Темекi шегушілiктiң алдын алу және оны шектеу туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 340 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Заңымен

      Ескерту. Заңның күші жойылды - ҚР 2009.09.18. N 193-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 186-баптан қараңыз) Заңымен.
 
МАЗМҰНЫ

      Осы Заң темекi бұйымдарын өндiру, сату және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қорғау мақсатында темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу жөнiндегi негiзгi шараларды белгiлейдi.

  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       1-бап. Осы Заңның мақсаттары мен мiндеттерi

      Осы Заңның мақсаттары мен мiндеттерi:
 

      1) халықтың денсаулығын сақтау;
 

      2) темекi бұйымдарын сатып алуға құқығы бар адамдар үшiн жас шегiн енгiзу;
 

      3) кәмелетке толмағандар арасында темекi шегушiлiктi болдырмау;
 

      4) темекiнi тұтынуға әуестiктiң зиянды салдарлары, темекi шегушiлiктен туындаған аурулар мен өлiм-жiтiм туралы ақпарат тарату;
 

      5) темекi шегушiлiкке халықтың өмiр мен денсаулық үшiн аса қауiптi фактор ретiндегi көзқарасын қалыптастыру;
 

      6) темекi шегушiлiктiң таралуының алдын алу жөнiнде келiсiлген iс-шаралар жүргiзу болып табылады.

       2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
 

      1) хош иiстендiрушi - темекi бұйымдарына ерекше дәм, иiс немесе хош иiс беру үшiн темекiге қосылатын зат;
 

      2) ингредиент - темекiден, судан немесе темекi жапырағынан басқа, өндiрiс процесiнде не темекiге, не темекi бұйымдарының темекi емес компоненттерiне қосылатын кез келген зат;
 

      3) темекi бұйымдарының маркасы - өндiрушi шығаратын темекi бұйымын тұтынушының бiрегейлендiре алуы үшiн сол өндiрушi жиынтығында пайдаланатын тауар таңбасының элементтерi;
 

      4) темекi емес компонент - темекi бұйымдарын өндiруде пайдаланылатын қосымша материал (сигарет, папирос, мундштук қағазы, түрлi-түстi баспа бояуы, қағаз шетi тiгiсiнiң желiмi, фильтр, тығыздап орау қағазы, орауыш қағаз және орауыш бояуы, орауыш (фильтр) желiмi;
 

      5) никотин - темекi жапырақтары мен темекi түтiнiнде болатын никотиндi алкалоид;
 

      6) қорап - картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан әзiрленген, темекi бұйымының белгiлi саны бар тұтыну ыдысының бiрлiгi;
 

      7) өндiрушi - Қазақстан Республикасында сату үшiн темекi бұйымдарын өндiретiн жеке және заңды тұлға;
 

      8) темекi бұйымдары маркасының алуан түрлiлiгi - өзiнiң айырымдық ерекшелiктерi бар және осы тұрғыдан тұтынушы бiрегейлендiретiн темекi бұйымдарының бiр марка шеңберiндегi өнiмдерiнiң жекелеген түрлерi;
      9)  алып тасталды
 

      10) сигарет - сигарет қағазын, бүйiрiн желiмдеуге арналған желiмдi, фильтрдi, фильтрдiң айналасындағы қағазды қолдана отырып жасалған, толтырылу компоненттерi отандық немесе импорттық темекi қоспасы, ингредиенттер, технологиялық қосымшалар және хош иiстендiрушiлер болып табылатын түтiкше немесе рулон түрiндегi темекi конструкциясы;
 

      11) шайырлы заттар - дымқыл, сусыз, никотинi жоқ түтiн конденсаты;
 

      12) темекi - темекi бұйымдарын өндiру үшiн пайдаланылатын никотинi бар өсiмдiк;
 

      13) темекi шегушiлiк - темекi шегушiнiң организмiнiң никотинге тәуелденуiн тудыратын, оның денсаулығына, сондай-ақ темекi шекпейтiндердiң денсаулығына терiс әсер ететiн және қоршаған ортаны ластайтын темекi бұйымын тұтыну процесi;
 

      14) темекi бұйымы - никотинi бар фармацевтiк өнiмдердi қоспағанда, құрамында темекi бар кез келген бұйым;
 

      15) қаптама - белгiлi қорап саны бар топтап тұтыну ыдысының бiрлiгi;
 

      16) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
       Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының   2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiледi), 2007.06.19. N  264 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен .

       3-бап. Қазақстан Республикасының темекi шегушiлiктiң
             алдын алу және оны шектеу туралы заңдары

      1. Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу туралы заңдар Қазақстан Республикасының  Конституциясына

негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

  2-тарау. ТЕМЕКI ЖӘНЕ ТЕМЕКІ БҰЙЫМДАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТҚА
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

       Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N  264 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен .

       4-бап.  <*>

       Ескерту. 4-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N  264 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен .

       5-бап. Темекi және темекi бұйымдары туралы ақпарат
             алу құқығы

      1. Жеке және заңды тұлғалардың темекi мен темекi бұйымы және темекi шегудiң зияны туралы мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде берiлуге тиiстi ақпарат алуға құқығы бар.
 

      2. Ақпаратта:
      1) темекi бұйымдарының құрамы, шайырлы заттары, никотинi, сондай-ақ сапасы мен қауiпсiздiк деңгейiнiң басқа да сипаттамалары туралы мәлiметтер болуға тиiс;
 

      2) мемлекеттiк стандарттарда көзделген өзге де мәлiметтер көрсетiлуi мүмкін.
 

      3. Темекi бұйымының атауы осы темекi бұйымын нақты және дұрыс сипаттауға, оны темекi бұйымдарының басқа түрлерiнен ажыратуға мүмкiндiк беруге тиiс.
 

      4. Темекi бұйымдарының қорабында, қаптамасында темекi шегудiң зияндығы туралы ескертпе жазулар болуға тиiс. Темекi бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ескертудiң мәтiнiн уәкiлеттi орган  бекiтедi . Темекi бұйымдарының әрбiр қорабындағы, қаптамасындағы ескертпе жазулар мынадай талаптарға сай болуға:
 

      1) жазу темекi бұйымдарының қорабы, қаптамасы көлемiнiң әрбiр үлкен жағының кемiнде отыз пайызын алуға;
(РҚАО-ның ескертуі: 4-тармақтың 1) тармақшасы 2004 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi (осы Заңның 12-бабын қараңыз);
 

      2) жеңiл оқылуға және мәтiннiң тұтастығы қамтамасыз етiлетiндей болып орналастырылуға;
 

      3) жазу жылтыр орауыш пленкада немесе қандай да бiр сыртқы орауыш материалда басылмауға;
 

      4) уәкілетті орган бекітетін негізгі және қосымша ескертпе жазулардың бірінен тұруға тиіс.
 

      5. Темекi бұйымдарының қорабында, қаптамасында "Он сегiз жасқа толмағандарға сатуға тыйым салынады" деген мазмұнда жазу болуға тиiс.
 

      6. Темекi шегудiң зияны туралы бiлiмнiң насихатталуын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдар қамтамасыз етедi.
       (РҚАО-ның ескертуі: 5-бап, осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасын және 5-тармағын қоспағанда, 2003 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi (осы Заңның 12-бабын қараңыз);
      (РҚАО-ның ескертуі: 5-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы және 5-тармағы 2004 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi (осы Заңның 12-бабын қараңыз).
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N  264 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен .

        6-бап. Темекi бұйымдарындағы никотиннiң, шайырлы
             заттардың және ингредиенттердiң болуы туралы
             ақпарат

      Өндiрушi темекiнiң және темекi бұйымдарының барлық маркаларында никотиннiң және шайырлы заттардың рұқсат етiлетiн шектi құрамы бойынша зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi туралы, өткен он екi айда Қазақстан Республикасы аумағында өзi шығарған немесе шығаруды ниет еткен, сатқан немесе өзге де түрде таратқан темекi бұйымдарының ингредиенттерi туралы есептi жыл сайын 1 ақпанға дейiн уәкiлеттi орган  белгiлеген тәртiппен табыс етiп отыруға мiндеттi.
       (РҚАО-ның ескертуі: 6-бап 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi (осы Заңның 12-бабын қараңыз).

       7-бап. Темекi бұйымдарындағы никотиннiң және шайырлы
             заттардың болуын зерттеу мен оның рұқсат етiлетiн
             шектi деңгейi

      1. Темекi бұйымдарын өндiрушi темекi бұйымдарындағы никотиннiң және шайырлы заттардың болуын зерттеудi өз есебiнен, Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес тiркелген зертханаларда жүргiзедi.
 

      2. Құрамындағы никотин және шайырлы заттар Қазақстан Республикасының Үкiметi  белгiлейтiн рұқсат етiлетiн шектi деңгейден жоғары темекi бұйымдарын әкелуге, шығару мен сатуға тыйым салынады.

  3-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ЖӘНЕ ТЕМЕКI
ШЕКПЕЙТIНДЕРДI ТЕМЕКI ТҮТIНIНIҢ ӘСЕРIНЕН ЖӘНЕ ТЕМЕКI МЕН
ТЕМЕКI БҰЙЫМДАРЫН ПАЙДАЛАНЫЛУДАН ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН
ТАЛАПТАР

       8-бап. Темекi бұйымдарын сату

      1. Темекi бұйымдарын:
 

      1) он сегіз жасқа толмаған адамдарға сатуға және олардың сатуына;
 

      2) ашық қораптардан немесе бiр-бiрлеп сатуға;
 

      3) сатушының тiкелей қатысуынсыз, сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе механикалық қондырғылар арқылы;
 

      4) денсаулық сақтау, бiлiм беру ұйымдарының үйлерiнде және аумақтарында, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттарда, стадиондарда;
 

      5) өнiм сапасын растайтын тиiстi құжаттарсыз;
 

      6) акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаусыз;
 

      7) егер сигарет қорабында 20 сигареттен кем болса;
 

      8) шайырлы заттар мен никотиннiң деңгейi туралы деректер қорапқа жазылмай;
 

      9) темекi шегушiлiктiң зияны туралы қорапқа ескерту жазылмай сатуға тыйым салынады.
 

      2. Темекi бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындардағы көрнекi жерде, касса аппаратында немесе оның жанында мынадай мазмұндағы: "Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады" деген жазу, сондай-ақ темекi шегудiң зияндығы туралы уәкiлеттi орган  бекiткен ескерту орналастырылуға тиiс.
 

      3. Темекi бұйымдарын сатуды жүзеге асыратын адамдар жас шамасы сырт келбетiне қарағанда он сегiзден жасырақ көрiнген азаматтарға темекi бұйымдарын сату кезiнде:
 

      1) сатып алушының шын мәнiндегi жасын анықтау мақсатымен жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуiн талап етуге;
 

      2) егер жеке басын куәландыратын құжат көрсетiлмеген жағдайда темекi бұйымдарын сатудан бас тартуға мiндеттi.
       Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының   2006.12.11. N  201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiледi), 2007.06.19. N  264 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңдарымен .

       9-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда және қоғамдық
             көлiкте темекi шегуге тыйым салу

      1. Темекi шегуге:
 

      1) бiлiм беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың демалуына арналған ұйымдарда;
 

      2) денсаулық сақтау ұйымдарында;
 

      3) қоғамдық тамақтану орындарында;
 

      4) кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт ареналарында және көпшiлiк демалуға арналған басқа да жабық ғимараттарда;
 

      5) мұражайларда, кiтапханаларда және лекторийлерде;
 

      6) жергiлiктi және алысқа қатынайтын поездардың, әуе, теңiз және өзен көлiгi кемелерiнiң белгiленбеген орындарында, сондай-ақ қалалық, қалааралық автобустардың, маршруттық таксилердiң және қалалық электр көлiгiнiң салондарында;
 

      7) әуежайлардың, темiр жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында;
 

      8) мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ басқа да ұйымдарда тыйым салынады.
 

      2. Темекi шегу үшiн арнайы жабдықталған орындар бөлiнген жағдайда, осы баптың 1-тармағының 3), 6), 7) тармақшаларында көзделген нормалар қолданылмайды.
 

      3. Жұмыс берушiлер темекi шегу үшiн арнайы орындар бөлуге, әжетхана бөлмелерiнде және осы мақсаттарға арналмаған үй-жайларда темекi шегуге тыйым салуға мiндеттi.
 

      4. Темекi шегу үшiн арнайы бөлiнген орындар санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сәйкес жабдықталуға тиiс.
       (РҚАО-ның ескертуі: 9-бап 2003 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi (осы Заңның 12-бабын қараңыз).

  4-тарау. ТЕМЕКI ШЕГУШIЛIКТIҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕКТЕУ
САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ

       10-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

      1. Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу саласындағы мемлекеттiк бақылауды уәкілеттi орган жүзеге асырады.
 

      2.  Уәкiлеттi орган темекi шегудiң алдын алу және оны шектеу саласындағы қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
 

      3. Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу саласындағы мемлекеттiк бақылауды өздерiнiң өкiлеттiктерiне сәйкес өзге де мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
 

      4. Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу саласында қоғамдық бiрлестiктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жасай алады.

       11-бап. Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу
              туралы Қазақстан Республикасының заңдарын
              бұзғандық үшiн жауаптылық

      Темекi шегушiлiктiң алдын алу және оны шектеу туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттар талаптарына сай келмейтiн темекi бұйымдары Қазақстан Республикасының заң актiлерiне  сәйкес тәркiленуге және жойылуға тиiс.

  5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       12-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi, бұған мына баптар қосылмайды:
      1) 4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы 2004 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi;
      2) 4-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы 2003 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi;
      3) 5-бап, осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасын және 5-тармағын қоспағанда, 2003 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi;
      4) 5-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы және 5-тармағы 2004 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi;
      5) 6-бап 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi;
      6) 9-бап 2003 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

О профилактике и ограничении табакокурения

Закон Республики Казахстан от 10 июля 2002 года N 340. Утратил силу Кодексом Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года N 193-IV

      Сноска. Утратил силу Кодексом РК от 18.09.2009 N 193-IV.

ОГЛАВЛЕНИЕ

      Настоящий Закон регулирует общественные отношения, возникающие в процессе производства, реализации и потребления табачных изделий, а также определяет основные меры по профилактике и ограничению табакокурения в целях защиты прав граждан на охрану здоровья.

  Глава 1
Общие положения

        Статья 1. Цели и задачи настоящего Закона

      Целями и задачами настоящего Закона являются:
      1) защита здоровья населения;
      2) введение возрастного ценза для лиц, имеющих право приобретать табачные изделия;
      3) предотвращение табакокурения среди несовершеннолетних; 
      4) распространение информации о вредных последствиях пристрастия к потреблению табака, заболеваемости и смертности, вызванных табакокурением;
      5) формирование отношения населения к табакокурению как к фактору повышенного риска для жизни и здоровья;
      6) проведение согласованных мероприятий по профилактике распространения табакокурения.

       Статья 2. Основные понятия, используемые в настоящем Законе

      В настоящем Законе используются следующие понятия:

      1) ароматизатор - вещество, добавляемое к табаку для придания особого вкуса, запаха или аромата табачным изделиям;

      2) ингредиент - любое вещество, кроме табака, воды или табачного листа, которое в процессе производства добавляется либо к табаку, либо к нетабачным компонентам табачных изделий;

      3) марка табачных изделий - элементы товарного знака, которые в совокупности используются производителем для того, чтобы потребитель мог идентифицировать табачное изделие, выпускаемое данным производителем;

      4) нетабачный компонент - вспомогательный материал, используемый в производстве табачных изделий (сигаретная, папиросная, мундштучная бумага, цветная печатная краска, клей для бумажного бокового шва, фильтр, бумага для набивной обертки, ободочная бумага и ободочная краска, клей для ободка (фильтра);

      5) никотин - никотиновый алкалоид, содержащийся в табачных листьях и табачном дыме;

      6) пачка - единица потребительской тары, изготовленная из картона или бумаги или иного материала, содержащая определенное количество табачного изделия;

      7) производитель - физическое или юридическое лицо, которое производит табачные изделия для продажи в Республике Казахстан;

      8) разновидность марки табачных изделий - имеющий собственные отличительные особенности и в этом качестве идентифицируемый потребителем;

      9)  (исключена -   Законом Республики Казахстан от 19 июня 2007 года  N 264 (порядок введения в действие см.  ст.2 Закона) ;

      10) сигарета - отформированная с применением сигаретной бумаги, клея для бокового склеивания, фильтра, бумаги вокруг фильтра конструкция в виде трубочки или рулона, компонентами наполнения которой являются табак отечественной или импортной мешки, ингредиенты, технологические добавки и ароматизаторы;

      11) смолистое вещество - сырой, безводный, не содержащий никотина конденсат дыма;

      12) табак - никотино-содержащее растение, используемое для производства табачных изделий;

      13) табакокурение - процесс потребления табачного изделия, вызывающий зависимость организма курящего от никотина, отрицательно влияющий на его здоровье, а также на здоровье некурящих и загрязняющий окружающую среду;

      14) табачное изделие - любое изделие, содержащее табак, за исключением фармацевтической продукции, содержащей никотин;

      15) упаковка - единица групповой потребительской тары, содержащая определенное количество пачек;

      16) уполномоченный орган - государственный орган, осуществляющий руководство в сфере охраны здоровья граждан в Республике Казахстан.
       Сноска. В статью 2 внесены изменения - Законом РК от 11 декабря 2006 г. N  201 (вводится в действие с 1 января 2007 г.).

        Статья 3. Законодательство Республики Казахстан о
                профилактике и ограничении табакокурения

      1. Законодательство о профилактике и ограничении табакокурения основывается на  Конституции Республики Казахстан и состоит из настоящего Закона и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан.
      2. Если международным договором, ратифицированным Республикой Казахстан, установлены иные правила, чем те, которые содержатся в настоящем Законе, то применяются правила международного договора.

  Глава 2
Требования к информации о табаке и табачных изделиях

      Сноска. Название главы дополнено в соответствии с Законом Республики Казахстан от 19 июня 2007 года  N 264 (порядок введения в действие см.  ст.2 Закона)

          Статья 4. 
        Сноска. Статья 4 исключена в соответствии с Законом Республики Казахстан от 19 июня 2007 года  N 264 (порядок введения в действие см.  ст.2 Закона)

          Статья 5. Право на получение информации о табаке и
                табачных изделиях
      (Прим.РЦПИ: статья 5 вводится в действие с 1 апреля 2003 года, за исключением подпункта 1) пункта 4 и пункта 5 (см. ст.12 настоящего Закона).
 
        1. Физические и юридические лица имеют право на получение информации о табаке и табачном изделии и вреде курения, которая должна представляться на государственном и русском языках. 
      2. Информация:
      1) должна содержать сведения о составе, смолистых веществах, никотине, а также другие характеристики качества и степени безопасности табачных изделий;
      2) может отражать и иные сведения, предусмотренные государственными стандартами.
      3. Наименование табачного изделия должно конкретно и достоверно характеризовать данное табачное изделие и позволять отличить его от других видов табачных изделий.
      4. Пачка, упаковка табачных изделий должны содержать предупредительные надписи о вреде курения. Текст предупреждения о вреде потребления табачных изделий  утверждается уполномоченным органом. Предупредительная надпись на каждой пачке, упаковке табачных изделий должна соответствовать следующим требованиям:
      1) занимать не менее тридцати процентов каждой большей по площади стороны пачки, упаковки табачных изделий;
      (прим.РЦПИ: подпункт 1) пункта 4 вводится в действие с 1 апреля 2004 года (см. ст.12 настоящего Закона);
      2) легко читаться и располагаться таким образом, чтобы обеспечивать целостность текста;
      3) не должна печататься на прозрачной оберточной пленке или каком-либо другом внешнем оберточном материале;
      4) состоять из основной и одной из дополнительных предупредительных надписей, утверждаемых уполномоченным органом.
      5. Пачка, упаковка табачных изделий должны иметь надпись следующего содержания: "Продажа лицам, не достигшим восемнадцати лет, запрещена".
      (Прим.РЦПИ: пункт 5 статьи 5 вводится в действие с 1 апреля 2004 года (см. ст.12 настоящего Закона).
      6. Пропаганда знаний о вреде табакокурения обеспечивается государственными органами в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

       Сноска. Статья 5 с изменениями, внесенными Законом Республики Казахстан от 19 июня 2007 года  N 264 (порядок введения в действие см.  ст.2 Закона)

                 Статья 6. Информация о содержании никотина, смолистых
                веществ и ингредиентов в табачных изделиях
      (Прим.РЦПИ: статья 6 вводится в действие с 1 января 2003 года (см. ст.12 настоящего Закона).
 
        Производитель обязан ежегодно до 1 февраля представлять в порядке,  установленном уполномоченным органом, отчеты о результатах лабораторных исследований по предельно допустимому содержанию никотина и смолистых веществ во всех марках табака и табачных изделий, об ингредиентах табачных изделий, которые он выпускал или намерен выпускать, продавал или распространял иным образом в предшествующие двенадцать месяцев на территории Республики Казахстан.

        Статья 7. Исследование и предельно допустимые уровни
                содержания никотина и смолистых веществ в
                табачных изделиях

      1. Исследование содержания никотина и смолистых веществ в табачных изделиях проводится производителем табачных изделий за его счет в лабораториях,  аккредитованных в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      2. Запрещаются ввоз, выпуск и продажа табачных изделий, превышающих предельно допустимые уровни содержания никотина и смолистых веществ,  определяемые Правительством Республики Казахстан.

  Глава 3
Требования, направленные на защиту несовершеннолетних
и некурящих от воздействия табачного дыма и использования
табака и табачных изделий

       Статья 8. Продажа табачных изделий

      1. Запрещается продажа табачных изделий:
      1) лицам и лицами в возрасте до восемнадцати лет;
      2) из открытых пачек или штучная продажа;
      3) без непосредственного участия продавца, посредством торговых автоматов, иных электронных или механических устройств;
      4) в зданиях и на территориях организаций здравоохранения, образования, физкультурно-оздоровительных, спортивных и спортивно-технических сооружений, стадионов;
      5) без соответствующих документов, подтверждающих качество продукции;
      6) без маркировки акцизными марками или учетно-контрольными марками;
      7) если сигаретная пачка содержит менее двадцати сигарет;
      8) без нанесенных на пачку данных об уровне содержания смолистых веществ и никотина;
      9) без нанесенного на пачку предупреждения о вреде табакокурения. 
      2. В местах, где осуществляется продажа табачных изделий, на видном месте, на кассовом аппарате или рядом с ним должна быть размещена надпись следующего содержания: "Продажа табачных изделий лицам, не достигшим восемнадцати лет, запрещена", а также предупреждение о вреде курения,  утвержденное уполномоченным органом.
      3. При продаже табачных изделий гражданам, чей возраст, судя по их внешнему виду, менее восемнадцати лет, лица, осуществляющие торговлю табачными изделиями, обязаны:
      1) требовать предъявления документа, удостоверяющего личность, с целью определения действительного возраста покупателя;
      2) отказать в продаже табачных изделий в том случае, если не был предъявлен документ, удостоверяющий личность.
       Сноска. В статью 8 внесены изменения - Законом РК от 11 декабря 2006 г. N  201 (вводится в действие с 1 января 2007 г.); Законом Республики Казахстан от 19 июня 2007 года  N 264 (порядок введения в действие см.  ст.2 Закона)

          Статья 9. Запрещение курения в отдельных общественных
                местах и общественном транспорте
      (Прим.РЦПИ: статья 9 вводится в действие с 1 апреля 2003 года
(см. ст.12. настоящего Закона)
 
        1. Курение запрещается в:
      1) организациях образования, а также в организациях для отдыха несовершеннолетних;
      2) организациях здравоохранения;
      3) пунктах общественного питания; 
      4) кинотеатрах, театрах, цирках, концертных, смотровых и выставочных залах, на спортивных аренах и в других крытых сооружениях, предназначенных для массового отдыха;
      5) музеях, библиотеках и лекториях;
      6) неустановленных местах в поездах местного и дальнего сообщения, на судах воздушного, морского и речного транспорта, а также в салонах городских, междугородних автобусов, маршрутных такси и городского электротранспорта;
      7) зданиях аэропортов, железнодорожных, автомобильных и водных вокзалов;
      8) государственных органах, а также в других организациях.
      2. Нормы, предусмотренные в подпунктах 3), 6), 7) пункта 1 настоящей статьи, не применяются в тех случаях, если для курения выделены специальные оборудованные места. 
      3. Работодатели обязаны выделять специальные места для курения, запрещать курение в туалетных комнатах и помещениях, не отведенных для этих целей.
      4. Места, выделенные специально для курения, должны быть оборудованы в соответствии с санитарно-гигиеническими правилами и нормами.

  Глава 4
Государственный контроль в сфере профилактики и
ограничения табакокурения

        Статья 10. Компетенция уполномоченного органа

      1. Государственный контроль в сфере профилактики и ограничения табакокурения осуществляется уполномоченным органом.
      2.  Уполномоченный орган осуществляет деятельность в сфере профилактики и ограничения табакокурения в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      3. Государственный контроль в сфере профилактики и ограничения табакокурения осуществляется также иными государственными органами в соответствии с их полномочиями.
      4. В сфере профилактики и ограничения табакокурения общественные объединения могут сотрудничать и взаимодействовать с государственными органами в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

           Статья 11. Ответственность за нарушение законодательства
                 Республики Казахстан о профилактике и
                 ограничении табакокурения

      Лица, виновные в нарушении законодательства Республики Казахстан о профилактике и ограничении табакокурения, несут ответственность в соответствии с  законами Республики Казахстан.
      Табачные изделия, не отвечающие требованиям стандартов, действующих на территории Республики Казахстан, подлежат конфискации и уничтожению в  соответствии с законодательными   актами Республики Казахстан.

  Глава 5
Заключительные положения

        Статья 12. Порядок введения в действие настоящего Закона

      Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования, за исключением следующих статей:
      1) подпункт 1 пункта 1 статьи 4 вводится в действие с 1 октября 2004 года;
      2) подпункт 6) пункта 1 статьи 4 вводится в действие с 1 октября 2003 года;
      3) статья 5 вводится в действие с 1 апреля 2003 года, за исключением подпункта 1) пункта 4 и пункта 5;
      4) подпункт 1) пункта 4 и пункт 5 статьи 5 вводятся в действие с 1 апреля 2004 года;
      5) статья 6 вводится в действие с 1 января 2003 года;
      6) статья 9 вводится в действие с 1 апреля 2003 года.

      Президент
      Республики Казахстан