю основывается на K951000_ Конституции Республики Казахстан, состоит из настоящего Закона и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан.".
      6. Статью 4 изложить в следующей редакции:
      "Статья 4. Сфера применения законодательства по экспортному контролю

      Действие настоящего Закона распространяется на экспорт, реэкспорт,

импорт, реимпорт и транзит продукции, указанной в статье 6 настоящего 
Закона, а также и на деятельность участников внешнеэкономической 
деятельности (заявителей).".
     7. Статью 5 изложить в следующей редакции:
     "Статья 5. Полномочия Правительства Республики Казахстан в области    
                экспортного контроля 
     
     Правительство Республики Казахстан: 
     обеспечивает реализацию единой государственной политики в области 
экспортного контроля; 
     создает и развивает систему экспортного контроля в Республике 
Казахстан; 


      образует межведомственный консультативно-совещательный орган по экспортному контролю и утверждает Положение о межведомственном консультативно-совещательном органе по экспортному контролю;
      издает постановления в области экспортного контроля;
      утверждает контрольные списки, перечни товаров и продукции, подлежащих экспортному контролю;
      определяет уполномоченный государственный орган по экспортному контролю и другие государственные органы Республики Казахстан системы экспортного контроля и их полномочия;
      вводит количественные ограничения экспорта, импорта и транзита продукции, подлежащей экспортному контролю, в соответствии с настоящим Законом;
      выдает разрешения на экспорт, импорт и транзит по определенной номенклатуре продукции, подлежащей экспортному контролю.".
      8. Дополнить статьями 5-1 и 5-2 следующего содержания:
      "Статья 5-1. Уполномоченный государственный орган Республики
                   Казахстан по экспортному контролю

      Уполномоченный государственный орган Республики Казахстан по экспортному контролю:
      обеспечивает реализацию государственной политики и координирует деятельность государственных органов Республики Казахстан системы экспортного контроля;
      разрабатывает и осуществляет меры, связанные с реализацией системы экспортного контроля, унификацией правил и процедур, проводит их корректировку по предложениям государственных органов Республики Казахстан системы экспортного контроля;
      разрабатывает контрольные списки, перечни товаров и продукции, подлежащих экспортному контролю;
      контролирует экспорт, реэкспорт, импорт, реимпорт, транзит и переработку продукции вне таможенной территории, подлежащей экспортному контролю, через уполномоченные органы;
      осуществляет лицензирование экспорта и импорта продукции, подлежащей экспортному контролю;
      разрабатывает меры и осуществляет сотрудничество в области экспортного контроля с международными организациями и иностранными государствами;
      осуществляет при необходимости проверку на предотгрузочном этапе и конечном использовании продукции, подлежащей экспортному контролю, совместно с государственными органами Республики Казахстан системы экспортного контроля;
      совершенствует систему экспортного контроля в Республике Казахстан;
      выдает гарантийное обязательство (сертификат конечного пользователя) по определенной Правительством Республики Казахстан номенклатуре;
      выдает разрешения на транзит продукции, подлежащей экспортному контролю, по определенной Правительством Республики Казахстан номенклатуре;
      выдает заявителям и заинтересованным государственным органам заключения об отнесении экспортируемой продукции к продукции, подлежащей экспортному контролю.

      Статья 5-2. Государственные органы Республики Казахстан системы
                  экспортного контроля

      Государственные органы Республики Казахстан системы экспортного контроля:
      участвуют в формировании нормативной правовой базы в области экспортного контроля;
      предупреждают и пресекают незаконное перемещение через таможенную границу Республики Казахстан продукции, подлежащей экспортному контролю;
      выдают гарантийные обязательства по определенной Правительством Республики Казахстан номенклатуре в соответствии с международными обязательствами.".
      9. Статью 6 изложить в следующей редакции:
      "Статья 6. Продукция, подлежащая экспортному контролю

      Исходя из национальных интересов и международных обязательств Республики Казахстан, Правительство Республики Казахстан определяет и утверждает контрольные списки, перечни товаров и продукции, подлежащие экспортному контролю.
      К ним относятся:
      обычное вооружение и военная техника, сырье, материалы, специальное оборудование и технологии, работы и услуги, связанные с их производством;
      ядерные и специальные неядерные материалы, оборудование, установки, технологии, источники ионизирующего излучения, продукция, оборудование и соответствующие технологии двойного применения, работы и услуги, связанные с их производством;
      химикаты и технологии двойного применения, которые могут быть использованы при создании химического оружия, по спискам, перечням, устанавливаемым международными режимами нераспространения;
      возбудители заболеваний, их генетически измененные формы и фрагменты генетического материала, которые могут быть использованы при создании бактериологического (биологического) и токсинного оружия, списки, перечни которых устанавливаются международными режимами нераспространения;
      ракетная техника, двигатели, их компоненты, оборудование, материалы и технологии, применяющиеся при создании ракетной техники, списки, перечни которых устанавливаются международными режимами нераспространения;
      иные опасные виды оружия;
      научно-техническая информация, услуги и результаты интеллектуальной деятельности, связанные с продукцией военного назначения и технологиями двойного применения.".
      10. Статью 7 изложить в следующей редакции:
      "Статья 7. Экспортный контроль и порядок его осуществления

      Экспортный контроль осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан, международными обязательствами Республики Казахстан по нераспространению оружия массового поражения, иных опасных видов оружия и технологий их создания, а также международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан.
      Порядок осуществления экспортного контроля устанавливается Правительством Республики Казахстан.
      Заявитель для получения лицензии предоставляет документы в соответствии с порядком, установленным законодательством Республики Казахстан.
      Ответственность за достоверность сведений, предоставленных для получения лицензии, несет заявитель.
      При осуществлении внешнеэкономических операций заявитель в условиях контракта обязан обеспечить доступ полномочных государственных органов Республики Казахстан к проверке конечного использования продукции, подлежащей экспортному контролю.
      Уполномоченный государственный орган, выдавший лицензию, вправе отозвать или приостановить ее действие в случае нарушения участником внешнеэкономической деятельности (заявителем) порядка проведения экспортных операций.
      Государственные органы Республики Казахстан в необходимых случаях могут осуществлять досмотр продукции, подлежащей экспортному контролю, на предотгрузочном этапе и проверку ее конечного использования в соответствии с международными обязательствами.
      Перемещение через таможенную границу Республики Казахстан в целях ремонта (модернизации) снаряжения, продукции, подлежащих экспортному контролю, состоящих на вооружении (оснащении) Вооруженных Сил Республики Казахстан, других войск и воинских формирований или воинских формирований других государств, временно расположенных на территории Республики Казахстан, а также переработка продукции, подлежащей экспортному контролю вне таможенной территории Республики Казахстан, осуществляется по решению уполномоченного государственного органа Республики Казахстан по экспортному контролю.
      Контроль за вывозом и ввозом продукции, подпадающей под экспортный контроль, через таможенную границу Республики Казахстан осуществляют таможенные органы Республики Казахстан.".
      11. В статье 8:
      в части второй слова "центрального исполнительного органа по экспортному контролю, уполномоченного Правительством Республики Казахстан" заменить словами "уполномоченного государственного органа Республики Казахстан по экспортному контролю";
      в части четвертой слова "Полномочный центральный исполнительный орган" заменить словами "Уполномоченный государственный орган Республики Казахстан по экспортному контролю";
      в части пятой слова "по разрешению Правительства" заменить словами "в порядке, определенном Правительством".
      12. Дополнить статьями 8-1 и 8-2 следующего содержания:
      "Статья 8-1. Всеобъемлющий контроль

      В целях обеспечения требований всеобъемлющего контроля участникам внешнеэкономической деятельности запрещается заключение внешнеэкономических сделок с товарами, информацией, работами, услугами, результатами интеллектуальной деятельности или участвовать в них любым иным образом в случае, если им достоверно известно, что данные товары, информация, работы, услуги, результаты интеллектуальной деятельности будут использованы иностранным государством или иностранцем для целей создания оружия массового поражения и средств его доставки.
      Участники внешнеэкономической деятельности обязаны получить в порядке, установленном нормативными правовыми актами Республики Казахстан, разрешение уполномоченного государственного органа Республики Казахстан по экспортному контролю на осуществление внешнеэкономических сделок с товарами, информацией, работами, услугами, результатами интеллектуальной деятельности, не подпадающими под действие перечней, указанных в статье 6 настоящего Закона, в тех случаях, когда:
      они были информированы уполномоченным государственным органом Республики Казахстан по экспортному контролю или иным компетентным государственным органом о том, что данные товары, информация, работы, услуги, результаты интеллектуальной деятельности могут быть использованы в целях, указанных в части первой настоящей статьи;
      они имеют основание предполагать, что данные товары, информация, работы, услуги, результаты интеллектуальной деятельности могут быть использованы в целях, указанных в части первой настоящей статьи.

      Статья 8-2. Внутрифирменная система экспортного контроля
                  в организациях

      В целях обеспечения выполнения установленных настоящим Законом и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан правил экспортного контроля при осуществлении внешнеэкономической деятельности, предотвращения правонарушений в указанной сфере государственные органы Республики Казахстан содействуют организациям в создании внутрифирменных систем экспортного контроля и оказывают им необходимую информационно-методическую поддержку.".
      13. В статье 10:
      часть первую после слов "ограничения по экспорту" дополнить словами ", импорту и транзиту";
      часть вторую после слов "ограничения экспорта" дополнить словами "и импорта".
      14. В части первой статьи 11 слова "Центральные исполнительные" и

"экспортеров продукции" заменить соответственно словами "Государственные" 
и "участников внешнеэкономической деятельности". 
     15. Статью 12 изложить в следующей редакции: 
     "Статья 12. Международное сотрудничество 

     Республика Казахстан сотрудничает с международными организациями и 
иностранными государствами в области экспортного контроля и укрепления 
режимов нераспространения оружия массового поражения.".
     
     Президент 
     Республики Казахстан
     
(Специалисты: Умбетова А.М.,
              Цай Л.Г.)